Украина Президенті Л.Д. Кучманың Қазақстан Республикасына 2001 жылғы 26-28 қыркүйектегі ресми сапарына дайындалу және оны өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Ресми сапарға дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, Жоспарда көзделген ресми сапарға дайындық және ұйымдастыру жөніндегі протоколдық-ұйымдастырушылық іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін;
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп Украина делегациясының мүшелерін орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен ресми сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлiгi делегация мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгін, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге еріп жүрудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі белгіленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Украина
Президенті Л.Д. Кучманың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының
үстiнен ұшып өтуiн;
Астана қаласының әуежайында ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, тұрақ
берудi және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгi ресми сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын
қамтамасыз етсiн.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы
iстер министрлiгiне жүктелсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2001 жылғы 26 қыркүйектегі
N 1251 қаулысымен
бекітілген
Украина Президенті Л.Д. Кучманың Қазақстан Республикасына
ресми сапарына дайындық және өткiзу жөніндегі іс-шаралар
жоспары
---------------------------------------------------------------------------
N ! Іс-шара ! Орындау ! Жауапты
! ! мерзімі ! орындаушылар
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4
---------------------------------------------------------------------------
1 Сапарды өткізу жөніндегі 2001 жылғы Қазақстан Республикасы
шығыстар сметасын дайындау 26 қыркүйекке Президентінің
дейін Іс Басқармасы
(келісім бойынша)
---------------------------------------------------------------------------
2 Бұқаралық ақпарат құралдарының 2001 жылғы Қазақстан Республикасы
өкілдерімен жұмысты 28 Президентінің баспасөз
ұйымдастыру қыркүйекке қызметі (келісім бойынша),
дейін Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім
министрлігі
---------------------------------------------------------------------------
3 Ресми делегацияны және бірге 2001 жылғы Қазақстан Республикасы
жүретін адамдарды Астана 26-28 Президентінің Протокол
қаласының әуежайында, оның қыркүйек қызметі (келісім бойынша),
ішінде VIР-залы арқылы күтіп Қазақстан Республикасы
алуды және шығарып салуды Президентінің Іс басқар.
ұйымдастыру масы (келісім бойынша),
Республикалық ұлан
(келісім бойынша),
Қазақстан Республикасы
Президентінің Күзет
қызметі (келісім бойынша),
Сыртқы істер министрлігі
---------------------------------------------------------------------------
4 Ресми делегациясы бар арнайы 2001 жылғы Көлік және коммуникациялар
ұшақтың Қазақстан Республикасы 26-28 министрлігі, Сыртқы істер
аумағының үстінен ұшып өтуін қыркүйек министрлігі,
қамтамасыз ету Қорғаныс министрлігі
---------------------------------------------------------------------------
5 Арнайы ұшақтың тұрағын, оған -//- Көлік және коммуникациялар
қызмет көрсетуді және жанармай министрлігі
құюды қамтамасыз ету
---------------------------------------------------------------------------
6 Астана қаласының әуежайы мен 2001 жылғы Астана қаласының әкімі
көшелерін ресми делегациялар. 26
дың жүру бағыттары бойынша қыркүйекке
және баратын орындарын дейін
жалаулармен, транспаранттармен
безендіру
---------------------------------------------------------------------------
7 Күзетілетін адамдар мен деле. 2001 жылғы Ішкі істер министрлігі,
гациялардың әуежайда, жүру 26-28 Қазақстан Республикасы
бағыттары бойынша, іс-шаралар. қыркүйек Президентінің Күзет
ды өткізетін және тұратын қызметі (келісім бойынша),
орындарында қауіпсіздігін Ұлттық Қауіпсіздік
қамтамасыз ету Комитеті (келісім
бойынша)
---------------------------------------------------------------------------
8 Делегация мүшелері мен -//- Қазақстан Республикасы
бірге жүретін адамдарға Президентінің Іс
медициналық қызмет көрсету Басқармасы (келісім
бойынша)
---------------------------------------------------------------------------
9 Делегацияның орналасуын және -//- Қазақстан Республикасы
тамақтануын ұйымдастыру, Президентінің Іс
сондай-ақ көліктік қызмет Басқармасы (келісім
көрсету бойынша),
Сыртқы істер министрлігі
---------------------------------------------------------------------------
10 Кездесу өткізілетін залды 2001 жылғы Қазақстан Республикасы
техникалық тұрғыдан ресімдеу 26 Президентінің Іс
(мемлекеттік жалаулар, үстел қыркүйекке Басқармасы (келісім
үстілік табличкалар мен дейін бойынша), Қазақстан
жалаушалар, гүлдер, Республикасы Президентінің
микрофондар) Протокол қызметі
(келісім бойынша)
---------------------------------------------------------------------------
11 Ресми делегация мүшелері, -//- Қазақстан Республикасы
бірге жүретін адамдар, Президентінің Іс
баспасөз бен күзет үшін Басқармасы (келісім
бейдждер дайындау бойынша),
Сыртқы істер министрлігі
---------------------------------------------------------------------------
12 Украина Президентіне және -//- Қазақстан Республикасы
ресми делегация мүшелеріне Президентінің Іс
сыйлықтар жиынтығын, сондай-ақ Басқармасы (келісім
бағдарлама мен басқа да баспа бойынша)
өнімдерін дайындау
---------------------------------------------------------------------------
13 Қол қоюға ұсынылатын құжаттарды -//- Сыртқы істер министрлігі
дайындау және құжаттарға қол
қою протоколын қамтамасыз ету
---------------------------------------------------------------------------
14 Қазақстан Республикасы -//- Қазақстан Республикасы
Президентінің атынан қабылдауды Президентінің Іс
ұйымдастыру (қабылдауды өткізу Басқармасы (келісім
орнын анықтау және безендіру, бойынша), Қазақстан
отырғызу, делегациялар үшін Республикасы Президентінің
квоталарды келісу, күзет Протокол қызметі (келісім
іс-шаралары, дастарқан мәзірін, бойынша), Мәдениет,
саздық бағдарламаны дайындау) ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі,
Сыртқы істер министрлігі
---------------------------------------------------------------------------
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.