Қазақстан Республикасында өнеркәсiптiк мақсаттағы жарылғыш материалдардың өндiрiсiн және оның айналымын мемлекеттiк бақылауды күшейту жөнiндегі қосымша шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 27 қыркүйек N 1264

      Өнеркәсiптiк мақсаттағы жарылғыш материалдардың өндiрiсiн және оның айналымын мемлекеттiк бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды әзiрлеу, өндiру және сату қызметiнiң лицензияланатын түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бiр ай мерзiмде әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiмен және "Өнеркәсiпжарылыс" жабық акционерлiк қоғамымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, өнеркәсiптiк жарылғыш материалдарды өндiру, айналымы, пайдалану саласындағы проблемаларды шешуге және олармен Қазақстан Республикасының тұтынушы ұйымдарын қамтамасыз етуге бағытталған Тұжырымдама мен Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi өнеркәсiптiк жарылғыш материалдарды өндiрудi, дайындауды, сынауды, сақтауды және пайдалануды бақылау мен қадағалауды күшейтсiн.

      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.18. N 1220 қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгі Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп, жарылғыш материалдар айналымы саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстарын енгiзсiн.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрінің
      бірінші орынбасары

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады