Уран өнімінің экспорты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 қазан N 1368

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы N 9-1 Z960009_ Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрі - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК ЖАҚ) "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК ЖАҚ пен "ИТОЧУ Корпорейшн" корпорациясы арасындағы уран жеткізу туралы 2001 жылғы 11 сәуірдегі N 74-НАК келісім-шартының талаптарына сәйкес 352030 кгU (915200 фунт) мөлшерде Қазақстан Республикасынан табиғи уранның шалатотық-тотық түріндегі (СЭҚ ТН коды 2844 10 390) уран концентратының экспортына рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК ЖАҚ-қа осы қаулының 1-тармағында көрсетілген өнімнің экспортына лицензиялар берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті кедендік бақылауды және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында Z952368_ белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген өнімнің кедендік ресімделуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика

 

және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі

комитетіне жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады