"Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгін сақтау (1-қезең)" жобасын қаржыландыру үшiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң заемын тарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 қазан N 1342

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
 

      1. "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1-кезең)" жобасы бойынша 64 500 000 (алпыс төрт миллион бес жүз мың) АҚШ доллары сомасына Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң арасындағы Заем туралы келiсiмнiң жобасы (бұдан әрi - Заем туралы келiсiм) мақұлдансын. 
 

      2. Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң арасындағы Заем туралы келiсiмге қол қоюға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Ораз Әлиұлы Жандосовқа уәкiлеттiк беру туралы ұсыныс енгiзiлсiн. 
 

      3. Жобаны республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру 21290000 (жиырма бiр миллион екi жүз тоқсан мың) АҚШ долларынан аспайды, оның iшiнде қосылған құн салығын төлеу - 10 780 000 (он миллион жетi жүз сексен мың) АҚШ доллары деп белгiленсiн. 
 

      4. "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк инвестицияларының бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 631-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк инвестицияларының бағдарламасының 2-қосымшасында:
      "Су шаруашылығы" салалық секторының реттiк нөмiрi 39-жолында:
      "Барлығы" жолында:
      6-бағандағы "55,50" саны "85,79" деген санмен ауыстырылсын;
      11-бағандағы "49,68" деген сан "79,97" деген санмен ауыстырылсын;
      "ХҚДБ-нiң заемы" жолында:
      6-бағандағы "50,00" деген сан "64,50" деген санмен ауыстырылсын;
      11-бағандағы "45,20" деген сан "59,70" деген санмен ауыстырылсын;
      "республикалық бюджет" жолында:
      6-бағандағы "5,50" деген сан "21,29" деген санмен ауыстырылсын;
      11-бағандағы "4,48" деген сан "20,27" деген санмен ауыстырылсын;
      қорытынды бөлiмiнде:
      "Барлығы" жолында:
      6-бағандағы "2520,05" деген сан "2550,34" деген санмен ауыстырылсын;
      11-бағандағы "900,94" деген сан "931,23" деген санмен ауыстырылсын;
      "Барлығы сыртқы көздерден" жолында:
      6-бағандағы "2067,96" деген сан "2082,46" деген санмен ауыстырылсын;
      11-бағандағы "776,08" деген сан "790,58" деген санмен ауыстырылсын;
      "заемдар" жолында:
      6-бағандағы "1881,39" деген сан "1895,89" деген санмен ауыстырылсын;
      11-бағандағы "750,81" деген сан "765,31" деген санмен ауыстырылсын;
      "Барлығы iшкi көздерден" деген жолда:
      6-бағандағы "452,09" деген сан "467,88" деген санмен ауыстырылсын;
      11-бағандағы "124,86" деген сан "140,65" деген санмен ауыстырылсын;
      "республикалық бюджет" жолында:
      6-бағандағы "446,23" деген сан "462,02" деген санмен ауыстырылсын;
      11-бағандағы "124,86" деген сан "140,65" деген санмен ауыстырылсын.
 

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсін.
 

      6. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                              Заем нөмірі 4609 KZ

Қазақстан Республикасы
мен
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
арасындағы заем туралы
Келісім

("Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1-фаза)" жобасы)

2001 жылғы "___"_________

                                            Заем нөмірі 4609 KZ

Заем туралы Келісім

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Заемшы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI (Банк) арасындағы 2001 жылғы __________ КЕЛІСІМ.
      Заемшы сипатталуы осы Келiсiмнiң (Жоба) 2-қосымшасында келтiрiлетiн жобаның орындалуына және басымдылығына кәміл сене отырып, Банкке Жобаны қаржыландыруға көмек көрсетуге өтiнiш жасағанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
      Банк басқалардың ішінде, жоғарыда айтылғандардың негізiнде, осы Келiсiмде айтылған шарттар мен ережелер негiзiнде Заемшыға Заем беруге келiсiм бергендiгiн НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
      ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАРДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП; Тараптар осы Келiсiмде мыналар туралы келiстi:

I БАП
Жалпы шарттар. Анықтамалар 1.01-Бөлiм

      Банктiң 1999 жылғы 6 қазанды қоса алғанда енгiзiлген түзетулерiмен 1995 жылғы 30 мамырдағы "Заем туралы келiсiмдерге және бiрыңғай валютада Заемдар бойынша кепiлдiктерге қолданылатын жалпы ережелерi" (Жалпы шарттар) осы Келiсiмнің құрамдас бөлiгі болып табылады.

1.02-Бөлiм

      Егер контекстен өзгеше туындамаса, анықтамалары Жалпы шарттарда берiлетiн терминдердiң бiрқатары тиiсiнше оларда көрсетiлген мән-мағынаға ие болады және мынадай қосымша терминдердiң мынадай мағыналары болады:
      (а) "АКТ" осы Келiсiмнiң 5-қосымшасының 6-тармағына сәйкес Заемшы құратын Алабтар бойынша консультативтiк топты бiлдiредi; 
      (b) "СРК" Жобаны жүзеге асыратын Заемшының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегі комитетті бiлдiредi; 
      (с) "Қолайлы санаттар" осы Келiсiмнiң 1-қосымшасы А.1-бөлiмінің кестесiнде айтылатын (1) және (2) санаттарды бiлдiредi; 
      (d) "Қолайлы шығыстар" осы Келiсiмнiң 2.02-бөлiгiнде айтылатын тауарлар мен жұмыстарға арналған шығыстарды бiлдiредi; 
      (е) "ҚОҚЖ" Заемшы дайындаған және 2001 жылғы 14 ақпанда қабылдаған Банк үшiн қолайлы Қоршаған ортаны қорғау жоспарын бiлдiредi, онда қоршаған ортаны қорғаудың әлсiреуiн, ағымдағы бақылауды және осы Келiсiмнiң 5-қосымшасында ол туралы айтылатын Жобаға сәйкес институционалдық шараларды сипаттау беріледі; 
      (f) "ВҮК" осы Келiсiмге 5-қосымшаның 4-тармағына сәйкес Заемшы құратын Ведомствоаралық үйлестіру комитетiн бiлдiредi; 
      (g) "ШБСТТ" осы Келiсiмге 5-қосымшаның 7-тармағына сәйкес Заемшы құратын "Шардара" бөгетi бойынша сарапшылардың тәуелсiз тобын бiлдiредi; 
      (h) "ЭМРМ" Заемшының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiн немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын бiлдіредi; 
      (i) "ЭСМ" Заемшының Экономика және сауда министрлiгін немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын бiлдiредi; 
      (j) "ТРҚОҚМ" Заемшының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiн немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын бiлдiредi; 
      (k) "ҚМ" Заемшының Қаржы министрлігін немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын бiлдiредi; 
      (l) "Жобаны басқару жөнiндегi есеп" осы Келiсiмнiң 4.02-Бөлiмiне сәйкес дайындалған әрбiр есептi бiлдiредi; 
      (m) "Жобаға басшылық жасау жөнiндегi топ" жобаны дайындауға, орындауға және үйлестiруге жалпы жауап беретiн Су ресурстары жөнiндегi комитеттің құрамындағы Жобаға басшылық жасау жөнiндегi топ;
      (n) "ЖБК" осы Келiсiмге 5-қосымшаның 5-тармағына сәйкес Заемшы құратын Жобаны басқару жөнiндегi комитетті бiлдiредi;
      (о) "Жобаны дайындауға арналған қарыз" 2000 жылғы 1 ақпанда Банктiң атынан және 2000 жылғы 3 ақпанда Заемшының атынан қол қойылған келiсiм-хатқа сәйкес Заемшыға Банк ұсынған жобаны дайындауға арналған қарызды бiлдiредi; және
      (р) "Арнайы шот" осы Келiсiмге 1-қосымшаның В-бөлiгiнде айтылатын шотты бiлдiредi;

1.03-Бөлiм

      Жалпы жағдайларда Жобаны орындаушыға - ұйымға жасалған әрбiр сiлтеме - СРК-ге сiлтеме болып саналады.

ІІ БАП
Заем 2.01-Бөлiм

      Банк Заемшыға Заем туралы келісiмде айтылатын шарттар мен ережелерде немесе олар туралы онда айтылатын алпыс төрт миллион бес жүз мың АҚШ долларына (64,500,000 АҚШ доллары) тең соманы беруге келiсiм бередi. 

2.02-Бөлiм

      (а) осы Заем туралы Келiсiмге 1-қосымшаның ережелерiне сәйкес Заем шотынан Заем сомасы Жоба үшiн қажет және Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен жұмыстардың тиiстi құнына қатысты, Заем бойынша пайыздар мен басқа да төлемдерге қатысты және осы Келiсiмнiң 2.04-бөлiмiнде айтылатын комиссиондық алымға қатысты шеккен шығыстарға (немесе егер Банк оған келiссе, алдағы болатын) алынуы мүмкін. 
      (b) Келiсiм күшiне енген күннен кейiн дереу Банк Заемшының атынан шоттан алынатын және ол бойынша осындай күнге төлемге ұсынылмаған сомасы бар Жобаны дайындауға арналған қарыздың негiзгi сомасын өтеу және олар бойынша жүзеге асырылмаған барлық төлемдердi жүзеге асыру үшiн талап етiлетiн, соманы өзiне өзi төлейдi. Жобаны дайындауға арналған қарыз сомасын пайдалануға рұқсат етілген, шоттан алынбаған қалдық осыдан кейiн күшiн жояды. 

2.03-Бөлiм 

      Заем қаражатын пайдаланудың қорытынды күнi 2007 жылғы 28 ақпан немесе Банк анықтайтын неғұрлым кеш күн болып табылады. Банк Заемшыны осындай неғұрлым кеш күн туралы дереу хабардар етедi.

2.04-Бөлiм 

      Заемшы Банкке Заем сомасының бiр пайызын (1%) құрайтын сомада комиссиондық алым төлейдi. Келiсiм күшiне енген күнi немесе осындай күннен кейiн дереу Банк Заемшының атынан жоғарыда аталған комиссиондық алымның сомасын Заем шотынан алады және өзiне өзi төлейдi.

2.05-Бөлiм 

      Заемшы Банкке осы сәтте шоттан алынбаған, Заемның негiзгі сомасы бойынша жылына бiр пайыздың төрттен үш (1%-дың 3/4-і) ставкасы бойынша несие беру мiндеттемесi үшiн комиссиондық алым төлейдi.

2.06-Бөлiм

        (а) Заемшы шоттан алынатын және ол бойынша белгiлi бiр уақытта төлемге ұсынылмаған сомасы бар Заемның негiзгi сомасы бойынша, ЛИБОР базалық ставкасына ЛИБОР-дың жиынтық спредiн қосқандағыға тең пайыздар есептелетiн әрбiр кезең үшiн ставка бойынша пайыздар төлейдi. 
      (b) Осы Бөлiмнiң мақсаты үшiн: 
      (і) "Ол үшiн пайыз есептелетiн кезең" осы Келiсiмнiң күнiнен бастап пайыздарды төлеудiң осындай күнiн қоспағанда, содан кейiн басталатын пайыздарды төлеудің бірінші күніне дейінгіні қоспағанда, бастапқы кезеңді және бастапқы кезеңнен кейін - пайыздарды төлеу күнiнен бастап пайыздардың осындай күнiн қоспағанда, пайыздарды төлеудiң келесі күніне дейінгіні қоса алғандағы әрбір кезеңді білдіреді; 
      (іі) "Пайыздарды төлеу күнi" осы Келісімнің 2.07-бөлiмiнде көрсететін кез келген күнді білдіреді; 
      (ііі) Ол үшін пайыздар есептелетін әрбір кезеңге қатысты "ЛИБОР базалық ставкасы" негiздi түрде Банк анықтайтын және жылына пайызбен көрсетiлетiн ол үшiн пайыздар есептелетiн осындай кезеңнiң бiрiншi күнi мерзiмi алты айға АҚШ долларындағы Лондон банкаралық депозиттер рыногындағы (немесе - ол үшiн пайыздар есептелетiн осындай кезеңнiң бiрiншi күнi басталатын пайыздарды төлеу күнi - күнi бағалауға - пайыздар есептелетiн немесе осындай күннен кейiнгi келесi олар үшiн пайыздар есептелетiн осындай кезеңнiң бастапқы кезеңi туралы сөз болған жағдайда) сатушының ставкасын бiлдiредi; 
      (iv) Ол үшiн пайыздар есептелетiн әрбiр кезеңге қатысты "ЛИБОР жиынтық спред": 
      (А) бiр пайыздың төрттен үшiн (1%-дың 3/4-і); 
      (В) алу (немесе қосу) ол үшiн пайыздар төмен (немесе жоғары) есептелетiн кезеңге орташа өлшемдi маржаны, Лондон банкаралық депозиттер рыногындағы сатушылардың ставкаларын немесе олар бойынша төлемге ұсынылмаған сомасы бар Банк заемына қатысты мерзiмi алты ай депозиттер үшiн өзге ставкалар-бағдарлар бойынша немесе бiрыңғай валютада заемдарды қаржыландыруға Банк аударатын осындай заемдардың бөлiктерiн немесе Заем қамтитын оларға ұсынылатын олардың бөлiктерiн; бұл негiздi түрде анықтайды және жылына пайыздармен көрсетiледi. 
      (с) Банк ол үшiн пайыздар есептелетiн әрбiр кезең үшiн ЛИБОР базалық ставкасы және ЛИБОР-дың жиынтық спредi туралы олар анықталғаннан кейiн дереу Заемшыны хабардар етедi. 
      (d) Осы 2.06-бөлiмде ол туралы айтылатын пайыздық ставкаларды анықтауға әсер ететiн нарықтың тәжiрибедегi өзгерiстерге байланысты болған әрбiр ретте Банк тұтастай алғанда оның заемшыларының да, Банктің де мүддесi үшiн сай жоғарыда аталған бөлiмде көзделетiн негiзден өзгеше, Заемға қолданылатын пайыздық ставкаларды анықтау үшін негiздің қолданылуын анықтайды, Банк Заемшыны жаңа негiз туралы кемiнде алты (6) ай iшiнде хабардар ете отырып, Заемға қолданылатын пайыздық ставкаларды анықтау үшiн негiздi өзгертуi мүмкiн. Егер Заемшы көрсетiлген уақыт кезеңi iшінде осындай негiзге қарсы өз қарсылығы туралы Банктi хабардар етпесе, негiз хабардар ету үшiн көзделген уақыт кезеңi өткеннен кейiн күшiне енедi - жоғарыда аталған өзгерiс - Заемға қолданылмайтын жағдай.

2.07-Бөлім

      Заем бойынша пайыздар және өзге төлемдер жарты жылда бір рет жүзеге асыруға және төлеуге жатады - әр жылдың 15 ақпанында және 15 тамызында.

2.08-Бөлім  

          Заемшы осы Келісімге 3-қосымшада келтірілген борышты біртіндеп өтеу кестесіне сәйкес Заемның негізгі сомасын өтейді.

ІІІ БАП
Жобаны орындау 3.01-Бөлiм

      (а) Заемшы Жобаның мақсаттарын өзінің жақтайтындығы туралы жариялайды және тиісті әкімшілік, қаржылық, инженерлік-техникалық және табиғат қорғау iс-тәжiрибесiне сәйкес осы мақсатта қолданылып жүрген талаптарды сақтаумен және көздеп отырған нәтижелерге қол жеткiзумен Жобаны СРК арқылы орындайды және қажеттiлiгіне қарай дереу, және де Заем туралы келiсiмге сәйкес кез келген басқа мiндеттемелердi шектеусiз немесе кемiтусiз Жобаны iске асыру үшiн талап етiлетiн құралдарды, жабдықты және үй-жайларды және басқа ресурстарды ұсынады.
      (b) Осы Бөлiмнiң (а) тармағының ережесiн шектемей және Заемшы мен Банк арасында өзге уағдаластық бар болғаннан басқа жағдайларда, осы Келiсiмге 5-қосымшада айтылатын Жобаны орындау бағдарламасына сәйкес СРК арқылы Жобаны орындайды.

3.02-Бөлiм

      Егер Банк өзге шешiм қабылдамаса, Жобаны орындау үшiн қажетті және Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарларды және жұмыстарды сатып алу осы Келiсiмге 4-қосымшаның ережелерiмен реттеледi.

IV БАП
Қаржылық қызметтi басқару туралы ережелер 4.01-Бөлiм

      (а) Заемшы есепке алу құжаттарын және шоттарды қоса алғанда қаржылық қызметтi басқару жүйесiн жүргiзедi немесе жүргiзiлуiн қамтамасыз етеді және Банк үшiн қолайлы нысанда және Жобаға қатысты операцияларды және шығыстарды көрсету жөнінде қолданылып жүрген талаптарға жауап беретiн қаржылық есептердi дайындайды. 
      (b) Заемшы: 
      (i) Банк үшiн қолайлы тәуелсiз аудиторлары тұрақты қолданатын аудитті жүргiзудiң тиiстi қағидаттарына сәйкес аудитi жүргізiлген әрбiр қаржы жылы бойынша арнайы шотқа қатысты есепке алу және шот құжаттарын қоса алғанда осы бөлiмнiң (а) тармағында айтылатын есепке алу және шот құжаттарын жүргiзедi; 
      (іі) Банкке дайындықтан кейiн дереу, бiрақ қалай болғанда да әрбiр осындай қаржы жылы бiткеннен кейiн алты (6) айдан кешiктiрмей Банк негiздi түрде сұрайтын көлемде және осындай егжей-тегжейде жоғарыда аталған аудиторлар жүргiзген аудит туралы есептi ұсынады; және 
      (ііі) Банкке белгiлi бiр уақытта Банк сұрататын жоғарыда аталған есепке алу құжаттары мен шоттарға және оның аудитiне қатысты осындай басқа ақпаратты ұсынады. 
      (с) Оларға қатысты Жобаны басқару жөнiндегi есептердiң немесе шығыстар тiзiмдемелерiнiң негiзiнде Заем шотынан қаражат алу жүргiзiлген барлық шығыстар бойынша Заемшы: 
      (i) Осы Бөлiмнің (а) тармағына сәйкес осындай шығыстарды көрсететін есепке алу құжаттарын және шоттарды жүргiзедi немесе жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi; 
      (іі) Заем шотынан соңғы қаражат алу жүргiзiлген қаржы жылы үшiн аудиттiң нәтижелерi туралы есептi Банк алғаннан кейiн, кемiнде бiр (1) жыл осындай шығыстарды растайтын есептің барлық құжаттарын (келiсiм-шарттар, тапсырмалар, шот-фактуралар, шоттар, квитанциялар мен басқа құжаттар) сақтайды; 
      (ііі) Банктiң өкiлдерiне есепке алудың осындай құжаттарын тексеруге ұсынады; 
      (iv) осы Бөлiмнiң (b) тармағында айтылатын жыл сайынғы аудитке есепке алу мен шоттардың енгiзiлуiн және осындай аудит туралы есеп сөз болып отырған шоттан қаражат алуды негiздеу үшiн оларды дайындауға әкеп соқтырған рәсiмдермен және iшкi бақылаумен бiрге Жобаны басқару туралы есепке немесе шығыстар ведомосына сүйенуге болатындығына қатысты жоғарыда аталған аудиторлардың жеке қорытындыларының қамтылуын қамтамасыз етедi.

4.02-Бөлiм 

      (а) Осы Келісімнің 4.01-бөлімінің ережелеріне шек қоймай, Заемшыға 2002 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей немесе Банк анықтайтын неғұрлым кеш мерзімде Банк үшін қолайлы Жобаны басқару туралы тоқсандық есепті дайындау мүмкіндігін беру үшін жоғарыда аталған 4.01-бөлімнің (а) тармағында сөз болатын қаржылық қызметтi басқару жүйесiн нығайту жөнiнде Банк үшiн қолайлы белгіленген кестеге сәйкес iс-қимыл жоспарын орындайды, олардың әрқайсысында: 
      (і) (А) қаражаттың іс жүзiндегi көздерi және олардың Жоба үшiн қолданылуы - жиынтығында және жоғарыда аталған кезеңде қамтылатын кезең үшiн және де жоспарланған көздер және де аталған есеп жатқызылатын кезеңнен кейiнгi ұзақтығы алты ай уақыт кезеңi ішiнде Жоба үшін қаражаттың қолданылуы көрсетiледi, және 
      (В) аталған есеп жатқызылатын кезең iшiнде Заем қаражатынан қаржыландырылып келген шығыстар және жоғарыда аталған есеп жатқызылатын кезеңнен кейiнгi ұзақтығы алты ай уақыт кезеңi iшiнде Заем қаражатынан қаржыландыруға ұсынылған шығыстар жеке көрсетiледi; 
      (іі) (А) жиынтығында да, жоғарыда аталған есеп жатқызылатын кезең үшiн де Жобаның орындалу барысы сипатталады;
      (В) iс жүзiндегi және бұрын көзделген бақылау сандары арасындағы алшақтықтар түсiндiрiледі; және
      (ііі) Жоба бойынша сатып алумен және жоғарыда аталған есеп жатқызылатын кезеңнiң аяғында Заем қаражатынан қаржыландырылатын келiсiм-шарттарға сәйкес шығыстарға байланысты істердiң жай-күйi айтылады.
      (b) Осы бөлiмнiң (а) тармағында айтылатын iс-шаралар жоспарын орындау аяқталғаннан кейiн Заемшы Банк үшiн қолайлы ережелерге сәйкес осындай кезең үшiн Жобаны басқару жөнiндегi есепті дайындайды және әрбiр күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн 45 күннен кешіктiрмей Банкке ұсынады.

V БАП
Күшіне енгізiлген күнi. Iс-әрекеттiң тоқтатылуы 5.01-Бөлiм

      Келесi оқиғалар Жалпы шарттардың 12.01 (с) бөлiмi мағынасында осы Заем туралы Келiсiм күшiне енуiнiң қосымша шарттары ретiнде көрсетiледi, яғни Заемшылар осы Келiсiмнiң 4.01 (b) (i) бөлiмінде айтылатын аудиторларды тағайындайды.

5.02-Бөлiм

      Жалпы шарттардың 12.04-бөлiмінiң мақсаттары үшiн осымен осы Келiсiмнiң күнiнен тоқсан (90) күн өткеннен кейiн басталатын күн көрсетіледi.

VI БАП
Заемшының өкiлдерi; мекен-жайы 6.01-бөлiм

      Жалпы шарттардың 11.03-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн Заемшының Өкілі болып Заемшының Қаржы министрi немесе Қаржы министрінің орынбасары тағайындалады.

6.02-Бөлiм

      Жалпы шарттардың 11.01-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн мынадай мекен-жайлар көрсетiледi:

      Заемшының мекен-жайы:

      Ministry of Finance                 Қазақстан Республикасының
      33, Pobeda Ave                      Қаржы министрлігі     
      473000 Astana                       Астана 473000
      Republic of Kazakhstan              Жеңіс даңғылы, 33
      Теlех: 264126 (FILIN)               Телекс: 264126 (FILIN)

      Банктің мекен-жайы:

      International Bank for                 Халықаралық Қайта Құру        Reconstruction and Development            және Даму Банкі    

1818 Н Strееt, N. W.              1818 Эйч-Стрит,  Солтүстік-Батыс
Wаshingtоn, D. С. 20433           Вашингтон, Колумбия Округі 20433
United States of America              Америка Құрама Штаты
Cable аddrеss: INTBAFRAD          Телеграф мекен-жайы INTBAFRAD
    Wаshingtоn, D.С.                Вашингтон, Колумбия Округі
Теlех: 248423 (MCI) or            Телекс: 248423 (MCI) немесе
      64145 (MCI)                         64145 (MCI)

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРА ОТЫРЫП, өздерiнiң тиiстi негiзде уәкiлеттік берiлген өкiлдерi арқылы әрекет ететiн осы Келiсiмдегі Тараптар қол қойылуын жоғарыда бас кезiнде көрсетiлген күнi мен жылы Қазақстан Республикасының Астана қаласында өздерiнiң аттарынан осы Келiсiмге қамтамасыз еттi.

   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ                 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ
           ҮШIН                             ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI YШIН   

_______________________________     _______________________________
   Уәкiлеттi Өкiл                   Еуропа және Орта Азия аймағы   
                                       бойынша Вице-Президент

1-ҚОСЫМША
Заем қаражатын шоттан алу

      А. Жалпы ережелер
      1. Төмендегi кестеде Заем қаражатынан қаржыландырылатын шығыстар баптарының санаттары, әрбір санат бойынша Заем сомасын бөлу және осындай негiзде әрбiр санатта қаржыландырылатын баптар бойынша шығыстардың пайызы көрсетiледi:

        Санаты            Заемның бөлінген         Қаржыландыруға
                            сомасы (АҚШ                шығын %
                            долларымен)

      (1) Инженерлiк-құрылыс
          жұмыстары             57,955,000            84%

      (2) Тауарлар              100,000         Шетел валютасындағы
                                                  100% шығыстар,
                                              жергiлiкті валютадағы
                                             100% шығыстар (франк-
                                              зауытының құны) және 
                                              тұрған орнында сатып
                                               алынатын тауарлар
                                               үшiн жергiлiктi
                                               валютадағы 84%
                                                 шығыстар

      (3) Жобаны дайындауға     1,800,000       Осы Келiсiмнiң
     арналған несиенi өтеу                     2.02 (с) Бөлiмiне
                                              сәйкес тиесiлi сома
     (4) Комиссиондық алым     645,000          Осы Келiсiмнiң
                                              2.02 (с) Бөлiмiне
                                             сәйкес тиесiлi сома

      (5) Бөлiнбеген сома       4,000,000
          ЖИЫНЫ                 64,500,0000

      2. Осы қосымшаның мақсаттары үшiн:

      (а) "шетел валютасындағы шығыстар" терминi Заемшының елiнен өзгеше кез келген елдiң аумағынан әкелiнетiн тауарларға Заемшының елiнен өзгеше кез келген елдiң валютасындағы шығыстарды бiлдiредi; 
      (b) "жергiлiктi валютадағы шығыстар" терминi Заемшының аумағынан әкелiнген тауарларға Заемшының валютасында жұмсалған шығыстарды бiлдiредi; 
      3. Жоғарыдағы 1-тармақта келтiрiлген ережеге қарамастан, осы Келiсiмге қол қойылған күнге дейiн орын алған төлемдерге қатысты ешқандай шоттан қаражат алу жүргізiлмейдi. 
      4. Банк Заем қаражаты шығыстар ведомосының негiзiнде мыналардың: 
      (а) келiсiм-шартқа сәйкес әрқайсысының құны АҚШ долларына қайта есептегенде 100,000-ды төмендi құрайтын тауарларға; 
      (b) келiсiм-шарттарға сәйкес әрқайсысының құны АҚШ долларына қайта есептеген 200,000-ден төмендi құрайтын жұмыстарға, барлығы Банк Заемшыға хабарлама беретiн осындай шарттарда және ережелерде Заем шотынан алынуын талап ете алады.

      В. Арнайы шот 
      1. Заемшы есепке алудан, тәркiлеуден немесе тыйым салудан тиісті қорғауды қоса алғанда, Банк үшiн қолайлы шарттарда және ережелерде коммерциялық банкте арнайы депозиттiк шот ашады және АҚШ долларында жүргiзедi. 
      2. Банк өзiне қолайлы арнайы шоттың ашылғаны туралы растаманы алғаннан кейiн, жоғарыда айтылған арнайы шотта депозитке салынған сомада Заем шотынан алынатын қаражат мынадай түрде: 
      (а) банк мынадай құжаттарды: 
      (i) осы Келiсiмнiң 4.02 (b) бөлiмiнде айтылған Жобаны басқару туралы бiрiншi есептi, және 
      (ii) Жобаны басқару туралы есептердiң негiзiнде Заемшының қаражат алуға өтiнiмi алғанға дейiн жүргiзiледi; 
      шоттан қаражат алу осы 1-қосымшаға А қосымшаның ережелерiне сәйкес жүргiзiледi; және 
      (b) Жобаны басқару туралы есептiң негiзiнде шоттан қаражат алуға арналған Заемшының өтiнiмiмен қоса берiлген осы Келiсiмнiң 4.02 (b) бөлiмiне сәйкес Жобаны басқару туралы есептi Банктiң алуы бойынша кез келген кейiннен шоттан қаражат алу осы 1-қосымшаға В қосымшаның ережелерiне сәйкес жүргiзiледi. 
      3. Арнайы шоттан төлемдер тек қолайлы шығыстарға ғана жүргiзiледi. Заемшы арнайы шоттан жүргiзетiн әрбiр төлем бойынша Заемшы Банк негiздi түрде сұрататын мерзiмде осындай құжаттарды және төлем тек қолайлы шығыстарға ғана жұмсалған өзге де растамаларды Банкке ұсынады. 
      4. Осы қосымшаның В.2-бөлiгiнiң ережелерiне қарамастан, егер: 
      (а) Банк кез келген уақытта осы Келiсiмнiң 4.02-бөлiмiне сәйкес талап етiлетiн ақпарат Жобаны басқару туралы есепте тиiстi түрде ұсынылмағанын анықтаса; 
      (b) Банк шоттан кез келген уақытта Заем шотынан кез келген кейiннен қаражат алуды Заемшы тiкелей жүргiзуi тиiс екендiгiн анықтаса; немесе 
      (с) Заемшы осы Келiсiмнiң 4.01 (b) (іі) бөлiмiнде көрсетiлген мерзiм iшiнде аудитке қатысты жоғарыда аталған бөлiмге сәйкес Банкке ұсыну талап етiлетiн аудиттiң нәтижелерi туралы қандай да болмасын есептердiң бiрiн: 
      (А) есептеу құжаттары және арнайы шот бойынша есептер немесе 
      (В) есептеу құжаттары және оларға қатысты Жобаны басқару туралы есептердің негізінде шоттан қаражат алу жүргізілген шығыстарды көрсететін есептерді Банкке ұсынбаса Банк арнайы шотқа кейіннен депозитке салынған қаражатты жүргізуге міндетті емес. 
      5. Егер Банк кез келген уақытта жалпы шарттардың 6.02-бөлiмiне сәйкес Заем шоттарынан қаражат алуға Заемшының құқығын толық немесе ішінара тоқтататын өзінің ниеті туралы Заемшыны хабардар етсе, осы қосымшаның В.2-бөлімінің ережелеріне сәйкес арнайы шотта кейіннен депозитке салынған қаражатты жүргізуге міндетті емес. Осындай хабарламадан кейiн Банк тек өз қарауы бойынша ғана арнайы шотта кейіннен депозитке салынған шот жүргiзiле ала ма, жоқ па осындай қаражатты депозитке салуды жүзеге асыру үшін қандай рәсімдер сақталуы тиіс екендігін анықтайды және өзінің шешімі туралы Заемшыны хабардар етеді. 
      6 (а) Егер Банк кез келген уақытта арнайы шоттан қандай да бiр төлем қолайлы шот болып табылмайтын шығыстарға жұмсалғанын немесе Банкке ұсынылған растайтын құжатпен негiзделмегенiн анықтаса, Заемшы хабарламаны алғаннан кейiн Банк сұрататын осындай қосымша растауды тез арада Банкке ұсынады немесе осындай төлемнiң сомасына тең соманы арнайы шотта депозитке салады (немесе егер Банк талап етсе, Банкке қайтарады). Егер Банк өзге шешiм қабылдамаса, Заемшы осындай растаманы ұсынғанша немесе жағдайларға байланысты осындай депозитке салуды жүргiзбейiнше Банк ешқандай арнайы шотта кейiннен қаражатты депозитке салуды жүргiзбейдi. 
      (b) Егер Банк кез келген уақытта арнайы шотта төлемге ұсынылмаған сома осындай шешiмнен кейiн алты айдың iшiнде қолайлы шығыстар бойынша төлемдердi қамтамасыз ету үшiн талап етiлмейтiнiн анықтаса, Заемшы Банктiң хабарламасын алғаннан кейiн төлемге ұсынылмаған соманы Банкке қайтарады. 
      (с) Заемшы Банктің хабарламасын алғаннан кейiн Банкке арнайы шотқа депозитке салынған қаражаттың барлығын немесе бөлiгiн қайтарады. 
      (d) Осы 6-тармақтың (а), (b) немесе (с) тармақшаларына сәйкес Банкке қайтарылатын қаражат Заем туралы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес шоттан кейiннен алу немесе күшiн жою үшiн Заем шотына жазылады.

1-ҚОСЫМШАҒА
А толықтыру
Шоттан қаражат алу Жобаны басқару туралы есептiң негiзiнде жүргiзiлмеген жағдайларда арнайы шотты жүргiзу 

      1. Осы толықтырудың мақсаттары үшiн:
      "Рұқсат етiлген аударым" терминi осы толықтырудың 2-тармағына сәйкес Заем шотынан алынатын және арнайы шотқа депозитке салынатын, АҚШ долларына қайта есептегенде 1,500,000 құрайтын сома; алайда Банк өзге шешiм қабылдамаған жағдайда, рұқсат етiлген аударым төлемге ұсынылмаған және АҚШ долларына қайта есептегенде 10,000,000 құрайтын соманың жалпы шарттардың 5.02-бөлiмiне сәйкес Банк қабылдаған сомасы бар барлық арнайы мiндеттемелердiң жалпы сомасын қосқанда Заем шотынан алынған қаражаттың жиынтық сомасына жеткiзiлгенге немесе арттырғанға дейiн АҚШ долларына қайта есептегенде 750,000-ды құрайтын сомамен шектеледi. 
      2. Арнайы шоттан рұқсат етiлген аударым қаражатын алу және арнайы шотты толықтыру үшiн қаражатты одан әрi алу былайша жүргiзiледi: 
      (а) арнайы шоттан жоғарыда айтылған рұқсат етiлген аударым қаражатын алу үшiн Заемшы Банкке жиынтығында жоғарыда аталған рұқсат етiлген аударым сомасынан аспайтын соманы немесе сомаларды арнайы шотқа депозитке салуды сұратуды немесе сұратуларды ұсынады. Әрбiр осындай сұратудың негiзiнде Банк Заемшының атынан Заемшы сұрататын соманы Заем шотынан алады және жоғарыда аталған арнайы шотқа депозитке салады. 
      (b) Жоғарыда аталған арнайы шотты толықтыру үшiн Заемшы Банк анықтаған ретпен жоғарыда аталған арнайы шотқа қаражатты депозитке салуға сұратуларды Банкке ұсынады. Әрбiр осындай сұратуға дейiн немесе оны ұсынған уақытта Заемшы Банкке оларға қатысты толықтыру сұратылатын төлемге немесе төлемдерге осы Келiсiмге 1-қосымшаның В.3 бөлiгiне сәйкес талап етiлетiн құжаттар мен өзге растаманы ұсынады. Әрбiр осындай сұрату негiзiнде Банк Заемшының атынан Заемшы сұратқан осындай соманы Заем шотынан алады және арнайы шотқа депозитке салады және жоғарыда аталған қаражаттарда және жоғарыда аталған арнайы шоттағы қолайлы шоттарды төлеуге өзге растамада көрсетiледi. Жоғарыда айтылған арнайы шоттағы әрбiр осындай депозитке салу сомасы Банк Заем шотынан бiр немесе одан артық арнайы шоттың қолайлы санаттары бойынша алады. 
      3. Арнайы шоттан Рұқсат етілген аударым сомасынан екі есе артық сома баламасына тең болған жоғарыда айтылған санаттар үшін бөлінген Заем қаражаты есебінен қаржыландырылатын шығыстарға қатысты төлеуге ұсынылмаған сомасы бар және Банк жалпы шарттардың 5.02-бөлiмiне сәйкес өзiне қабылдаған барлық арнайы міндеттемелердiң жалпы сомасын Заем сомасынан алғанда жалпы алынбаған сома арнайы шотта қаражатты кейiннен депозитке салуды жүргiзуге міндетті емес. Осыдан кейiн жоғарыда аталған санаттар үшiн бөлiнген, алынбаған күйде қалған Заем сомасын Заем шотынан алған кезде Банк Заемшыға хабарламада хабарлайтын рәсiмдер сақталады. Осындай одан әрi шоттан қаражат алу осындай хабарлама күнiнде арнайы шотта қалған депозитке салынған барлық осындай сомалар қолайлы шығыстарға төлемдердi жүзеге асыру үшiн және Банк көз жеткізген шекте пайдаланылатынына қарай Банк көз жеткiзгеннен кейiн ғана жүргізіледі.

1-ҚОСЫМШАҒА
В толықтыру
Шоттан қаражат алу Жобаны басқару туралы есептердiң негiзiнде жүргiзiлген жағдайларда арнайы шотты жүргiзу 

      1. Банк Заем шотынан кез келген қаражат алу кезінде Заемшыға хабарламада өзгенi көрсете алатын жағдайды қоспағанда, осындай қаражатты Банк осы Келiсiмге 1-қосымшаның ережелерiне сәйкес арнайы шотқа депозитке салады. Арнайы шотқа әрбiр осындай депозитке салынған қаражатты Банк бiр-бiрден немесе жоғарыда аталған арнайы шоттың қолайлы санаттары бойынша алады. 
      2. Арнайы шотқа депозитке салу үшiн Заем шотынан қаражат алуға арналған әрбiр өтiнiм Жобаны басқару туралы есеппен расталуы тиiс. 
      3. Заем Шотынан қаражат алуға арналған әрбiр өтiнiмдi алғаннан кейiн Банк Заемшының атынан Заем сомасынан аспайтын соманы Заем шотынан арнайы шотқа аударады. Банк Заемшының атынан:
      (а) осындай үлгiде сұратылатын сомадан; және
      (b) осындай есеп күнiнен кейiн алты айдың iшiнде қолайлы шығыстарды қаржыландыру үшiн депозитке салуға қажет жоғарыда айтылған өтiнiммен қоса жүретiн Жобаны басқару туралы есептiң негiзiнде Банк анықтаған сомадан төмен сомаға тең соманы Заем шотынан алады және арнайы шотқа депозитке салады; осындай үлгiде депозитке салынған сома жоғарыда айтылған Жобаны басқару туралы есепте көрсетiлген сомаға қосқан кезде арнайы шотта қалған жағдайда АҚШ долларына қайта есептегенде 1,500,000 сомадан аспайды.

2-ҚОСЫМША
Жобаны сипаттау

      Жобаның мақсаттары:
      (i) Жобаның мақсаттары Солтүстiк-Арал Теңiзiнiң (САТ) болмысын қамтамасыз ету және Сырдария өзенiнiң өткiзу қабiлетін жақсарту, САТ атырауында және оның маңындағы табиғатты қорғауға байланысты экологиялық және табиғат қорғау жағдайларды және биологиялық саналуандығын жақсарту, бұл адамдардың және жануарлардың саулығын жақсартуға мүмкiндiк бередi; және 
      (ii) ауылшаруашылық өнiмдерi (мал шаруашылығын қоса алғанда) мен Сырдария өзенiнiң алабындағы балық өнiмдерiн қолдау және молықтыру; 
      Жоба Заемшы мен Банк осындай мақсаттарға жету үшiн сол және өзге уақытта осындай өзгерiстер енгiзе алатын мынадай бөлiктерден тұрады: 
      А Бөлiгi: Солтүстiк-Арал Теңiзiн қалпына келтіру (САТ) 
      САТ пен Үлкен Оңтүстік Арал Теңізін (ҮОАТ) жалғастыратын бұғаз арқылы мойнақтың құрылысын салу. 
      В Бөлігі: Сырдариядағы гидравликалық реттеуді жақсарту 
      Мынадай жұмыстарды қоса алғанда гидравликалық ғимараттарды қайта жаңғырту және құрылысын салу: 
      (і) Ақлақ суағар бөгетін қайта құру және оған байланысты жұмыстар; 
      (іі) Әйтек және Қараөзек су реттегіш ғимараттарын қайта құру және оған байланысты жұмыстар; 
      (ііі) Қазалы қаласындағы бас ғимараттарды және Қызылорда қаласындағы тосқауылдарды жөндеу; 
      (iv) өзен бойында биіктігі шамалы мойнақтардың және өзен бұғазының қиын ағатын жерлерiн қайта құру және салу; 
      С Бөлiгi: Шардара Бөгетiн қалпына келтiру 
      Қызылқұм суармалық сутартқы - сужiбергiшін, дренаж қайта босату шиберлерi жүйесiн қалпына келтiру, және су қашыртқы ғимараттарды, ағысын жылдамдату, Қараөзек су шайқайтын құдықтарды қалпына келтiру және оған байланысты жұмыстар және бөгетке өлшеуiш приборларда орнатуды қоса алғанда, Шардара бөгетiнде қалпына келтіру жұмыстары. 
      D Бөлiгi: Гидроресурстарды қалпына келтiру және балық аулау кәсiбiн дамыту 
      (i) Балық аулау кәсiпшiлiгiн дамыту жоспарын әзiрлеу және орнату; және 
      (іi) Қамысбас пен Тастекте бар станцияларды қалпына келтіру. 
      Е Бөлiгi: Ағымдағы бақылау және бағалау 
      Жобаның орындалу барысын, оның ықпалын және Қызмет көрсету, оқыту және көлiк құралдары мен жабдықтарды сатып алу арқылы қоршаған ортаны қорғау жоспарының орындалуын ағымдағы бақылау және бағалау. 
      Ғ Бөлiгi: Жобаны басқару және институционалдық даму 
      (i) Жобаны жалпы басқару, сатып алу, бухгалтерлiк есеп, аудит жүргiзу, құрылысты қадағалауды қоса алғанда жобаны басқару тобының (ЖБТ) қызметiн қолдау; жалпы бақылау, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жоспардың орындалуын ағымдағы бақылау, бағалау және орындау; және
      (іi) Техникалық көмек көрсету және оқыту арқылы жобаны басқаруда КВР мүмкіндігін арттыру; және
      Жоба 2006 жылғы 31 тамызда аяқталады деп болжанады.

3-ҚОСЫМША
Борышты біртіндеп өтеу кестесі

      Төлемнің келісілген күні              Негізгі соманы төлеу
                                            (АҚШ долларымен)*

      2007 жылғы 15 ақпан                           1,355,000
      2007 жылғы 15 тамыз                           1,395,000
      2008 жылғы 15 ақпан                           1,440,000
      2008 жылғы 15 тамыз                           1,480,000
      2009 жылғы 15 ақпан                           1,525,000
      2009 жылғы 15 тамыз                           1,570,000
      2010 жылғы 15 ақпан                           1,620,000
      2010 жылғы 15 тамыз                           1,665,000
      2011 жылғы 15 ақпан                           1,715,000
      2011 жылғы 15 тамыз                           1,770,000
      2012 жылғы 15 ақпан                           1,820,000
      2012 жылғы 15 тамыз                           1,875,000
      2013 жылғы 15 ақпан                           1,935,000
      2013 жылғы 15 тамыз                           1,990,000
      2014 жылғы 15 ақпан                           2,050,000
      2014 жылғы 15 тамыз                           2,110,000
      2015 жылғы 15 ақпан                           2,175,000
      2015 жылғы 15 тамыз                           2,240,000
      2016 жылғы 15 ақпан                           2,310,000
      2016 жылғы 15 тамыз                           2,375,000
      2017 жылғы 15 ақпан                           2,450,000
      2017 жылғы 15 тамыз                           2,520,000
      2018 жылғы 15 ақпан                           2,600,000
      2018 жылғы 15 тамыз                           2,675,000
      2019 жылғы 15 ақпан                           2,755,000
      2019 жылғы 15 тамыз                           2,840,000
      2020 жылғы 15 ақпан                           2,925,000
      2020 жылғы 15 тамыз                           3,010,000
      2021 жылғы 15 ақпан                           3,100,000
      2021 жылғы 15 тамыз                           3,210,000

      * Бұл бағандағы сандар Жалпы шарттардың 4.04 (d)-бөлімінде олар туралы айтылғандардан басқа жағдайларды қоспағанда өтеуге жататын АҚШ долларындағы соманы білдіреді.

4-ҚОСЫМША
Сатып алу

I Бөлiм
Тауарлар мен жұмыстарды сатып алу

А Бөлiгi
Жалпы мәлiметтер

      Тауарлар мен жұмыстарды сатып алу 1995 жылдың қаңтарында Банк жариялаған және 1996 жылдың қаңтарында және тамызында, 1997 жылдың қыркүйегiнде және 1999 жылдың қаңтарында қайта қаралған "ХҚДБ Заемдары және ХДБ Несиелерi бойынша Сатып алулар жөнiндегi Басшылықтың" I бөлiмiнiң ережесiне, сондай-ақ осыған қосымша бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес жүргiзiледi. 

В Бөлiгi
Халықаралық бәсекелестiк сауда-саттығы 

      1. Осы бөлiмнiң С бөлiгiнде көзделгеннен өзге жағдайларды қоспағанда, тауарлар мен қызметтердi сатып алулар Басшылықтың II бөлiмiнiң және оған 1-қосымшадағы 5-тармақтың ережелерiне сәйкес жасалған келісiм-шарттарға сай жүргiзiледi. 
      2. Мына ережелер осы В бөлiгiндегi 1-тармағының ережелерiне сай жасалған келiсiм-шарттарына сәйкес сатып алынған тауарлар мен қызметтерге қолданылады. 
      (а) Алдын-ала бағалау 
      Құны бағалауға сәйкес 10,000,000 АҚШ долларынан астам болатын жұмыстардың орындалуын ұсынатын сауда-саттыққа қатысушыларға Басшылықтың 2.9 және 2.10-тармақтарының ережелерiне сәйкес алдын-ала баға берiледi.
      (b) Хабарлама және хабарландыруды жариялау
      Алдын-ала бағалаудан өтуге шақыру арқылы хабарландыру немесе құны АҚШ долларымен қайта есептегендегi бағалауға сәйкес 10,000,000-ды немесе одан астамды құрайтын әрбiр келiсiм-шартты жасасу туралы ұсынысты ұсыну Басшылықтың 2.8-тармағына сәйкес iрi келiсiм-шарттарында қолданылатын рәсiмдерге сәйкес жарияланады.

С Бөлiгi
Сатып алудың басқа рәсiмдерi

      1. Ел шегіндегi бәсекелестiк сауда-саттықтар

      Құны АҚШ долларына қайта есептегендегi бағалауға сәйкес бiр келiсiм-шартқа 1,000,000 кемдi құрайтын жұмыстар 12,000,000 аспайтын АҚШ долларына қайта есептегендегi жиынтық сомада болған кезде Басшылықтың 3.3 және 3.4-тармақтарының ережелерiне сай жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес сатып алынуы мүмкiн. 
      2. Ел шегінен тыс жердегі сатып алу 
      Құны АҚШ долларына қайта есептегендегі бағалауға сәйкес бір келісім-шартқа 100,000 кемді құрайтын тауарлар бағалауға сәйкес 500,000 аспайтын АҚШ долларына қайта есептегендегі жиынтық сомада Басшылықтың 3.5. және 3.6-тармақтарының ережелеріне сәйкес ел шегінен тыс жерде сатып алу рәсiмдерiнiң негiзiнде жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес сатып алынуы мүмкін. 
      3. Ел шегiндегi сатып алу 
      Құны АҚШ долларына қайта есептегендегi бағалауға сәйкес бiр келiсiм-шартқа 50 000 кемдi құрайтын тауарлар бағалауға сәйкес 500,000 аспайтын АҚШ долларына қайта есептегендегi жиынтық сомада Басшылықтың 3.5. және 3.6-тармақтарының ережелерiне сай сатып алулар рәсiмдерiнiң негiзiнде жасасқан келiсiм-шарттарға сәйкес сатып алынуы мүмкiн. 
      4. Көлемi шағын жұмыстарды сатып алу 
      Құны АҚШ долларына қайта есептегендегi бағалауға сәйкес бiр келiсiм-шартқа 50,000 кемдi құрайтын жұмыстар бағалауға сәйкес 1,000,000 аспайтын АҚШ долларына қайта есептегендегi жиынтық сомада болған кезде жазбаша шақырудың жауабына берiлген үш (3) жергiлікті мердiгерден алынған ұсыныстар негізiнде жасасқан келiсiм-шартқа сәйкес тiркелген бағамен сатып алынуы мүмкін. Шақыру Банк үшiн және тиiстi сызбаларға қажет болған кезде аяқталу мерзiмiне қолайлы талап етiлетiн негiзгi техникалық сипаттамаларды қоса алғандағы жұмыстардың толық сипатталуын қамтуы тиiс. Келiсiм-шартты ең төмен бағамен ұсыныс жасаған және келiсiм-шарттың ойдағыдай орындалуы үшiн тиiстi тәжiрибесi және қаражаты бар мердiгер жасайды. 

D Бөлiгi 

      Сатып алулар жөнiндегi шешімдерді банктiң қарауы 
      1. Сатып алуды жоспарлау 
      Алдын-ала бағалаудан өту туралы кез-келген шақыруларды жарияланғанға немесе келiсiм-шарттар жасасу туралы ұсыныстар ұсынылғанға дейiн Жоба бойынша сатып алулардың ұсынылып отырған жоспары Басшылықтың 1-қосымшасының 1-тармағына сәйкес Банктiң қарауына және мақұлдауына ұсынылады. 
      2. Алдын-ала қарау 
      (а) Осы бөлiмнiң С.1 бөлiгiне сәйкес жұмыстардың орындалуына арналған әрбiр келiсiм-шартқа қатысты АҚШ долларымен қайта есептегендегi бағалауларға сәйкес оның құны 200,000 немесе одан астамды құрайтын Басшылықтың 1-қосымшаның 2 және 3-тармақтарына сәйкес айтылатын рәсiмдер қолданылады. 
      (b) Тауарлар мен қызметтердi сатып алуларға арналған бастапқы келiсiм-шарттарына қатысты рәсiмдерге сәйкес жүргiзiлетін, С бөлігінде ол туралы сөз болған мынадай рәсiмдер қолданылады: 
      (і) сатып алулардың рәсiмдерiне сәйкес қандай да болмасын берушіні iрiктеуге, қандай да болмасын келiсiм-шарттың орындалуына дейiн Заемшы алынған ұсыныстарды салыстыру және бағалау туралы Банкке есеп ұсынады. 
      (іі) тiкелей келiсiм-шарттар мен сатып алуларды жасасу рәсiмдерiне сәйкес жасасқан қандай да болмасын келiсiм-шарттың орындалуына дейiн Заемшы техникалық шарттардың көшiрмесiн және келiсiм-шарттың жобасын Банкке ұсынады; және
      (ііі) Басшылыққа 1-қосымшаның 2 (f), 2 (g) және 3-тармақтарында айтылған ереже қолданылады.
      3. Кейiнгi қарау
      Осы бөлiктiң 2-тармағында реттелмейтiн әрбiр келiсiм-шартқа қатысты Басшылыққа 1-қосымшаның 4-тармағында айтылған рәсiмдер қолданылады.

5-ҚОСЫМША
Жобаны орындау бағдарламасы

      1. Заемшы:
      (а) Заемшы мен Банк арасында келiсiлген көрсеткіштерге сәйкес Жобаны орындауды және оның мақсаттарына жетудi бақылау мен бағалауды тұрақты жүзеге асыру мүмкiндігін беру үшiн қолданып жүрген талаптарға жауап беретiн стратегияларды және рәсiмдердi ұстанады. 
      (b) Осы бөлiмнiң (а) тармағына сәйкес жүргiзiлетін бақылау және бағалау жөнiндегi деректер бiрiктiрiлетiн, жоғарыда аталған есеп беру күнiнiң алдындағы кезең ішiнде Жобаның орындалуында қол жеткiзiлген нәтижелер туралы және Жобаның ойдағыдай орындалуын қамтамасыз ету мен осындай күннен кейiн келетін кезең iшiнде оның мақсаттарына қол жеткізу үшiн ұсынылатын шаралар айтылатын есеп Банк үшiн қолайлы құзыреттiлiк шегiне сәйкес дайындалады және әрбiр жылдың 31 қаңтарында немесе шамамен осындай мерзiмдерге Банкке ұсынылады. 
      (с) Осы тармақтың (в) тармақшасында ол туралы сөз болған, ол туралы Банк сұрататын есептi Банк әрбiр жылдың 31 наурызында немесе осындай неғұрлым кеш күнi қарайды және содан кейін Жобаны тиiмдi аяқтауды қамтамасыз етуге және жоғарыда аталған есептiң қорытындылары мен ұсынымдарына және Банктiң осы мәселе жөнiндегi пiкiрлерiне сүйене отырып оған қол жеткiзуге қажетті барлық шараларды қабылдайды. 
      (d) Жобаның орындалуы туралы жарты жылдық есептi Банк үшiн қолайлы құзыреттiлiк шегiне сәйкес дайындайды және әр жылдың 31 қаңтары мен 31 шiлдесiнде немесе шамамен осындай мерзiмде Банкке ұсынады; 
      (е) (i) Жобаның орындалу барысы туралы орташа мерзiмдi шолу есебiн 2004 жылғы 31 шiлдеден кешiктiрмей Банкпен бiрлесiп дайындайды. Орташа мерзiмдi шолу есебi Жобаның мақсаттарын орындаудағы қол жеткен нәтижелердi қамтиды; және 
      (іі) Орташа мерзiмдi шолуы аяқталғаннан кейiн бiр айдан кеш емес мерзiм iшiнде Банкпен келiсiлген орташа мерзiмдi шолуға байланысты және Банк үшiн қолайлы Жоба жөнiндегi iс-қимыл жоспарында айтылған ұсынымдарды орындайды; және 
      (f) Әрбiр жылдың өткен үш айы үшiн 31 қаңтардан, 30 сәуiрден, 31 шiлдеден және 31 қазаннан кешiктірмей тиiстi нысанда ұсынылатын Жобаны орындаудың барысы туралы есептi Банк үшiн қолайлы құзыреттiлiк шегiнде дайындайды және Банкке ұсынады, жобаның өткен үш айы ішiндегi орындалу барысы туралы есептi Ведомствоаралық үйлестiру комитетiне (ВYК) және Жобаны басқару жөнiндегi комитетке (ЖБК) және Банкке ұсынады. Тоқсан сайын есептерге: 
      - инженерлiк-құрылыс жұмыстарына және жабдықтар мен тауарларды жеткiзiп беруге арналған келісім-шарттарының орындалу барысы және болжалды аяқталу күні; 
      - институционалдық құрауыштарының, оқыту және зерделеу және ЖМБ жұмысы жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы; 
      - қоршаған ортаны қорғау, Жобаның ықпалы жөніндегі шаралар жоспарын бақылау және бағалау; 
      - сатып алу және қаржылық қызметті басқару жөніндегі консультанттардың жұмысы жатқызылады. 
      2. Жалпы шарттардың 9.07-бөлімінің мақсаттары үшiн және оның ережелерін шектемей Заемшы Банк үшiн қолайлы принциптер негізінде және қорытынды күннен кейінгі алты ай (6) мерзiм iшінен кешiктiрмей немесе осы мақсаттар үшін Заемшы мен Банк арасында келiсiлуi мүмкiн болатын осындай неғұрлым кеш мерзiмде заем қаражатының пайдаланылуын және Жоба аясында болашақ қызметтiң жобасын дайындайды және Банкке ұсынады және Банкке жоғарыда аталған жоспар бойынша Заемшымен пiкiр алысуға тиiстi мүмкiндiк бередi. 
      3. Жоба аяқталғанға дейiн Заемшы Жобаны басқару үшiн Жобаны басқару тобының жұмыс iстеуiн, Жобаға байланысты қызметтi, бiлiктiлiгі мен құзыреттiлiк шегi Банк үшiн қолайлы мамандардың оны орындауын және үйлестіруiн қамтамасыз етедi. 
      4. Жоба аяқталғанға дейiн Заемшы Жоба аясында қызметті үйлестiру мақсаттары үшiн ол құрған Ведомствоаралық үйлестiру комитетiнiң (ВYК) жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. 
      5. Заемшы 2001 жылдың 31 желтоқсанынан кешiктірмей Жобаны басқару жөнiндегi комитеттi құрады. 
      ЖБК-нiң негiзгі мiндеттерi: 
      (і) Жоба аясында зерделеу жөнiндегi жұмыстарды қоса алғандағы жоба шеңберiнде және оның барысында қызмет туралы жергiлiктi тұрғындарды хабарландыру ағымдағы бақылау мен бағалауды әзiрлеу, орындау, олармен шектелмейтiн олардың нәтижелерi, донорлар ұсынатын немесе жүргiзетін қызмет және бағдарламалар, осындай қызметтi қаржыландыру және т.б; және 
      (іі) қоршаған ортаны қорғау және қоршаған орта мен әлеуметтік салалардағы Жобада көзделген мiндеттерге қол жетуiн қамтамасыз ету болып табылады. 
      6. Заемшы 2002 жылдың 30 маусымынан кешiктiрмей құзыреттiлiк шегi Банк үшiн қолайлы негiзгi жобаға қатысты тұлғалардан тұратын Арал теңiзiнiң алабы (АТАКТ) бойынша консультативтiк топты құрады. АТАКТ-ның негiзгi мiндеттерi Қазақстандық бөлiгiне су шаруашылығын басқару мен алаптың су ресурстарын бөлудегi жұртшылықтың тиiмдi қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. 
      7. Шардара бөгетiнде қауiпсiздiк шараларын сақтауды қадағалау мақсатында негiзгi міндеттi алдын алу шараларын жобалауды талдау және олардың орындалуын бақылау болып табылатын жергiлiктi де, шетелдiк те мамандардан тұратын жұмыс істеуi, құрамы мен құзыреттiлiк шегi Банк үшiн қолайлы Сарапшылардың тәуелсiз тобы (СТТ) құрылады. 
      8. Заемшы барлық қажеттi шаралармен қоршаған ортаның жай-күйін бағалау мақсатында зерделеу түрінде дайындалған Жоба шеңберiнде қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жоспардың орындалуын қамтамасыз етедi. Осы мақсатта Заемшы: 
      (і) жобаның шеңберiнде ұсынылатын жеңiлдетiлген шараларды жұмыс жоспарына енгiзудi; 
      (іі) құрылыс жұмыстары кезiнде осындай шаралардың орындалуы және Жобаның құралдарын кейiннен пайдалануды; қоршаған ортаны тиiмдi пайдалану жөнiндегі шаралар жоспарын; 
      (ііі) орындауды бақылау үшiн ЖБТ-ы тиiстi бiлiктi мамандармен жасақталады, оның құрамының бiлiктiлiгi және тәжiрибесi Банк үшiн қолайлы болатын кемiнде екi (2) эколог және бiр (1) гидролог енедi; 
      (iv) және Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жоспардың (ҚОҚЖ) орындалуын бақылауды қамтамасыз ету үшiн жобаны орындау кезiнде тәуелсiз консультанттардың жалдау және олардың қызметi, бiлiктiлiгi және тәжiрибесi Банк үшiн қолайлы болып табылуын қамтамасыз етедi. 
      9. Заемшы 2001 жылғы 31 желтоқсанынан кешiктiрмей бiлiктiлiгi мен тәжiрибесi Банк үшiн қолайлы болып табылатын консультанттарды жұмысқа қабылдайды және кейiннен лауазымын сақтайды, бұлар ҚОҚЖ орындалуын бақылауға және Жобаны ықпал етуiн бақылауға және бағалауға жауапты болады.
      10. Заемшы 2001 жылғы 31 желтоқсанынан кешiктiрмей Банк үшiн бiлiктiлiгi және тәжiрибесi қолайлы болатын консультанттарды жұмысқа қабылдайды және лауазымын сақтайды, бұлар құрылысты әзiрлеу және қадағалау үшiн жауап беретiн болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады