Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 U952707_ Заң күші бар Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді тоқтату,
оларды жасаған адамдарды ұстау және ішкі істер органдарына жеткізу
мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлері қолданатын арнайы және
көлік құралдарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 30 қазандағы
N 1375 қаулысымен
бекітілген
Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді тоқтату, оларды жасаған
адамдарды ұстау және ішкі істер органдарына жеткізу мақсатында
ішкі істер органдарының қызметкерлері қолданатын арнайы және көлік
құралдарының
Тізбесі
Арнайы құралдар
1. Резина таяқтар.
2. Қол кісендер.
3. Көзден жас ағызатын заттар - гранаталар, патрондар, аэрозольды
баллондар ("Черемуха", "Сирень", "Волна" және т.б.), аэрозольды кешен
("Жасмин" және т.б.).
4. Жарық-дыбыс құрылғылары ("Заря", "Пламя" және т.б.).
5. Түтін шығаратын құрылғылар - түтіндеткіш қол гранаталары
("Факел" және т.б.), бейтарап түтінді шашкалар.
6. Көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құралдар ("ЕЖ" және
т.б.).
7. Механикалық әрекеттерден қорғануға арналған бұйымдар - каскалар,
қорғанудың 1-4 деңгейіндегі қорғану жилеттері, барлық түрлендірудегі
соққыға қарсы қалқандар.
Арнайы көлік құралдары
1. Кезекші бөлімдердің автомобильдері.
2. Күзет бөлімшелерінің ұстап алу топтарының автомобильдері.
3. Патрульдік (патрульдік полиция мен жол полициясының) автомобильдер.
4. Ішкі істер органдарының жеке құрамын тасымалдау үшін жабдықталған
автомобильдер.
5. Қызметтік иттері бар полиция нарядтарын тасымалдауға арналған
автомобильдер.
6. Штаб автомобильдері, жылжымалы байланыс тораптары - автомобильдер.
7. Жаппай тәртіпсіздік орындарына ішкі істер органдарының жеке
құрамын тасымалдауға арналған бронетранспортерлар.
8. Суатқылармен жабдықталған өрт сөндіруші және арнайы автомобильдер.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.