Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 5 қарашадағы N 1398 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 8 шілде N 733. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 14.02.2017 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орындары туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 5 қарашадағы N 1398 P011398_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орындары туралы үлгi ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ерекше мәртебе бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға, оның кәсiби қалыптасуына аса көрнекті үлес қосқаны үшін мемлекеттік жоғары оқу орындарына беріледі.";

      5-тармақта "нысаны" деген сөзден кейiн "шаруашылық жүргiзу құқығындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптік білімді мамандар даярлаудың тиісті бейіндері бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік орталықтар болып табылады;";

      7) тармақша алынып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар

      мемлекеттiк жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамына және

      басшылық ететiн қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жалақылар мен тарифтік

      ставкалардың белгіленген мөлшерлеріне 1,75 арттыру коэффициентімен жүзеге

      асырылады.

      Осы тармақ 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Мамандар:

      Багарова Ж.А.,

      Қасымбеков Б.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады