Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы салық заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 қыркүйек N 1258.


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 2001 жылғы 5 сәуірде Вильнюс қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы салық 
заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы 
келісім бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     бірінші орынбасары 
     
        Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы
         Үкіметінің арасындағы салық заңдарын бұзушылыққа қарсы 
                күрес саласындағы ынтымақтастық туралы 
                               КЕЛІСІМ
     Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен 
Литва Республикасының Үкіметі,
     өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңдары мен халықаралық мiндеттемелерiн 
басшылыққа ала отырып,
     салық заңдарын бұзушылықтың алдын алуға, анықтауға және оның жолын 
кесуге, өз мемлекеттерiнiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге 
байланысты мiндеттердi тиiмдi шешудегi өзара мүдделiлiктi негiзге ала 
отырып,
     төмендегiлер туралы келiстi:
                                1-бап
                            Келiсiм нысанасы
     1. Осы Келiсiмнiң нысанасы - Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарын 
бұзушылыққа қарсы тиiмдi күрес ұйымдастыру мақсатындағы Тараптардың 
құзыреттi органдарының ынтымақтастығы болып табылады.
     2. Осы Келiсiм Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы 
қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың 
құқықтары мен мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.
                                 2-бап
                               Терминдер
     Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төмендегi терминдер мыналарды 
бiлдiредi:
     а) "құзыреттi орган":
     - Қазақстан Тарабы үшiн - Қазақстан Республикасы Қаржы полициясының 
агенттiгi;


      - Литва Тарабы үшiн - Литва Республикасының Iшкi істер министрлiгi жанындағы Салық полициясының департаментi, Литва Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Мемлекеттiк салық инспекциясы және Литва Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Кеден департаментi.
      Тараптар құзыреттi органдарының ресми атауы өзгерген жағдайда, бұл туралы бiр-бiрiне кiдiрiссiз хабарлайды.
      б) "салық заңдарын бұзу" - салық заңдары саласындағы құқық бұзушылықтар, олармен күресу Тараптардың құзыретті органдарына жүктеледі.
                                3-бап

Ынтымақтастық нысандары


      Тараптар осы Келiсiмнiң шеңберiнде мынадай ынтымақтастық нысандарын пайдаланады:
      - заңды және жеке тұлғалардың салық заңдарын бұзуы туралы ақпарат алмасу;
      - салық заңдарын бұзушылықтың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған шараларды өткiзу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау;
      - заңды және жеке тұлғаларға салық салуға байланысты құжаттардың куәландырылған көшiрмелерiн тиiстi түрде ұсыну;
      - ұлттық салық жүйелерi туралы, салық заңдарының өзгерiстерi мен толықтырулары туралы ақпараттармен, сондай-ақ салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күрестi ұйымдастыру жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстармен алмасу;
      - салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күресте қолданатын ақпараттық жүйелердi құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнiнде тәжiрибе алмасу;
      - жұмыс топтарын құруды, өкiлдер алмасуды және кадрлар оқытуды қоса алғанда, ынтымақтастық барысында туындайтын мәселелер жөнiнде қызметтi үйлестiрудi жүзеге асыру;
      - салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күрес проблемалары жөнiнде ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткiзу.
      Осы Келiсiмнiң орындалуына байланысты мәселелер бойынша Тараптардың құзыреттi органдары бiр-бiрiмен тiкелей өзара iс-қимыл жасайды.
                                4-бап



               Салық заңдарын бұзушылық туралы ақпарат алмасу

      1. Салық заңдарын бұзушылық туралы ақпарат алмасу мынадай мәселелер бойынша жүзеге асырылады:
      - заңды және жеке тұлғалардың салық салудан табыстарын жасыруы, бұл орайда салық заңдарын бұзушыларға қолданатын әдістер көрсетіледі;
      - заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік және коммерциялық банктерде есепшоттар ашуы, сондай-ақ егер оларда салық салудан жасырған сомалар бар деп есептейтін негіз болса, осы есепшоттар арқылы қаражаттың айналымы;
      - салық салу базасының мөлшерін айқындау және салық заңдарын бұзған заңды және жеке тұлғалардан өндіріліп алынатын салық сомасы, сондай-ақ салық заңдарын бұзудың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге байланысты өзге де мәселелер.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат Тараптардың бірінің құзыретті органына екінші Тараптың құзыретті органының сұрау салуы негізінде, ақпарат ұсыну сұрау салынған Тараптың ұлттық заңдары мен мемлекеттік мүддесіне қайшы келмейтін жағдайда беріледі.
      Егер Тараптардың бірінің құзыретті органы өзінің қолында бар ақпаратқа екінші Тараптың құзыретті органы мүдделі деп санаса, онда ол бұл ақпаратты жеке бастамасы бойынша беруі мүмкін.
                                5-бап      

Іс-шаралар өткізу


      Салық заңдарын бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөнiндегi iс-шараларды өткiзу кезiнде осындай заң бұзушылықты жасаған немесе күдiк бiлдiрiлген адамдарға қатысты Тараптардың құзыреттi органдарының өзара iс-қимылы iс-шараларды бiрлесiп жоспарлауды, осы iс-шараларды өткiзудiң барысы мен нәтижелерi туралы ақпарат алмасуды қамтиды.
                                6-бап



                      Құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну

      Тараптардың құзыреттi органдары заңды және жеке тұлғалардың салық салуға қатысты құжаттарының көшiрмелерiн (шот-фактуралар, жүк құжаттары, шарттар, келiсiм-шарттар, сертификаттар, анықтамалар және басқалары), сондай-ақ салық заңдарының бұзылуына қатысы бар мәселелер бойынша құжаттарды бiр-бiрiне сұрау салу бойынша ұсынады.
      Құжаттардың көшірмесі уәкілетті адамның қолымен және сұрау салынған құзыретті органның мөрімен куәландырылады.
                                7-бап



                  Құқықтық сипаттағы материалдармен алмасу

      Тараптардың құзыреттi органдары ұлттық салық жүйелерi, қылмыстық тергеу жүргiзудiң және салық заңдары саласында әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық жөнiндегi iстер бойынша іс жүргiзудiң құқықтық негіздері туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады, жаңа нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан соң немесе қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілгеннен кейін бір айдан кешіктірместен салық заңдарындағы өзгерістер туралы бір-біріне хабарлайды.
                                8-бап



                   Ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері
                          бойынша ынтымақтастық

      Тараптардың құзыреттi органдары салық заңдарын бұзуға қарсы күрестi ұйымдастыру кезiнде ақпараттық жүйелердi құру және олардың жұмыс iстеу мәселелерi бойынша тәжiрибе, әдiстемелер және ғылыми материалдар алмасуды жүзеге асырады.
                                9-бап



            Кадрлар даярлауда тәжiрибе алмасу және көмек көрсету

      Тараптардың құзыреттi органдары өздерiнiң оқу орындарының базаларында кадрларды оқытуда және қайта даярлауда, бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзуде, салық заңдарын бұзуға қарсы күрестiң көкейкестi мәселелерi бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткiзуде ынтымақтасады, сондай-ақ сарапшылар алмасады.
      Осы баптың шеңберiндегi ынтымақтастықты iске асырудың нақты нысандары, атап айтқанда, оны қаржыландыру Тараптардың құзыреттi органдары арасында жасалатын тиiстi келiсiмдермен айқындалады.
                                10-бап



                      Сұрау салудың нысаны мен мазмұны

      1. Ақпарат алуға арналған сұрау салу жазбаша нысанда немесе мәтiн

берудiң техникалық құралдарын пайдалану арқылы берiлуi тиiс.
     Ақпарат алуға арналған сұрау салу жазбаша нысанда берiлуi тиiс. 
Кейiнге қалдыруды көтермейтiн жағдайларда сұрау салу мәтiндi берудiң 
техникалық құралдарын пайдалану арқылы берілуі мүмкін және кідіріссіз 
жазбаша нысанда расталады. 
     Мәтінді берудің техникалық құралдарын пайдаланған кезде, сондай-ақ 
алынған сұрау салудың растығына немесе мазмұнына қатысты күмән туындаған 
жағдайда сұрау салынған құзыретті орган оның жазбаша нысанда расталуын 
талап ете алады.
     2. Ақпарат алуға арналған сұрау салуда:
     - сұрау салушы құзыретті органның атауы;
     - сұрау салынған құзыретті органның атауы;
     - сұрау салу мәнісінің қысқаша баяны және оның негіздемесі;
     - сұрау салуды орындау үшін қажетті басқа да мәліметтер болуы тиіс.
     Бұған қоса қылмыстық істер бойынша ақпарат алуға арналған сұрау 
салуда:
     іс жүзіндегі жағдайдың қысқаша сипаттамасы;
     сұрау салынған Тарап мемлекетінің заңдарына сәйкес қылмыстың 
саралануы;
     келтірілген зиянның көлемі көрсетіледі.
     


                                11-бап

Сұрау салудың орындалуы


      1. Сұрау салу кiдiрiссiз орындалуға қабылданады. Сұрау салынған құзыреттi орган, егер бұл сұрау салуды орындау үшiн қажет болса, нақтылау тәртiбiмен қосымша ақпарат талап ете алады.
      2. Сұрау салуды орындау мүмкiн болмаған жағдайда, сұрау салынған құзыреттi орган, бұл туралы сұрау салушы құзыретті органға кiдiрiссiз хабарлайды.
      Сұрау салынған орган, егер бұл мемлекеттiң егемендiгiне немесе қауiпсiздiгiне нұқсан келтiретiн болса немесе оның заңдарына қайшы келетiн болса сұрау салуды орындаудан бас тартуға құқылы.
      Сұрау салуды орындаудан бас тартудың себептерi туралы сұрау салушы құзыретті органға хабарланады.
      3. Сұрау салу сұрау салынған Тараптың ұлттық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
                                12-бап



             Сұрау салуды орындау кезiнде өзара iс-қимыл жасау

      Сұрау салынған құзыреттi орган егер бұл оның мемлекетiнiң заңдарына қайшы келмесе, сұрау салушы құзыреттi органның уәкiлеттi өкiлiне өз аумағында сұрау салуды орындауға қатысуға рұқсат етуi мүмкiн.
                                 13-бап

Тілдері


      Ақпарат алуға арналған сұрау салу және оның жауабы сұрау салынған тараптың мемлекеттік тілінде немесе орыс тілінде жасалады.
      Сұрау салу басқа тілде жасалған жағдайда, оған куәландырылған орысша аудармасы қоса тіркеледі.
                                14-бап

Ақпаратты пайдалану


      Тараптардың құзыреттi органдары салық заңдарын бұзудың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге байланысты мәселелер бойынша ақпараттың құпиялылығына кепiлдiк бередi.
      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде алынған ақпарат осы ақпаратты ұсынған құзыреттi органның жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа берiлмейдi.
                                 15-бап

Шығындар


      Тараптардың құзыреттi органдары өздерiнiң мемлекеттерiнiң аумағында осы Келiсiмдi орындауға байланысты шығындарды көтередi. Қосымша шығындарды талап ететiн сұрау салулар алынған жағдайда оларды қаржыландыру туралы мәселе Тараптардың құзыреттi органдарының өзара уағдаластығы бойынша қаралады.
      Жоспарланған кездесулер кезiнде, егер басқаша жазбаша уағдаластық болмаса, қабылдаушы құзыреттi орган өз мемлекетінің аумағында екiншi құзыреттi органның делегациясын қабылдауға байланысты барлық шығындарды қамтамасыз етедi және төлейдi, ал жiберушi құзыреттi орган жол ақы төлемi бойынша делегация мүшелерiнiң шығындарын көтередi.
      Кезектен тыс кездесулер өткiзген жағдайда оның бастамашысы болған құзыреттi орган барлық шығындарды көтередi.
                                16-бап



              Келiсiмдi iске асыру бойынша одан арғы шаралар

      Тараптардың құзыретті органдарының өкілдері осы Келісімнің орындалуына байланысты мәселелер бойынша қажет болған жағдайда консультациялар өткізеді.
                                17-бап

Даулы мәселелерді шешу


      Осы Келісімді қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулы мәселелер тараптардың консультациялары мен келіссөздері арқылы шешіледі.
                                18-бап



                     Өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделеді.
                                19-бап



            Келісімнің күшіне енуі және қолданысының тоқтатылуы

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті тиісті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғанын растайтын соңғы жазбаша хабарлама күнінен бастап күшіне енеді және осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар бойынша Тараптардың

бірі алған күннен бастап алты ай өткенге дейін қолданылады.
     Вильнюсте 2001 жылдың 5 сәуірде әрқайсысы қазақ, литван және орыс 
тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей
     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер 
туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын 
болады.
     Қазақстан Республикасының                Литва Республикасының
           Үкіметі үшін                            Үкіметі үшін
     
     Мамандар:
       Багарова Ж.А.,
       Қасымбеков Б.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады