Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 қараша N 1398. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 14.02.2017 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі N 648 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 5 қарашадағы
N 1398 қаулысымен
бекiтiлген

Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк
жоғары оқу орындары туралы
YЛГI ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгi ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шiлдедегi N 648 Жарлығына сәйкес әзiрленген.

      2. Ерекше мәртебе бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға, оның кәсiби қалыптасуына аса көрнекті үлес қосқаны үшін мемлекеттік жоғары оқу орындарына беріледі.

      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі N 733 қаулысымен.

      3. Жекелеген жағдайларда мемлекеттiк жоғары оқу орындарына ерекше мәртебенi Қазақстан Республикасының Президентi беруi мүмкiн.

      4. Ерекше мәртебесi бар жоғары оқу орындарының ректорлары қызметке заңнамада белгiленген тәртiппен тағайындалады және қызметтен босатылады.

      

2. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу
орындарының өкiлеттiгi

      5. Ұйымдастыру-құқықтық нысаны шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорын - ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орындары бекiтiлген шығыстар сметасы шегiнде құрылымы мен штаттарын дербес анықтайды, жекелеген нормативтер бойынша еңбек ақы төлеу мөлшерi мен шарттарын белгілейдi.

      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі N 733 қаулысымен.

      6. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орындары ұйымдастыру-құқықтық нысанына тәуелсіз:

      1) олардан алынатын кiрiстерге өздерiнiң Жарғыларына сәйкес дербес иелiк ететiн, бiлiм беру, ғылыми-өндiрiстiк және заңнамамен тыйым салынбаған өзге де қызметтiң есебiнен қаржы және материалдық құралдардың қосымша көздерiн тартады;

      1-1) кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптік білімді мамандар даярлаудың тиісті бейіндері бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік орталықтар болып табылады;

      2) орталық атқарушы органдармен келiсiм бойынша оқыту, ғылыми және әдiстемелiк қызметтер саласында өз нормативтерiн әзiрлейдi, сынақтан өткiзедi және iске асырады;

      3) кәсiптiк жоғары бiлiмдi кадрлар даярлаудың бiлiмдiк, ғылыми және әдiстемелiк саласында негiзгi тұжырымдамалық ережелер әзiрлейдi, сынақтан өткiзедi және енгiзедi;

      4) кәсiптiк жоғары бiлiмнiң көп деңгейлi жүйесi бойынша мамандарды даярлаудың жаңа бағыттарын анықтайды, оларды оқыту мерзiмдерi мен нысандарын белгiлейдi;

      5) ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлардың бейiнi бойынша бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асырады;

      6) негiзгi қызметiнiң барлық бағыттары бойынша шетелдiк ұйымдармен тiкелей шарттар мен келiсiм-шарттар жасаса, ғалымдар мен мамандардың уақытша ұжымдарын құра, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдардың қызметiне қатыса алады;

      7)

      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
      2002 жылғы 8 шілдедегі N 733 қаулысымен.
      

3. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу
орындарының мiндеттерi

      7. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орны мiндеттi:

      1) ғылыми-педагогикалық әлеуеттi, оқу-материалдық базаны және инновациялық бiлiм беру технологияларын тиiмдi пайдаланудың негiзiнде әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн, кәсiптiк жоғары бiлiмнiң ұдайы жоғары деңгейiне кепiлдiк беруге;

      2) жоғары оқу орнының әрбiр студентiнiң, оқытушысының және қызметкерiнің жеке тұлғасын бiлiм алу, рухани, мәдени және санаткерлiк дамуы үшін неғұрлым жоғары жағдайлармен қамтамасыз етуге;

      3) бiлiм беру және өзге де қызмет көрсетулерге ақы төлеуден алынатын қаражат пен кiрiстердi оқу-әдiстемелiк базаны дамытуға, кәсiптiк жоғары бiлiм мазмұнының сапасын арттыруға, инновациялық бiлiм беру технологияларын енгiзуге тиiмдi пайдалануды жүзеге асыруға;

      4) әлемдiк ғылыми-бiлiмдiк кеңiстiкте бiлiмнiң, ғылымның, техника мен технологияның дамуына мониторингтi жүйелi жүргiзуге және оларды республиканың жоғары кәсiптiк бiлiм беру жүйесiне ендiру үшiн бiлiм беру саласының орталық атқарушы органына ұсыныстар енгiзуге.

      

4. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк
жоғары оқу орындарын қаржыландыру

      8. Мемлекеттiк тапсырыстың шеңберiнде республикалық мемлекеттік кәсiпорын нысанындағы ерекше мәртебесi бар жоғары оқу орындарында мамандар даярлау студенттердiң бiлiм грантының немесе несиесінің мөлшерiн айқындаған кезде оқытуға арналған нақты шығындарды ескеретін жеке норматив бойынша республикалық бюджеттiң қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      9. Кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн және ерекше мәртебесi бар республикалық мемлекеттiк мекемелер шығыстардың жеке сметалары бойынша республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

      10. Ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар мемлекеттiк жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамына және басшылық ететiн қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жалақылар мен тарифтік ставкалардың белгіленген мөлшерлеріне 1,75 арттыру коэффициентімен жүзеге асырылады.

      Осы тармақ 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі N 733 қаулысымен.

      Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.

Об утверждении Типового положения о государственных высших учебных заведениях, имеющих особый статус

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 ноября 2001 года N 1398. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2017 года № 66 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 14.02.2017 № 66 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 5 июля 2001 года N 648 "О предоставлении особого статуса отдельным государственным высшим учебным заведениям" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемое Типовое положение о государственных высших учебных заведениях, имеющих особый статус.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр

      Республики Казахстан

  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
5 ноября 2001 года N 1398
 
 

Типовое положение
о государственных высших учебных заведениях,
имеющих особый статус

1. Общие положения

      1. Типовое положение о государственных высших учебных заведениях, имеющих особый статус, разработано в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 5 июля 2001 года N 648 "О предоставлении особого статуса отдельным государственным высшим учебным заведениям".

      2. Особый статус предоставляется решением Правительства Республики Казахстан по представлению центрального исполнительного органа в области образования государственным высшим учебным заведениям за выдающийся вклад в воспитание, обучение, профессиональное становление личности.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции постановления Правительства РК от 8 июля 2002 г. N 733.

      3. В отдельных случаях особый статус государственным высшим учебным заведениям может быть предоставлен Президентом Республики Казахстан.

      4. Ректоры высших учебных заведений, имеющие особый статус, назначаются и освобождаются от должности в установленном законодательством порядке.

      

2. Полномочия государственных высших учебных заведений,
имеющих особый статус

      5. Государственные высшие учебные заведения в организационно- правовой форме республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения, имеющие особый статус, в пределах утвержденной сметы расходов самостоятельно определяют структуру и штаты, устанавливают размеры и условия оплаты труда по индивидуальным нормативам.

      Сноска. В пункт 5 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 8 июля 2002 г. N 733.

      6. Государственные высшие учебные заведения, имеющие особый статус, независимо от организационно-правовой формы:

      1) привлекают дополнительные источники финансовых и материальных средств за счет образовательной, научно-производственной и иной, не запрещенной законодательством деятельности, доходами от которой распоряжаются самостоятельно в соответствии со своими Уставами;

      1-1) являются в системе высшего профессионального и послевузовского профессионального образования учебно-методическими и научно-методическими центрами по соответствующим профилям подготовки специалистов с высшим-профессиональным и послевузовским профессиональным образованием;

      2) разрабатывают, апробируют и реализуют собственные нормативы в области учебной, научной и методической деятельности по согласованию с центральными исполнительными органами;

      3) разрабатывают, апробируют и внедряют основные концептуальные положения в образовательной, научной и методической сфере подготовки кадров с высшим профессиональным образованием;

      4) определяют новые направления подготовки специалистов по многоуровневой системе высшего профессионального образования, устанавливать сроки и формы их обучения;

      5) осуществляют повышение квалификации и переподготовку научных и научно-педагогических кадров по профилю;

      6) могут заключать с зарубежными организациями прямые договоры и контракты по всем направлениям основной деятельности, создавать временные коллективы ученых и специалистов, участвовать в деятельности международных объединений и организаций;

      7) (исключен)

      Сноска. В пункт 6 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 8 июля 2002 г. N 733.

3. Обязанности государственных высших учебных
заведений, имеющих особый статус

      7. Государственное высшее учебное заведение, имеющее особый статус, обязано:

      1) гарантировать стабильно высокий уровень высшего профессионального образования, соответствующий мировым стандартам, на основе эффективного использования научно-педагогического потенциала, учебно-материальной базы и инновационных образовательных технологий;

      2) обеспечивать максимальные условия для образовательного, нравственного, культурного и интеллектуального развития каждой личности студента, преподавателя и сотрудника вуза;

      3) осуществлять эффективное использование средств и доходов, получаемых от оплаты образовательных и иных услуг, на развитие учебно-методической базы, повышение качества содержания высшего профессионального образования, внедрения инновационных образовательных технологий;

      4) систематически проводить мониторинг развития образования, науки, техники и технологий в мировом научно-образовательном пространстве и вносить предложения в центральный исполнительный орган в области образования для внедрения в систему высшего профессионального образования республики.

      

4. Финансирование государственных высших
учебных заведений, имеющих особый статус

      8. Подготовка специалистов в государственных высших учебных заведениях, имеющих особый статус, в форме республиканского государственного предприятия в рамках государственного заказа осуществляется за счет средств республиканского бюджета по индивидуальному нормативу, учитывающему реальные затраты на обучение при определении размера образовательного гранта или кредита студентов.

      9. Республиканские государственные учреждения, дающие высшее профессиональное образование и имеющие особый статус, финансируются за счет средств республиканского бюджета по индивидуальным сметам расходов.

      10. Оплата труда профессорско-преподавательского состава и руководящих работников государственных высших учебных заведений, имеющих особый статус, независимо от организационно-правовой формы, осуществляется с повышающим коэффициентом 1,75 к установленным размерам окладов и тарифных ставок.

      Настоящий пункт вступает в действие с 1 января 2003 года.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции постановления Правительства РК от 8 июля 2002 г. N 733.

      (Специалисты: Склярова И.В., Умбетова А.М.)