Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі мен Германия Федеративтік Республикасының Статистика жөніндегі федералдық ведомствосы арасында Статистика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 қазан N 1286

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі мен Германия Федеративтік Республикасының Статистика жөніндегі федералдық ведомствосы арасындағы Статистика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Қазақстан

 

Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен келіссөздер жүргізсін

және оған қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат

бере отырып, жоғарыда көрсетілген Келісімге қол қойсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



      Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi мен

       Германия Федеративтiк Республикасының Статистика жөнiндегi

        федералдық ведомствосы арасындағы Статистика саласындағы

                         ынтымақтастық туралы

                               КЕЛIСIМ



 
       Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi мен Германия Федеративтiк Республикасының Статистика жөнiндегi федералдық ведомствосы,
      Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы арасындағы статистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрi тереңдету мақсатында төмендегiлер туралы келiстi:
 

                                1-бап



 
 
       Тараптар өз мүмкiндiктерi шеңберiнде ынтымақтастықты мынадай нысандарда жүзеге асыратын болады:
      - статистикалық зерттеулердiң әдiстемелiк және арнайы мәселелерi жөнiндегi жарияланымдармен алмасу;
      - Тараптар мемлекеттерiнiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы мен оның дамуы туралы статистикалық басылымдармен және жарияланымдармен (жылнамалармен, жинақтармен, бюллетеньдер және хабарламалармен) алмасу;
      - жаңа ақпараттық технологияларды енгiзу мен статистикалық деректердiң банктiк менеджментi және құрылымды қоса алғанда, компьютерлiк техниканы пайдалану бойынша тәжiрибе алмасу;
      - статистика саласындағы жаңа әдiстер және статистикалық әдiстердi

 

қазiргi ақпараттық қоғамның талаптарына бейiмдеу туралы ақпараттармен

алмасу;

     - екi Тарап үшiн де мүдделi болып табылатын ғылыми-әдiстемелiк

зерттеулер жүргiзу мен жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық;

     - Техникалық ынтымақтастық желiсi бойынша халықаралық және ұлтаралық

бағдарламаларға, мәселен, ТАСИС сияқты және олардың шеңберiнде

қаржыландырылатын iс-шараларға қатысу мәселелерiндегi өзара iс-қимыл.


                                2-бап


     Тараптар қажеттiлiгiне қарай осы Келiсiмнiң орындалуы барысында

туындайтын мәселелердi талқылайтын және жұмыс тәжiрибесiмен алмасатын

болады.


                                3-бап


     Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi

болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.


                                4-бап


     Осы Келiсiмнiң шеңберiнде алынған Тараптардың ақпараты сол ақпаратты

берген Тараптың жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаларға берiлуi мүмкiн емес.


                                5-бап


     Осы Келiсiмдi түсiндiру мен қолдану бойынша келiспеушiлiктер

туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер мен консультациялар арқылы

шешетiн болады.


                                6-бап


     Осы Келiсiм қол қойылған күннен бастап күшiне енедi және үш жылдық

мерзiмге жасалады.


 
       Егер де Тараптардың бiрде-бiреуi кезектi үш жылдық мерзiмнiң аяқталуына кемiнде алты ай қалғанға дейiн екiншi Тарапқа оның күшiн жою жөнiндегi өзiнiң ниетi туралы жазбаша хабарлама жiбермесе, онда осы Келiсiм әрбiр келесi үш жылға ұзартылып отырады.

 

     Осы Келiсiм күшiнiң жойылуы Тараптардың осы Келiсiм шеңберiнде жүзеге

асырыла бастаған бағдарламалары мен жобаларына ықпал етпейтiн болады.


     2001 жылғы 2 қазанда Берлин қаласында әрқайсысы екi түпнұсқалық

данада қазақ, немiс және орыс тiлдерiнде қол қойылды, және де барлық

мәтiндердiң күшi бірдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде

келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге

жүгiнетiн болады.


       Қазақстан Республикасының            Германия Федеративтік

     Статистика жөніндегі агенттігі             Республикасының

               үшін                           Статистика жөніндегі

                                           федералдық ведомствосы үшін



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады