Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Республикалық кәсіби аурулар клиникасы", "Кәсіби патология клиникасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Физиология және еңбек гигиенасы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 қазан N 1370

      Еңбек гигиенасы, кәсіби аурулардың алдын алу және оларды емдеу мәселелеріндегі бірыңғай ғылыми-практикалық жұмысты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Республикалық кәсіби аурулар клиникасы", "Кәсіби патология клиникасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Физиология және еңбек гигиенасы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні: 
      1) кәсіби патология саласында мамандандырылған медициналық, сараптамалық көмек көрсету; 
      2) кәсіби патология саласында ғылыми-зерттеу қызметі; 
      3) кәсіби патология саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау болып белгіленсін. 
      3. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі болып белгіленсін. 
      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 
      1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .
     3) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдарының тізбесінде:
     "2. Мемлекеттік кәсіпорындар" бөлімінде:
     реттік нөмірлері 38, 39-жолдар алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 70-жолмен толықтырылсын:
     "70. Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы".
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
     6. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының 
     Премьер-Министрі 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады