"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 қарашадағы N 1423 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнің "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 заң күшi бар Z952198_ Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат;):

      1) 6-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қызмет нысанасы зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн төлеу болып табылатын заңды тұлғаларды тiркеу үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың, кастодиан-банктердiң, сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттеу және бақылау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырушы мемлекеттiк органның оны ашуға Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қосымша рұқсаты талап етiледi.
      2) 14-баптың сегiзiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тиiсiнше банк, сақтандыру және зейнетақы туралы Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.".

      2. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Z952200_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 337-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 7-1, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар):
      15-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға лицензия берудiң шарты мен тәртiбi Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленедi.".

      3. Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Z970067_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Ведомостары, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 2, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат):
      47-баптың 3) тармақшасындағы "төлемдер" деген сөзден кейiн "сондай-ақ "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына" мiндеттi әлеуметтiк аударымдар" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Z980237_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат):
      38-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Алушы банк ақша жiберушiлердің нұсқауын орындаумен қатар, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды аударуға арналған нұсқауды күнтiзбелiк кезектiлiк тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi. Салық органдарының мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды өндiрiп алуға арналған инкассалық өкiмдерiн де осы тәртiппен орындауға тиiс.".
      4-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аталған норма салық қызметi органдары мен кеден органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмдерде бюджетке төленбеген салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдердi мәжбүрлеп өндiрiп алу, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын, "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына" әлеуметтiк аударымдарды, бюджетке салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдердi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды төлемегенi не уақытында төлемегенi үшiн есептелген айыппұлдар мен өсiмақыларды өндiрiп алу туралы өкiмдерiне қолданылмайды.".

      5. Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" 2001 жылдың 30 қаңтарындағы K010155_ Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; 2001 ж., N 17-18, 241-құжат):
      1) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "88-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарды бұзушылық
      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында көзделген зейнетақы төлемдерiн, аударулар мен алып қоюларды белгiленген мерзiмдерде уақытылы жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейiн айыппұл салуға әкеп соқтырады.
      2. Орталықтың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында көзделген зейнетақыны толық мөлшерiнде және белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейiн айыппұл салуға әкеп соқтырады.
      3. Заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердiң, жекеменшiк нотариустың немесе адвокаттың мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу немесе жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жөнiндегi мiндеттемелердi атқармауы не тиiстi дәрежеде атқармауы, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға, жеке кәсiпкерге, жекеменшiк нотариусқа немесе адвокатқа - аударылмаған (уақытында аударылмаған) немесе ұстап қалмаған мiндеттi зейнетақы жарналары сомасының елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкелiп соғады.";
      2) Мынадай мазмұндағы 88-1-баппен толықтырылсын:
      "88-1-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарды бұзу
      1. Әлеуметтiк төлемдердiң "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" мен Орталықтың лауазымды адамдарының кiнәсiнен толық көлемiнде және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарда көзделген белгiленген мерзiмiнде төленбеуi -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейiн айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына" әлеуметтiк аударымдар төлеушi - жұмыс берушiнiң әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына аудару жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы немесе тиiстi дәрежеде орындамауы -
      лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - аударылмаған (уақытында аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналары сомасының елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту:
      1. Осы Кодексте әлеуметтiк аударымдар төлеушi - жұмыс берушi деп Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарына сәйкес "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына" мiндеттi әлеуметтiк аударымдар жүргiзуге тиiстi адамды айтады.";
      3) 570-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "Кодекстiң" деген сөзден кейiн "88 (үшiншi бөлiк), 88-1 (екiншi бөлiк)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және осы Кодекстiң 88-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 88-1 (екiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық салық органдарының басшылары, олардың орынбасарлары құқылы.";
      4) 574-бапта:
      тақырыбындағы "Республикасының" деген сөзден кейiн "Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      бiрiншi бөлiктегi "министрлiгiнiң" деген сөзден кейiнгi "халықты әлеуметтiк қорғау" деген сөздер алынып тасталсын;
      "88-бабында" деген сөздер "88 (екiншi бөлiгiнде), 88-1 "(бiрiншi бөлiгiнде) баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-бөлiгiндегi "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының (департаменттерiнiң) бастықтары, аудандық халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнiң бастықтары" деген сөздер "Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi аумақтық органдарының басшылары, олардың орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" K010209_ (Салық кодексi) 2001 жылғы 12 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат):
      1) 15-баптың 1-тармағы "мiндеттi зейнетақы жарналарының" деген сөздерден кейiн "және әлеуметтiк аударымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 16-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы "зейнетақы жарналарының" деген сөздерден кейiн "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына" әлеуметтiк төлемдердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 17-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "мiндеттемелерiн орындауына" деген сөздерден кейiн "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына" мiндеттi аударымдардың толық есептелуiне және төленуiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 68-баптың 2-тармағының екiншi абзацы "зейнетақы жарналары" деген сөздерден кейiн "және "Мемлекеттiк әлеуметтік сақтандыру қорына" әлеуметтiк аударымдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 91-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарына сәйкес алынған және "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының" активтерiн көбейтуге жiберiлген инвестициялық кiрiстер;";
      6) 100-бапта:
      "салық төлеушiнiң" деген сөздердiң алдынан "1" санымен толықтырылсын;
      бiрiншi бөлiктегi "ақы төлеу бойынша" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына" әлеуметтiк аударымдар бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Салымшының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен төлеген ерiктi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген шекте шегерiмге жатады.";
      7) 131-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы "зейнетақы қорларына" деген сөздерден кейiн ", "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 144-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "26-1) "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан" әлеуметтiк төлемдер;";
      9) 178-бап мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "18-1) "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" жүзеге асыратын әлеуметтiк төлемдер;";
      10) 187-баптың 1-бабы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан" төленетiн әлеуметтiк төлемдердi;";
      11) 227-баптың 2-тармағындағы:
      5) тармақша "активтерiн" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының" активтерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      6-1) "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының" әлеуметтiк аударымдарды тарту және "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының" активтерiнен алынған инвестициялық кiрiстi бөлу жөнiндегi қызметтерi;";
      12) 317-бапта:
      1-тармақтағы "21 процент ставка бойынша" деген сөздер "18 процент ставка бойынша";
      2-тармақтағы "11 процент" деген сөздер "8 процент";
      4-тармақтағы "6,5 процент ставка бойынша" деген сөздер "3,5 процент ставка бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 374-баптың 6-тармағындағы "мiндеттi зейнетақы жарналары" деген сөздерден кейiн "және "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына" әлеуметтiк аударымдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 383-бапта:
      1-тармағының екiншi бөлiгi "Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ай сайын жүргiзiледi." деген сөйлеммен толықтырылсын;
      2-тармағындағы "мiндеттi зейнетақы жарналарының" деген сөздерден кейiн "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына" әлеуметтiк аударымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      15) 384-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына" аударылған әлеуметтiк аударымдар бойынша есептi;";
      16) 390-бапта:
      2-тармағының бiрiншi бөлiгi "зейнетақы жарналары" деген сөздерден кейiн ", "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына" әлеуметтiк аударымдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармағының бiрiншi бөлiгi "зейнетақы жарналары" деген сөздерден кейiн "және "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына" аударылған әлеуметтiк аударымдар бойынша есептiлiктi" деген сөздермен толықтырылсын;
      17) 517-бапта:
      1-тармақ "зейнетақы жарналарының" деген сөздерден кейiн "және "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына" әлеуметтiк аударымдардың" деген  сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiлетiн әлеуметтiк аударымдар бөлiгiне қатысты ережелердi қоспағанда, 2002 жылдың 1 шiлдесiнен бастап күшiне енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады