Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2001 жылғы 28 қыркүйектегі N 688 Жарлығын іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 қазан N 1291

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2001 жылғы 28 қыркүйектегі N 688 U010688_ Жарлығын іске асыру мақсатында және "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының Z939000_ 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі белгіленген тәртіппен шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімі бойынша мерзімді әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілері мен Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілерін тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеуді, республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаржы шегінде тасымалдауды жүзеге асыратын

 

ұйымдарға тікелей олар ұсынған шоттар бойынша жүргізсін.

     6. Некеде тұратын және бір баласы бар шақырылушыларды шақырудың шекті

жасына дейін мерзімді әскери қызметке шақыру кейінге қалдырсын.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.   





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады