Словак Республикасының Президентi Рудольф Шустердiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 қараша N 1442

      Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы арасында екi жақты ынтымақтастықты нығайту әрi Словак Республикасының Президентi Рудольф Шустердiң Қазақстан Республикасына 2001 жылғы 14-15 қарашадағы ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру-протоколдық iс-шараларды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
      Словак Республикасының Президентi Рудольф Шустердiң Қазақстан Республикасына 2001 жылғы 14-15 қарашадағы ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру iс шараларын;
      Қазақстан - словак сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi комиссиясының (бұдан әрi - үкiметаралық комиссия) екiншi мәжiлiсiн ұйымдастыруды;
      Yкiметаралық комиссияның екiншi мәжiлiсiн өткiзуге арналған шығыстарды 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Словак Республикасының ресми делегациясы мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және көлiкпен қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шараларды қабылдасын;
      сапарды өткiзу соның iшiнде ресми делегация мүшелерiнiң тұруы және тамақтануы шығыстарын 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Словак Республикасының ресми делегация мүшелерiнiң тұратын және баратын орындарда қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгіленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп. Словак Республикасының Президентi арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн;
      арнайы ұшақтың Астана қаласының әуежайында қонуын, ұшуын, техникалық қызмет көрсетілуi, тұруы және жанармай құйылуын қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
      6. Астана қаласының әкiмi:
      Словак Республикасының ресми делегациясын баратын орындарда күтiп алу мен шығарып салу, сондай-ақ Астана қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп, Астана қаласында Қазақстан Республикасы iскер топтары өкiлдерінің Словак Республикасы iскер топтарының өкiлдерiмен кездесуiн ұйымдастырсын.
      7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында және Қазақстан Республикасы Президентінің Сарайында Словак Республикасының Президентiн күтiп алу мен шығарып салу рәсiмiне, сондай-ақ Отан қорғаушылар ескерткішіне гүлдесте қоюға қатыссын.
      8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм

 

бойынша) Словак Республикасы ресми делегациясының күзетiлетiн тұлғаларының

қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн.

     9. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Сыртқы iстер министрлiгіне жүктелсiн.

     10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                             Қазақстан Республикасы

                                                   Үкiметiнiң

                                            2001 жылғы 13 қарашадағы

                                                N 1442 қаулысына

                                                    қосымша


     Словак Республикасының ресми делегациясы мүшелерiн орналастыру

        және оларға қызмет көрсету жөнiндегі ұйымдастыру шаралары



 
       1. Словак Республикасының ресми делегациясы мүшелерiн (1+11) Астана қаласында "Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiне, сондай-ақ бiрге жүретiн адамдарды Астана қаласында орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiне орналастыру.
      3. 2001 жылғы 14-15 қарашадағы сапарды өткiзуге жұмылдырылған адамдар үшiн ұтқыр байланыс құралдарын (5 дана) жалға алу.
      4. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсаттамалар) дайындау.
      5. Кәдесыйлар және Словак Республикасының ресми делегациясы басшысы үшiн сыйлық сатып алу.
      6. Словак Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында күтiп алу және шығарып салу рәсiмдерiн техникалық безендiру (VIР-зал, сусындар, шай, жалаулар, Астана қаласының әуежайында және делегацияның жүру бағыты бойынша қазақ және словак тілдерiнде қошеметтеу транспаранттары), сондай-ақ Словак Президентi Рудольф Шустердiң Қазақстан Республикасына ресми сапарының бағдарламасына сәйкес ұйымдастыру-протоколдық iс-шараларын дайындау мен өткiзудi қамтамасыз ету.
      7. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың атынан

 

Словак Республикасының Президентi Р.Шустердiң құрметiне Астана қаласында

ресми қонақасы ұйымдастыру.

     8. Словак Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне және бiрге

жүрген адамдарға медициналық қызмет көрсету.



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады