Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кірiс министрлiгі мен Украинаның Мемлекеттiк салық әкiмшiлiгi арасындағы этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндірудi бақылау саласындағы өзара iс-қимыл және ақпарат алмасу туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 қыркүйек N 1252

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Украинаның Мемлекеттiк салық әкiмшілiгi арасындағы этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiрудi бақылау саласындағы өзара iс-қимыл және ақпарат алмасу туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi келiссөздер жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Украинаның Мемлекеттiк салық әкiмшiлiгi арасындағы этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiрудi бақылау саласындағы өзара iс-қимыл және ақпарат алмасу туралы келiсiмге қол қойсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен
Украинаның Мемлекеттiк салық әкiмшілiгi арасындағы
этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiрудi бақылау
саласындағы өзара iс-қимыл және ақпарат алмасу туралы
Келісім

(Осы Қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан былай "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Украинаның Мемлекеттiк салық әкiмшiлiгi,
      байланыстарды нығайту мен кеңейтудегi өзара мүдделiлiктi назарға ала отырып,
      этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру мен оның айналымын бақылау саласында ынтымақтастықты дамытуға ұмтылыс бiлдiре отырып,
      этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi бақылау саласында ынтымақтастықты жүзеге асыру тетiгiн жасау қажеттiлiгiн ұғына отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар ынтымақтастыққа және өзара мүдделердi қорғауға ұмтылатын болады.
      Тараптар мемлекеттiк реттеу шараларын әзiрлеу мен нормативтiк-құқықтық базаны дамытуды қоса алғанда, этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы, бақылау мәселелерi бойынша кеңесiп отырады.
      Тараптар бiр бiрiн ақпаратпен қамтамасыз етуге ұмтылатын болады.
      Тараптар тәжiрибе алмасу үшiн жағдай жасайды.

2-бап

      Тараптар төмендегi мәселелер бойынша қолда бар ақпаратты бiр бiрiне берiп отыруға әзiр екенiн бiлдiредi, олар мыналар:
      этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру көлемi;
      этил спиртi мен алкоголь өнiмінің импорты мен экспортының көлемi;
      этил спиртiн емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiрушiлерге және мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiне беру көлемi.
      Тараптар Тараптардың ұлттық мемлекеттiк заңнамаларына сәйкес этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымына бақылау жасау саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi, технологиялық, анықтамалық және өзге де құжаттарды өзара ұсынуды қамтамасыз етедi.
      Егер беретiн Тарап олардың құпиялылығын ескертетiн болса, Тараптар этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру мен оның айналымын бақылау саласында жүргiзiлетiн қызмет туралы алынатын құжаттама мен ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етедi. Бұл ақпарат оны ұсынған Тараптың жазбаша келiсiмiмен ғана үшіншi Тарапқа берiлуi мүмкiн.

3-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану мен түсiндiруге қатысты даулар мен келiспеушіліктер консультациялар және келiссөздер арқылы шешiледi.

4-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкін, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке Хаттамалармен ресiмделетiн болады.

5-бап

      Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалады және қол қойылған кезден бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм Тараптардың бiрi екiншi Тараптың Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап отыз күн өткен соң күшiн жояды.

      Астана қаласында 2001 жылғы "___" қыркүйекте әрқайсысы қазақ, украин және орыс тілдерінде екі түпнұсқа дана болып жасалды, оның үстіне барлық мәтіндердің түпнұсқалылығы бірдей болып табылады.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді ұстанатын болады.

      Қазақстан Республикасының           Украинаның Мемлекеттік
      Мемлекеттік кіріс министрлігі            салық әкімшілігі
               үшін                                 үшін

      Мамандар:
      Багарова Ж.А.,
      Жұманазарова А.Б.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады