"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 қараша N 1447

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы

Үкіметінің арасындағы Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық

пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану туралы келісімді

бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан

Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                             Жоба


                    Қазақстан Республикасының Заңы


         Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы

             Үкіметінің арасындағы Шу және Талас өзендеріндегі

                мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы

                        құрылыстарын пайдалану туралы

                           келісімді бекіту туралы


     1-бап. 2000 жылғы 21 қаңтарда Астана қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Шу

және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы

құрылыстарын пайдалану туралы келісім бекітілсін.

     2-бап. Осы Заң қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті


         Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы

             Үкіметінің арасындағы Шу және Талас өзендеріндегі

                мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы

                        құрылыстарын пайдалану туралы

                                 КЕЛIСІМ


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен

Қырғыз Республикасының Yкiметi,


 
       Шолпан Ата қаласында 1994 жылдың 30 сәуiрiнде қол қойылған Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Қырғыз Республикасының арасындағы Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi құру туралы шартты басшылыққа ала отырып;
      су ресурстарының әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық құндылығын тани отырып;
      су ресурстарын пайдаланудағы өзара тиiмдi ынтымақтастыққа және мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдаланудың сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге зор маңыз бере отырып;
      су ресурстарының саласында жалпыға бiрдей танылған халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес су шаруашылығы құрылыстарын тиiмдi пайдалануда неғұрлым жетiлдiрiлген және әдiл шешiмдi табуға ортақ ниет бiлдiре отырып;
      тату көршiлiк, тең құқықтық, өзара көмек көрсету қағидаттарын ескере

 

отырып;

     төмендегiлер туралы келiстi:


                         1-бап


     Тараптар су ресурстарын пайдаланудың, мемлекетаралық пайдаланудағы су

шаруашылығы құрылыстарын пайдаланудың және оларға техникалық күтiм

жасаудың мақсаты әдiл әрi байыпты негiздегi өзара тиiмдiлiкке қол жеткiзу

болуы тиiс екендiгiн таниды.


                         2-бап


     Тараптар Қырғыз Республикасының меншiгiне жататын мынадай су

шаруашылығы құрылыстарын:

     Шу өзенiндегi Орта Тоқай су қоймасын;

     Быстров СЭС-нен Тоқмақ қаласына дейiнгi Шу өзенiндегi Шу темірбетонды

айналма арналарын:

     Батыс және Шығыс Yлкен Шу арнасын, құрылыстарымен бiрге;

     Шу өзенiндегi Шөмiш су торабын;

     Талас өзенiндегi Киров су қоймасын мемлекетаралық пайдаланудағы су

шаруашылығы құрылыстарына жатқызады.


                         3-бап



 
       Меншiгiнде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстары бар иеленушi Тарап осы құрылыстарды пайдаланушы Тараптан олардың қауiпсiз және сенiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ететiн қажеттi шығыстарға қатысты өтемақы алуға құқылы.
 
                          4-бап
 
      Тараптар мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын

 

пайдалануға, техникалық күтiм жасауға жұмсалған шығындарды өтеуге алынатын

судың мөлшерiне барабар үлестiк негiзде қатысады және басқа да келiсiлген

iс-әрекеттер жасайды.


                         5-бап


     Мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын қауiпсiз

және сенiмдi пайдалануды қамтамасыз ету үшiн Тараптар жұмыс режимiн

белгiлейтiн және оларды пайдалану мен техникалық күтiм жасауға қажеттi

шығындардың көлемiн анықтайтын, тұрақты жұмыс iстейтiн комиссияларды

құратын болады.


                         6-бап


     Тараптар мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын

пайдалану мен техникалық күтiм жасау үшiн жыл сайын қажеттi қаражаттардың

бөлiнуiн көздейдi.


                         7-бап



 
       Тараптар өздерiнiң ықпал ету аймағындағы мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын және аумақтарды су тасқындарынан, селдер мен басқа да табиғи құбылыстардың қолайсыз әсерiнен қорғау жөнiнде бiрлескен іс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттеме алады.
 
                          8-бап
 
      Күтпеген табиғи құбылыстарға немесе техникалық себептерге байланысты

 

мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарында төтенше

жағдайлар туындаған кезде Тараптар бiрiн-бiрi кiдiрiссiз хабардар етуге,

оларды болдырмау, басу және зардаптарын жою жөнiнде бiрлескен iс-әрекеттер

жасауға тиiстi.


                         9-бап


     Тараптар мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарында

жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жедел және тиiмдi жүргiзу мақсатында

бiр-бiрiнiң құрылыстық, жөндеу-пайдалану және өнеркәсiптiк қуаттарын

пайдалану қажеттiлiгiн таниды.


                         10-бап


     Тараптар су шаруашылығы құрылыстары мен су ресурстарын тиiмдi

пайдалану мәселелерi бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестiру

жұмыстарын бiрлесiп жүзеге асыруға келiстi.


                         11-бап


     Тараптар мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын

пайдалануға және оларға техникалық күтiм жасауға арналған материалдарды,

шикiзаттарды, тетiктер мен машиналарды, қызметшiлердi өз мемлекетiнiң

аумағы мен шекарасы арқылы кедергiсiз және баж салынбайтын қозғалысына

жағдай жасайды.


                         12-бап


     Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты Тараптардың

арасында даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды

келiссөздер мен консультациялар арқылы шешетiн болады.


                         13-бап



 
       Тараптардың келісуімен осы Келiсiмге жеке хаттамалармен ресiмделетiн және оның ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi мүмкiн.
 
                          14-бап
 
      Осы Келiсiм олардың ұлттық заңнамаларында көзделген. Тараптардың

 

мемлекетiшiлiк рәсiмдерiн орындау туралы соңғы хабарламаны алған күнiнен

бастап күшiне енедi.

     Осы Келiсiм 5 жылға жасалады және егер Тараптардың ешқайсысы тиiстi

мерзiмнiң өтуiнен алты ай бұрын оның қолданылуын тоқтату туралы ниетiн

басқа Тарапқа хабарламаса, өздiгiнен келесi бесжылдық мерзiмдерге

ұзартылатын болады.


     Астана қаласында 2000 жылғы 21 қаңтарда, әрқайсысы қазақ, қырғыз және

орыс тiлiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды, бұл ретте барлық мәтiндердiң

күшi бiрдей.

     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған

жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.


     Қазақстан Республикасының              Қырғыз Республикасының

           Үкiметi үшiн                          Yкiметi үшiн


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Жұманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады