Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегі қызметті лицензиялау ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 қараша N 1432. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.02. N 1192 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.02. N 1192 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес және тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қоса берiліп отырған Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
      2. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
      3. Осы қаулы оның жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
2001 жылғы 9 қарашадағы      
N 1432 қаулысымен         
бекiтілген             

            Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және
           өткiзу жөнiндегі қызметті лицензиялау ережесi 

     Осы Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегі қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау тәртiбiн анықтайды. 

                      1. Жалпы ережелер 

     1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
     ойын бизнесi - мақсаты табыс табу үшiн құмар ойындары мен бәс тiгудi ұйымдастыру және өткiзу болып табылатын кәсiпкерлiк қызмет; 
      ойын мекемесi - құмар ойындар өтетiн және (немесе) бәс тiгу ставкалары қабылданатын орын: казино, тотализатор, ойын автоматтары залы, букмекер кеңсесi және өзге де ойын үйлерi (орындары); 
      бәс тiгу - тәуекелге негізделген және жеке, сол сияқты заңды екi немесе бiрнеше тұлғалардың арасында жасалған, нәтижесi туындайтыны немесе туындамайтыны белгісiз жағдайға байланысты ұтыс туралы келiсiм; 
      құмар ойын - тәуекелге негiзделген және ойын мекемесi белгiлеген ереже бойынша жеке, сол сияқты заңды екi немесе бiрнеше тұлғалардың арасында жасалған, нәтижесi туындауына тараптардың ықпал етуге мүмкiндiгi бар жағдайға байланысты ұтыс туралы келiсiм; 
      ойын үстелi - ойын мекемесi өзiнiң өкiлдерi арқылы тараптар ретiнде немесе ұйымдастырушы және (немесе) бақылаушы ретiнде қатысатын құмар ойындарын өткiзуге арналған ойын мекемесiндегi арнайы жабдық; 
      ақшалай ұтыс шығатын ойын автоматы - ойын мекемесiнде орнатылған және көрсетілген ойындарға ойын мекемесi өкiлдерiнiң қатысуынсыз құмар ойындарын өткiзу үшiн пайдаланылатын арнайы жабдық (механикалық, электрлi, электрондық және өзге де техникалық жабдық); 
      тотализатор - қатысушының ұтысы болжамның туындаған нақты фактiлермен iшiнара немесе толық сәйкес келуiне байланысты болатын қатысушы ойындық, спорттық, өзге де жағдайда қандай да болмасын бiр оқиғаның нәтижесiне болжам жасайтын (бәс тiгетiн) ойын; 
      заңдастырылған белгiлер - ойын мекемелерiне қатысу үшiн пайдаланылатын, қолма-қол ақшаны ауыстыратын белгілi бiр атаулы фишкалар, жетондар; 
      касса - ставкалардың жалпы сомасы ескерiлетiн және төлеуге жататын ұтыстың сомасы анықталатын ойын мекемесiнде арнайы жабдықталған орын. 
      2. Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметті лицензиялауды облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi (бұдан әрi - Лицензиар) жүзеге асырады. 
      3. Лицензиар тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алған заңды және жеке тұлғалардың (бұдан әрi - Лицензиат) тiзiлiмiн жүргiзедi. 
      4. Тiзiлiмге тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияны (бұдан әрi - лицензия) беру, оның қызметiн тоқтата тұру қызметiн қайта жаңарту және тоқтату фактiлерi, сондай-ақ қайтарып алу туралы мәлiметтер енгiзiледi. 
      5. Лицензияның қолданылуы облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумағымен шектелген. 
      6. Лицензия бас және басқаға беруге болмайтын болып табылады. 
      7. Лицензияның бланкi қатаң есептіліктегi бланк болып табылады. Лицензиялардың бланкiлерiнiң есебiн және оларды сақтауды Лицензиар жүзеге асырады. 
      8. Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi өзгерген жағдайда (егер ол лицензияда көрсетiлген болса), Лицензиат бiр ай iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
     Лицензиар Лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiштi берген күннен бастап 10 күн ішінде лицензияны қайта ресiмдейдi.
     Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртіппен және мөлшерде алым төленедi.
     9. Кәсіпкерлiк қызмет тоқтатылған немесе заңды тұлға қайта құрылған және таратылған кезде Лицензиат 10 күн мерзiмде лицензияны Лицензиарға қайтаруға мiндеттi. 

    2. Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу
    жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия алу
                     үшiн қажеттi құжаттар

     10. Лицензия алу үшiн өтiнiш берушi Лицензиарға мынадай құжаттарды:
     1) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген нысан бойынша өтiнiштi;
     2) лицензиаттың осы Ережеде белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
     3) лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжатты ұсынуы тиiс. 

           3. Лицензия беру туралы өтiніштi қараудың мерзiмдерi  

     11. Лицензия беру туралы шешiм немесе беруден негiзделген бас тарту осы Ереженiң 10-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiштi берген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей жазбаша түрде берiледi. 

   4. Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу
  жөнiндегі қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым

      12. Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның мөлшерi, сондай-ақ оны төлеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленедi. Қызметтiң тиiстi түрiмен айналысудың барлық кезеңiне лицензия беру лицензиялық алымды бiржолғы төлеумен жүзеге асырылады. 
      13. Лицензиялық алым төлемей лицензия бергенi үшiн Лицензиардың лауазымды тұлғасы заңнамаға сәйкес жауапкершiлiк жүктейдi. 
      14. Лицензияны жоғалтып алған кезде Лицензиаттың телнұсқаны алуға құқығы бар. Лицензиар он күннiң iшiнде Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телнұсқасын берудi жүргiзедi. Бұл ретте Лицензиат тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн қайтадан лицензиялық алым төлейдi. 
      15. Егер Лицензиат өзiнiң қызметiне кiрiспеген немесе оны тоқтатқан жағдайда, тотализаторлар мен казинолар ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды қайтару немесе қайта есеп айырысу жүргiзiлмейдi. 
      16. Лицензиялық алым сомасының жергiлiктi бюджетке аударылуының дұрыстығы, толықтығы үшiн, сондай-ақ уақытылылығы үшiн жауапкершiлiк Лицензиарға жүктеледi. 

                5. Лицензия беруден бас тарту 

      17. Лицензия, егер: 
      1) субъектiлердiң осы санаты үшiн тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметпен айналысуға заңнамалық кесiмдермен тыйым салынса; 
      2) осы Ереженiң 10-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылмаса. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған кезде өтiнiш жалпы негiздемелерде қаралады;
      3) тотализаторлар мен казинолар ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына алым енгiзiлмесе;
      4) өтiнiш берушi осы Ережеге сәйкес белгiленген бiлiктiлiк  талаптарына жауап бермесе;
      5) өтiнiш берушiге қатысты, оған тотализаторлар мен казинолар ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметпен айналысуға тыйым салатын соттың шешiмi болса берілмейдi. 

   6. Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу
     жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын субъектiлерге
               қойылатын біліктiлiк талаптары 

      18. Лицензиялық қызметтiң субъектiсiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) өтiнiш берушiнiң тұрақты қаржылық жағдайы болуы тиiс. Өтiнiш берушiнiң қаржылық жағдайын анықтау үшiн қажеттi құжаттар мен көрсеткiштердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Лицензиарлар белгiлейдi; 
      2) тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу үшiн қажеттi жеке немесе жалға алынған материалдық-техникалық базаның болуы; 
      3) мыналарды: 
      келушiлердiң, казино қызметкерлерiнiң жеке қауiпсiздiгiн және қоғамдық тәртiптiң сақталуын; 
      казино клиенттерiнiң қолма-қол ақшасының, жеке заттарының және пайдаланылатын заңдастырылған белгiлерiнің сақталуын қамтамасыз ететiн қызметтердің болуы; 
      4) ойын мекемесiнiң әзiрленген жұмыс ережесiнiң, өткiзiлетiн ойындар, аттракциондар, ставкаларды қабылдау ережесiнiң, менеджменттi және ойындарды өткiзудi жүзеге асыратын персонал тiзiмiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, қажет болған кезде және басқа да тiлдерде қолданылатын заңдастырылған белгiлердің үлгiлерi мен номинацияларының болуы. 
      Мекеме жұмысының, өткiзілетiн ойындар, аттракциондар, ставкаларды қабылдау, мекеменiң жұмыс iстеу кестесiнiң ережесi келушiлердің олармен танысуы үшiн қол жетiмдi болуы тиiс.
     Ереже мекеменiң келушiлерi мен қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi туралы ақпаратты қамтуы тиiс;
     5) Сатып алу-сату, жеткiзу шарттарымен, техпаспорттармен және басқа да құжаттармен расталатын сертификаттандырылған жабдықтардың және ойын автоматтарының, ойын үстелдерiнiң, қолданылатын электр жабдықтарына қауiпсiздiк сертификаттарының болуы. 

          7. Лицензия беруден бас тартуға шағыну

       19. Егер лицензия барлық құжаттармен бiрге өтiнiштi берген күннен бастап белгiленген бiр ай мерзiмде берiлмесе немесе өтiнiш бiлдiрушiге бас тарту негізсiз берiлсе, ол бұл iс-әрекеттi сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы. 

               8. Лицензияның қолданылуын тоқтату

      20. Лицензия:
     1) лицензия қайтарып алынған;
     2) лицензия қайта ресiмделген;
     3) заңды тұлға кәсiпкерлiк қызметтiң аталған түрiн тоқтатқан не ол қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда өзiнiң қолданылуын тоқтатады. 

       9. Лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын
                   тоқтата тұру

      21. Лицензиар, егер заңнамалық кесiмдерімен өзгеше белгiленбесе, сот тәртiбiмен мынадай жағдайларда:
      1) Лицензиатқа тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметпен айналысуға сотпен тыйым салынса;
     2) Лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған себептер жойылмаса;
     3) Лицензиат лицензия алу кезiнде көзге көрiнер жалған ақпарат берсе лицензияны қайтарып алады.
     22. Лицензиар тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты ай мерзiмге дейiн тоқтата тұруға құқылы.
     23. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерiн жойғаннан кейiн, лицензия жаңартылады.
     24. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы Лицензиардың шешiмiне сот тәртiбiмен шағынуға құқылы.
     25. Сот лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың заңдылығы туралы шешкен кезде, оны тоқтата тұру мерзiмi Лицензиар осындай шешiм қабылдаған күннен бастап саналсын. 

    10. Лицензиялау туралы заңнаманы бұзғаны үшiн
                    жауапкершiлiк  

     26. Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметпен тиiстi лицензиясыз айналысу заңнамамен белгiленген жауапкершiлiк жүктейдi.
     27. Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау мәселелерi бойынша туындайтын даулар сот тәртiбiмен шешiледi.
     28. Бiліктiлiк талаптарының және белгiленген ережелердің сақталуын тексерудi Лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүргiзедi. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады