"Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шартты бейімдеу жөніндегі келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 15 қараша N 1450

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шартты бейімдеу жөніндегі

келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан

Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                                   Жоба


                     Қазақстан Республикасының Заңы

           Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шартты бейімдеу

                       туралы келісімді бекіту туралы


     1999 жылғы 19 қарашада Стамбул қаласында жасалған Еуропадағы кәдімгі

қарулы күштер туралы шартты бейімдеу жөніндегі келісім бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті




                      ЕУРОПАДАҒЫ ӘДЕТТЕГІ ҚАРУЛЫ КҮШТЕР

                        ТУРАЛЫ ШАРТТЫ БЕЙІМДЕУ ТУРАЛЫ

                                   КЕЛІСІМ



 
       Төмендегi Қатысушы-мемлекеттер деп аталатын Әзiрбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Бельгия Корольдiгi, Болгария Республикасы, Венгрия Республикасы, Германия Федеративтiк Республикасы, Греция Республикасы, Грузия, Дания Корольдiгi, Исландия Республикасы, Испания Корольдiгi, Италия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Канада, Люксембург Ұлы Герцогтiгi, Молдава Республикасы, Нидерланд Корольдiгi, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Ресей Федерациясы, Румыния, Словакия Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Бiрiккен Корольдiгi, Америка Құрама Штаттары, Түрiк Республикасы, Украина, Франция Республикасы және Чех Республикасы
      1990 жылғы 19 қарашада Парижде төменде Шарт деп аталатын Еуропадағы әдеттегi қарулы күштер туралы шартқа қол қойылған кезден бастап болған түбегейлi өзгерiстердi сезiне отырып,
      Еуропалық қауiпсiздiктiң өзектi мәселесi ретiнде Шарттың маңызды тетiгiн сақтауға бекем бел буа отырып,
      Шарттың бастапқы мақсаттары - Шартты қолдану ауданы шеңберiнде әдеттегi қару-жарақ пен техника санын, Шартпен шектелгенiндей, 40 000 соғыс танкiнен, 60 000 броньды соғыс машинасынан, 40 000 артиллерия бiрлiгiнен, 13 600 соғыс ұшағынан және 400 екпiндi тiкұшағынан аспауын қамтамасыз етуге қол жеткiзудi атап көрсете отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 

                                1-бап



 
 
       Шарттың кiрiспесi алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
      "Төмендегi Қатысушы-мемлекеттер деп аталатын Әзiрбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Бельгия Корольдiгi, Болгария Республикасы, Венгрия Республикасы, Германия Федеративтiк Республикасы, Греция Республикасы, Грузия, Дания Корольдiгi, Исландия Республикасы, Испания Корольдiгi, Италия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Канада, Люксембург Ұлы Герцогтiгi, Молдава Республикасы, Нидерлаңд Корольдiгi, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Ресей Федерациясы, Румыния, Словакия Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Бiрiккен Корольдiгi, Америка Құрама Штаттары, Түрiк Республикасы, Украина, Франция Республикасы және Чех Республикасы
      1998 жылғы 10 қаңтардағы Еуропадағы әдеттегi қарулы күштер бойынша келiссөздер мандатын басшылыққа ала отырып,
      осы Шартқа байланысты Венада жүргiзiлген келiссөздер шеңберінде, Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөніндегі (бұрын - Кеңестер) Ұйымның мақсаттары мен мiндеттерiн басшылыққа ала отырып,
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптерiне сәйкес келмейтiн қандайда бiр себеппен кез-келген мемлекеттiң аумақтық тұтастығына немесе саяси тәуелсiздiгiне қарсы олардың өзара және жалпы халықаралық қатынастарына күш қолданудан немесе қоқан-лоққы көрсетуден тартыну туралы өз мiндеттемелерiн ескере отырып,
      Еуропада кез-келген әскери қақтығысты болдырмау қажеттiлiгiн мойындай отырып,
      Еуропада үлкен тұрақтылық пен қауiпсiздiкке қол жеткiзу үшiн, және олардың одақтық шарттарға қатысуға құқығы болуы немесе болмауын көздеп, олардың барлығының бiрлескен жауапкершiлiгiн сезiне отырып,
      бейбiт ынтымақтастық негiзiнде барлық Қатысушы-мемлекеттер арасында қауiпсiздiк қатынастарының жаңа сипатын одан әрi дамытуға және нығайтуға; сөйтiп Еуропада жалпы қауiпсiздiктiң бөлiнбейтiн кеңiстiгiн құруға үлес қосуға ұмтыла отырып,
      келешекте, осыған дейiнгi, Еуропадағы әдеттегi қарулы күштер қауiпсiздiгiнiң, тұрақтылығының және тепе-теңдiгiнiң жалпы деңгейiн бұдан да төмендетудi, тұрақтылық пен қауiпсiздiкке нұқсан келтiретiн теңсiздiктердi жоюды және кенеттен шабуыл жасауды жүзеге асыру үшiн және Еуропада iрi ауқымды шабуыл әрекеттерiн бастау әлеуетiн жоюды қолдау мақсатын ұстана отырып,
      осы Шарт кез-келген мемлекеттің қауiпсiздiк мүддесiне керi ықпал жасауды мақсат етпейтiндiгiн растай отырып, 1999 жылғы қарашаның 17-iнен 19-ына дейiн Стамбулда болған Еуропаның әдеттегі қарулы күштерi туралы шартқа қатысушы мемлекеттер конференциясының қорытынды актiсiн, сондай-ақ онда келтiрiлген кейбiр қатысушы мемлекеттердiң саяси мiндеттемелерiне қатысты мәлiмдемелердi назарға ала отырып,
      Атлантика мұхитынан Орал тауларына дейiнгi ауданда географиялық

 

аумағы бар Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымға өзге

де қатысушы мемлекеттердiң қосылуы үшiн Шарттың ашықтығын назарға ала

отырып, келiссөздердi қоса, әдеттегi қару-жарақты бақылау процестерiн

жалғастыруда өз жолын ұстанып, сондай-ақ Еуропадағы саяси жағдайды дамыту

жолында еуропалық тұрақтылық пен қауiпсiздiкке қатысты болашақ талаптарды

растай отырып,

     төмендегiлер туралы келiстi:"


                                2-бап


     Шарттың 1-бабы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:



                               "1-бап



 
       1. Қатысушы мемлекеттердiң әрқайсысы осы Шарттың ережелеріне сәйкес әдеттегі қарулы күштердің мынадай бес санатына: әскери танктерге, броньды жауынгерлік машиналарға, артиллерияға, жауынгерлiк ұшақтарға және жауынгерлiк тiкұшақтарға қатысты мiндеттемелердi қоса онда белгiленген мiндеттемелердi орындайды.
      2. Қатысушы мемлекеттердiң әрқайсысы, сондай-ақ осы Шартта белгiленген, қауiпсiздiктi және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған өзге де шараларды жүзеге асырады.
      3. Қатысушы мемлекеттiң Шартта шектелген санаттағы әдеттегi қару-жарағы мен техникасы басқа Қатысушы мемлекеттiң аумағында тек халықаралық құқыққа, қабылдаушы Қатысушы мемлекеттiң айқын көрсетiлген келiсiмiне немесе Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң тиiстi қарарына сәйкес қана болады. Айқын көрсетiлген келiсiм алдын-ала берiлуi тиiс және ол ХIII-баптың 1-бис тармағында көрсетiлгенiндей әрекет етуiн жалғастыруы қажет.
      4. Осы Шартқа төменде қосымшасымен қоса, Қолда бар тұрпаттар туралы хаттама деп аталатын Әдеттегi қару-жарақ пен техниканың қолда бар тұрпаттары туралы хаттама; төменде Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттама деп аталатын Еуропадағы әдеттегi қарулы күштер туралы шартпен шектелетiн Әдеттегi қару-жарақ пен техниканың ұлттық шектеулi деңгейлерi туралы хаттама; төменде аумақтық шектеулi деңгейлер туралы хаттама деп аталатын Еуропадағы әдеттегi қарулы күштер туралы шартпен шектелетiн Әдеттегi қару-жарақ пен техниканың аумақтық шектеулi деңгейлерi туралы хаттама; төменде Ұшақтарды қайта жарақтау туралы хаттама деп аталатын Жауынгерлiк-оқу ұшақтарының нақтылы үлгiлерiн немесе түрлерiн қарусыз оқу ұшақтарына қайта жарақтауды реттейтiн рәсiм туралы хаттама; төменде Қысқартулар туралы хаттама деп аталатын Еуропадағы әдеттегi қарулы күштер туралы шартпен шектелетiн Әдеттегi қару-жарақ пен техниканы қысқартуды реттейтiн рәсiм туралы хаттама; төменде Тiкұшақтарды қайта жарақтау туралы хаттама деп аталатын Жауынгерлiк тiкұшақтардың жарақталуын реттейтiн рәсiм туралы хаттама; төменде Ақпарат алмасу туралы хаттама деп аталатын Жазбаша хабарламалар және ақпарат алмасу туралы хаттама, төменде Көлем туралы қосымша деп аталатын Ақпарат алмасуға арналған көлем туралы қосымшасымен қоса; Инспекциялар туралы хаттама және Бiрлескен консультативтiк топтар туралы хаттама қосылады.
      Бұл құжаттардың әрқайсысы осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады."
 

                                3-бап



 
 
       1. Шарттың II-бабы I-тармағының (А) және (G) тармақшалары алынып тасталсын.
      2. Шарттың II-бабы I-тармағының (В) тармақшасы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
      "(В) "Қолданыс ауданы" терминi Дания Корольдiгiнiң Фарер, Сальбард (Шпицберген) аралдарын, Норвегия Корольдiгiнiң Аюлы аралын, Португалия Республикасының Азор және Мадейра аралдарын, Испания Корольдiгiнiң Канар аралдарын және Ресей Федерациясының Франц-Иосиф жерi мен Жаңа жерiн қоса, Қатысушы-мемлекеттердiң барлық еуропалық аралдық аумақтарын қамтитын Атлантика мұхитынан Орал тауына дейiнгi барлық құрлықтық аумақты бiлдiредi.
 
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жағдайында қолданыс ауданына Орал өзенiнiң батысынан Каспий теңiзiне дейiнгi барлық аумақ қосылады.
 
      Түрiк Республикасының жағдайында қолданыс ауданына Түрiк шекарасының 39-параллельмен қиылысар нүктесiнен өтетiн сызық бойымен солтүстiкке және батысқа қарай Мурадиеге, Патносқа, Қараязиге, Текманға, Кемалиеге, Фекегк, Жейханға, Доғанкентке, Гезнеге және одан әрi теңiзге дейiнгi Түрiк Республикасының аумағы қосылады".
 
      3. Шарттың II-бабы I-тармағының (Н) тармақшасы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
      "(Н) "тұрақты қоймалық сақтаудың белгiленген орыны" терминi табиғи шекарасы анық айқындалған, Шартпен шектелетiн, ұлттық шектеулi деңгейдiң есебiне кiретiн, әдеттегi қару-жарағы мен техникасы бар, бiрақ тұрақты әскери бөлiмдерде Шартпен шектелетiн әдеттегi қару-жарағы шектелудiң аясына кiрмейтiн жердi бiлдiреді".
      4. Шарттың II-бабы I-тармағының (J) тармақшасы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
      "(J) "Шартпен шектелетiн әдеттегi қару-жарақ пен техника" терминi IҮ, Y, ҮII баптарда, Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттама мен Аумақтық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада көрсетілген, сандық шектелуге жататын жауынгерлiк танктердi, жауынгерлiк броньды машиналарды, артиллерияны, жауынгерлiк ұшақтар мен соққылы тiкұшақтарды бiлдiреді.
 
      5. Шарттың II-бабы I-тармағының (U) тармақшасы алынып тасталады және

 

мыналармен алмастырылады:

     "(U) "қысқарту нормасы" терминi IY-бапты сақтауды қамтамасыз ету

мақсатында Шарттың ережелерiне сәйкес қысқартуға мiндеттенген

Қатысушы-мемлекеттiң Шартпен шектелетiн әдеттегi қару-жарағы мен

техникасының әр санатының санын бiлдiредi".


                                4-бап


     Шарттың III-бабының I-тармағы алынып тасталады және мыналармен

алмастырылады:

     "I. Осы Шарттың мақсаты үшiн Қатысушы-мемлекеттер мынадай есептеу

ережесiн қолданады:


 
       Барлық жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк ұшақтар және соққылы тiкұшақтар, олардың II-бапта белгiленгенiндей, қолданыс ауданы шегінде сандық шектелуге жатады және Қатысушы-мемлекеттiң әдеттегi тәжiрибесiне сәйкес IY, Ү және ҮII баптарды, Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттама мен Аумақтық шектеулi деңгейлер туралы хаттаманы қоспағанда басқа ережелер:
 
      (А) сынақ өндiрiсiмен байланысты өндiру процесiнде тұрғанды қоса;
 
      (В) тек - зерттеу және жасап шығару мақсатына ғана пайдаланылады;
 
      (С) тарихи жәдiгерлерге жатады;
 
      (D) IХ-баптың ережелерiне сәйкес қару-жарақты есептен шығарғаннан кейiн кәдеге жаратуды күтедi;
 
      (Е) сараптауды не керi сараптауды күтедi немесе сараптау не керi сараптау үшiн қайта жабдықтайды және қолданыс ауданы шегiнде уақытша қалады. Мұндай жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк ұшақтар және соққылы тiкұшақтар Ақпараттар алмасу туралы хаттаманың Y-бөлiмiнiң ережелерiне орай жарияланған жерлерден көрi басқа орындарда, немесе былтырғы жылсайынғы ақпараттар алмасу кезiнде хабарланған, кемiнде онға жуық сондай жарияланған орындарда орналастырылады. Соңғы жағдайда олар Шартпен шектелетiн әдеттегi қару-жарақ пен техникадан бөлек ерекшеленуi тиiстi.
      (Ғ) бейбiт кезеңде iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қызметiн жүзеге асыру үшiн құрылған және құрылымдық ұйымдастырылған, ұйымдарда бар бронетранспортерлерге (БТР), жаяу әскерлердiң броньды машиналарына (ЖӘБМ), ауыр қару-жарақты жауынгерлiк машиналарына (АҚЖМ) немесе көп мақсатты

 

соққылы тiкұшақтарына қатысты жағдайда немесе

     (G) қолданыс ауданынан тысқары жатқан пункттен, қолданыс ауданынан

тысқары жатқан соңғы пунктке қолданыс ауданы арқылы транзитпен жүрiп және

жалпы алғанда қолданыс ауданында жетi күндей болады".


                                5-бап


     Шарттың IY-бабы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:


                                "IY-бап



 
       1. Қолданыс ауданы шегiнде әр Қатысушы-мемлекет өздерінің жауынгерлiк танктерiн, жауынгерлiк броньды машиналарын, артиллерияларын, жауынгерлiк ұшақтарын және соққылы тiкұшақтарын шектейдi, және қажет болған жағдайда олардың санын ұлттық шектеулi деңгейден, тұрақты бөлiмдер үшiн шектеулi төменгi деңгейден және осы бап пен Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамаға сәйкес аталған Қатысушы-мемлекет үшiн белгiленген төменгi санат үшiн шектеулi төменгi деңгейден аспайтындай етiп қысқартады. Тұрақты бөлiмдер үшiн шектеулi төменгi деңгей жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллерия бiрлiктерiнiң барынша санын белгiлейдi, мұны Қатысушы-мемлекет қолданыс ауданы шегiндегi тұрақты бөлiмдерiнде ұстауы мүмкiн. Тұрақты бөлiмдер үшiн шектеулi төменгi деңгей, егер Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада басқаша көрсетiлмесе, ұлттық шектеулi деңгейге тең. Кез-келген санаттағы ұлттық шектеулi деңгей шеңберiндегi кез-келген жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллериялық бiрлiктер тұрақты бөлiмдер үшiн шектеулi төменгi деңгейге сәйкестiгiнен тыс тұрақты қоймалық сақталудың белгiленген орындарында орналасады. Төменгi санат үшiн шектеулi төменгi деңгей жаяу әскерлердiң броньды машиналарының және ауыр қару-жарақты броньды машиналардың барынша жиынтық санын, сондай-ақ Қатысушы-мемлекетке қолданыс ауданының шегiнде ұстауға рұқсат етiлетiн жауынгерлiк броньды машиналар санатындағы ауыр қару-жарақты броньды машиналардың барынша санын белгілейдi.
      2. Қолданыс ауданы шегiндегi, Шартпен шектелетiн, санаттағы барлық дағдылы қару-жарақ пен техниканы Қатысушы-мемлекет есепке алады және бақылайды; ІІІ-баптың ережелерiне сәйкес Қатысушы-мемлекеттiң ұлттық шектеулi деңгейi есебiне алынады; осы Шартта көзделгенiндей, тек басқа Қатысушы-мемлекеттер ғана қолданыс ауданына аударады; және Ақпараттар алмасу туралы хаттама ережелерiнiң ықпалында қалады. Егер Қатысушы-мемлекет мұндай жағдайда өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру мүмкіндiгi болмаса, кез-келген Қатысушы-мемлекет жағдайды қарау және Шартпен шектелетін, санаттағы осындай дағдылы қару-жарақ пен техникаға қатысты Шарт ережелерінің толық сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен ХҮІ-баптың және ХХI-баптың ережелерiне сәйкес мәселе көтере алады. Шартпен шектелетін, жоғарыда аталған санаттағы дағдылы қару жарақ пен техникаға қатысты өз өкiлеттiгiн iске асыруға мүмкiндiгi жоқ Қатысушы-мемлекет Шартқа байланысты қандайда болмасын мiндеттемесiнен өздiгiнен босатылады.
      3. Әр Қатысушы-мемлекет мынадай жағдайда тұрақты бөлiмдер үшiн өзiнiң ұлттық шектеулi деңгейiн, өзiнiң шектеулi төменгi деңгейiн және төменгi санат үшiн өзiнiң шектеулi төменгi деңгейiн өзгертуге құқылы:
 
      (А) Әр Қатысушы-мемлекет осы баптың 4 және 6 тармақтарына сәйкес өзiнiң ұлттық шектеулi деңгейiн, тұрақты бөлiмдер үшiн өзiнiң шектеулi төменгi деңгейiн және кезкелген санаттағы төменгi санат үшiн өзiнiң шектеулi төменгi деңгейiн немесе Шартпен шектелетiн, әдеттегi қару-жарақ пен техниканың төменгi санатын көтеруге құқылы. Кез-келген мұндай көтеру алдын-ала ескертiледi немесе ұлттық шектеулi деңгейiнiң, тұрақты бөлiмдер үшiн шектеулi төменгi деңгейiнiң не осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайдан басқа, сол санаттағы немесе төменгi санаттағы бiр не бiрнеше басқа Қатысушы-мемлекеттiң төменгi санаты үшiн шектеулi төменгi деңгейiн тиiсiнше төмендетумен жалғастырады. Ұлттық шектеулi деңгейiн, тұрақты бөлiмдер үшiн шектеулi төменгi деңгейiн немесе төменгi санаттар үшiн шектеулi төменгi деңгейiн тиiсiнше төмендетудi жүзеге асыратын Қатысушы-мемлекет не Қатысушы-мемлекеттер ұлттық шектеулi деңгейiн, тұрақты бөлiмдер үшiн шектеулi төменгi деңгейiн немесе басқа Қатысушы-мемлекеттiң төменгi санаты үшiн шектеулi төменгi деңгейiн тиiсiнше көтеруге өздерiнiң келiсiмi туралы барлық Қатысушы-мемлекеттердi жазбаша ескертедi. Қолданыс ауданы аумағында бар бiрде-бiр Қатысушы-мемлекеттiң ұлттық шектеулi деңгейi. Шартпен шектелетiн, сол санаттағы дағдылы қару-жарақ пен техника осы Қатысушы-мемлекеттiң аумақтық шектеулi деңгейiнен аспауы тиiс.
 
      (В) Әр Қатысушы-мемлекет өзiнiң ұлттық шектеулi деңгейiн, тұрақты бөлiмдер үшiн шектеулi төменгi деңгейін немесе Шартпен шектелетiн, кез-келген санаттағы не төменгi санаттағы дағдылы қару-жарақ пен техниканың төменгi санаты үшін шектеулі төменгі деңгейді біржақты тәртіппен азайтуға құқылы. Ұлттық шектеулі деңгейін, тұрақты бөлімдер үшін шектеулі төменгі деңгейін немесе Қатысушы-мемлекеттiң төменгi санаты үшiн шектеулi төменгi деңгейiн бiржақты азайту басқа бiрде-бiр Қатысушы-мемлекетке өзінің ұлттық шектеулi деңгейiн, тұрақты бөлiмдер үшiн шектеулi төменгi деңгейiн немесе төменгi санат үшiн шектеулi төменгi деңгейiн көтеру құқығы берiлмейдi.
      4. ХХI-баптың I-тармағына сәйкес өткiзiлетiн Қатысушы-мемлекеттердiң конференциялары аралығындағы әр бесжылдық кезеңнiң ішiнде әр Қатысушы-мемлекет өзiнiң ұлттық шектеулi деңгейiн немесе тұрақты бөлiмдер үшiн шектеулi төменгi деңгейiн көтеруге құқылы:
 
      (А) жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия санатында - кемiнде 40 жауынгерлiк танктен, 60 жауынгерлiк броньды машинадан және 20 артиллериялық бiрлiктен, не қайсысы көп, соған байланысты, бiрақ қандай жағдайда болмасын 150 жауынгерлiк танктен, 250 жауынгерлiк броньды машинадан және 100 артиллериялық бiрлiктен аспайтын, Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамадағы осы Қатысушы-мемлекет үшiн белгiленген жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия үшiн ұлттық шектеулi деңгейдiң 20%;
 
      (В) жауынгерлiк ұшақтар мен соққылы тiкұшақтар санатында кемi 30 жауынгерлiк ұшақ пен 25 соққылы тiкұшақ.
 
      Әр Қатысушы-мемлекет барлық басқа Қатысушы-мемлекеттермен келiскен жағдайда, жоғарыда, 4-тармақтың (А) және (В) тармақшаларында көрсетiлген деңгейден тыс өзiнiң ұлттық шектеулi деңгейiн немесе тұрақты бөлiмдер үшiн шектеулi төменгi деңгейiн көтеруге құқылы.
      5. Өзiнiң ұлттық шектеулi деңгейiн, тұрақты бөлiмдер үшiн шектеулi төменгi деңгейiн немесе төменгi санат үшiн шектеулi төменгi деңгейiн өзгертуге тiлек бiлдiрген Қатысушы-мемлекет сол жазбаша ескертпеде көрсетiлген сондай өзгертудiң iске қосылатын күнiне дейiн кемi 90 күннiң iшiнде барлық басқа Қатысушы-мемлекеттердi жазбаша ескертедi. Көтеру үшiн барлық басқа Қатысушы-мемлекеттердiң келiсiмi талап етiлген жағдайда бiрде-бiр Қатысушы-мемлекет жазбаша ескертпеден кейiн 60 күн iшiнде осы өзгертуге қарсылық бiлдiрмесе және басқа Қатысушы-мемлекеттер өзiнiң наразылығы туралы жазбаша ескертпеген жағдайда ғана өзгерту жазбаша ескертпеде көрсетiлген күнi күшiне енедi. Ұлттық шектеулi деңгей, тұрақты бөлiмдер үшiн шектеулi төменгi деңгей немесе төменгi санат үшiн шектеулi төменгi деңгей сол шектеулi деңгейге немесе шектеулi төменгi деңгейге өзгерту iске қосылғанға дейін өз күшiнде қалады.
      6. 4-тармақтың ережесiне қосымша, кез-келген Қатысушы-мемлекеттік тұрақты бөлімдері үшін шектеулі төменгі деңгейі оның жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия санатындағы ұлттық шектеулі деңгейiнен төмен болса, осы шектеулi төменгi деңгейдi мынадай жағдайда көтеруге құқылы, мәселен:
 
      (А) тұрақты бөлiмдер үшiн шектеулi төменгi деңгейдi көтеру. Шартпен шектелетiн, оның ұлттық шектеулi деңгейi сол санаттағы әдеттегi қару-жарақ пен техниканың төмендеуiмен жалғасады;
 
      (В) әр жауынгерлiк танкке, жауынгерлiк броньды машинаға немесе артиллерия бiрлiгiне Қатысушы-мемлекет тұрақты бөлiмдерi үшiн өздерiнiң шектеулi төменгi деңгейiн көтередi, бұл Қатысушы-мемлекет Шартпен шектелетiн, өзінің сол санаттағы әдеттегi қару-жарағы мен техникасының

 

ұлттық шектеулi деңгейiн төрт бiрлiкке төмендетедi;


     (С) соның нәтижесiнде тұрақты бөлiмдер үшiн шектеулi төменгi деңгей

жоғарыда, (В) тармақшасында ұйғарылған, азайту есебiнен қол жеткiзiлген,

жаңа ұлттық деңгейден аспайды".


                                6-бап


     Шарттың Y-бабы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:


                                "Y-бап



 
       1. II-бапта белгiленгенiндей, қолданыс ауданы шеңберiнде, әр Қатысушы-мемлекет өздерiнiң жауынгерлiк танктерiн, жауынгерлiк броньды машиналарын және артиллерияларын өз аумағында, сондай-ақ оның аумағында болуына рұқсат беретiн басқа Қатысушы-мемлекеттердiң жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллерияларының жалпы санын шектейдi, және әр Қатысушы-мемлекет басқа Қатысушы-мемлекеттердiң аумағында тұрған өздерiнiң жауынгерлiк танктерiн, жауынгерлiк броньды машиналарын және артиллериялық бiрлiктерiн шектейдi; сөйтiп, олардың жалпы саны, егер YII-бапта өзгеше көзделмесе, осы бапқа және Аумақтық шектеулi деңгейлер туралы хаттамаға сәйкес белгiленген аумақтық шектеулi деңгейден және аумақтық шектеулi төменгi деңгейден аспайтын болады.
      2. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Қауiпсiздiк Кеңесi немесе Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi Ұйымы қарарының не шешiмiнiң негiзiнде және соған сәйкес өткiзiлетiн бiтiмгершiлiк операциялары үшiн Қатысушы-мемлекеттiң аумағында тұрған жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия ұлттық шектеулi деңгейдiң немесе сол Қатысушы-мемлекеттiң аумақтық шектеулi төменгi деңгейiнiң есебiне кiрмейдi. Қатысушы-мемлекеттiң аумағындағы осы жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллерияның қатысу ұзақтығы сондай қарарға немесе шешiмге сәйкес.
      Осы тармаққа орай өткiзiлетiн бiтiмгершілiк операциясы үшiн Қатысушы-мемлекеттiң аумағында тұрған жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия жөнiнде Ақпараттар алмасу туралы хаттамаға сәйкес жазбаша ескертпе берiледi.
      3. Транзитпен келе жатқан жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия, транзит арқылы өтетiн Қатысушы-мемлекеттердiң аумақтық шектеулi деңгейiнiң және III-баптың I-тармағындағы (G) тармақшасында көзделген, есеп ережесiнен алып тастағанда нұқсан келмейтiн аумақтық шектеулi төменгi деңгейiнiң есебiне мынадай жағдайда алынбайды, мәселен:
 
      (А) қолданыс ауданы шеңберiнде жатқан пунктке транзитпен келе жатқан жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия, егер ҮII-бапта өзгеше көрсетiлмесе, соңғы мақсаттағы Қатысушы-мемлекеттiң аумақтық шектеулi деңгейiн көтерудi көздемейдi. Қолданыс ауданының шеңберiнен тысқары жатқан, транзитпен келе жатқан жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия үшiн сандық шектеу белгiленбейдi.
 
      (В) транзитпен келе жатқан жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия транзит арқылы өтетiн Қатысушы-мемлекеттiң аумағында, қолданыс ауданында жалпы алғанда 42 күндей ғана болады; және
 
      (С) транзитпен келе жатқан жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия транзит арқылы өтетiн кез-келген дербес Қатысушы-мемлекеттiң аумағында немесе қолданыс аумағындағы аумақтық шектеулi төменгi деңгейi бар аумақта 42 күндей ғана бола алады.
 
      Осы тармаққа орай транзитпен келе жатқан жауынгерлiк танктерге, жауынгерлiк броньды машиналарға және артиллерияға Ақпараттар алмасу туралы хаттаманың ХII-бөлiмiне сәйкес жазбаша ескертпе берiледi. Кез-келген Қатысушы-мемлекет жазбаша ескертпе берiлгеннен кейiн транзитке байланысты Бiрлескен консультативтiк топтан түсiнiк сұрата алады. Оған қатысы бар Қатысушы-мемлекеттер сұрау жасаған күннен бастап жетi күннiң ішiнде жауап бередi.
      4. Әр Қатысушы-мемлекет мынадай жағдайда өзінің аумақтық шектеулi деңгейiн немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейін өзгертуге құқылы:
 
      (А) Әр Қатысушы-мемлекет осы баптың 5-тармағына сәйкес кез-келген санаттағы жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия үшiн өздерiнiң аумақтық шектеулi деңгейiн немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейiн көтеруге құқылы. Кез-келген осындай көтеру - аумақтық шектеулi деңгейге немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейге сәйкес келетiн Аумақтық шектеулi деңгейлер туралы хаттаманың ережелерiн сақтай отырып, сол санаттағы бiр немесе бiрнеше басқа Қатысушы-мемлекеттiң аумақтық шектеулi деңгейiн немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейiн тиiсiнше төмендетумен алдын-ала жазбаша ескертiледi немесе жалғастырады. Тиiсiнше өздерiнiң аумақтық шектеулi деңгейiн немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейiн iске асыратын Қатысушы-мемлекет немесе Қатысушы мемлекеттер басқа Қатысушы-мемлекеттiң аумақтық шектеулi деңгейiн немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейiн тиiсiнше көтеруге өздерiнiң келiсiмi туралы барлық Қатысушы-мемлекеттердi жазбаша ескертедi.
 
      (В) Әр Қатысушы-мемлекеттiң кез-келген санаттағы жауынгерлiк танктерi, жауынгерлiк броньды машиналары және артиллерия үшiн өздерiнiң аумақтық шектеулi деңгейiн немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейiн бiржақты тәртiппен төмендетуге құқылы; алайда бiрде-бiр санаттағы бiрде-бiр аумақтық шектеулi деңгей қандай ғана сәтте болмасын тиiстi ұлттық шектеулi деңгейден төмен болуға тиiстi емес. Қатысушы-мемлекеттiң аумақтық шектеулi деңгейiн немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейiн бiржақты төмендетуi басқа Қатысушы-мемлекетке өздерiнiң аумақтық шектеулi деңгейiн немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейiн көтеру құқығына ешқашанда түрткi бола алмайды. IҮ-баптың 6-тармағына сәйкес кез-келген ұлттық шектеулi деңгейдi төмендету - ұлттық шектеулi төменгi деңгейдiң төмендеуiне тең мөлшердегi тиiсiнше аумақтық шектеулi деңгейiнiң азаюына әкелiп соғады.
 
      5. Жоғарыда баяндалған ережелердi сақтай отырып, ХҮI-баптың 1-тармағына сәйкес өткiзiлетiн. Қатысушы-мемлекеттердің конференциялары аралығындағы әр бесжылдық кезең ішінде, әрбір Қатысушы-мемлекет өзінің аумақтық шектеулі деңгейін немесе аумақтық шектеулі төменгі деңгейін 40 жауынгерлік танктен, 60 жауынгерлік броньды машинадан және 20 артиллериялық бірліктен аспайтын, Аумақтық шектеулі деңгейлер туралы хаттамада белгіленген жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия үшін аумақтық шектеулі деңгейден немесе аумақтық шектеулі төменгі деңгейден 20% көтеруге құқылы.
      Әр Қатысушы-мемлекет басқа барлық Қатысушы-мемлекеттер келiсiмiн берген жағдайда, осы тармақта көрсетілген өздерiнiң аумақтық шектеулi деңгейiн немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейiн деңгейден тыс көтеруге құқылы.
      6. Кез-келген санаттағы өздерiнің аумақтық шектеулi деңгейiн немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейiн өзгертуге тiлек бiлдiрген Қатысушы-мемлекет сондай өзгерту iске қосылатын күнi сол жазбаша ескертпеде көрсетiлгенге дейiн 90 күннен кешiктiрмей барлық Қатысушы-мемлекеттердi жазбаша хабардар етедi. Көтеруге барлық басқа Қатысушы-мемлекеттердің келiсiмi талап етiлетiн жағдайда, жазбаша хабарлама берiлгеннен кейiн 60 күн ішінде бiрде-бiр Қатысушы-мемлекет қарсылық наразылығын бiлдiрмеген және барлық басқа Қатысушы-мемлекеттер

 

өздерiнің наразылығы туралы жазбаша ескертпеген жағдайда, өзгерту жазбаша

хабарламада көрсетiлген күннен бастап күшiне енедi. Аумақтық шектеулi

деңгей немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгей осы шектеулi деңгейге

немесе шектеулi төменгi деңгейге өзгерту күшiне енгенше сол қалпында

қалады".


                                7-бап


     Шарттың ҮI-бабы алынып тасталады.


                                8-бап


     Шарттың YII-бабы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:


                                "YII-бап



 
       1. Әр Қатысушы-мемлекет осы баптың ережелерiн сақтай отырып, Аумақтық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада белгiленген, уақытша негiзде әскери жаттығу және уақытша қанат жаю мақсатында аумақтық шектеулi деңгейi мен аумақтық шектеулi төменгi деңгейiн көтеруге құқылы.
 
      (А) Әскери жаттығулар:
 
      (1) Әр Қатысушы-мемлекеттiң, оның аумақтық шектеулi деңгейін көтеруге мәжбүр ететiн, өз аумағында әскери жаттығуды қабылдауға, және аумақтық шектеулі төменгi деңгейi бар Қатысушы-мемлекеттер Аумақтық шектеулi деңгейлер туралы хаттамаға сәйкес, олардың аумақтық шектеулі төменгі деңгейін көтеруге мәжбүр ететін, өздерінде жаттығулар өткізуге немесе қабылдауға құқылы.
 
      (2) Әскери жаттығулардың мақсаты үшiн Қатысушы-мемлекеттiң аумағында оның аумақтық шектеулi деңгейiнен және аумақтық шектеулi төменгi деңгейiнен тыс тұрған жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллериялық бiрлiктер саны - жекелей немесе осы аумақтағы кез-келген әскери жаттығуды немесе кез-келген уақытша қанат жаюды үйлестiре, әр Қатысушы-мемлекет үшiн осы тармақтың (1) тармақшасындағы (В) төменгi тармақшасында және Аумақтық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада көрсетiлген жауынгерлiк танктерден, жауынгерлiк броньды машиналардан және артиллериялық бiрлiктерден аспайды.
 
      (3) 42 күннен астам мерзiм iшiнде аумақтық шектеулi деңгейдi немесе аумақтық шектеулi төменгi шектеулi деңгейдi көтеруге мәжбүр ететiн, Ақпараттар алмасу туралы хаттамаға сәйкес жазбаша хабарламада ұсынылған әскери жаттығулар немесе бiрқатар тiзбектi әскери жаттығулар осы мерзiмнен кейiн, әзiрге аумақтық шектеулi деңгейi немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейi көтерiліп болғанша уақытша қанат жаю ретiнде қарастырылады.
      (В) Уақытша қанат жаюлар:
      (1) Әр Қатысушы-мемлекет өзiнiң аумақтық шектеулi деңгейiнен тыс өз аумағындағы уақытша қанат жаюды қабылдауға, және аумақтық шектеулi төменгi деңгейi бар Қатысушы-мемлекеттер өздерiнiң аумақтық шектеулi төменгi деңгейiнен тыс өзiнде уақытша қанат жаюды өткiзуге немесе қабылдауға құқылы. Егер Аумақтық шектеулi деңгейлер туралы хаттаманың тиiстi ережелерiнде басқаша көрсетiлмесе, осы мақсат үшiн Аумақтық шектеулi деңгейлердi немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейлердi 153 жауынгерлiк танктен, 241 жауынгерлiк броньды машинадан және 140 артиллериялық бiрлiктен аспайтындай көтеруге болады. Ерекше жағдайда және Аумақтық шектеулi деңгейлер туралы хаттаманың тиiстi ережелерiнде басқаша көрсетiлмесе, аумақтық шектеулi деңгей мен аумақтық шектеулi төменгi деңгейдi уақытша негiзде 459 жауынгерлiк танктен, 723 жауынгерлiк броньды машинадан және 420 артиллериялық бiрлiктен аспайтындай көтеруге болады.
      (2) Аумақтық шектеулi деңгейдi 153 жауынгерлiк танктен, 241 жауынгерлiк броньды машинадан және 140 артиллериялық бiрлiктен аса көтеруге байланысты уақытша қанат жаю туралы жазбаша хабарламаны алуына орай депозитарий ХХI-баптың 1-бис тармағына сәйкес Қатысушы-мемлекеттердiң конференциясын шақырады.
      2. Аумақтық шектеулi деңгейiн 153 жауынгерлiк танктен, 241 жауынгерлiк броньды машинадан немесе 140 артиллериялық бiрлiктен аспайтындай көтеруге мәжбүр ететiн, егер әскери жаттығулар уақытша қанат жаюдың жиынтығымен сол Қатысушы-мемлекеттiң аумағында бiр мезгiлде өткiзiлiп жатқан жағдайда, кез-келген Қатысушы-мемлекет ХХI-баптың I-бис тармағына сәйкес конференция шақыру туралы тiлекпен депозитарийге өтiнiш жасайды.
      Осы баптың 1-тармағының (А) және (В) тармақшаларына сәйкес өткiзiлетiн жаттығулар мен уақытша қанат жаюға қатысты соған тартылған Қатысушы-мемлекеттер Бiрлескен консультативтік топқа түсiнiк баяндама бередi. Уақытша қанат жайған жағдайда Ақпараттар алмасу туралы хаттаманың (А) тармақшасының (2) төменгi тармақшасында және (В) тармақшасының (2) төменгi тармақшасында көрсетiлген жазбаша хабарламадан бiрде-бiр кешiктiрмей қысқа мерзімде баяндама ұсынылады. Баяндама бойынша ақпараттарды жаңарту аумақтық шектеулi деңгейiнің немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейiнiң көтерiлуi аяқталғанға дейiн әр екi айда берiлiп тұрады.
 

                                9-бап



 
 
       Шарттың YIII-бабы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
 
                                "YIII-бап
 
      1. IY-бапта және Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада көзделген сандық шектеуден тыс кез-келген жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк ұшақтар және соққылы тiкұшақтар Қолда бар түрлерi туралы хаттаманың 1-бөлiмiнiң 2-тармағындағы (А) тармақшасына, Инспекция туралы хаттамасында ескертпесi бар, Қысқарту туралы хаттамаға, Тiкұшақтарды қайта топтастыру туралы хаттамаға, Ұшақтарды қайта топтастыру туралы хаттамаға сәйкес тек қысқарту арқылы таратылады. Қосылу жағдайында қосылатын мемлекет үшiн көзделген кез-келген қысқартулар, сондай-ақ оларды iске асыру мерзiмi қосылу туралы келiсiмнiң ережелерiне сәйкес айқындалады.
      2. Қысқартылуға жататын әдеттегi қару-жарақ пен техниканың санаттары жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк ұшақтар және соққылы тiкұшақтар болып саналады. Нақтылы санаттар Қолда бар түрлері туралы хаттамада тізілген.
 
      (А) Жауынгерлiк танктер мен жауынгерлiк броньды машиналар жою жолымен қысқартылады, ғимараттар тұрақты экспозицияға, әскери емес мақсаттар үшін қайта жабдықталады немесе бронетранспортерлерге қатысты, Қолда бар түрлерi туралы хаттаманың 1-бөлiмiнiң 2-тармағы (А) тармақшасындағы жазбаша ескертпеге сәйкес жетілдiру арқылы қысқартылады.
 
      (В) Артиллерия жою жолымен немесе ғимараттар тұрақты экспозицияға қайта жабдықтау өздiгiнен жүретiн артиллерияға қатысты, жер бетiндегi мақсаттарға пайдалану арқылы қысқартылады.
 
      (С) Жауынгерлiк ұшақтар жою арқылы, жер бетiндегi жаттығудың материалдық бөлiгi ретiнде пайдаланылатын ғимараттарды тұрақты экспозицияға қайта жабдықтау немесе үлгiлерi мен жауынгерлiк жаттығу ұшақтарының нұсқаларына қатысы бар, жауынгерлiк емес жаттығу ұшақтарына қайта топтастыру арқылы қысқартылады.
 
      (D) Арнайы соққылы тiкұшақтар жою арқылы, ал ғимараттар тұрақты экспозицияға қайта жабдықталады немесе жер бетiндегi жаттығудың материалдық бөлiгi ретiнде пайдалану арқылы қысқартылады.
 
      (Е) Көп мақсатты соққылы тiкұшақтар жою арқылы, жер бетiндегi жаттығудың материалдық бөлiгi ретiнде ғимараттар қайта жабдықталады немесе қайта топтастыру арқылы қысқартылады.
 
      3. Шартпен шектелетiн, әдеттегi қару-жарақ пен техника осы баптың 1-тармағында тiзiлген хаттамадағы көрсетiлген, және осы хаттамалардың талаптарына сәйкес жазбаша хабарлама бойынша рәсiмдер жүзеге асырылғаннан кейiн қысқартылды деп есептеледi. Осылайша қысқартылған қару-жарақ пен техника Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттаманың және Аумақтық шектеулi деңгейлер туралы хаттаманың IY, Y баптарында көзделген Шарт бойынша қысқартылған сандық деңгейден аспайтындай есепке алынады.
      4. Шартпен шектелетiн, әдеттегi қару-жарақ пен техниканы қысқарту, қолданыс ауданы шегiнде, егер тек Хаттаманың осы бабының 1-тармағындағы тізімде басқаша белгіленбесе, қысқарту жерінде жүзеге асырылады. Әр Қатысушы-мемлекет қанша қаласа, сонша қысқарту орынын белгілеуге, олардың сондай орындарын белгілеуді шектеусіз өзгертуге және қысқарту мен бiр мезгілде барынша 20 орында соңғы қайта жабдықтауды іске асыруға құқылы. Қатысушы мемлекеттер қысқарту орындарын бiрлесiп пайдалануға немесе өзара

 

келiсiм бойынша иемденуге құқылы.

     5. Кез-келген қысқартулар, Шартпен шектелетін, әдеттегi қару-жарақ

пен техниканы қайта жабдықтау нәтижесiн қоса, әскери емес мақсаттар үшiн,

Инспекция туралы хаттамаға сәйкес бас тарту құқынсыз тексерiлуге жатады.


                                10-бап


     Шарттың IХ бабы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:


                                "IХ-бап



 
       1. Қолданыс ауданының шегiнде жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк ұшақтар және соққылы тiкұшақтар есептен шығару арқылы қаруланудан алынған жағдайда:
 
      (А) Шартпен шектелетiн, сондай әдеттегi қару-жарақ пен техника Ақпараттар алмасу туралы хаттамаға сәйкес жарияланған орын ретiнде жазбаша хабарланады және Шартпен шектелетiн, есептен шығарылған әдеттегi қару-жарағы мен техникасы бар аудан ретінде сондай жазбаша хабарламада белгiленедi. Егер Шартпен шектелетiн, қарулану есебiнен шығарылған әдеттегi қару-жарағы мен техникасы бар орындар Шарттың қолданыс аясына жататын сондай кез-келген әдеттегi қару-жарақ пен техника ұстаса, Шартпен шектелетiн, есептен шығарылған әдеттегi қару-жарақ пен техника бөлектеп ерекшеленетiн болып табылады; және
 
      (В) Шартпен шектелетiн, есептен шығарылған сондай әдеттегi қару-жарақ пен техника саны, кез-келген жеке Қатысушы мемлекетке қолданылатын оның Шартпен шектелетiн жазбаша хабарландырылған қолда бар әдеттегi қару-жарағы мен техникасының бiр пайызынан көп, оның iшiнде 200 бiрлiгiнен артық емесiн жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия құрайтын және 50 бiрлiгiнен артық емесiн соққылы тiкұшақтар мен жауынгерлiк ұшақтар құрайтын жалпы санның 250 бiрлігінен аспаса.
 
      2. Есептен шығару туралы жазбаша хабарламаға Шартпен шектелетін, есептен шығарылған әдеттегі қару-жарақ пен техниканың саны мен түрі, есептен шығару орны қосылады және Ақпараттар алмасу туралы хаттаманың І-бөлімінің І-тармағындағы (В) тармақшасына сәйкес басқа барлық Қатысушы мемлекеттерге бередi".
 

                                11-бап



 
 
       1. Шарттың Х-бабының 4-тармағы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
      "4. Шартпен шектелетiн, тұрақты қоймалық сақталудың белгiленген орыны шегiнде тұрған әдеттегi қару-жарақ пен техника, осы баптың 7, 8 және 10 тармақтарына сәйкес оларды уақытша алған жағдайды қоса, тұрақты бөлiмдердiң қолында бар, Шартпен шектелетiн, әдеттегi қару-жарақ пен техника ретiнде есепке алынады.
      Тұрақты қоймалық сақталудың белгiленбеген орнында қоймалық сақталуда тұрған, Шартпен шектелетiн әдеттегi қару-жарақ пен техника тұрақты бөлiмдерде Шартпен шектелетiн, әдеттегi қару-жарақ пен техника ретiнде есепке алынады".
      2. Шарттың Х-бабының 9-тармағы алынып тасталады.
      3. Шарттың Х-бабының 10-тармағы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
      "10. Осы баптың 8-тармағына сәйкес тұрақты қоймалық сақталудың

 

белгiленген орнынан алынған, Шартпен шектелетiн, әдеттегi қару-жарақ пен

техника, өндiрiстiк жағдайда жөндеу үшiн, Шартпен шектелетiн, әдеттегi

қару-жарақ пен техника бiрлiгiн қоспағанда, оларды алғаннан кейiн 42

күннен кешiктiрмей тұрақты қоймалық сақталудың белгiленген орнына

қайтарылады.

     Мұндай бiрлiктер жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты дереу

тұрақты қоймалық сақталудың белгiленген орнына қайтарылады".


                                12-бап


     Шарттың ХI-бабы алынып тасталады.


                                13-бап


     Шарттың ХII-бабы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:


                               "ХІІ-бап     



 
       1. Бейбiт кезеңде iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қызметiн жүзеге асыру үшін құрылған және құрылымды ұйымдастырылған, Қатысушы мемлекет ұйымдарының қолында бар жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары бұл Шартпен шектелмейдi.
      2. Жоғарыда баяндалғандарға тәуелсiз, осы Шартты жүзеге асыруға көмектесу және кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында, Қатысушы мемлекеттiң сондай ұйымының қолында бар сондай қару-жарақтың саны Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттаманың IҮ және Ү баптары мен Аумақтық шектеулi деңгейлер туралы хаттаманың IY және Ү баптарына сәйкес көзделген жауынгерлiк броньды машиналардың санаттары үшiн рұқсат берiлген деңгейден құралған үлестің несi көп, соған байланысты, осы тармақтың (А), (В), немесе (С) тармақшаларында белгiленген деңгейден аспайтын, кез-келген сондай қару-жарақ осы Шарттың ережелерiн айналып өтуге пайдаланылмайды:
 
      (А) жазбаша хабарламаға сай, 1980 жылғы 19 қарашадағы жағдай бойынша ақпараттар алмасу шеңберiнде берiлген ұйымның қолданыс ауданы шегiндегi қолда бар, сол Қатысушы мемлекеттiң аумағында тұрған, бейбiт кезеңде iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қызметiн жүзеге асыру үшiн құрылған және құрылымды ұйымдастырылған жаяу әскерлердiң жауынгерлiк броньды машиналарының саны; немесе
 
      (В) IҮ-бапқа сай өзгертулермен, жауынгерлiк броньды машиналар санатындағы Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада осы Қатысушы мемлекет үшiн белгiленген ұлттық шектеулi деңгейден бес процент; немесе
 
      (С) Жаяу әскерлердiң сондай 100 жауынгерлiк машинасы.
 
      Қосылатын мемлекеттерге қатысы бар сандар қосылу туралы келiсiмде көрсетiледi.
      3. Әр Қатысушы мемлекет сонымен бiрге, бейбiт кезеңде iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қызметiн жүзеге асыру үшiн құрылған және құрылымды ұйымдастырылған ұйымды, iшкi қауіпсiздiк сұранысын қамтамасыз етуге қажеттi жауынгерлiк қабылеттiлiктi дарытудан бас тартуды қамтиды.
      4. Сол Қатысушы мемлекеттің кез-келген ұйымындағы, оның әдеттегі қарулы күштердің бөлігі саналмайтын, қарулануында тұрған оның әдеттегі қарулы күштерінің жауынгерлік танктерін, артиллериясын, жаяу әскерлердің жауынгерлік машиналарын, жауынгерлік ұшақтар мен соққылы тікұшақтарын қайта бағындыруға тілек білдірген Қатысушы мемлекет, сондай қайта бағындыру күшіне енген күнінен кешіктірмей барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерді жазбаша хабарлайды.
      Мұндай жазбаша хабарламада сондай қайта бағындырудың айқын болған күнi, сондай техникалардың нақтылы берiлген күнi, сондай-ақ, Шартпен шектелетiн, қайта бағындырылған дағдылы қару-жарақ пен техника түрлерi бойынша саны көрсетiледi".
 

                                14-бап



 
 
       1. Шарттың ХІІІ-бабының 1-тармағы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
      "1. Осы Шарттың ережелерiнің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әр Қатысушы мемлекет өзiнiң әдеттегi қару-жарағы мен техникасына және Ақпараттар алмасу туралы хаттамаға сәйкес ол өз аумағында болуға рұқсат ететiн өзге Қатысушы мемлекеттердiң әдеттегi қару-жарағына қатысты жазбаша хабарлама ұсынады және ақпараттар алмасады".
      2. Шарттың ХІІІ-бабының 1-бис тармағы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
      "1-бис. Y-баптың 1-тармағында көрсетiлгеніндей, Қатысушы мемлекеттiң әдеттегi қару-жарағы мен техникасының өзге Қатысушы мемлекеттiң аумағында болуы, Y-баптың 3-тармағында көрсетiлгенiндей, транзит мақсаттары үшiн, ҮII-баптың 1-тармағындағы (А) тармақшасында көрсетiлгенiндей, әскери жаттығулар мақсаттары үшiн, YII-баптың 1-тармағындағы (В) тармақшасында көрсетiлгенiндей уақытша қанат жаю мақсаттары үшiн 1-баптың 3-тармағы сәйкес келедi. Қабылдаушы Қатысушы мемлекеттiң келiсiмi Ақпараттар алмасу туралы хаттамаға сай тиiстi жазбаша хабарлама арқылы көрсетiледі".
 

                                15-бап



 
 
       Шарттың ХIҮ-бабы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
 

                                "ХIҮ-бап



 
 
       1. Осы Шарттың ережелерiнiң сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әр Қатысушы мемлекет Инспекция туралы хаттаманың ережелерiне сәйкес қолданыс ауданы шегiнде инспекция өткiзуге және мiндеттеме қабылдауға құқылы.
      2. Мұндай инспекцияның мақсаттары:
 
      (А) Ақпараттар алмасу туралы хаттамаға сәйкес ұсынылған ақпарат негiзiнде бақылау, Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттаманың ІY, Ү, YII баптарында және Аумақтық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада көзделген Қатысушы мемлекеттердiң сандық шектеулерiн сақтау;
      (В) ҮIII-бапта және Қысқарту туралы хаттамаға сәйкес қысқарту орындарында iске асырылатын кез-келген жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк ұшақтар мен соққылы тiкұшақтардың қысқартылуын бақылау;
 
      (С) Тиiсiнше, тiкұшақтарды қайта топтастыру туралы хаттамаға және ұшақтарды қайта топтастыру туралы хаттамаға сәйкес iске асырылатын қайта топтастырылған көп мақсатты соққылы тiкұшақтар мен қайта топтастырылған жауынгерлiк оқу ұшақтарын сертификаттауды бақылау болып табылады.
      3. Бiрде-бiр Қатысушы мемлекет бақылау режимiне қол жеткiзу мақсатынан ауытқымау үшiн осы баптың 1 және 2 тармақтарында баяндалған құқықтарды жүзеге асырмайды.
      4. Бiреуден көп Қатысушы мемлекеттер бiрлесiп өткiзетiн инспекция жағдайында, олардың бiреуi осы Шарттың ережелерiнiң жүзеге асырылуы үшiн жауапты болады.
      5. Көрсетiлген әр уақыт кезеңi iшiнде өткiзуге және мiндеттеме қабылдауға құқылы әр Қатысушы мемлекет Инспекция туралы хаттаманың ҮII және YIII бөлiмдерiне сай инспекциялар санын осы хаттаманың II-бөлiмiнiң ережесiне сәйкес анықтайды.
      6. Өткiзуге құқылы әр Қатысушы мемлекет Инспекция туралы хаттаманың IХ-бөлiмiне сай инспекциялар санын, ал аумақтық шектеулi деңгейi немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейi уақытша артық, мiндеттеме қабылдауға жауапты Қатысушы мемлекет аталған бөлiмнiң ережелерiне сәйкес айқындалады.
      7. Қысқарту нормасынан тыс, Шартпен шектелетiн, әдеттегi қару-жарақ

 

пен техниканы кәдеге жаратуды iске асыратын әр Қатысушы мемлекет Инспекция

туралы хаттаманың ХII-бөлiмiндегi ережелерге сәйкес кәдеге жаратудың

нәтижелерiн не бақылаушы топты шақыру арқылы, не ынтымақтастық негiзiнде

шаралар қолдану арқылы растауды қамтамасыз етедi".


                                16-бап


     Шарттың ХҮI-бабының 2-тармағы алынып тасталады және мыналармен

алмастырылады:

     "2. Бiрлескен консультациялық топтың шеңберiнде Қатысушы мемлекеттер:


     (А) осы Шарт ережелерiнiң сақталуына немесе оларды айналып өту

мүмкiндiгiне байланысты мәселелердi қарайды;



 
       (В) осы Шарттың орындалуына байланысты түсiнiксiз жайлар мен түсiндiруде туындауы мүмкiн келiспеушіліктердi реттеуге тырысады;
 
      (С) осы Шарттың өмiршеңдiгi мен тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды қарайды және мүмкiндiгiнше келiсiп отырады;
 
      (D) Кез-келген Қатысушы мемлекеттiң өтiнiшi бойынша IY-баптың 4-тармағына сәйкес өзiнiң ұлттық шектеулi деңгейiн немесе Y-баптың 5-тармағына сәйкес өзiнiң аумақтық шектеулi деңгейiн арттыру жағына әр Қатысушы мемлекеттiң тiлегiн қайта қарауға қатысты мәселелердi қарайды;
 
      (Е) ҮII-баптың 2-тармағына сай ұсынылатын түсiндiрме баяндаманы және бұдан кейiн сол бойынша кез-келген жаңартылған ақпаратты қабылдайды және қарайды.
 
      (Ғ) II-баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес Қолда бар түрлерi туралы хаттамадағы тiзiмдердi жаңартып отырады;
 
      (G) Шарттың сақталуын бақылау режимiн нығайту мақсатындағы ынтымақтастық шараларын, оның iшiнде әуе инспекцияларының нәтижелерiн оңтайлы пайдалану жолын қарастырады;
 
      (Н) Осы Шартты орындаудың Қатысушы мемлекеттер үшiн ортақ практикалық әдiстерiн табу мақсатындағы техникалық мәселелердi шешедi;
 
      (І) Қажеттiлiгiне қарай осы Шарт бойынша шақырылатын, Бiрлескен консультативтiк топтар мен конференциялардың рәсiмдiк ережелерiн, жұмыс әдiстерiн, шығындарды бөлу шкаласын жасайды немесе қайта қарайды және Қатысушы мемлекеттер арасында инспекция шығындарын бөледi.
 
      (J) Қатысушы-мемлекеттер арасында ақпараттар алмасу арқылы немесе осы Шартқа сәйкес өткiзiлетiн инспекцияның нәтижесiнде алынған ақпаратты, сондай Қатысушы мемлекеттiң елеулi болып табылатындығына сілтеген ақпараттарды қорғауға қатысты әр Қатысушы мемлекеттiң нақтылы талаптарын есепке ала отырып, тек қана осы Шарттың мақсаттары үшiн пайдалануды қамтамасыз етудегi тиiстi шараларды қарайды және жасайды;
 
      (К) Кез-келген Қатысушы мемлекеттiң сұрауы бойынша ХХI-бапқа сәйкес шақырылатын кез-келген конференцияның қарауына ұсынуға тiлек бiлдiрген Қатысушы-мемлекеттiң кез-келген мәселесiн қарайды; мұндай қарау кез-келген Қатысушы мемлекеттің ХХI-бабында баяндалған рәсiмге жүгiну құқына залал келтiрмейдi;
 

 

     (L) Тиiсiнше өтiнiш жасаған мемлекеттiң Шартқа қосылу жағдайларын

анықтай алатын Қатысушы мемлекеттер шеңберiнде орган ретiнде әрекет

ететiн, ХҮІІІ-бапқа сәйкес осы Шартқа қосылу туралы кез-келген мүмкiн

болатын өтiнiштерiн қарайды және олардың қабылдануына кепiлдiк бередi.


     (М) Қатысушы-мемлекеттердiң шешiмi бойынша мүмкiн болатын кез-келген

келiссөздердi одан әрi өткiзедi; және


     (N) Осы Шарттың орындалуына байланысты туындаған даулы мәселелердi

қарайды".


                                17-бап


     Шарттың ХҮII-бабы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:


                               "ХҮII-бап


     Қатысушы-мемлекеттер осы Шартқа сәйкес талап етiлетiн ақпараттар мен

хабарламаларды жазбаша түрде бередi.


     Олар дипломатиялық арналарды немесе олар көрсеткен басқа да ресми

арналарды және әсiресе, ЕҚЫҰ байланыс торабын пайдаланады".


                                18-бап


     Шарттың ХҮIII-бабы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:


                               "ХҮIII-бабы



 
       1. Құрлықтық жерi Атлантика мұхитынан Орал тауына дейiнгi географиялық аудан шегiндегi Еуропада орналасқан, Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi Ұйымның кез-келген Қатысушы мемлекетi осы Шартқа қосылу туралы өтiнiшiн депозитарийге жазбаша түрде жiбере алады.
      2. Тiлек бiлдiрушi мемлекет өз өтiнiшiне мынадай ақпарат қосады:
 
      (А) өзiнiң қолында бар әдеттегi қару-жарағы мен техникасының түрлерiн белгiлейдi;
 
      (В) өздерiнің белгiленетiн ұлттық және аумақтық деңгейлерi және Шартпен шектелетiн қару-жарақ пен техниканың әр санаты үшiн соларға байланысты шектеулi төменгi деңгейлерiн; және
 
      (С) тiлек бiлдiрушi мемлекеттiң орынды саналған кез-келген өзге ақпаратты.
 
      3. Депозитарий осындай тiлек білдiрушi мемлекеттiң ұсынған өтiнiшi мен ақпаратының келiп түскендiгi туралы барлық Қатысушы мемлекеттердi жазбаша хабарландырады.
      4. Тiлек бiлдiрген мемлекет көрсетiлген ақпаратты өзгерте немесе толықтыра алады. Кез-келген Қатысушы мемлекет қосымша ақпарат сұрата алады.
      5. Қатысушы мемлекеттер осы баптың 3-тармағына сәйкес жазбаша хабарланғаннан кейiн 21 күннен кешiктiрмей бастайтын, сонда Қатысушы-мемлекеттердiң тiлектерi қаралатын, келiссөздер жүргiзетiн және қосылудың шарттарын белгiлейтiн Бiрлескен Консультативтiк топтың мәжiлiсiн өткiзедi. Қатысушы мемлекеттердiң шешiмi бойынша тiлек бiлдiрген мемлекет Бiрлескен Консультативтiк топтың мәжiлiсiне шақырылатын болады.
      6. Қатысушы мемлекеттер әрбiр тiлектi оперативтi жағдайда жеке негiзде қарайды. Кез-келген шешiм өзара бәтуамен қабылданады.
      7. Тiлек бiлдiрген Қатысушы мемлекеттер мен мемлекет арасындағы қосылу туралы келiсiмде қосылудың келiсiлген шарттары бекiтіледi, оны депозитарий тiлек бiлдiрген барлық Қатысушы мемлекеттерге және мемлекетке салып жiбередi және депозитарийдің мұрағатына сақталуға тапсырылады.
      8. Қосылу туралы келiсiмдi барлық Қатысушы мемлекеттердiң бекiткендiгi расталып, қолға тиген соң депозитарий бұл жөнiнде барлық Қатысушы мемлекеттерге және тiлек бiлдiрген мемлекетке хабарлайды. Бұдан кейiн тiлек бiлдiрген мемлекет оның конституциялық рәсiмдерiне сәйкес бекіткен жағдайда қосылу туралы келiсiмнiң ережелерi мен шарттарын мойындайтыны туралы құжатты ұсына алады.
      9. Осы Шарт тілек бiлдiрген мемлекет үшiн олардың Шартқа қосылу туралы өздерiнiң құжаттарын депозитарийдiң сақтауына тапсырған соң он күннен кейiн күшiне енедi; сол сәттен бастап тiлек бiлдiрген мемлекет Шарттың Қатысушы мемлекетi болады".
 

                                19-бап



 
 
       Шарттың ХХI-бабының 1 және 2 тармақтары алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
 
      "1. Осы Шарт күшiне енгеннен кейiн қырық алты айдан соң және одан әрi әр бес жылда ұлттық шектеулi деңгейлердің, аумақтық шектеулi деңгейлердiң және аумақтық шектеулi төменгi деңгейлердiң iс-әрекетi мен маңыздылығын, сондай-ақ бiрде-бiр Қатысушы-мемлекеттiң қауiпсiздiгiне залал келтiрмеудi қамтамасыз етудің қажеттiлiгiн ескере отырып, солармен байланысты мiндеттемелермен бiрге басқа да шарттық элементтердi қарауды, өзге мәселелердi қосып, осы шарттың iс-әрекетiн қарауды өткiзу үшiн депозитарий Қатысушы мемлекеттердің конференциясын шақырады.
      1-бис. Аумақтық шектеулi деңгейiн 153 жауынгерлiк танктен, 241 жауынгерлiк броньды машинадан және 140 артиллериялық бiрлiктен асыра көтеруге байланысты уақытша қанат жаю туралы жазбаша хабарлама алуына орай немесе YII-баптың 2-тармағына сәйкес Қатысушы мемлекеттiң өтiнiшi бойынша депозитарий Қатысушы мемлекеттердiң конференциясын шақырады, онда қанат жаюды қабылдаушы және iске асырушы Қатысушы мемлекет уақытша қанат жаюға итермелеген жағдайдың сипатын түсiндiредi. Егер барлық Қатысушы мемлекеттер басқаша келiспесе, конференция кiдiрiссiз, бiрақ жазбаша хабарламадан кейiн жетi күннен кешiктiрмей шақырылады және 48 сағатқа дейiн созылады. Бiрлескен Консультативтiк топтың төрағасы Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi Ұйымның Қауiпсiздiк саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi тұрақты кеңесi мен Форумға қалыптасқан жағдай туралы баяндайды.
      2. Осы Шартқа қатысы бар, ерекше жағдай туындады деп санайтын кез-келген Қатысушы мемлекет тарапынан бұл жөнінде өтініш жасалған жағдайда депозитарий Қатысушы мемлекеттердің төтенше конференциясын шақырады. Ондай конференцияға дайындау үшін басқа Қатысушы мемлекеттерге мүмкіндік беру мақсатында өтініште оның Қатысушы мемлекет төтенше конференцияны шақыру қажет деп санайтын себептері баяндалады. Конференция өтініште баяндалған жағдайларды және олардың осы Шартқа ықпал-әсерін қарастырады. Конференция өтiнiштi алғаннан кейiн 15 күннен кешiктiрмей ашылады және егер конференция басқалай шешiм қабылдамаса үш аптаға дейiн созылады".
 

                                20-бап



 
 
       1. Шарттың ХХII-бабының 1-тармағы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
      "1. Осы Шартты әр Қатысушы-мемлекеттiң оның конституциялық рәсiмдерiне сәйкес бекiтуiне жатады; ол ХҮIII-бапқа сәйкес мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашылған. Бекiту грамоталары және қосылған жағдайда қосылу туралы құжаты, қазiргi кезде депозитарий ретiнде тағайындалған Нидерландия

 

Корольдiгiнiң үкiметiне сақтауға тапсырылады".

     2. ХХII-баптың 3-тармағы алынып тасталады және мыналармен

алмастырылады:

     "3. Депозитарий барлық Қатысушы-мемлекеттерге:


     (А) әр бекiту грамотасын немесе қосылу туралы құжатын сақтауға

тапсыру;


     (В) осы Шарттың күшiне енуi;


     (С) ХIХ-бапқа сәйкес кез-келген шығу және оның күшiне енген күні;


     (D) ХХ-бапқа сәйкес ұсынылған кез-келген түзетудiң мәтiнi;


     (Е) осы Шартқа кез-келген түзетудiң күшiне енуi;


     (Ғ) ХҮІІІ-бапқа сәйкес Шартқа қосылу туралы кез-келген өтiнiш;


     (G) ХХI-бапқа сәйкес конференция шақыру жөнiндегi кез-келген өтiнiш;


     (Н) ХХI-бапқа сәйкес конференцияны шақыру; және


     (І) осы Шартқа сәйкес депозитарийден Қатысушы мемлекеттерге хабарлау

талап етілетін кез-келген өзге де мәселе туралы дереу хабарлайды".    


                                21-бап


     Еуропадағы әдеттегі Қарулы күштер туралы шартпен шектелетін, әдеттегі

қару-жарақ пен техниканың ұлттық шектеулі деңгейлері туралы мынадай

хаттама қосылады:

     "Еуропадағы әдеттегі Қарулы күштер туралы шартпен шектелетін,

Әдеттегі қару-жарақ пен техниканың ұлттық шектеулі деңгейлері туралы

хаттама"

     Осымен Қатысушы мемлекеттер тұрақты бөлімдер үшін ұлттық шектеулі

деңгейлер, шектеулі төменгі деңгейлер және Шарттың ІҮ-бабына сәйкес

төменгі санаттар үшін шектеулі төменгі деңгейлер туралы келіседі.

___________________________________________________________________________

   Қатысушы     !Жауынгер.! Жауынгерлік броньды  ! Арти. ! Жау. !  Соқ.

мемлекеттер    !   лік   !       машиналар      ! ллер. ! ын.  !  қылы

                ! танктер !______________________! ия    ! гер  !  тік.

                !         ! Бар.! Оның  !  Оның  ! бір.  ! лік  !  ұшақ.

                !         ! лығы!ішінде ! ішінде ! лік.  ! ұшақ.!  тар

                !         !     ! ЖӘРМ  !  АҚЖМ  ! тері  !  тар !

                !         !     ! және  !        !       !      !

                !         !     ! АҚБМ  !        !       !      !

___________________________________________________________________________

Әзірбайжан          220     220    135      11      285     100     50

Республикасы    


Армения             220     220    135      11      285     100     50

Республикасы


Беларусь           1800    2600   1590     130     1615     294     80

Республикасы (1)


Бельгия             300     989    600     237      288     209     46

Корольдігі    


Болгария           1475    2000   1100     100     1750     235     67

Республикасы


Венгрия             835    1700   1020      85      840     180    108

Республикасы (3)    


Германия           3444    3281   3281      80     2255     765    280

Федеративтік

Республикасы    


Греция             1735    2498   1599      70     1920     650     65

Республикасы


Грузия              200     220    135      11      285     100     50


Дания               335     336    210      17      446      82     18

Корольдігі


Исландия              0       0      0       0        0       0       0

Республикасы


Испания             750    1588   1298     191      1276    310      80  

Корольдігі


Италия             1267    3172   1970       0      1818    618     142  

Республикасы


Қазақстан            50     200      0       0       100     15      20

Республикасы    


Канада               77     263    263       0        32     90      13


Ұлы                   0       0      0       0         0      0       0

Люксембург

Герцогтігі


Молдова             210     210    130      10       250     50      50

Республикасы


Нидерландия         520     864    718       0       485    230      50

Корольдігі


Норвегия            170     275    181       0       491    100      24

Корольдігі


Польша             1730    2150   1700     107      1610    460     130

Республикасы (4)


Португалия          300     430    267      77       450    160      26

Республикасы


Ресей              6350   11280   7030     574      6315   3416     855

Федерациясы (5)    


Румыния            1375    2100    552      72      1475    430     120


Словакия            478     683    476      34       383    100      40

Республикасы (6)    


Ұлыбритания         843    3017   1365     200       583    835     350

және

Солтүстік

Ирландия

Біріккен

Корольдігі


Америка            1812    3037   2372       0      1553    784     396

Құрама

Штаттары


Түрік              2795    3120   1993      93      3523    750     130

Республикасы


Украина (7)        4080    5050   3095     253      4040   1090     330 


Франция            1226    3700   1983     535      1192    800     374

Республикасы


Чех                 957    1367    954      69       767    230      50

Республикасы (2)    

___________________________________________________________________________



 
       (1) Оның ішінде тұрақты бөлімдерде 1525 жауынгерлік танктен, 2175 жауынгерлік броньды машинадан және 1375 артиллериялық бірліктен артық емес.
      (2) Оның ішiнде тұрақты бөлiмдерде 254 жауынгерлiк танктен, 1223 жауынгерлiк броньды машинадан және 629 артиллериялық бiрлiктен артық емес.
      (3) Оның iшiнде тұрақты бөлiмдерде 658 жауынгерлiк танктен, 1522 жауынгерлiк броньды машинадан және 689 артиллериялық бiрлiктен артық емес.
      (4) Оның ішiнде тұрақты бөлiмдерде 1362 жауынгерлiк танктен, 1924

 

жауынгерлiк броньды машинадан және 1319 артиллериялық бiрлiктен артық емес.

     (5) Оның iшiнде тұрақты бөлiмдерде 5575 жауынгерлiк танктен және 5505

артиллериялық бiрлiктен артық емес.

     (6) Оның iшiнде тұрақты бөлiмдерде 376 жауынгерлiк танктен, 611

жауынгерлiк броньды машинадан және 314 артиллериялық бiрлiктен артық емес.

     (7) Оның iшiнде тұрақты бөлiмдерде 3130 жауынгерлiк танктен, 4350

жауынгерлiк броньды машинадан және 3240 артиллериялық бiрлiктен артық

емес".


                                22-бап


     Еуропадағы әдеттi қарулы күштер туралы шартпен шектелетiн, әдетте

қару-жарақ пен техниканың аумақтық шектеулi деңгейлерi туралы мынадай

хаттама қосылады:


       "Еуропадағы әдеттегi қарулы күштер туралы шартпен шектелетін,

            әдеттегi қару-жарақ пен техниканың аумақтық шектеулi

                       деңгейлерi туралы хаттама"


     Осымен Қатысушы мемлекеттер Шарттың Y-бабына сәйкес мынадай аумақтық

шектеулi деңгейлер мен аумақтық шектеулi төменгi деңгейлер туралы келiседi.


___________________________________________________________________________

    Қатысушы мемлекеттер          !Жауынгерлік ! Жауынгерлік ! Артилле.

                                  !  танктер   !   броньды   !  риялық

                                  !            !  машиналар  !бірліктер

___________________________________________________________________________

Әзірбайжан Республикасы (3)(4)           220           220          285   

Армения  Республикасы (3)(4)             220?          220          285

Беларусь Республикасы (5)               1800          2600         1615   

Бельгия Корольдігі (5)                   544          1505          497

Болгария Республикасы (3)(4)            1475          2000         1750   

Венгрия Республикасы (5)                 835          1700          890   

Германия Федеративтік                   4704          6772         3407

Республикасы (5)   

Греция Республикасы (3)(4)              1735          2468         1920   

Грузия (3)(4)                            200           220          285   

Дания Корольдігі                         335           336          446   

Исландия Республикасы (3)(4)               0             0            0   

Испания Корольдігі (5)                   891          2047         1370

Италия Республикасы (5)                 1642          3805         2062

Қазақстан Республикасы (5)                50           200          100   

Ұлы Люксембург Герцогтігі (5)            143           174           47

Молдова Республикасы (3)(4)              210           210          250   

Нидерландия Корольдігі (5)               809          1220          651

Норвегия Корольдігі (3)(4)               170           282          557

Польша Республикасы (5)                 1730          2150         1610   

Португалия Республикасы (5)              300           430          450   

Ресей Федерациясы (5) - оның            6350         11280         6315  

оның ішінде (1) (3)(4)                  1300          2140         1680

Румыния (3)(4)                          1375          2100          475   

Словакия Республикасы (5)                478           683          383   

Ұлыбритания және Солтүстік               843          3029          583

Ирландия Біріккен Корольдігі (5)

Түрік Республикасы (3)(4)               2795          3120         3523   

Украина (5) - оның ішінде (2)(3)(4)     4080          5050         4040  

                                         400           400          350   

Франция Республикасы (5)                1300          3820         1292

Чех Республикасы (5)                     957          1367          767   

___________________________________________________________________________



 
       (1) Ленинград әскери округiнде Псков облысынан басқасы, және Солтүстiк Кавказ әскери округiнде, Волгоград облысынан, Астрахань облысынан басқасы; "Волгоград облысының шекарасы - "Кущевская-Волгодонск линиясынан шығысқа қарай Ростов облысының бөлiгi", Волгодонскiнi, сондай-ақ Кущевскаяны және Краснодар аймағындағы Кущевскаяға апаратын тар дәлiздi қоса. Бұл аумақтық шектеулi төменгi деңгей YII-бапқа сәйкес жауынгерлiк броньды машиналар санатындағы әскери жаттығулар және уақытша қанат жаю мақсатынан аспайды.
      (2) Одесса облысында.
      (3) Қатысушы мемлекеттер, өздерiнiң аумақтық шектеулi деңгейлерiн немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейлерiн Y-баптың 5-тармағына сәйкес тек аталған ескертуге қатысы бар, басқа Қатысушы мемлекеттердiң аумақтық шектеулi деңгейлерiн немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейлерiн Y-баптың 4-тармағындағы (А) тармақшасына сәйкес тиiсiнше төмендетуге байланысты көтередi.
      (4) Өзiнiң аумақтық шектеулi деңгейлерiн немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейлерiн YII-бапқа сәйкес 153 жауынгерлiк танктен, 241 жауынгерлiк броньды машинадан және 140 артиллериялық бiрлiктен асырмайтын Қатысушы-мемлекеттер.
      (5) Өзiнiң аумақтық шектеулi деңгейлерiн немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейлерiн ҮII бапқа сәйкес 459 жауынгерлiк танктен, 723 жауынгерлiк броньды машина мен 420 артиллериялық бiрлiктен асырмайтын Қатысушы-мемлекеттер".
 

                                23-бап



 
 
       Жауынгерлiк жаттығу ұшақтарының нақтылы үлгiлерi мен түрлерiн қаруланбаған оқу ұшақтарына қайта топтастыруды реттейтiн рәсiмдер туралы хаттамада:
      1. І-бөлiмнiң 1 және 2 тармақтары алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
      "Әр Қатысушы мемлекеттiң сандық шектеуден, осы Хаттамада көрсетiлген рәсiмдерге сәйкес осы Хаттаманың II-бөлiмiнiң 1-тармағында тiзiлген жауынгерлiк-жаттығу ұшақтарының тек сол нақтылы үлгілерi мен түрлерiн Шарттың ІҮ-бабындағы және Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамадағы жауынгерлiк ұшақтарға шығаруға құқылы.
 
      (А) Әр Қатысушы мемлекет сандық шектеуден осы Хаттаманың II-бөлiмiнiң I-тармағында тiзiлген осы Хаттаманың ІІІ-бөлiмi 1 және 2 тармақтарында көрсетiлген, оның кез-келген құрамдас бөлiгi бар жекелеген ұшақтардың нақтылы үлгiлерi мен түрлерiн Шарттың IY-бабындағы және Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамадағы жауынгерлiк ұшақтарға тек толық қарусыздандыру және сертификаттау арқылы шығаруға құқылы.
 
      (В) Әр Қатысушы мемлекет сандық шектеуден осы Хаттаманың II-бөлiмi 1-тармағында тiзiлген осы Хаттаманың ІІІ-бөлiмi 1 және 2 тармақтарында көрсетілген, онда бiрде-бiр құрамдас бөлiгi жоқ, жекелеген ұшақтардың нақтылы үлгілерi мен түрлерiн жауынгерлiк ұшақтарға тек сертификаттау арқылы шығаруға құқылы.
      2. Осы Хаттаманың II-тарауының 1-тармағында тiзiлген жауынгерлiк-жаттығу ұшақтарының үлгiлерi мен түрлерi Шарт күшiне енгеннен кейiн 40 айдың ішінде қарусыздандырылады және сертификаттандырылады. Әзiрге мұндай ұшақтар осы Хаттаманың IҮ-тарауында көрсетiлген рәсiмдерге сәйкес қарусызданған ретiнде сертификаттандырылмаған болса, Шарттың IҮ-бабындағы және Ұлттық шектеулi деңгейлер хаттамасындағы жауынгерлiк ұшақтарға сандық шектеу есептелмейдi. Әр Қатысушы мемлекеттiң Шарттың ІҮ-бабындағы және Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамадағы 550 сандық ұшақтан аспайтын, оның iшiнде 130-дан аспайтыны үлгi немесе МИГ-25у нұсқасы болып табылатын жауынгерлiк ұшақтарды сандық шектеуден шығаруға

 

құқылы.

     2. II-тараудың 1-тармағы алынып тасталады және мыналармен

алмастырылады:

     "1. Әр Қатысушы мемлекет тек мынадай жауынгерлiк-жаттығу ұшақтарының

нақтылы үлгiлерiн немесе нұсқаларын осы Хаттаманың ережелерiне сәйкес

Шарттың IҮ-бабындағы және Ұлттық шектеулi деңгей туралы хаттамадағы

жауынгерлiк ұшақтарды сандық шектеуден шығаруға құқылы:

     СУ-15у

     СУ-17у

     МИГ-15у

     МИГ-21у

     МИГ-23у

     МИГ-25у

     МИГ-28"


     3. IY-тарау алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:


     "ІY-бөлiм СЕРТИФИКАТТАУ РӘСIМДЕРI



 
       1. Әр Қатысушы мемлекет жауынгерлiк жаттығу үлгiлерiн немесе ұшақтарды қарусыздандыруға және сертификаттауға немесе тек сертификаттауға ғана ниет бiлдiрсе, осы Шарттың III-тарауының 1 және 2 тармақтарында тiзiмге алынған мұндай ұшақтардың ешқандай сыңарының болмауын қамтамасыз ету үшiн осындай сертификаттау рәсiмiн ұстанады.
      2. Әр Қатысушы мемлекет әрбiр сертификаттау туралы Инспекциялар туралы хаттаманың Х-тарауы 3-тармағына сәйкес барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi жазбаша хабарландырады. Сертификаттауды өткiзуге ниет бiлдiрген Қатысушы мемлекет толық қарусыздандыру талап етiлмейтiн ұшақтар алғаш сертификатталатын жағдайда ұшақтың сол қарулы үлгiлерi мен нұсқалары үшiн осы Шарттың III-тарауы 3-тармағының (А), (В) және (С) тармақшаларында талап етiлген ақпараттарды барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге бередi.
      3. Әр Қатысушы мемлекет Инспекциялар туралы хаттаманың Х-тарауына сәйкес жауынгерлiк-жаттығу ұшақтарын сертификаттауға инспекция өткiзуге құқылы.
      4. Мынадай Шарт бойынша, бiрде-бiр Қатысушы мемлекет сертификаттау және қайта сертификаттау процесiне байланысты түсiнбестiк бар деп санаса, ол туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi жазбаша хабарламаса, осы тараудың 5-тармағына сәйкес көрсетілген сертификаттаудың және қайта топтастырудың аяқталғандығы туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап 30 күн iшiнде, осы тараудың 3 тармағы мен Инспекциялар туралы хаттаманың Х-тарауында баяндалған қандайда бiр Қатысушы мемлекет сертификаттауды инспекциялау жөнiндегi құқығын пайдаланғанына байланысты емес, осы тарауда көзделген сертификаттау рәсiмi аяқталғанда ғана толық қарусыздандыру және сертификаттау немесе тек сертификаттау процесi аяқталды деп саналады. Ондай түсiнiксiздiк туындаған жағдайда ол түсiнiксiздiкке жататын ондай қайта топтастыру мәселе шешiлгенге дейiн аяқталды деп саналмайды.
      5. Қатысушы мемлекет сертификаттауды өткiзедi, сертификаттаудың аяқталғандығы жөнiнде Инспекциялар туралы хаттаманың Х-тарауына сәйкес барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi жазбаша хабарландырады.
      6. Сертификаттау қолдану ауданында өткiзiледi. Қатысушы мемлекеттер сертификаттау орындарын бiрлесiп пайдалануға құқылы.
 

                                24-бап



 
 
       Еуропада әдеттегi қарулы күштер туралы шартпен шектелетiн әдеттегi қару-жарақ пен техниканың қысқартылуын реттейтiн рәсiмдер туралы Хаттамада:
      1. ҮIII-тараудың 2 және 10 тармақтары алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
      "2. Әр Қатысушы мемлекет қайта жабдықталатын жауынгерлiк танктер мен жауынгерлiк броньды машиналардың санын анықтайды. Ол сандар:
 
      (А) жауынгерлiк танктер үшiн - Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада осы Қатысушы мемлекет үшiн көзделген Ұлттық шектеулi деңгейден 5, 7 пайыз (750 жауынгерлiк танктен артық емес) немесе несi көп, соған байланысты 150 бiрлiк, және
 
      (В) жауынгерлiк броньды машиналар үшiн - Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада осы Қатысушы мемлекет үшiн көзделген Ұлттық шектеулi деңгейден 15 пайыз (3000 жауынгерлiк броньды машиналардан артық емес) немесе несi көп, соған байланысты 150 бiрлiк".
 
      "10. Егер осы тараудың 6-тармағында көзделген бөлiгi бiр машинаға рәсiмнiң аяқталуы бойынша соңғы қайта жабдықтауды iске асырмауға шешiм қабылданса, осы Хаттаманың басқа тұстарында баяндалған тиiстi рәсiмдерге сәйкес бұл машиналар жойылады".
      2. IХ-тараудың 1-тармағы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
      "1. Әр Қатысушы мемлекет Шартпен шектелетiн, әр санат үшін әдеттегi қару-жарақ пен техниканың өзiнiң қысқарту нормасын, апат нәтижесiнде жойылған жағдайда, Шартпен шектелетiн, осы санаттағы әдеттегi қару-жарақ пен техниканың Ұлттық шектеулi деңгейлерi туралы хаттамада осы Қатысушы мемлекет үшiн белгiленген Ұлттық шектеулi деңгейдiң 1,5 пайызынан аспайтын санында қысқартуға құқылы".
      3. Х-тараудың 2-тармағы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
      "2. Бiрде-бiр Қатысушы-мемлекет Шартпен шектелетiн, әр санаттағы әдеттегi қару-жарақ пен техниканың Ұлттық шектеулi деңгейлерi туралы хаттамада сол Қатысушы-мемлекет үшiн белгiленген Ұлттық шектеулi деңгейдiң бiр пайызынан артық емес қысқартылуы үшiн тұрақты экспозицияны немесе қай саны көп, соған байланысты сегiз бiрлiктi пайдалана алмайды".
      4. ХI-тараудың 2-тармағы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
      "2. Бiрде-бiр Қатысушы-мемлекет Шартпен шектелетiн, осы екi санаттағы әдеттегi қару-жарақ пен техниканың Ұлттық шектеулi деңгейлерi туралы хаттамада осы Қатысушы мемлекет үшiн көзделген Ұлттық шектеулi деңгейдiң 2,5 пайызынан артық емес жауынгерлiк танктер мен жауынгерлiк броньды машиналар санын жер үстiндегi мақсаттар үшiн пайдалану арқылы қысқартпайды. Бұдан басқа, бiрде-бiр Қатысушы мемлекеттiң өздiгiнен жүретiн 50 артиллериялық бiрлiктен аспайтын жер үстiндегi мақсаттар үшiн пайдалану арқылы қысқартуға құқысыз".
      5. ХII-тараудың 2-тармағы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
      "2. Қатысушы мемлекет Шартпен шектелетiн, әр осы екi санаттағы әдеттегi қару-жарақ пен техниканың Ұлттық шектеулi деңгейдiң бес пайызынан аспайтын жауынгерлiк ұшақтар мен соққылы тiкұшақтардың санын жер үстiндегi жаттығудың материалдық бөлiгi ретiнде пайдалану арқылы қысқартпайды.
 

                                25-бап



 
 
       Жауынгерлiк тiкұшақтарды топтастырады және көпмақсатты соққылы тiкұшақтарды қайта топтастыруды реттейтiн рәсiмдер туралы хаттамада:
      1. 1-тараудың 3-тармағы алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
      "3. Осы тараудың 2-тармағының ережелерiне тәуелсiз және осы тарауға айрықша өзгешелiк ретiнде Әзiрбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия, Қазақстан Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина Шарттың IY-бабында және Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада шектеуге жатпайтын тiкұшақтар,

 

барлауды, бағыттауды немесе химиялық, биологиялық, радиологиялық сынақ

алуды iрiктеу үшiн қайта жабдықталған Ми-24р және Ми-24к тiкұшақтарының

100 бiрлiгiнен аспайтын жалпы сандық жиынтығын ұстауға құқылы. Мұндай

тiкұшақтар Ақпараттар алмасу туралы хаттамаға сәйкес ақпарат алмасуға және

Ақпараттар алмасу туралы хаттамадағы ҮI-тараудың 33-тармағына сәйкес іштей

инспекциялауға жатады".

     Ми-24р және Ми-24к тiкұшақтары мынадай шектен тыс:

     Әзiрбайжан Республикасы - 4;

     Армения Республикасы - 4;

     Беларусь Республикасы - 16;

     Грузия - 4;

     Қазақстан Республикасы - 0;

     Молдова Республикасы - 4;

     Ресей Федерациясы - 50;

     Украина - 18.


 
       Олардың қалай жабдықталғанына қарамастан мамандандырылған соққылы тiкұшақтар ретiнде топтастырылады, және Шарттың ІҮ-бабындағы және Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамадағы соққылы тiкұшақтар үшiн шектелуге жатқызылады. Жоғарыда келтiрiлген шектеулердің кез-келген өзгерiстерге қатысты Шарттың ІҮ-бабының 3-тармағы мен IY-бабының 5-тармағындағы mutatis mutanolis ережелерi қолданылады.
      2. ІҮ-тарау алынып тасталады және мыналармен алмастырылады:
 
      "ІҮ-бөлiм. СЕРТИФИКАТТАУ РӘСIМДЕРI
 
      1. Көп мақсаттар соққылы тiкұшақтарды қайта топтастыратын әр Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың III-тарауының I-тармағында тiзілген ешбiр айрықша белгiлерi жоқ сондай тiкұшақтарды қамтамасыз ету үшiн сертификаттаудың мынадай рәсiмдерiн ұстанады.
      2. Әр Қатысушы мемлекет әрбiр сертификаттау жөнiнде Инспекциялар туралы хаттаманың Х-тарауының 3-тармағына сәйкес барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi жазбаша хабарландырады.
      3. Әр Қатысушы мемлекет Инспекциялар туралы хаттаманың Х-тарауына сәйкес тiкұшақтарды сертификаттауға инспекция өткiзуге құқылы.
      4. Бiрде-бiр Қатысушы мемлекет сертификаттау және қайта топтастыру процесiне байланысты түсiнбестiк бар деп санаса, ол туралы барлық басқа Қатысушы-мемлекеттердi жазбаша хабарламаса, осы бөлiмнiң 5-тармағына сәйкес көрсетілген сертификаттаудың және қайта топтастырудың аяқталғандығы туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап 30 күн iшiнде осы бөлiмнiң 3-тармағында және Инспекциялар туралы хаттаманың Х-бөлiмiнде баяндалған қандайда бiр Қатысушы мемлекет сертификаттауды инспекциялау бойынша құқығын пайдаланғанына қарамай осы бөлімде көзделген сертификаттау рәсiмi аяқталғанда ғана қайта топтастыру рәсiмi аяқталды деп саналады.
      5. Сертификаттауды өткiзетiн Қатысушы мемлекет сертификаттаудың және

 

қайта топтастырудың аяқталғандығы туралы Инспекциялар туралы хаттаманың

Х-бөлiмiне сәйкес барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге жазбаша хабарлайды.

     6. Сертификаттау қолданыс ауданында өткiзiледi. Қатысушы мемлекеттер

сертификаттау орындарын бiрлесiп пайдалануға құқылы.


                                26-бап


     Ақпараттар алмасу көлемi жөніндегi Қосымшасымен қоса жазбаша

хабарламалар және ақпарат алмасу туралы хаттама алынып тасталады және

мыналармен алмастырылады:


            "ЖАЗБАША ХАБАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ АҚПАРАТ АЛМАСУ ТУРАЛЫ

                                 ХАТТАМА


     Қатысушы мемлекеттер осы арқылы Еуропадағы әдеттегi қарулы күштер

туралы шарттың ХIII-бабына сәйкес жазбаша хабарламалар және ақпарат

алмасуға қатысты рәсiмдер мен ережелер туралы келіседi.


     І-бөлiм. ҚОЛДАНЫС АУДАНЫ ШЕГІНДЕГI ӘР ҚАТЫСУШЫ

              МЕМЛЕКЕТТIҢ ҚҰРЛЫҚТАҒЫ ӘСКЕРЛЕРIНІҢ

              ЖӘНЕ ӘСКЕРИ-ӘУЕ КҮШТЕРI МЕН ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ

              АВИАЦИЯ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ



 
       1. Әр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге қолданыс ауданы шегiндегi оның құрлықтағы әскерлерiнiң және Әскери-әуе күштерi мен Әуе қорғанысы авиация әскерлерiнiң құрылымы туралы мынадай ақпарат бередi:
 
      (А) оның құрлықтағы әскерлерінің атауын көрсете отырып, қолбасшылықтың әр деңгейiндегi барлық жауынгерлiк құрамалар мен бөлiмдердiң және жауынгерлiк жылдың және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлiмдердiң бағыныстылығын әскери округке немесе төменгi деңгейге, не баламалық деңгейге бағыну арылған, әуеден қорғану құрамалары мен бөлiмдерiне қоса, бригада/полк деңгейiне дейін қолбасшылықты ұйымдастыру. Бригада/полк деңгейiнен жоғары құрамаларға тiкелей бағындырылған бригада/полк деңгейiнен төмен қолбасшылықтың келесi кезектегi деңгейiнiң жекелеген бөлімдерi (яғни жекелеген батальондар), оларға сондай бөлімдер бағындырылған құрамаларды немесе бөлiмдердi көрсететiн ақпараттармен бiрегейлендiрiледi;
 
      (В) авиақанат/әуе полкi деңгейiне немесе баламалық деңгейге дейiнгi қолбасшылықтың әр деңгейiндегi құрамалар мен бөлімдердің атаулары мен бағыныштылығын көрсете отырып, оның әскери-әуе күштерi мен әуеден қорғану авиация әскерлерiнің қолбасшылығын ұйымдастыру. Авиақанат/авиаполк (яғни жеке эскадрильялар) деңгейiнен жоғары құрамаларға тiкелей бағындырылған, авиақанат/әуе полкi деңгейiнен төмен қолбасшылықтың келесi деңгейiндегi жекелеген бөлiмдер, оларға сондай бағындырылған құрамаларды немесе бөлiмдердi көрсететiн ақпараттармен бiрегейлендiріледi; және
 
      (С) осы шарттың ІІІ-бөлiмi 3-тармағы (А) және (В) тармақшаларында көрсетілгенiндей әскери объектiлердің атаулары мен бағыныштылығы.
 
      ІІ-бөлiм. ШАРТПЕН ШЕКТЕЛЕТIН, ӘР САНАТТАҒЫ ӘДЕТТЕГI
                ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ТЕХНИКАНЫҢ ЖАЛПЫ САНЫ
                ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ШАРТТЫҢ IС-ӘРЕКЕТIНЕ ЖАТАТЫН
                ӘДЕТТЕГІ ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ТЕХНИКАНЫҢ БЕЛГIЛI
                ТҮРЛЕРIНІҢ ЖАЛПЫ САНЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
 
      1. Әр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге:
 
      (А) Шартпен шектелетiн және Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада көзделген, сандық шектеуге жататын қолда бар оның әр санаттағы әдеттегi қару-жарақ пен техниканың жалпы саны мен тұрпаты бойынша саны;
 
      (В) Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада көзделген сандық шектеумен есепке алынатын Қатысушы мемлекеттiң аумағын көрсете отырып, қолда бар оның жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллерияның жалпы саны мен тұрпаты бойынша саны;
 
      (С) Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада көзделген, сандық шектеу мен есепке алынатын Қатысушы мемлекеттiң аумағын көрсете отырып, қолда бар оның ұшақтары мен соққылы тiкұшақтарының жалпы саны мен тұрпаты бойынша саны; және
 
      (D) Шарттың iс-әрекетiне жататын қолда бар оның кезектегi қару-жарақтары мен техникалардың жалпы саны тұрпаты бойынша саны;
      (1) танктiк көпiр қоюшылар;
      (2) Ұйымның қолында бар, бейбiт кезеңде iшкi қауіпсіздік қызметiн қамтамасыз етудi iске асыру үшiн құрылған және құрылымды ұйымдастырылған жаяу әскерлердің жауынгерлiк машиналары;
      (3) есептен шығарылған және кәдеге жаратуды күтудегi, жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллериялар, жауынгерлік ұшақтар және соққылы тiкұшақтар; және
      (4) Ми-24р және Ми-24к тiкұшақтары туралы ақпараттар бередi.
 
      ІІІ-бөлiм. ҚАТЫСУШЫ-МЕМЛЕКЕТТЕРДIҢ ӘДЕТТЕГІ ҚАРУЛЫ
                 КYШТЕРIНIҢ ҚАРУЛАНУЫНДА ТҰРҒАН ӘДЕТТЕГІ
                 ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ТЕХНИКАНЫҢ ҚОНЫСТАНҒАН
                 ОРЫНДАРЫ, САНЫ ЖӘНЕ ТҰРПАТТАРЫ ТУРАЛЫ
                 АҚПАРАТ
 
      1. Осы Хаттаманың 1-бөлiмi 1-тармағындағы (А) және (В) тармақшаларына сәйкес жазбаша хабарланған оның әрбiр құрамалары мен бөлiмдерi, сондай-ақ сол құрамалар мен бөлiмдерге бағындырылған жеке орналасқан батальондар/эскадрильялар немесе олардың баламалары үшiн әрбiр Қатысушы

 

мемлекет барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге мынадай ақпараттар бередi:


     (А) бейбiт кезеңде оның құрамалары мен бөлiмдерiнiң қолында бар,

мынадай санаттағы, Шартпен шектелетiн әдеттегi қару-жарақ пен техниканың,

оның iшiнде географиялық атауы мен координаты көрсетiлген штабтардың

атаулары мен қоныстанған орындары:

     (1) жауынгерлiк танктер;

     (2) жауынгерлiк броньды машиналар;

     (3) артиллерия;

     (4) жауынгерлiк ұшақтар;

     (5) соққылы тiкұшақтар;


     (В) осы тармақтың (А) тармақшасында тiзiлген әдеттегi қару-жарақ пен

техниканың (тұрпаты бойынша дивизия деңгейiндегi немесе оның баламасына

және төмен құрамалар мен бөлiмдерге қатысты) сандарын көрсете отырып, осы

тармақтың (А) тармақшасына сәйкес жазбаша хабарламада көрсетiлген оның

құрамалары мен бөлiмдерiнiң бар екендiгi; және

     (1) жауынгерлiк қамтамасыз ету тiкұшақтары;

     (2) қаруланбаған көлiк тiкұшақтары;

     (3) танктерге көпір салушылар;

     (4) жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналарына ұқсас;

     (5) бронетранспортерлерге ұқсас;

     (6) оқу-жаттығу ұшақтары;

     (7) қайта топтастырылған жауынгерлiк-жаттығу ұшақтары; және


 
       (8) Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада көзделген сандық шектеуге жатпайтын Ми-24р және Ми-24к тiкұшақтары*;
 
      (С) Осы тармақтың (А) тармақшасына сәйкес жазбаша хабарламада көрсетiлгендер болып табылмайтын Қолданыстағы тұрпаттар туралы хаттамада көрсетiлген немесе ұшақтарды қайта топтастыру туралы хаттамада географиялық атауы мен тұрған орындары көрсетiлген штабтары қоса тiзiлген,

 

Шарттың II-бабында анықталғанындай, қолдарында мынадай санаттағы дағдылы

қару-жарақ пен техникасы бар, бейбiт кезеңдегi оның құрамалары мен

бөлiмдерiнiң атауы және қоныстанған орны:

     (1) жауынгерлiк қамтамасыз ету тiк ұшақтары;

     (2) қаруланбаған көлiк тiкұшақтары;

     (3) бронетранспортерлерге ұқсас;

     (4) оқу-жаттығу ұшақтары;


     **Тiкұшақтардың қайта топтастыру туралы хаттаманың I-бөлiмi

3-тармағына сәйкес.

     (5) қайта топтастырылған жауынгерлiк жаттығу ұшақтары; және

     (6) танктiк көпiр салушылар;

     (7) Жаяу әскерлердiң жауынгерлік машиналарына ұқсас;


 
       (8) ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада белгіленген, сандық шектеуге жатпайтын Ми-24р және Ми-24к тiкұшақтары**;
 
      (Д) Жоғарыда аталған, әр санаттағы (тұрпаты бойынша дивизия деңгейiндегi немесе оның баламасына және төменгi құрамалар мен бөлiмдерге қатысы бар) сандарды көрсете отырып, осы тармақтың (С) тармақшасына сәйкес жазбаша хабарламадағы оның құрамалары мен бөлiмдерiнiң бар екендiгi.
      2. Әр Қатысушы-мемлекет барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге мыналарды көрсете отырып, оның әдеттегi қарулы күштерiнiң қарулануында бар, оның құрлықтағы Әскерлердiң немесе Әскери-әуе күштерiнiң не Әуеден қорғану авиация әскерлерiнiң қолданысында жоқтығы, әдеттегi қару-жарақ пен техника туралы ақпарат бередi.
 
      (А) авиақанат/әуе полкi немесе оның баламасы деңгейiне дейiнгi, оның бейбiт кезеңдегi құрамалары мен бөлiмдерiнiң, сондай-ақ қолбасшылықтың келесi деңгейiндегi бөлек орналасқан немесе жеке саналатын (яғни батальондар/эскадрильялар немесе олардың баламалары) географиялық атаулары

 

мен тұрған орындарын көрсете отырып, штабтарын қоса, мынадай санаттағы,

Шартпен шектелетiн, қолдарында әдеттегi қару-жарақ пен техникасы бар,

бригадалар/полктер, авиақанат/әуе полкi деңгейiнен төмен бөлiмдердiң

атаулары мен орналасқан орыны:

     (1) жауынгерлiк танктер;

     (2) жауынгерлiк броньды машиналар;

     (3) артиллерия;

     (4) жауынгерлiк ұшақтар; және

     (5) соққылы тiкұшақтар; және


     (В) осы тармақтың (А) тармақшасына сәйкес жазбаша хабарламада

көрсетiлген, осы тармақтың (А) тармақшасында тiзілген, әдеттегi қару-жарақ

пен техниканың (дивизия немесе оның баламалары және төменгi деңгейдегi

құрамалар мен бөлiмдерге қатысты) санын көрсете отырып, оның құрамалары

мен бөлiмдерiнiң бар екендiгі, және

     (1) жауынгерлiк қамтамасыз ету тiкұшақтары;

     (2) қаруланбаған көлiк тiкұшақтары;


     **Тiкұшақтардың қайта топтастыру туралы хаттаманың I-бөлiмi

3-тармағына сәйкес.

     (3) танктерге көпiр салушылар;

     (4) жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналарына ұқсас;

     (5) бронетранспортерге ұқсас;

     (6) оқу жаттығу ұшақтары;

     (7) қайта топтастырылған жауынгерлiк-жаттығу ұшақтары; және

     (8) Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада көзделген, сандық

шектеуге жатпайтын, Ми-24к тiкұшақтары***.

     3. Әр Қатысушы-мемлекет барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге мынадай

ақпарат бередi:



 
       (А) географиялық атауы мен тұрған орнын көрсете отырып, оның тұрақты қоймалық сақталуы белгiленген тұрағының орналасуы, сондай-ақ сондай орындардағы қолда бар осы бөлiмнің, 1-тармағының (А) және (В) тармақшаларында тiзiлген санаттағы әдеттегi қару-жарақ пен техниканың саны мен тұрпаты;
 
      (В) географиялық атауы мен тұрған орнын көрсетiп, бақылау объектiлерi, жөндеу және қызмет көрсету жөнiндегi жеке бөлiмдер, әскери-оқу мекемелерi мен Әскери әуеайлақ ретiнде бiрегейлендiрiлген құрамалар мен бөлiмдер үшiн штатқа саналмайтын, оның қоймалық сақтауының әскери тұрағының жерi мұнда санаттағы әдеттегi қару-жарақ пен техниканың, осы бөлiмнiң 1-тармағының (А) және (В) тармақшаларында тiзiлген қолда немесе әдеттегi қолданыста бар, сондай жерлерде орналасқан әр санаттағы тұрпаты бойынша бар екендiгi атап көрсетiледi; және
 

 

     (С) Шартпен шектелетiн, әдеттегi қару-жарақ пен техниканың

қысқартылуы өткiзiлетiн жердiң орналасуы, қысқарту туралы хаттамаға сәйкес

географиялық атауы мен тұрған жерi бойынша орналасқан жерi, Шартпен

шектелетiн, тұрпаты бойынша әр санаттағы қару-жарақ пен техниканың бар

екендiгiн атап көрсетіп, сондай жерлердегi қысқартуды күткен және бұл

қысқарту жерi екендiгi анықталады.


     ІҮ-бөлiм. ҚОЛДАНЫС АУДАНЫ ШЕГIНДЕ, БIРАҚ ӘДЕТТЕГI

               ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДIҢ ҚАРУЛАНУЫНДА ЖОҚ,

               ЖАУЫНГЕРЛIК БРОНЬДЫ МАШИНАЛАРДЫҢ,

               ЖАУЫНГЕРЛIК ҰШАҚТАР МЕН СОҚҚЫЛЫ

               ТIКҰШАҚТАРДЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРI ЖӘНЕ САНЫ

               ТУРАЛЫ АҚПАРАТ


     ***Тiкұшақтарды қайта топтастыру туралы хаттаманың 1-бөлiмi

3-тармағына сәйкес


 
       1. Әр Қатысушы мемлекет, барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге оның әдеттегi қарулы күштерiнiң қарулануында бар, бiрақ әлеуеттiк әскери маңызы бар, қолданыс ауданы шегiнде оның жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының, артиллериясының, жауынгерлiк ұшақтар мен соққылы тiкұшақтардың орналасқан жерi мен саны туралы ақпарат бередi.
 
      (А) Тиiсiнше, әр Қатысушы мемлекет мынадай ақпарат бередi:
 
      (1) оның жауынгерлiк танктерiне, артиллериясына, жауынгерлiк ұшақтарына және мамандандырылған соққылы тiкұшақтарына, сондай-ақ жаяу әскерлердің жауынгерлiк машиналарына қатысты, ұйымның қолында бар Шарттың ХII-бабына оларды көрсеткенiндей бөлек немесе жеке орналасқан батальон деңгейiне немесе баламалық деңгейге дейiн түгел, бейбiт кезеңде iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қызметiн iске асыру үшiн құрылған және құрылымды ұйымдастырылған, қолында сондай қару-жарақ пен техникасы бар, географиялық атауы мен тұрағын, жерiн қоса қонысын және әрбiр сондай ұйымның қолында бар, сол санаттағы әдеттегi қару-жарақ пен техниканың саны мен тұрпаты;
 
      (2) оның бронетранспортерлерiне, ауыр қару-жарақты жауынгерлiк машиналарына және көп мақсатты соққылы тiкұшақтарына қатысты ұйымның қолында бар, бейбiт кезеңде iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қызметiн iске асыру үшiн құрылған және құрылымы ұйымдастырылған, - әрбiр әкiмшiлiк аймақта әр санаттың сондай қару-жарағы мен техниканың жиынтық саны немесе бiрлiк бөлiктерi;
 
      (3) Шарттың IХ-бабының ережелерiне сәйкес есептен шығарылғаннан кейiн кәдеге жаратуды күтетiн, оны жауынгерлiк танктерiне, жауынгерлiк броньды машиналарына, артиллериясына, жауынгерлiк ұшақтары мен соққылы тiкұшақтарына қатысты, сондай қару-жарағы мен техникасына және әр жердегi саны және тұрпаты қолдарында бар, географиялық атауы мен тұрған жерi, орнын қоса, қонысы;
 
      (4) экспортты немесе керi экспортты күтетiн не экспорт немесе керi экспорт үшiн қайта жабдықталған және қолданыс ауданында уақытша сақталатын жауынгерлiк танктерге, жауынгерлiк броньды машиналарға, артиллерияға, жауынгерлiк ұшақтарға және соққылы тiкұшақтарға қатысты, әр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге Шарт күшiне енгеннен кейiн және бiр мезгiлде әр жерлiк тұрағымен бiрегейлендiрiлген осы Хаттаманың ҮII-бөлiмi 1-тармағына сәйкес әр жыл сайынғы ақпараттар алмасуды ұсынады, онда әдеттегiдей жалпы алғанда 15-тен астам жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллериялық бiрлiктер немесе Шарттың ІІІ-бабының 1-тармағындағы (Е) тармақшасына сәйкес экспортты немесе керi экспортты күтетiн не экспорт немесе керi экспорт үшiн қайта жабдықталатын және қолданыс ауданында уақытша сақталатын бестен артық жауынгерлiк ұшақтар немесе оннан аса соққылы тiкұшақтар тұрады.
 
      (5) Әр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге Шарт күшiне енгеннен кейiн және сонымен бiр мезгiлде осы Хаттаманың YII-бөлiмінің 1 тармағына сәйкес жыл сайынғы ақпарат алмасуды ұсынады:
 
      (а) келесi жылғы 1 қаңтардың жағдайы бойынша сондай жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлік броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк ұшақтардың және соққылы тiкұшақтардың саны; және
 
      (в) соңғы 12 айдың iшінде "экспортты күту" санатынан шығарылған, тұрпаты бойынша жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк ұшақтар мен соққылы тiкұшақтардың жалпы саны, бағдары бойынша оларды бөлiп: әдеттегi қарулы күштерге немесе iшкi қауiпсiздiк күштерiне қайта бағындырылған, "Есептен шығарылған және кәдеге жаратуды күту" санатына көшiрiлген, кәдеге жаратуға тартылған немесе қолданыс ауданының шегiнен аударылған.
 
      Қатысушы мемлекеттер Бiрлескен консультативтiк топтың шеңберiне осы ережелерге сәйкес сан туралы ақпараттар беру түрлерiн келiседi.
 
      (6) қысқартылған және қысқарту туралы Хаттаманың YII-бабына сәйкес қайта жабдықталуды күтетiн оның жауынгерлiк танктерiне және жауынгерлiк броньды машиналарына қатысты, географиялық атауы мен тұрған жерiн қоса, қолдарында сондай қару-жарақ пен техниканың әрбiр орнының және әр орындағы сандары мен тұрпаттарының тұрағы; және
 
      (7) Шарттың III-бабының 1-тармағындағы (В) тармақшасына сәйкес тек қана зерттеу және жасау мақсаттары үшiн пайдаланылатын оның жауынгерлiк танктерiне, жауынгерлiк броньды машиналарына, артиллериясына, жауынгерлiк ұшақтар мен соққылы тiкұшақтарына қатысты, әр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге Шарт күшiне енгеннен кейiн және әр санаттағы сондай әдеттегi қару-жарақ пен техниканың жиынтық санын осы Хаттаманың YII-бөлiмiнiң 1-тармағына сәйкес бiр мезгiлде жыл сайынғы ақпарат алмасуды ұсынады.
 
      Y-бөлiм. БАҚЫЛАУ ОБЪЕКТIЛЕРI ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАНҒАН
               ОРЫНДАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
 
      1. Әр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге оның бақылау объектiлерiн атап, әрбiр бақылау объектiсiнiң жалпы саны мен атауларын қоса, Инспекциялар туралы хаттаманың 1-бөлiмiнде олардың анықталғанындай, жарияланған орындарын тiзе отырып, әр орын туралы мынадай ақпараттар ұсынады:
 
      (А) географиялық атауы мен тұрған жерiн қоса, атаулары мен орналасқан жерi.
 
      (В) Инспекциялар туралы хаттаманың 1-бөлiмінің 1-тармағындағы (J) тармақшасында көрсетiлгеніндей барлық бақылау объектiлерінің атаулары, бұл жерде, қолбасшылықтың келесi деңгейiндегi бағыныстағы элементтер бригадалар/полктер немесе авиақанат/әуе полкi деңгейiнен төмен, бiр-бiрiне немесе қосындары жақын орналасқан, сондай элементтерге қарағанда тiкелей жоғары басшылық саналатын, егер осындай жеке орналасқан батальондардың/эскадрильялардың аралық немесе олардың баламалықтары, не олардың штабына дейiнгi қашықтық 15 шақырымнан аспаса, жеке орналаспаған болып табылады.
 
      (С) сол жерде қолда бар және әр бақылау объектiсi бойынша, сондай-ақ басқа жарияланған орындарда орналасқан, кез-келген бақылау объектiсiне жататын, әрбiр сондай бақылау объектiлерiнiң атауларын атап, осы Хаттаманың III-бөлiмiнде көрсетiлген, әрбiр санаттағы тұрпаты бойынша әдеттегi қару-жарақ пен техниканың жалпы саны.
 
      (Д) бұдан басқа, әрбiр осындай жарияланған орын үшiн солардың атын атап, оның қарулы күштерiнiң қарулануында жоқ, әдеттегi қару-жарақ пен техниканың:
 
      (1) Шарттың IХ-бабының ережелерiне сәйкес есептен шығарылғаннан кейiн кәдеге таратуды күтетiн немесе Қысқарту туралы хаттамаға сәйкес қайта жабдықтауды күтетiн жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк ұшақтардың және соққылы тiкұшақтардың; және
 
      (2) ұйымның қолында бар, бейбiт кезеңде iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қызметiн iске асыру үшiн құрылған және құрылымды ұйымдастырылған жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк ұшақтардың және соққылы тiкұшақтардың саны болып табылады.
 
      (Е) экспортты немесе керi экспортты күтетiн не экспорт немесе керi экспорт үшiн қайта жабдықталатын және қолданыс ауданы шегiнде уақытша сақталатын не солар секiлдi бiрегейлендiрiлген, тек қана зерттеу және жасау үшiн пайдаланылатын қолдағы бар жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк ұшақтардың немесе соққылы тiкұшақтардың жарияланған орнындары және сол орындағы әр санаттың жиынтық саны берiледi; және
 
      (G) географиялық атауы мен тұрған жерiн көрсете отырып, егер бұл мүмкiн болса, халықаралық рейске қызмет көрсететiн бiр коммерциялық әуежайды қоса әр жарияланған орын(дар)ға байланысты кiру/шығу тiре(ктерi)гi.
 
      2. Әр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге Инспекциялар туралы хаттаманың II-бөлiмiнiң 10-тармағына сәйкес есептелген, жарияланған орындарға өзiнiң белсендi емес үлесiнiң инспекциясы туралы жазбаша хабарлайды.
 
      ҮI-бөлiм. ӘДЕТТЕГI ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ТЕХНИКА
                ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕРЛЕРДIҢ ОРНАЛАСУЫ ТУРАЛЫ
                АҚПАРАТ
 
      1. Әр Қатысушы мемлекет жыл сайын барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге бiр мезгiлде жыл сайынғы ақпарат алмасу арқылы осы Хаттаманың ҮII-бөлiмiнiң 1-тармағындағы (В) тармақшасына сәйкес жарияланған орын ретiнде жазбаша хабарламада бұдан бұрын көрсетiлген, осы Хаттаманың III-бөлiмiнiң 1-тармақшасына сәйкес тiзілген санаттағы барлық әдеттегi қару-жарақ пен техника Шартқа қол қою мерзiмiнен бастап шығарылғандығын, егер ондай жерлер сол Қатысушы мемлекеттiң әдеттегi қарулы күштерi пайдалануды жалғастырған жағдайда жерге орналасу туралы ақпарат бередi. Ондай орындардың орналасуы осындай қорытынды шығарылғаннан кейін үш жылдың ішіндегі жазбаша - хабарлама көрсетіледі.
 
      ҮII-бөлiм. ОСЫ ХАТТАМАНЫҢ І-нен Ү-ке ДЕЙIНГI БӨЛIМДЕРIНЕ
                 СӘЙКЕС АҚПАРАТТАР БЕРУ КЕСТЕСI
 
      1. Әр Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың I-нен Ү-ке дейiнгi бөлiмдерiне сәйкес барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге төменде көрсетiлгенiндей ақпараттар бередi:
 
      (А) Еуропадағы әдеттегi қарулы күштер туралы шарттың бейiмделуi туралы келiсiм күшiне енгеннен кейiн 30 күн iшiнде күшiне ену күнiнiң жағдайы бойынша анық ақпарат, егер күшiне енуi 60 күннiң iшiнде 15 желтоқсанға дейiн немесе кейiн болса; мұндай жағдайда:
 
      (1) егер күшiне ену 15 желтоқсанға дейiн болмаса, онда 1-тармақтың (А) тармақшасына сәйкес ақпараттар алмасу, жоғары, 15 желтоқсанда орын алған жыл сайынғы алмасу есепке алынады және ол осы Хаттаманың ережелерiне сәйкес Қатысушы мемлекеттердiң келiскенiндей толықтырылатын болады.
 
      (2) егер күшiне енгiзу 15 желтоқсанға дейiн болса, онда 15 желтоқсанға жоспарланған ақпарат алмасу, егер Қатысушы-мемлекеттер осы Хаттаманың ережелерiне сәйкес басқалай келiспесе ғана Бейiмделу туралы келiсiм күшiне енгеннен кейiн 30 күн iшiнде болады; және
 
      (В) одан кейiнгi әр жылдың 15 желтоқсанында - алдағы жылдың 1 қаңтарының жағдай бойынша анық ақпарат.
 
      2. Әр жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрмей Ресей Федерациясы жыл сайынғы ақпарат алмасу шеңберiнде 1999 жылдың 1 шілдесiндегi жағдай бойынша Ресей Федерациясы берген қосымша ақпаратпен қамтылған географиялық аудандағы оның Қарулы Күштерi туралы хабарлап, ақпараттар бередi.
 
      ҮIII-бөлiм. ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДАҒЫ ӨЗГЕРIСТЕР
                  НЕМЕСЕ ШАРТПЕН ШЕКТЕЛЕТIН ӘДЕТТЕГI ҚАРУ-
                  ЖАРАҚ ПЕН ТЕХНИКАНЫҢ ҚОЛДА БАРЫ ТУРАЛЫ
                  АҚПАРАТ
 
      1. Әр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге:
 
      (А) осы Хаттаманың 1-бөлiмiне сәйкес жазбаша хабарланғанындай, бақылау объектiлерi ретiнде бiрегейлендiрiлген жеке орналасқан бөлiмдердi қоса, қолданыс ауданы шегiндегi оның әдеттегi Қарулы Күштерiнiң ұйымдық құрылымындағы кез-келген өзгерiс; осы Хаттаманың I және III бөлiмдерiне сәйкес жазбаша хабарланғанындай, құрамалар мен бөлiмдердiң кез-келген атауының өзгеруi немесе орналасқан жерiнiң кез-келген өзгеруi; кез-келген бақылау объектiсiнiң немесе жарияланған орындардың құрылуы; сондай-ақ осы Хаттаманың Ү-бөлiмiне сәйкес бұл туралы жазбаша хабарланған кез-келген атауды қайта өзгерту немесе бақылау объектiлерiн басқа орынға қайта ауыстыру туралы жазбаша хабарлайды. Ондай жазбаша хабарлама 42 күннен кешiктiрмей берiледi; және
 
      (В) жыл сайынғы ақпарат алмасу барысында берiлген ең соңғы жаңартылған мәлiметтер негiзiнде есептелген, 10 немесе одан көп пайыз бар санды өзгерту жөнiндегi ең соңғы тиiстi жазбаша хабарламаны қоса, 1-тармақтың (А) және (В) тармақшаларында және осы Хаттаманың III-бөлiмiнiң 2-тармағындағы (А) және (В) тармақшаларында жазбаша хабарланғанындай, бригадалар/полктер, авиақанат/әуе полкi, бөлек немесе жеке орналасқан батальондар/эскадрильялар немесе баламалық деңгейiне дейiн түгел, кез-келген оның жауынгерлiк құрамалары мен бөлiмдерiне және жауынгерлiк, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлiмдерiне қосып жазылған, не тұрақты қоныс тапқан немесе бақылау объектiлерi ретiнде бiрегейлендiрiлген, III-бөлiмнiң 3-тармағындағы (А) және (В) тармақшаларына сәйкес жазбаша хабарланған кез-келген объектiлерiне қоса жазылған Шартпен шектелетiн санаттағы кез-келген әдеттегi қару-жарақ пен техниканың 10 немесе одан да көп пайызы өзгердi;
      Мұндай жазбаша хабарлама бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, жазбаша хабарланған өзгерiстен кейiн нақтылы қолдағы барлары көрсетiле отырып, сондай өзгерiстiң болғанына орай берiледi. Бақылау объектiсiнiң жабылу дерегi атап көрсетiледi. Жазбаша хабарламаға қосылған қару-жарақ пен техниканың пайда болуы туралы ақпарат енгiзiледi, оған әдеттегi қарулы күштер саналмайтын жаңа өндiрiс, импорт, әдеттегi қарулы күштерден аудару, күштерден аудару, немесе қолданыс ауданы шегiнен тыс, бiрақ онымен шектелмейтiн қайта ауыстыру қосылады. Егер қолданыс ауданы шегiнде бақылау объектiсi ретiнде бiрегейлендiрiлген қару-жарақ пен техника басқа бөлiмнен немесе басқа объектiден көшiрiлсе, жазбаша хабарлама бақылау объектiсi ретiнде бiрiгейлендiрілген, егер бақылау объектiсi ретiнде бiрегейлендiрiлген осы бөлiмде немесе осы объектіде қайтадан олардың алынатыны он немесе одан көп процентке өзгеруi орын алған жағдайда бөлiмнiң атауы, тiркелген нөмiрi және бөлiмнің немесе объектінің орналасқан жері көрсетіледі. Жазбаша хабарламаға сонымен бiрге алынатын қару-жарақ пен техниканың тағайындалуы туралы ақпараттар енедi, оған әдеттегi қарулы күштер саналмайтын, есептен шығаруды, кәдеге жаратуды, әдеттегi қарулы күштерге көшiрудi, Күштерге көшiрудi қосады немесе экспорттық күштерi, бiрақ мұнымен шектелмейдi. Егер қолданыс ауданы шегiнде бақылау объектiсi ретiнде бiрегейлендiрiлген қару-жарақ пен басқа бөлiмге немесе басқа объектiге көшiрiлсе, жазбаша хабарлама бақылау объектiсi ретiнде бiрегейлендiрiлген, олардың қай жерге түсетiнi, егер бақылау объектiсi ретiнде бiрегейлендiрiлген осы бөлiмге немесе осы объектiге олардың қай жерден түсетіні он немесе одан көп пайызға өзгеруі орын алған жағдайда бөлiмнiң атауы, тiркелу нөмiрi және бөлiмнiң немесе объектiнiң орналасқан жерi қосып жазылады. Қолданыс ауданы шегiнен тыс бастапқы жерге немесе бағдарлы жерiне қатысы бар фактiнiң өзi көрсетiледi.
      2. Украина, Шартпен шектелетiн санаттағы кез-келген әдеттегi қару-жарақ пен техниканың, І-тармақтың (А) және (В) тармақшаларында және осы Хаттаманың ІІІ-бөлiмiнiң (А) және (В) тармақшаларында жазбаша хабарланғанындай бригадалар/полктер, авиақанат/әуе полкi, бөлек немесе жеке орналасқан батальондар/эскадрильялар деңгейiне немесе баламалы деңгейiне дейiнгi оның кез-келген жауынгерлiк құрамасы мен бөлiмдерiне немесе жауынгерлiк, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлiмдерiне қоса жазылған жыл сайынғы ақпараттар алмасу кезiнде хабарланған, Одесса облысындағы онда қолда барының қосып жазылғандығына қатысты 5 немесе оданда көп пайызына өзгерістер туралы ақпараттар бередi. Мұндай жазбаша хабарлама бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, сондай өзгерiс болғаннан кейiн және жазбаша хабарламада айтылғандай, өзгерiстен кейiн нақтылы өзгерiс көрсетiле отырып берiледi.
 
      IХ-бөлiм. ҚАТЫСУШЫ-МЕМЛЕКЕТ АУМАҒЫНДА ТҰРМАЙТЫН,
                1 ҚАҢТАРДАҒЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ОЛАРДЫҢ БЕЙБІТ
                КЕЗЕҢДЕ ОРНАЛАСАТЫН ЖЕРІ РЕТIНДЕ
                МӘЛIМДЕЛГЕН, ШАРТПЕН ШЕКТЕЛЕТIН
                ЖАУЫНГЕРЛIК ТАНКТЕРДIҢ, ЖАУЫНГЕРЛIК
                БРОНЬДЫ МАШИНАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ АРТИЛЛЕРИЯНЫҢ
                ОРНАЛАСҚАН ЖЕРI ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
 
      1. Әр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге әр жылдың 21 қаңтарына қарай жазбаша хабарламада 1 қаңтардағы жағдай бойынша олардың бейбіт кезеңде орналасатын жері ретінде мәлімденген, аталған Қатысушы мемлекеттің аумағына немесе шектеулі төменгi деңгейлi аумақтан тұрмайтын өзінің жауынгерлiк танктерi, жауынгерлiк броньды машиналары мен артиллериясы туралы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мынадай анық ақпараттар хабарлайды, бұл туралы жыл сайынғы ақпарат алмасу шеңберінде хабарланған болатын:
 
      (А) Қатысушы-мемлекет және шектеулi төменгi деңгейлi аумақ атап көрсетiлiп, жазбаша хабарланған бейбiт кезеңдегi орналасқан жерi, құраманың немесе бөлiмнiң атауы, бөлiмнiң тiркелген нөмiрi, егер бұл iске асса, және тұрпаттар бойынша оның қатыспайтын жауынгерлiк танктерінің, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериясының саны; және
 
      (В) 1 қаңтардағы жағдай бойынша сондай қару-жарақ пен техниканың нақтылы орналасқан жерi, егер олар тек бөлiмнiң құрамына орналаспай, соған тiркелсе, соңғы жағдайда Қатысушы мемлекеттi және шектеулi төменгi деңгейлi аумақты атап көрсетiп, географиялық тұрған жерi белгiленген, тиiстi бөлiмнің нақтылы орналасқан жерi хабарланады немесе егер тек нақтылы орналасқан жерi жарияланған орын ретiнде саналса, соңғы жағдайда жарияланған орынның тұрағы, оның тiркелген нөмiрi мен аталуы хабарланады.
 
      2. Әр Қатысушы мемлекет әр жылдың 21 қаңтарына қарай барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге жазбаша хабарламада қолданыс ауданы шегiнен тыс қолданыс ауданындағы Қатысушы мемлекеттiң аумағына немесе шектеулi төменгi деңгейлi аумаққа көшiрiлген өзiнiң жауынгерлiк танктерi, жауынгерлiк броньды машиналары және артиллериясы туралы және жыл сайынғы ақпараттар алмасу шеңберiнде хабарланған нақтылы орналасқан жерi туралы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мынадай анық ақпараттарды хабарлайды. Жазбаша хабарламаға тұрпаттары бойынша оның жауынгерлiк танктерi, жауынгерлiк броньды машиналары және артиллериясы енедi, сондай-ақ 1 қаңтардағы жағдай бойынша сондай қару-жарақ пен техниканың, егер олар тек бөлiмнiң құрамында орналаспай, соған тiркелсе, нақтылы орналасқан жерi, сондағы жағдайда Қатысушы мемлекеттi және шектеулi төменгi деңгейлi аумақты көрсете отырып, географиялық тұрған жерi белгiленген бөлiмнiң нақтылы орналасқан жерi, немесе, егер нақтылы орналасқан жерi жарияланған орын болып саналмаса, соңғы жағдайда жарияланған орынның тұрағы, оның тiркелген нөмiрi және атауы хабарланады.
 
      Х-бөлiм. ҚАТЫСУШЫ-МЕМЛЕКЕТТIҢ ӘДЕТТЕГI ҚАРУЛЫ
               КҮШТЕРIНIҢ ҚАРУЛАНУЫНА ТYСКЕН ЖӘНЕ
               ҚАРУЛАНУЫНАН АЛҒАН, ШАРТПЕН ШЕКТЕЛЕТIН
               ӘДЕТТЕГІ ҚАРУ-ЖАРАҒЫ МЕН ТЕХНИКАСЫ ТУРАЛЫ
               АҚПАРАТ
 
      1. Әр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге Шарт күшiне енгеннен кейiн және бiр мезгілде осы Хаттаманың YII-бөлiмiнiң 1-тармағындағы (В) тармақшасына сәйкес берілетiн әр жыл сайынғы ақпарат алмасуын ұсынады.
 
      (А) өткен 12 ай iшiнде қолданыс ауданы шегiндегi оның әдеттегi қарулы күштерінің қарулануына келiп түскен, Шартпен шектелетін әдеттегi қару-жарақ пен техниканың саны мен тұрпаттары туралы жиынтық ақпарат, оларды шығу тегi бойынша бөлшектеп, қолданыс ауданы шегiнен тыс жаңа өндiрiстi, импортты немесе көшiрудi қоса, iшкi қауiпсiздiк күштерiнен қайта бағынысқа алу, бiрақ мұнымен шектелмейдi; және
 
      (В) Шартпен шектелетiн, әдеттегi қару-жарақ пен техниканың саны мен тұрпаттары туралы жиынтық ақпарат, мұнда:
 
      (1) өткен 12 ай ішінде қолданыс ауданы шегiндегi оның әдеттегi қарулы күштерінің қарулануынан алынған, олардың соңғы хабарланған орналасқан жерi мен тағайындалуы бойынша бөлiнгенiн атап көрсетіп, есептен шығаруды, ішкi қауiпсiздiк күштерiнiң бағынысына қайта, экспортты күтудi, қайта жабдықтау арқылы кәдеге жаратуды, қолданыс ауданынан шығаруды, бiрақ мұнымен шектелмей; және
 
      (2) Соңғы 12 айда "Есептен шығаруды және кәдеге жаратуды күткен" санатынан шығарылған болатын, оларды тағайындалуы бойынша бөлектеп, iшкi қауіпсiздiк күштерiнiң бағынысына қайта алуды қоса, "Экспортты күтушi" санатына тiркеу, қайта қарулануға қабылдау жою/қайта жабдықтау арқылы кәдеге жарату, қолданыс ауданынан шығару, бiрақ мұнымен шектелмей.
 
      ХI-бөлiм. ҚАТЫСУШЫ-МЕМЛЕКЕТТЕРДIҢ ӘДЕТТЕГІ ҚАРУЛЫ
                КҮШТЕРIНIҢ ҚАРУЛАНУЫНДА ТҰРҒАН, ОНЫҢ
                ШАРТПЕН ШЕКТЕЛЕТIН ӘДЕТТЕГI ҚАРУ-ЖАРАҒЫ
                МЕН ТЕХНИКАСЫН ҚОЛДАНЫС АУДАНЫНА ЕНГІЗУ
                ЖӘНЕ ОДАН ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
 
      1. Әр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге Шарт күшiне енгеннен кейiн және осы Хаттаманың ҮII-бөлiмiнiң 1-тармағындағы (В) тармақшасына сәйкес ұсынылатын, жыл сайынғы ақпараттар алмасумен бiр мезгiлде мыналарды бередi:
      (А) соңғы 12 айда қолданыс ауданынан шығарылған, оның қарулы күштерiнiң қарулануында тұрған, Шартпен шектелетін, әр санаттағы әдеттегi қару-жарақ пен техниканың саны және тұрпаты туралы және осы қару-жарақ пен техниканың кез-келгенi құрамаларға немесе бөлiмдерге жеткiзілгендiгi туралы жиынтық ақпарат.
 
      (В) соңғы 12 айда қолданыс ауданынан шығарылған және оның шегiнен тыс қалдырылған, оның әдеттегi қарулы күштерінің қарулануында тұрған, Шартпен шектелетiн, әр санаттағы әдеттегi қару-жарақ пен техниканың саны мен тұрпаты және соңғы хабарланған қолданыс ауданының шегiнде сондай әдеттегi қару-жарақ пен техниканың орналасқан жерi туралы жиынтық ақпарат; және
 
      (С) қолданыс ауданы шегiндегi оның қарулы күштерiнiң қарулануында тұрған, Шартпен шектелетiн, әдеттегi қару-жарақ пен техника жетi күндiк мерзiм iшiнде қолданыс ауданынан шығарылады және оған қайта енгiзiледi, оның iшiнде осы бөлiмдегi есеп беру туралы ереженiң ықпалына түспейтiн, жаттығу немесе әскери қызмет ретiндегi мақсаттар үшін.
 
      ХII-бөлiм. ҚОЛДАНЫС АУДАНЫ АРҚЫЛЫ НЕМЕСЕ ОНЫҢ
                 ШЕГIНДЕ ТРАНЗИТПЕН КЕЛЕ ЖАТҚАН ӘДЕТТЕГI
                 ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ТЕХНИКАЛАР
 
      1. Транзитпен келе жатқанында қолданыс ауданына енгiзiлген, осы Хаттаманың ІІІ-бөлiмiнде көрсетiлген санаттағы әдеттегi қару-жарақ пен техника туралы егер олар қолданыс ауданы шегінде жетi күннен астам мерзiмге қалатын болса ғана осы Хаттамаға сәйкес хабарланады.
      2. Шарттың Y-бабына сәйкес жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллерияның транзитіне қатысты осындай транзиттi iске асыратын әр Қатысушы мемлекет транзитпен келе жатқан әдеттегi қару-жарақ пен техника бiрiншi Қатысушы мемлекеттiң аумағына немесе шектеулi төменгi деңгейлi аумаққа енгiзiлетiн күннен кешiктiрмей

 

барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге мынадай ақпараттар бередi:


     (А) транзиттiң басталған күнi;


     (В) тасымалдау әдiсi;


     (С) транзит аумағы арқылы iске асырылатын бiрiншi Қатысушы-мемлекет;


     (D) транзитпен келе жатқан қару жарақ пен техниканың санаттары; және



 
       (Е) әдеттегi қару-жарақ пен техника қолданыс ауданына аумақтары арқылы енгiзiлген Қатысушы-мемлекет немесе қолданыс ауданындағы шектеулi төменгi деңгейлi аумақ, немесе
 
      (Ғ) транзитпен өтіп бара жатқан қару-жарақ пен техника бастапқыда келiп түскен, қай жерде қолдануға болатындығына қарай, Қатысушы-мемлекет немесе шектеулі төменгi деңгейлi аумақ.
      3. Осындай транзиттi iске асырушы әр Қатысушы-мемлекет барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге мүмкіндiгiнше қысқа мерзiмде, бiрақ транзитпен өтiп бара жатқан әдеттегi қару-жарақ пен техника, транзит iске асырылатын бiрiншi мемлекеттiң аумағы немесе шектеулi төменгi деңгейлi аумақ арқылы енгiзгеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей, мынадай ақпараттар бередi:
 

 

     (А) транзиттiң басталған күнi;


     (В) тасымалдау әдiсi;


     (С) Қатысушы мемлекеттер немесе шектеулi төменгi деңгейлi аймақтар

арқылы iске асырылатын транзит;


     (D) егер қолдануға болатын болса, соңғы тағайындалған Қатысушы

мемлекет;



 
       (Е) аумағы арқылы транзит iске асырылатын әр Қатысушы мемлекеттiң аумағындағы немесе шектеулi төменгi деңгейлi аумақтағы транзиттiң болжамды ұзақтығы;
 
      (Ғ) транзитпен өтетiн жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллериялық бiрлiктердiң жалпы саны; және
 
      (G) қосымша ақпараттар, соған байланысты жазбаша хабарламаларды қоса.
 
      4. Транзиттi iске асыратын әр Қатысушы мемлекет транзитпен келе жатқан жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия оның аумағына енгеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге мынадай ақпараттар бередi:
 
      (А) iске тартылған жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың немесе артиллериялық бiрлiктердiң жалпы саны;
      (В) оның аумағы арқылы өтетiн транзиттiң болжамды ұзақтығы; және
      (С) қосымша ақпараттар, соған байланысты жазбаша хабарламаларды қоса.
 
      5. Егер соңғы пункт қолданыс ауданы шегiнде тұрса, соңғысына тағайындалған Қатысушы мемлекет оның аумағына тиiстi әдеттегi қару-жарақ пен техника келгеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей транзиттiң аяқталғандығы туралы барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге жазбаша хабарлайды.
      6. Жауынгерлiк танктердi, жауынгерлiк броньды машиналарды және артиллерияны транзитпен өткiзудi iске асыратын әр Қатысушы мемлекет транзитпен өтетiн әдеттегi қару-жарақ пен техника ретiнде соңғы пункт тұрған жерден немесе қолданыс ауданынан Қатысушы мемлекеттiң аумағына немесе шектеулi төменгi деңгейлi аумаққа енгізiлгеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге мынадай ақпараттарды жазбаша хабарлайды:
      (А) осы бөлiмнiң 2 және 3 тармақшаларына сәйкес жолданған жазбаша хабарламаларға сiлтеме;
      (В) транзиттiң басталу және аяқталу күнi;
      (С) транзит басталған Қатысушы-мемлекет немесе шектеулi төменгi деңгейлi аумақ;
      (D) iске тартылған жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллерияның жалпы саны;
      (Е) транзит iске асырылған Қатысушы мемлекеттер немесе шектеулi төменгi деңгейлi аумақтар;
      (Ғ) соңғы пункт тұрған Қатысушы мемлекеттiң аумағы немесе шектеулi төменгi деңгейлi аумақ не қолданыс ауданына шығарар алдында транзит iске асырылған Қатысушы мемлекеттiң аумағы немесе төменгi деңгейлi шектеулi аумақ, егер бұл қолданылатын болса; және
      (G) транзитпен өтетiн әдеттегi қару-жарақ пен техниканың соңғы пунктке келуі нәтижесінде берілетін, егер ол қолданыс ауданының шегінде тұрса, жазбаша хабарламаны қоса қосымша ақпарат.
 
      ХIІІ-бөлiм. ҚОЛДАНЫС АУДАНЫНДА ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫ
                  МЕМЛЕКЕТ АУМАҒЫНДА НАҚТЫЛЫ ТҰРҒАН
                  ЖАУЫНГЕРЛIК ТАНКТЕР, ЖАУЫНГЕРЛIК БРОНЬДЫ
                  МАШИНАЛАР ЖӘНЕ АРТИЛЛЕРИЯЛАР ТУРАЛЫ
                  ТОҚСАН САЙЫНҒЫ АҚПАРАТ
 
      1. Әр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге Қатысушы мемлекеттiң аумағын және төменгi деңгейлi шектеулi аумақты атап көрсетiп, және Ұлттық шектеулi деңгей туралы хаттамада көзделген сандық шектеу есебiне алынған қолданыс ауданында нақтылы тұрған оның жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериялық бiрлiктерiнiң жалпы саны туралы жазбаша хабарлайды.
      2. Қолданыс ауданы шегiнде аумағы бар әр Қатысушы мемлекет жазбаша хабарламада барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге барлық басқа жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериясының жалпы саны және кез-келген Қатысушы мемлекеттiң, оның аумағы мен төменгi деңгейлi шектеулi аумағында нақтылы тұрған және Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада сол үшiн көзделген, сандық шектелудiң есебiне алынған, жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың және

 

артиллерияның санын хабарлайды.

     3. Ақпараттар осы бөлiмнiң 1 және 2 тармақтарына сәйкес:

     әр жылдың 31 қаңтарында берiледi және 1 қаңтардағы жағдай бойынша

жарамды саналады;

     әр жылдың 30 сәуiрiнде берiледi және 1 сәуiрдегi жағдай бойынша

жарамды саналады;

     әр жылдың 31 шілдесiнде берiледi және 1 шiлдедегi жағдай бойынша

жарамды саналады;

     әр жылдың 31 қазанында берiледi және 1 қазандағы жағдай бойынша

жарамды саналады.


     ХIV-бөлiм. ҚАТЫСУШЫ-МЕМЛЕКЕТ АУМАҒЫНЫҢ ШЕГIНДЕГІ

                ҚОЛДАНЫС АУДАНЫНДА НАҚТЫЛЫ ТҰРҒАН

                ЖАУЫНГЕРЛIК ҰШАҚТАР МЕН СОҚҚЫЛЫ

                ТIКҰШАҚТАР ТУРАЛЫ ТОҚСАН САЙЫНҒЫ АҚПАРАТ



 
       1. Әр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы-мемлекеттердi қолданыс ауданында нақтылы тұрған және Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада сол үшiн көзделген сандық шектеудiң есебiне алынған Қатысушы-мемлекеттiң аумағын атап көрсетiп, олардың қайта тiркелген санын қоса, оның жауынгерлiк ұшақтары мен соққылы тiкұшақтарының жалпы саны туралы жазбаша хабарлайды.
      Бұл ақпарат әр жылдың 31 қаңтарында берiледi және 1 қаңтардағы жағдай бойынша жарамды саналады; әр жылдың 30 сәуiрiнде берiледi және 1 сәуiрдегi жағдай бойынша жарамды саналады; әр жылдың 31 шiлдесiнде берiледi және 1 шiлдедегi жағдай бойынша жарамды саналады; әр жылдың 31 қазанында беріледi және 1 қазандағы жағдай бойынша жарамды саналады.
 
      ХV-бөлiм. ҚАТЫСУШЫ-МЕМЛЕКЕТ АУМАҒЫНДА НЕМЕСЕ
                ТӨМЕНГI ДЕҢГЕЙЛI ШЕКТЕУЛI АУМАҚТА ТҰРҒАН
                ЖАУЫНГЕРЛIК ТАНКТЕР, ЖАУЫНГЕРЛIК БРОНЬДЫ
                МАШИНАЛАР НЕМЕСЕ АРТИЛЛЕРИЯ САНЫНЫҢ
                ӨЗГЕРУI ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
 
      1. Осы Хаттаманың ХI-бөлiмiнiң 1 тармағындағы (С) тармақшасының ережелерiн сақтай отырып, осы Хаттаманың ХII-бөлiмiне, ХVIII-бөлiмiне және ХХ-бөлiмiне сәйкес жазбаша хабарлама берiлген қару-жарақ пен техникадан басқа әр Қатысушы-мемлекет осы Хаттаманың ХIII-бөлiмiне сәйкес берiлген ең соңғы жазбаша хабарламада көрсетiлген деңгейлермен салыстырғанда кез-келген аумақта немесе төменгi деңгейлi шектеулi аумақта болған өзгерiстер және осы тармаққа сәйкес берiлген бұдан кейiнгi жазбаша хабарламаларда өзгерiс арқылы тең немесе 30 жауынгерлiк танктен немесе 30 жауынгерлiк броньды машинадан не 10 артиллериялық бiрлiктен аспайтыны туралы барлық басқа Қатысушы-мемлекеттердi жазбаша хабардар етедi. Жазбаша хабарламада мынадай ақпарат болады:
      (А) Қатысушы-мемлекеттiң аумағын немесе төменгi деңгейлi шектеулi аумағын көрсете отырып жазбаша хабарламада бұдан бұрын хабарланған бар деңгейлер;
      (В) жазбаша хабарламадағы бұдан бұрынғы деңгейлердiң сандық өзгеруi;
      (С) Қатысушы мемлекеттiң аумағын немесе төменгi деңгейлi шектеулi аумағын көрсете отырып қолда бар жаңа деңгейлер; және
      D) өзгерiс жарамды деп танылған күн.
 
      2. Осы бөлiмге сәйкес жазбаша хабарлама бұдан бұрынғы жазбаша хабарламада көрсетiлгендей, деңгейлер көшiрiлгеннен кейiн бес жұмыс күннен кешіктiрмей берiледi.
 
      ХVI-бөлім. ЖАУЫНГЕРЛIК ҰШАҚТАР МЕН СОҚҚЫЛЫ
                 ТIКҰШАҚТАРҒА IСКЕ ТАРТЫЛҒАН БЕЛГIЛI БIР
                 ОҚИҒАЛАРҒА ҚАТЫСЫ БАР АҚПАРАТ
 
      1. Қолданыс ауданында аумағы бар әр Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың ХI-бөлiмiнiң 1-тармағындағы (С) тармақшасының ережелерiн сақтай отырып, Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамалар көрсетiлген сандық шектеуге есепке алынған әр жағдайда берілуіне сәйкес ең соңғы жазбаша хабарламада көрсетілген деңгейлерден тыс өзгеру мөлшерi тең немесе 18 жауынгерлiк ұшақтан немесе 18 соққылы тiкұшақтан аспайтын оның жауынгерлiк ұшақтарының және оның соққылы тiкұшақтарының жалпы санының өзгеруi туралы барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге жазбаша хабарлама бередi:
      (А) осы Хаттаманың ІІ бөлiмi 1-тармағы (А) тармақшасына, және осы тармаққа сәйкес бұдан кейiнгi жазбаша хабарламада; немесе
      (В) осы Хаттаманың ХIV-бөлiмiне және осы тармаққа сәйкес берiлген бұдан кейiнгi жазбаша хабарламаларда егер бұл деңгейлер жоғарыдағы (А) тармақшасына сәйкес жазбаша хабарламада хабарланған деңгейден аспаса.
 
      2. Қолданыс ауданында аумағы жоқ әр Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың ХI-бөлiмi 1-тармағындағы (С) тармақшасының ережелерiн сақтай отырып Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада көрсетiлген сандық шектеуде есепке алынған әр жағдайда берiлуiне сәйкес ең соңғы жазбаша хабарламада көрсетiлген деңгейлерден тыс немесе төмен өзгеру мөлшерi тең немесе 18 жауынгерлiк ұшақтан немесе 18 соққылы тiкұшақтан аспайтын оның жауынгерлiк ұшақтарының және оның соққылы тiкұшақтарының жалпы санының өзгеруi туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге жазбаша хабарлама бередi.
      (А) осы Хаттаманың II-бөлiмiнiң 1-тармағындағы (А) тармақшасына және осы тармаққа сәйкес берiлген бұдан кейiнгi жазбаша хабарламаларда; немесе
      (В) осы Хаттаманың ХIV-бөлiмiне және осы тармаққа сәйкес берiлген бұдан кейiнгi жазбаша хабарламада.
 
      3. Осы бөлiмге сәйкес жазбаша хабарлама әрбiр осындай өзгерiстен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей берiледi; және
      (А) бұдан бұрынғы жазбаша хабарламадағы қолда бар деңгейлері;
      (В) жазбаша хабарламадағы бұдан бұрынғы деңгейлердің сандық өзгеруi;
      (С) қолда бар жаңа деңгейлер; және
      (D) өзгерiс жарамды деп танылған күн.
 

     ХVII-бөлім. ҚАТЫСУШЫ-МЕМЛЕКЕТТЕ БАР САҢЫЛАУДЫ

                 ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ


 
 
       1. Қолданыс ауданында аумағы бар әр Қатысушы мемлекет саңылау есебiнен оның аумағындағы және сол санаттардағы оның аумақтық шектеулi деңгейлерi арасындағы оны ұлттық жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериясының санын басқа Қатысушы мемлекеттік пайдалануы үшiн рұқсат берiлгендiгi туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге жазбаша хабарлайды. Мұндай жазбаша хабарлама рұқсаттың күшiне енетiн күнiнен кешiктiрмей берiледi және Қатысушы мемлекетке пайдалануға рұқсат берiлген саңылау есебiнен барынша санды, басталған күнi мен рұқсаттың қолданыс мерзiмiнің нұсқауы көрсетiледi. Егер жазбаша хабарлаған Қатысушы мемлекет рұқсатнамаға өзгерiс енгiзсе, ол өзiнiң жазбаша хабарламасын жаңартады.
      2. Рұқсатта көрсетiлген жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк машиналардың немесе артиллерияның жалпы саны, барлық қолданыстағы рұқсаттардың толтырылмай қалғанын есепке алып, саңылаудың сол бөлiгiнде бiрде-бiр осындай санат еш уақытта артылмайды.
 
      ХVIII-бөлiм. АУМАҚТЫҚ ШЕКТЕУЛI ДЕҢГЕЙДI НЕМЕСЕ
                   АУМАҚТЫҚ ШЕКТЕУЛI ТӨМЕНГI ДЕҢГЕЙДI
                   УАҚЫТША АРТТЫРУ КЕЗIНДЕ БЕРIЛЕТIН
                   АҚПАРАТ
 
      1. Қолданыс ауданында аумағы бар әр Қатысушы мемлекет осы Шарттың VII-бабына сәйкес оның аумақтық шектеулi деңгейi немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейi уақытша арттырылған кездiң барлық жағдайлары туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге жазбаша хабарлайды.
      2. Өзiнiң жауынгерлiк танктерiмен, жауынгерлiк броньды машиналарымен немесе артиллериясымен басқа Қатысушы мемлекеттiң аумақтық шектеулi деңгейiн немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейiнiң, не оның меншiктi аумақтық шектеулi төменгi деңгейiнiң арттырылуын туғызатын iс-әрекетке қатысатын әр Қатысушы мемлекет ол туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге жазбаша хабарлайды.
      3. Әскери жаттығулар нәтижесінде аумақтық шектеулi деңгейi немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейi арттырылған жағдайда:
      (А) аумағында әскери жаттығулар өткiзiлетiн Қатысушы-мемлекет аумақтық шектеулi деңгейi немесе аумақтық шектеулi төменгі деңгейi арттырылатын күнге дейiн 42 күннен кешiктiрмей барлық басқа Қатысушы-мемлекеттерге мыналарды жазбаша хабарлайды: жаттығулардың атаулары мен жалпы мақсаттары; қатысатын Қатысушы-мемлекеттер; жаттығулардың басталатын күнi және олардың есептелген ұзақтығы; жаттығуларға тартылатын жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллерияның жалпы саны, және аумақтық шектеулi деңгейден немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейден тыс жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың немесе артиллерияның жалпы саны; жаттығулардың аумақтық шектеулi деңгейдiң немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейдiң арттырылуы жалғасатын кезеңнiң басталатын және аяқталатын күнi; сондай-ақ географиялық тұрақты орыны белгiленген, жаттығу өткiзiлетiн аудан;
 
      (В) Өзiнiң жауынгерлiк танктерiмен, жауынгерлiк броньды машиналармен немесе артиллериясымен жаттығуларға қатысатын әр Қатысушы-мемлекет аумақтық шектеулi деңгейi немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейi арттырылатын күнге дейiн 42 күннен кешiктiрмей барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге ол әскери жаттығуларға, қатыстырылатын өзінің жауынгеріне танктерінің, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериясының жалпы санын, оларды қай жерлерде қолдануға болатынын, бастапқы бақылау объектілерiнiң орналасқан жерiн, бастапқы командалық құрамды, құрамалар мен бөлiмдердiң атауларын және бөлiмдердiң тiркелген нөмiрлерiн; географиялық тұрған жерi белгiленген қанат жаю ауданын және өзiнiң жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының немесе артиллериясының келуi мен кетуiнiң есептi күндерiн; сондай-ақ қосымша түсiндiрме ақпараттарды жазбаша хабарлайды;
 
      (С) жазбаша хабарламада көрсетiлген деректерде қандай да бiр өзгерiс болған жағдайда осы тармақтың (А) және (В) тармақшаларына сәйкес берiлген жазбаша хабарламадағы аумақтық шектеулi деңгей немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгей арттырылатын күннен кешiктiрмей, осы күнге дейiн 42 күн iшiнде жаңартылады;
      (D) Қатысушы мемлекет өзiнiң меншіктi аумақтық шектеулi төменгі деңгейін арттырған жағдайда осы тармаққа сәйкес барлық жазбаша хабарламалар сол Қатысушы мемлекеттерге берiледi;
      (Е) егер аумақтық шектеулi деңгейiнiң немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейiнiң арттырылуы 42 күннен артық жалғасса, мүмкiндiгiнше оның жедел, бiрақ аумақтық шектеулi төменгi деңгейi арттырылғаннан кейiн 43 күннен кешiктiрмей:
      (1) аумақтың шектеулi деңгейi немесе аумақтың шектеулi төменгi деңгейi арттырылатын Қатысушы мемлекет жазбаша хабарламада арттырудың мақсатын және есептi ұзақтығын хабарлайды, арттыруға қатысушы Қатысушы мемлекет, аумақтық шектеулi деңгейден немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейден тыс жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың немесе артиллерияның жалпы саны, сондай-ақ географиялық тұрған жерi белгiленген қанат жаю ауданы; және
      (2) өзiнің жауынгерлiк танктерiмен, жауынгерлiк броньды машиналарымен немесе артиллериясымен уақытша қанат жаюға қатысатын әр Қатысушы мемлекет жазбаша хабарламада өздерiнiң жауынгерлiк танктерінің, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериясының жалпы санын, сондай-ақ географиялық тұрған жерi белгiленген қанат жаю ауданын хабарлайды.
      (F) әр Қатысушы мемлекет осы тармақтың (А) немесе (В) тармақшасына сәйкес бұдан бұрынғы жазбаша хабарламада көрсетiлген сандардың жиынтығы 30 жауынгерлiк танкке, 30 жауынгерлiк броньды машинаға немесе 10 артиллериялық бiрлiкке арттырылған әр жағдайда жазбаша хабарлама жасайды. Ондай жазбаша хабарлама осындай арттыру болғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей берiледi.
 
      4. Уақытша қанат жаю нәтижесiнде аумақтық шектеулi деңгей немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгей арттырылған жағдайда:
 
      (А) аумақтық шектеулi деңгейi немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейi арттырылатын Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге мыналарды жазбаша хабарлайды:
      (1) аумақтық шектеулi деңгейi немесе аумақтың шектеулi төменгi деңгейi арттырылатын күннен кешiктiрмей - арттыру күнi; операцияның атауы, оның мақсаттары мен есептi ұзақтығы туралы; қатысатын Қатысушы мемлекеттер аумақтық шектеулi деңгейден немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейден тыс жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың немесе артиллерияның жалпы саны, сондай-ақ қанат жаю ауданы туралы;
      (2) аумақтық шектеулi деңгейi немесе аумақтық шектеулі төменгi деңгейi арттырылғаннан кейiн 21 күннен кешiктiрмей, географиялық тұрған жерi белгiленген, қанат жаю ауданын қоса, жаңартылған ақпаратымен жазбаша хабарлайды; және
      (3) тиiстi аумақтық шектеулi деңгейден тыс уақытша қанат жайған жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың немесе артиллерияның саны 153 жауынгерлiк танктен немесе 241 жауынгерлiк броньды машинадан немесе 140 артиллериялық бiрлiк деңгейiнен асқан әрбiр жағдайда;
      (В) аумақтық шектеулi деңгейден немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейден тыс жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар немесе артиллерия қанат жаятын Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге жазбаша хабарламасында мыналарды хабарлайды:
      (1) аумақтық шектеулi деңгейi немесе аумақтың шектелуi төменгi деңгейi арттырылатын күннен кешiктiрмей - аумақтық шектеулi деңгейден немесе аумақтық шектеулер төменгi деңгейден тыс өздерiнiң жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериясының жалпы саны және қанат жаю ауданы; және
      (2) аумақтық шектеулi деңгейi немесе аумақтық шектелуi төменгi деңгейi арттырылғаннан кейiн 21 күннен кешiктiрмей мақсатты және уақытша қанат жаюдың болжамды ұзақтығы, өздерiнiң iске тартылған жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериясының жалпы саны, географиялық тұрған жерi белгiленген қанат жаю ауданы және оның қай жерде қолданылатыны, бақылау объектiлерi, олардың бастапқы орналасқан жерi және командалық құрамы, сондай-ақ құрамалар мен бөлiмдердiң атауы және бөлiмнiң тiркелген нөмiрi.
      (С) бұдан кейiнгi жаңартылған ақпараттар аумақтық шектеулi деңгей немесе аумақтың шектеулi төменгi деңгейдiң арттырылуы жүрiп жатқанда, әр 90 күнде берiлiп тұрады;
      (D) әр Қатысушы мемлекет осы тармақтың (А), (В) немесе (С) тармақшаларына сәйкес сол Қатысушы мемлекеттің бұдан бұрынғы жазбаша хабарламасында көрсетілген жиынтық саны 30 жауынгерлік танктен, 30 жауынгерлік броньды машинадан немесе 10 артиллериялық бірліктен артатын әр жағдайда жазбаша хабарлама береді. Мұндай жазбаша хабарлама арту болғанынан кейінгі бес күннен кешіктірмей беріледі;
      (Е) Қатысушы мемлекет өзiнiң меншiктi аумақтық шектеулi төменгi деңгейi арттырылған жағдайларда, осы тармаққа сәйкес барлық жазбаша хабарламалар сол Қатысушы мемлекеттерге берiледi.
 
      5. Әскери жаттығудың нәтижесiнде немесе уақытша қанат жаюдың нәтижесiнде аумақтық шектеулi деңгейi немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейi арттырылған Қатысушы мемлекет оның аумағында тұрған, жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллерияның саны бұдан былай оның аумақтық шектеулi деңгейiнен немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейiнен аспайтын әрбiр жағдайда барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге жазбаша хабарландырады.
      6. Егер аумақтық шектеулi деңгей 153 жауынгерлiк танктен, 241 жауынгерлiк броньды машинадан немесе 145 артиллериялық бiрлiктен аспайтын санға арттырылса, осы бөлiмнiң 4-тармағы (2) тармақшасының (А) тармақшасына және 4-тармақтың (С) тармақшасына сәйкес мұндай қару-жарақ пен техника, егер барлық осы қару-жарақ пен техника осы Хаттаманың VII-бөлiмi 1-тармағының (А) тармақшасына сәйкес ақпараттар алмасу кезiнде және бұдан кейiнгi әр жыл сайынғы ақпараттар алмасу кезiнде басқа Қатысушы мемлекеттiң аумағында нақтылы уақытша тұрған жерi жазбаша хабарланса, онда ақпарат алмасуға енгiзуге жатпайды.
 

     ХIХ-бөлiм. БРОНЕТРАНСПОРТЕР-САНИТАРЛЫҚ МАШИНАЛАР

                ТУРАЛЫ АҚПАРАТ


 
 
       Әр Қатысушы мемлекет броньды санитарлық машиналар Шартта көрсетiлген шектеулерге жатпайтын қағидаттарға нұқсан келтiрмей, жыл сайын 15 желтоқсанда барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге бронетранспортер-санитарлық машиналардың жалпы қолда бары және 18-ден астам бронетранспортер-санитарлық машиналар тұрған жерлер туралы ақпарат бередi.
 

     ХХ-бөлiм. БIТIМГЕРШIЛIК ОПЕРАЦИЯСЫН ӨТКIЗУ

               ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚПАРАТ


 
 
       1. Шарттың V-бабының 2-тармақшасына сәйкес бiтiмгершiлiк операциясын өткізу үшiн басқа Қатысушы мемлекеттiң аумағында жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың немесе артиллерияның қанат жаюын iске асырушы әр Қатысушы мемлекет өзiнiң жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының немесе артиллериясының қанат жаюы басталғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей болжамды ұзақтығы мен операцияның атауы туралы мұндай операцияға тартылған өзінің жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериясының жалпы саны және олардың бағыныстағы командалық сатысы, бастапқы бақылау объектiлерi мен командалық құрамдары туралы, олардың қай жерде қолданылатыны және қолданыс ауданының шегiнде аталған қару-жарақ пен техниканың болжамдық бағдарлы аумағы туралы ақпараттар бередi.
      2. Осы бөлiмнiң 1-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама жiберетiн әр Қатысушы мемлекет бұдан кейiн операция аяқталғанша және iске тартылған қару-жарақ пен техника толық шығарылғанша, әр 90 күнде жаңартылған мәлiметтер беріп тұрады.
 
      ХХI-бөлiм. АҚПАРАТТАР БЕРУ КӨЛЕМI
 
      1. Әр Қатысушы мемлекет Шарттың ХVI-бабында және Көлем жөнiндегi қосымшада белгiленген рәсiмдерге сәйкес барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге осы Хаттамада көрсетiлген ақпаратты бередi. Шарттың ХVІ-бабының 5-тармағына сәйкес көлемi бойынша қосымшаға өзгерiс, тек техникалық сипаттағы азғантай мәселелерге қатысы бар, Шарттың өмiршеңдiгi мен тиiмдiлiгiн арттыруға байланысты шаралар болып саналады.
 
      ХХII-бөлiм. ШАРТҚА СӘЙКЕС ӨЗГЕ ДЕ ЖАЗБАША
                  ХАБАРЛАМАЛАР
 
      Бiрлескен консультациялық топ Шарт бойынша талап етілетiн жазбаша хабарламаларға қатысты құжатты әзiрлейдi. Мұндай құжатта Шарттың ХVІІ-бабына сәйкес берiлетiн және қажет болған жағдайда сондай жазбаша хабарламаның тиiстi көлемi бар, барлық сондай жазбаша хабарламалар көрсетiлiп, тiзiледi. Шарттың ХVI-бабының 5-тармағына сәйкес осы құжатқа өзгерiс, оның iшiнде кез-келген көлемдер, тек техникалық сипаттағы азғантай мәселелерге қатысы бар. Шарттың өмiршеңдiгi мен тиiмділігiн арттыруға байланысты шаралар болып саналады.
 
                    АҚПАРАТ АЛМАСУ КӨЛЕМI БОЙЫНША
                              ҚОСЫМША
 
      1. Әр Қатысушы мемлекет төменде Хаттама аталатын Ақпарат алмасу туралы хаттамаға сай, осы Қосымшада көрсетілген көлемдерге сәйкес барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге ақпарат бередi. Ақпараттың әр тiзбесiндегi деректерi келiсiлген көлемде жазбаша түрде және қосымша электронды үлгiде дискетпен берiледi. Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi Ұйымның алты ресми тiлiнiң бiрiндегi жазбаша мәтiн ресми болып табылады. Әрбiр деректер жазбасының әр кестесiне (бағанына) жолма-жол сызбалы реттiк нөмiр берiледi.
      2. Әрбiр тiзбе жиынтығы тiзбенi ұсынатын Қатысушы мемлекеттің атауы, ұсынылатын тiзбе тiлi, тiзбе алмасу жүргiзiлетiн күнi және жағдай бойынша тiзбеде баяндалған анық ақпарат күнi көрсетiлген титулдық парақпен басталады. Титулдық парақтан кейiн мазмұны, пайдаланылатын қысқартулардың тiзiмнiң, бөлiмнiң тiркелiм нөмiрiнiң ара қатынасын белгiлеуге мүмкіндiк беретiн көрсеткiш, осы Қосымшада көрсетiлген тиiстi кестелер мен беттер, І-ден ҮI-ға дейiнгi кестелер, жыл сайынғы жазбаша хабарламалардың тiзбесi, дипломатиялық шешiлiмдердің тұрақты нөмiрлерiнiң тiзiмi, инспекторлардың және көлiк құралдары экипаждары мүшелерінің толық жаңартылған тiзiмi және ресми мерекелiк күндер тiзiмiн қоса, осыған байланысты қосымша ақпараттар жалғасады.
 
      I-бөлiм. ҚОЛДАНЫС АУДАНЫ ШЕГIНДЕГI ҚҰРЛЫҚТАҒЫ
               ӘСКЕРЛЕРДІҢ, ӘСКЕРИ ӘУЕ КYШТЕРIНIҢ ЖӘНЕ ӘУЕ
               ШАБУЫЛЫНАН ҚОРҒАНЫС ӘСКЕРЛЕРI
               АВИАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАР
 
      1. Хаттаманың I-бөлiмiне сәйкес әр Қатысушы мемлекет әскери округ деңгейiне немесе төмен не баламалық деңгейге бағындырылған, әуе шабуылынан қорғаныс құрамалары мен бөлiмдерiн қоса, оның құрлықтағы әскерлерiнiң және І кестеде баяндалғанындай, жасалған деректер тiзбесiнiң төменнен жоғарыға бағындырылған екi жекелеген түрiнде әскери әуе күштерiнiң және әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерi авиациясының қолбасшылығын ұйымдастыру туралы ақпараттар бередi.
      2. Деректер тiзбесi ең жоғарғы деңгейден бастап, одан әрi қолбасшылықтың әр эшелоны бойынша бригадалар/полктер, жекелеген батальон және авиақанат/әуе полкi, жекелеген эскадрильялар немесе олардың баламалары деңгейiне дейiн берiледi. Тұрақты қоймалық сақталудың барлық белгiленген орындары, қоймалық сақталудың әскери орындары, жөндеу және қызмет көрсету жөнiндегi жекелеген бөлiмдер, әскери-оқу мекемелерi, әскери әуе айлақтар көрсетіледi. Мәселен, әскери округтан /армиядан/ корпустан кейiн кез-келген бағынысты жекелеген полктер, жекелеген батальондар, қоймалар, оқу мекемелерi ал одан кейiн әр бағынысты дивизия өзiнiң полктарымен/жекелеген батальондарымен жалғасатын болады. Барлық бағынысты ұйымдарды тiзгеннен кейiн келесi әскери округтың /армияның/ корпустың тiзiмi жазылады. Әскери-әуе күштерi және әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерi авиациясы үшiн осы тектес-рәсiм қолданылады.
 
      (А) Әрбiр ұйым, осы ұйым үшiн бұдан кейiнгi тiзбелерде және бұдан кейiнгi барлық ақпараттар алмасуда пайдаланылатын жеке белгiмен (яғни құраманың немесе бөлiмнiң тiркелу нөмерiмен) (в бағаны), оның ұлттық (яғни атауы - с бағаны) белгiленуiмен және дивизияларға, бригадаларға/ , жекелеген батальондар мен авиақанаттар/әуе полктерiне, жекелеген эскадрильяларға немесе баламалық ұйымдарға, ол қай жерде ыңғайлы болса - құрамаларға немесе бөлiмдерге (мәселен жаяу әскерлер, танктер, артиллерия, жойғыш және бомбылаушы ұшақтар, жабдықтау) қатысты бiрегейлендiрiледi, және
      (В) Әрбiр ұйым үшiн қолданыс ауданы шегiндегi осы ұйымға қатысы бойынша тiкелей жоғары сатылы қолбасшылықтың екi деңгейi белгiленедi.
 
      I-кесте. ҚҰРЛЫҚТАҒЫ ӘСКЕРЛЕРДIҢ, ӘСКЕРИ ӘУЕ КҮШТЕРI ЖӘНЕ ӘУЕ
               ШАБУЫЛЫНАН ҚОРҒАНЫС ӘСКЕРЛЕРI АВИАЦИЯСЫНЫҢ (Қатысушы
               мемлекеттiң) ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ. (күнгi) ЖАҒДАЙ
               БОЙЫНША ЖАРАМДЫ.
 
      ІІ-бөлiм. ШАРТПЕН ШЕКТЕЛЕТIН ӘДЕТТЕГI ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН
                ТЕХНИКАНЫҢ ӘР САНАТТАҒЫ ЖАЛПЫ САНЫ
                ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ӘДЕТТЕГI ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН
                ТЕХНИКАНЫҢ ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫСЫНА ТҮСЕТIН
                БЕЛГIЛI БIР ТҮРЛЕРIНIҢ ЖАЛПЫ САНЫ ТУРАЛЫ
                АҚПАРАТТАР
 
      1. Хаттаманың ІІ-бөлiмi 1-тармағы (А) және (В) тармақшаларына сәйкес Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада кез-келген, сандық шектелуге жатпайтын, оны тұрпаттар бойынша жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериясының (II А кестесi) жалпы саны туралы. Аумақтық шектеулi деңгейлер туралы (d бағаны) хаттамада көзделген кез-келген шектеулерде есепке алынатын, осы жалпы санның iшiнен тұрпаттар бойынша сан туралы, Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы (d бағаны) хаттамада көзделген, сандық шектеуге жататын, оның тұрпаттар бойынша жауынгерлiк ұшақтары мен соққылы тікұшақтарының (ІI В кестесі) жалпы саны, сондай-ақ, ІI-тармақтың 1-бөлiмi (С) тармақшасына сәйкес, осы сандардың қандай мөлшерi әр Қатысушы мемлекеттiң аумағында тұрғандығы туралы деректер бередi.
      2. Жауынгерлiк броньды машиналар бойынша деректерге ауыр қару-жарағы бар жауынгерлiк машиналардың, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары мен бронетранспортерлердiң жалпы саны, және әрбiр осы төменгi санаттағы (d/с бағаны) олардың сандары (f/с бағаны) мен тұрпаты (е/d бағаны) қосылады.
      3. Шарттың Х-бабына сәйкес қоймаға қойылатын жауынгерлiк танктерге, жауынгерлiк броньды машиналарға және артиллерияға қолданылатын, тұрақты қоймалық сақтаудың (g бағаны) белгiленген орындарындағы осындай қару-жарақ пен техниканың жалпы саны көрсетiледi.
      4. Осы Хаттаманың II-бөлiмi 1-тармағының (D) тармақшасына сәйкес әр Қатысушы мемлекет тұрпаттары бойынша оның жалпы саны туралы деректер (II-С кестесi) бередi.
 
      (А) танкiлiк көпiр салушылар (а-дан d дейiнгі бағандар);
      (В) ұйымның қолында бар, бейбiт кезеңде iшкi қауiпсiздiк қызметiн қамтамасыз етудi iске асыру үшiн құрылған және құрылымдық ұйымдастырылған (а-дан d-ға дейiнгi бағандар) жаяу әскерлердiң, жауынгерлiк машиналардың;
      (С) есептен шығарылған және кәдеге жаратуды күтулi жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк ұшақтар мен соққылы тiкұшақтардың (а-дан d-ға дейiнгi бағандар); және
      (D) Ми-24р және Ми-24к тiкұшақтары (а-дан d-ға дейiнгi бағандар).
 
      IIА кесте. САНДЫҚ ШЕКТЕУГЕ ЖАТАТЫН (Қатысушы мемлекеттiң) ЖАУЫНГЕРЛIК ТАНКТЕРДIҢ, ЖАУЫНГЕРЛIК БРОНЬДЫ МАШИНАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ АРТИЛЛЕРИЯНЫҢ ЖАЛПЫ САНЫ. (күнгi) ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ЖАРАМДЫ.
 
      IIВ кесте. САНДЫҚ ШЕКТЕУГЕ ЖАТАТЫН (Қатысушы мемлекеттiң) ҰШАҚТАР МЕН

 

СОҚҚЫЛЫ ТIКҰШАҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ САНЫ. (күнгi) ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ЖАРАМДЫ.


     IIС кесте. ӘДЕТТЕГI ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ТЕХНИКАНЫҢ (Қатысушы-мемлекеттiң)

ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫСЫНА ЖАТАТЫН БЕЛГIЛI БІР ТҮРІНІҢ ЖАЛПЫ САНЫ. (күнгi) ЖАҒДАЙ

БОЙЫНША ЖАРАМДЫ.


     IID кесте. ЕУРОПАДАҒЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ЖЕКЕ ҚҰРАМЫНЫҢ САНЫ ТУРАЛЫ

КЕЛIССӨЗДЕРДIҢ ҚОРЫТЫНДЫ АКТІСІНІҢ IV-БӨЛIМIНIҢ 1-ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС

БЕРIЛГЕН (Қатысушы-мемлекеттiң) ЖЕКЕ ҚҰРАМНЫҢ ЖИЫНТЫҚ САНЫ ТУРАЛЫ

АҚПАРАТ. (күнгi) ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ЖАРАМДЫ.


     III-бөлiм. ӘДЕТТЕГI ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДIҢ ҚАРУЛАНУЫНДАҒЫ

                ӘДЕТТЕГI ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ТЕХНИКАНЫҢ

                ОРНАЛАСҚАН ЖЕРI, САНЫ ЖӘНЕ ТҰРПАТЫ ТУРАЛЫ

                АҚПАРАТ



 
       1. Әр Қатысушы мемлекет Хаттаманың ІІI-бөлiмiнiң 1-тармағына сәйкес хабарланған оның барлық құрылыстағы әскерлерi мен әскери әуе күштерiнiң және әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерi авиациясының ұйымдары, Хаттаманың ІІI-бөлiмiнiң 2-тармағына сәйкес хабарланған құрамалар мен бөлiмдер және Хаттаманың IІІ-бөлiмiнiң 3-тармағында көрсетiлгенiндей, қолдарында әдеттегi қару-жарақ пен техника бар объектiлер туралы төменнен жоғарыға бағындырылып жасалған деректер тiзбесiн ұсынады.
      2. Әрбiр ұйым мен объект үшiн ақпаратта мыналар көрсетiледi.:
      (А) 1-кестеде хабарланатын құраманың немесе бөлiмнiң тiркелiм нөмiрi (в бағаны) және ұйымның атауы. Осы бөлiмнiң 1-тармағына сәйкес көрсетiлген, жеке орналасқан батальондарға/эскадрильяларға, Хаттаманың III-бөлiмінің 2-тармағына сәйкес хабарланатын құрамалар мен бөлiмдерге, және Хаттаманың ІІІ-бөлiмiнiң 3-тармағына сәйкес тiзiлген объектiлерге, сонымен бірге құрамаларға немесе бөлiмдерге (в бағаны) жеке тiркелiм нөмiрi берiледi және олардың ұлттық атауы (яғни аты - с бағаны) ұсынылады. Тiзбенiң соңында бiрлесiп көрсетілген, Хаттаманың III-бөлiмi 2-тармағына сәйкес хабарланатын тiзбеде олардың орыны, олардың бағыныстылығы көрсетiледi. Тiзбенiң соңында бiрлесiп көрсетiлген Хаттама:
      (1) тұрақты қоймалық сақтаудың белгiленген орны ұлттық атаудан кейiн "ТҚСБО" белгiсiмен айқындалады; және
      (2) қысқарту орыны Ұлттық атаудан кейiн "Қысқарту" белгiсiмен көрсетiледі.
 
      (В) Қатысушы мемлекеттiң нұсқамасы мен шектеулi төменгi деңгейiнiң аумағы, географиялық атауы мен 10 секунд жақындыққа дейiнгi дәлдiкпен тұрған жерiн қоса орналасқан орны (д бағаны);
 
      (С) жоғарыдан бастап, дивизия/авиадивизия деңгейiне дейiнгi қолбасшылықтың әр деңгейi үшiн - әр санаттағы әдеттегi қару-жарақ пен техниканың жалпы саны (f-тен м/i дейiнгi бағандары). Мәселен, дивизияның қолында бар жалпы сан оған бағынысты барлық ұйымдардың қолында бар құрамдас сомасы тең болса; және
 
      (D) осы бөлiмнiң 1-тармағында көрсетiлгенiндей дивизия деңгейiндегi және төменгi қолбасшылықтың әр деңгейi үшiн, - ІІІ А және III В (f-тен м/n бағандарына дейiнгi) кестелерiнде көзделген, тұрпаты бойынша тақырып қойылған әдеттегi қару-жарақ пен техниканың саны. III А кестесiндегi (d бағаны) жауынгерлiк броньды машиналары үшiн баған төменгi санаттарға (яғни бронетранспортерлерге, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналарына, ауыр қаруланған жауынгерлiк машиналарға) жеке берiледi. Соққылы тiкұшақтар үшiн төменгi баған (к/i бағаны) төменгi санаттарға (яғни мамандырылған соққылы, көп мақсатты соққылы) жеке берiледi. "Қалғандары" аталатын III в кестесiнiң 1-бағанына егер әскери-әуе күштерiнің және әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерi авиациясының қарулануында мұндайлар бар болса жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, броньды транспортерлер тәрiздi, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздi және танкілік көпiр салушылар енедi.
 
      III А кесте. АҚПАРАТТАР АЛМАСУ ТУРАЛЫ ХАТТАМАНЫҢ III-БӨЛIМIНЕ СӘЙКЕС БЕРIЛГЕН (Қатысушы-мемлекеттiң), ӘДЕТТЕГI ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ТЕХНИКАНЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРI, САНЫ ЖӘНЕ ТҰРПАТЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАР. (күнгi) ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ЖАРАМДЫ.
 
      III В кесте. АҚПАРАТТАР АЛМАСУ ТУРАЛЫ ХАТТАМАНЫҢ III-БӨЛIМIНЕ СӘЙКЕС БЕРIЛГЕН (Қатысушы-мемлекеттiң), ӘДЕТТЕГI ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ТЕХНИКАНЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРI, САНЫ ЖӘНЕ ТҰРПАТЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАР. (күнгi) ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ЖАРАМДЫ.
 
      IV-бөлім. АҚПАРАТТАР АЛМАСУ ТУРАЛЫ ХАТТАМАНЫҢ
                IV-БӨЛIМIНЕ СӘЙКЕС БЕРIЛГЕН ӘДЕТТЕГI ҚАРУЛЫ
                КҮШТЕРДIҢ ҚАРУЛАНУЫНДА ЖОҚ ӘДЕТТЕГI ҚАРУ-
                ЖАРАҚ ПЕН ТЕХНИКА ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАР
 
      1. Хаттаманың IҮ-бөлiмiне сәйкес әр Қатысушы мемлекет қолданыс ауданы шегiндегi, бiрақ оның әдеттегi қарулы күштерiнiң қарулануында жоқ, оның жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының, артиллериясының, жауынгерлiк ұшақтары мен соққылы тiкұшақтардың орналасқан жерi, саны және тұрпаты туралы ақпарат бередi.
      2. Әрбiр орналасқан жер үшiн ақпарат мыналарды көрсетедi:
 
      (А) Хаттаманың IY-бөлiмiндегi ережеге сәйкес берiлетiн ақпараттар (в бағаны);
      (В) орналасқан жерi (с бағаны):
      (1) Хаттаманың IY-бөлiмi 1-тармағының (А) тармақшасы (1), (3) және (5) төменгi тармақшаларына сәйкес хабарланатын әдеттегi қару-жарақ пен техникаға қатысты - географиялық атауы және тұрған жерi, 10 секунд жақындыққа дейiн дәлдiкпен, сондай қару-жарақ пен техника ұсталатын орны; және
      (2) Хаттаманың IY-бөлiмiнің 1-тармағы (А) тармақшасының (2) төменгi тармақшасына сәйкес хабарланған дағдылы қару-жарақ пен техникаға байланысты, сондай қару-жарақ пен техниканы ұстаған әкiмшiлiк аймақтың ұлттық атауы немесе өлшем бiрлiгi.
 
      (С) Хаттаманың IY-бөлiмiнiң 1-тармағы (А) тармақшасының (1) және (2) төменгi тармақшасына сәйкес хабарланған әдеттегi қару-жарақ пен техникаға байланысты, қолдарына аталған қару-жарақ пен техникасы бар ұйымның ұлттық деңгейдегi атауы (с бағаны); және
 
      (D) әрбiр орналасқан жерi үшiн - IV\кестесiнде көрсетiлген (d-дан i бағанына дейiнгi), тұрпаты бойынша тақырып қойылған мөлшерi, тек мыналардан басқасы: Хаттаманың IY-бөлiмiнiң 1-тармағы (А) тармақшасының (2) төменгi тармақшасына сәйкес хабарланған әдеттегi қару-жарақ пен техникаға байланысты тек аталған әкiмшiлiк аймақ немесе өлшем бiрлiгi үшiн әр санаттағы сандар ғана берiледi (с бағаны).
 
      IV-кесте. АҚПАРАТ АЛМАСУ ТУРАЛЫ ХАТТАМАНЫҢ IV-БӨЛIМIНЕ СӘЙКЕС БЕРIЛГЕН (Қатысушы мемлекеттiң) ӘДЕТТЕГI ҚАРУ-ЖАРАҒЫ ОРНАЛАСҚАН ЖЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ. (Күнгi) НАҚТЫЛЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША.
 
      Ү-бөлiм. БАҚЫЛАУ ОБЪЕКТIЛЕРI ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАНҒАН
               ОРЫНДАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
 
      1. Хаттаманың Ү-бөлiмiне сәйкес әр Қатысушы-мемлекет Инспекция туралы хаттаманың I-бөлiмiнде белгiленгенiндей, өздерiнiң бақылау объектiлерi және жарияланған орындары туралы тiзбе ұсынады. Жарияланған орындар әлiпбилiк ретпен және Қатысушы-мемлекеттiң нұсқамасымен және қашан қолданылатыны шектеулі төменгi деңгейiнiң аумағымен тiзiледi.
      2. Әрбiр жарияланған орын туралы ақпаратқа мыналар енедi:
 
      (А) осы орын үшiн бұдан кейiнгi барлық ақпарат алмасуда пайдаланылатын жеке-даралық белгi (яғни жарияланған орынның тiркелген нөмiрi - в бағаны);
 
      (В) географиялық атауы көрсетiлген атауы мен орналасқан жерi және 10 секундтық жақындыққа дейiнгi дәлдiкпен тұрған жерi (с бағаны);
 
      (С) жарияланған орынға байланысты кiру/шығу пунктi (-терi) (d бағаны);
 
      (D) осы Қосымшаның III-бөлiмiнде көрсетiлгенiндей, жарияланған жерде орналасқан барлық бақылау объектiлерi құрамаларының немесе бөлiмдерiнің жеке-дара реттiк нөмiрi, атауы және тiркелiм нөмiрi, (е бағаны) жеке-дара нөмiр былайша тағайындалады: тiзбеде жазылған, соңғы бақылау объектiсiнде берілген нөмiр Қатысушы мемлекеттiң бақылау объектiлерінің жалпы санына тең болуы керек;
 
      (Е) Қосымша көрсетiлуiмен, жарияланған орында және әрбір бақылау объектiсi бойынша қолдарында бар, Хаттаманың III-бөлiмiнде көрсетiлген әр санаттағы әдеттегi қару-жарақ пен техниканың жалпы саны (f-тен р бағанына дейiнгi);
 
      (1) жарияланған орынның әр санатындағы, бақылау объектiсiне жататын әрбiр осындай бақылау объектiсi құрамалардың немесе бөлiмдердiң атаулары мен тіркелiм нөмiрлерiн көрсете отырып (е бағаны), әдеттегi қару-жарақ пен техника; және
      (2) бақылау объектiсiне жатпайтын әдеттегi қару-жарақ пен техника (f-тан р бағандарына дейiнгi) әр жазылымның жоғары/төменiмен тiкелей жалғасатын мынадай белгілермен келтiрiледi:
 
      (a) ұйымның қолында бар, бейбiт кезеңде ішкi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қызметiн iске асыру үшiн құрылған және құрылымды ұйымдастырылған қару-жарақ пен техника, "Қауiпсiздiк" белгiсiмен;
      (в) есептен шығарылған қару-жарақ пен техника "Есептен шығарылды" белгiсiмен;
      (с) экспортты немесе керi экспортты не экспорт немесе керi экспорт үшiн қайта жабдықтауды күткен қару-жарақ пен техника "Экспорт" белгiсiмен;
      (d) қайта жабдықтауды күткен, қысқартылған қару-жарақ пен техника "Қысқартылған" белгiсiмен; және
      (с) тек зерттеу және жасау мақсаттары үшiн пайдаланылатын қару-жарақ пен техника "Зерттеу" белгiсiмен.
      3. Ү-кестенiң соңғы жазбасында Қатысушы мемлекеттiң келесi шартты жылға жарияланған орыны инспекциясының аз үлесi көрсетiледi.
 
      Ү-кесте. (Қатысушы-мемлекеттiң) БАҚЫЛАУ ОБЪЕКТIЛЕРI ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАНҒАН ОРЫНДАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ. (күнгi) НАҚТЫЛЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША.
 
      4. Әр Қатысушы мемлекет пунктке кiру/шығу тiзбесiн (ҮI-кесте) ұсынады. Тiзбеде осы бөлiмнiң 2-тармағының (с) тармақшасына сәйкес хабарланған, әрбiр орынның кiру/шығу пунктiн (-терiн) көрсету үшiн пайдаланылатын, жеке-дара реттiк нөмiр белгiсi (в бағаны) тағайындалады. Орналасқан жерге географиялық атауы (с бағаны) және 10 секундтық жақындыққа дейiнгi (d бағаны) тұрған орны қосылады. Сонымен бiрге, әрбiр

 

кiру/шығу (е бағаны) пунктi үшiн - "Әуелiк", "Теңiздiк", "Құрлықтық"

секiлдi көлiк құралдарының оңтайлы түрлерi көрсетiледi.


     ҮІ-кесте. (Қатысушы мемлекеттiң) КIРУ/ШЫҒУ ПУНКТТЕРI (КШП). (күнгi)

НАҚТЫЛЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША.



     1-кесте. (Қатысушы мемлекеттердің) ҚҰРЛЫҚТАҒЫ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ,

              ӘСКЕРИ-ӘУЕ КҮШТЕРІНІҢ ЖӘНЕ ӘУЕ ШАБУЫЛЫНАН

              ҚОРҒАНЫС ӘСКЕРЛЕРІ АВИАЦИЯСЫНЫҢ ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫН

              ҰЙЫМДАСТЫРУ. (күнгі) НАҚТЫЛЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША.


_______________________________________________________________________

Реттік   Құраманың  Құраманың     Бағыныстылығы      Бейбіт      Жеке

нөмір    немесе     немесе        1-ші     2-ші      кезеңдегі   құрам.

         бөлімнің   бөлімнің      жоғары   жоғары    орналасқан  ның

         тіркелім   белгіленуі    саты.    саты.     жері*       саны

         нөмірі                   дағы     дағы

                                  деңгей   деңгей

_______________________________________________________________________

(а)        (b)        (c)         (d)      (e)        (f)        (g)    

_______________________________________________________________________




_______________________________________________________________________


     * Еуропадағы қарулы күштердің жеке құрамының саны туралы

       келіссөздердің қорытынды актісі ІV-бөлімінің 1-тармағына сәйкес




     ІІА-кесте. САНДЫҚ ШЕКТЕУГЕ ЖАТАТЫН (Қатысушы мемлекеттің)

                ЖАУЫНГЕРЛІК ТАНКТЕРІНІҢ, ЖАУЫНГЕРЛІК БРОНЬДЫ

                МАШИНАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ АРТИЛЛЕРИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ САНЫ.

                (күнгі) НАҚТЫЛЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША.


_______________________________________________________________________

Реттік   Егер бұл   Санаты   Төменгі   Тұрпаты  Жалпы саны     ОМПСХ

нөмір    қолданыла.          санаты             (ОМПСХ қоса)   саны

         тын болса,              

         Қатысушы                

         мемлекет.               

         тің аумағы              

         және шек.

         теулі тө.

         менгі дең.

         гейі бар

         аумақ

_______________________________________________________________________

(а)        (b)        (c)    (d)         (e)        (f)        (g)    

_______________________________________________________________________



     IIВ кесте. САНДЫҚ ШЕКТЕУГЕ ЖАТАТЫН (Қатысушы мемлекеттiң)

                ЖАУЫНГЕРЛІК ҰШАҚТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ СОҚҚЫЛЫ ТIКҰШАҚТАРЫНЫҢ

                ЖАЛПЫ САНЫ. (күнгi) НАҚТЫЛЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША.


___________________________________________________________________

Реттік     Аумағы     Санаты   Төменгі санаты  Тұрпаты   Жалпы саны

нөмір 

___________________________________________________________________

(а)                   (b)        (c)           (d)          (е)

___________________________________________________________________


___________________________________________________________________      



     IIС кесте. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫСЫНА ЖАТАТЫН (Қатысушы-мемлекеттiң)        

                ӘДЕТТЕГI ҚАРУ-ЖАРАҒЫ МЕН ТЕХНИКАСЫНЫҢ БЕЛГIЛЕНГЕН         

                ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ САНЫ. (күнгi) НАҚТЫЛЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША.


__________________________________________

Реттік       Санаты   Тұрпаты   Жалпы саны

нөмір 

__________________________________________

(а)          (b)        (c)       (d)

__________________________________________


__________________________________________


     IID кесте. ЕУРОПАДАҒЫ ӘДЕТТЕГІ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ ЖЕКЕ

                ҚҰРАМЫНЫҢ САНЫ ТУРАЛЫ КЕЛIССӨЗДIҢ ҚОРЫТЫНДЫ

                АКТІСІНІҢ IV-БӨЛIМIНIҢ 1-ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС БЕРIЛГЕН

                (Қатысушы-мемлекеттiң) ЖЕКЕ ҚҰРАМНЫҢ ЖИЫНТЫҚ САНЫ

                ТУРАЛЫ  АҚПАРАТ. (күнгi) НАҚТЫЛЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША.


__________________________________________

Реттік       Санаты   Төменгі     Жалпы

нөмір                 санаты      санаты

__________________________________________

(а)          (b)        (c)       (d)

__________________________________________


__________________________________________




     ІІІА кесте. АҚПАРАТ АЛМАСУ ТУРАЛЫ ХАТТАМАНЫҢ ІІІ-БӨЛІМІНЕ СӘЙКЕС

                 БЕРІЛГЕН (Қатысушы мемлекеттің) ӘДЕТТЕГІ ҚАРУ-ЖАРАҚ

                 ПЕН ТЕХНИКАНЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ, САНЫ ЖӘНЕ ТҰРПАТЫ ТУРАЛЫ 

                 АҚПАРАТ. (күнгі) НАҚТЫЛЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША.

___________________________________________________________________________

Рет.!Құра. ! Құра. ! Бейбіт!Жеке  !Жау. !Жауын.!БТР  !Арти.!ТМУ!Соқ.!Жауын.

тік !маның ! маның ! кезең.!құрам.!ын.  !герлік!және !лле. !   !қылы!гер.

нө. !немесе! немесе! дегі  !ның   !гер. !бронь.!ЖӘЖМ !рия  !   !тік.!лік

мірі!бөлім.! бөлім.! орна. !саны* !лік  !ды    !тә.  !     !   !ұш. !қамта.

    !нің   ! нің   ! лас.  !      !танк.!маши. !різ. !     !   !ақ. !масыз

    !тір.  ! атауы ! қан   !      !тер  !налар !ді   !     !   !тар !ету

    !келім !       ! жері  !      !     !      !     !     !   !    !тік.

    !нөмі. !       !       !      !     !      !     !     !   !    !ұшақ.

    !рі    !       !       !      !     !      !     !     !   !    !тары

____!______!_______!_______!______!_____!______!_____!_____!___!____!______

(a)   (b)    (c)      (d)     (e)   (f)    (g)   (h)   (i)  (j)  (k)  (l)

___________________________________________________________________________



___________________________________________________________________________


таблицаның жалғасы

________________

Қару.  !Техни. !

ланба. !каның  !

ған    !тұрпа. !

көлік. !ты     !

тік    !       !

тікұш. !       !

ақтар  !       !

________________

(m)      (n)

________________    


________________    


     * Еуропадағы әдеттегі қарулы күштердің жеке құрамының саны туралы

келіссөздердің қорытынды актісінің ІҮ-бөлімінің І-тармағына сәйкес.


     ІІІВ кесте. АҚПАРАТ АЛМАСУ ТУРАЛЫ ХАТТАМАНЫҢ ІІІ-БӨЛІМІНЕ СӘЙКЕС

                 БЕРІЛГЕН (Қатысушы мемлекеттің) ӘДЕТТЕГІ ҚАРУ-ЖАРАҚ

                 ПЕН ТЕХНИКАНЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ, САНЫ ЖӘНЕ ТҰРПАТЫ ТУРАЛЫ 

                 АҚПАРАТ. (күнгі) НАҚТЫЛЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША.

___________________________________________________________________________

Рет.!Құра. ! Құра. ! Бейбіт!Жеке  !Жау. !Қайта  !Оқу  !Соқ. !Жауын.!Қару.

тік !маның ! маның ! кезең.!құрам.!ын.  !топтас.!жат. !қылы !гер.  !ланба.

нө. !немесе! немесе! дегі  !ның   !гер. !тырыл. !тығу !тік. !лік   !ған

мірі!бөлім.! бөлім.! орна. !саны* !лік  !ған    !ұшақ.!ұш.  !қамта.!көлік.

    !нің   ! нің   ! лас.  !      !ұшақ.!оқу-   !тары !ақ.  !масыз !тік

    !тір.  ! атауы ! қан   !      !тар  !жаттығу!     !тар  !ету   !тікұш.

    !келім !       ! жері  !      !     !ұшақ-  !     !     !тік.  !ақтар

    !нөмі. !       !       !      !     !тары   !     !     !ұшақ. !

    !рі    !       !       !      !     !       !     !     !тары  !

____!______!_______!_______!______!_____!_______!_____!_____!______!_______

(a)   (b)     (c)     (d)     (e)   (f)    (g)    (h)   (i)   (j)     (k) 

___________________________________________________________________________


___________________________________________________________________________


таблицаның жалғасы

________________

Басқа. !Техни. !

лар    !калар  !

       !тұрпа. !

       !ты     !

       !       !

       !       !

       !       !

________________

(l)      (m)    

________________    


________________    


     * Еуропадағы әдеттегі қарулы күштердің жеке құрамының саны туралы

келіссөздің қорытынды актілерінің ІҮ-бөлімінің І-тармағына сәйкес.



     ІҮ кесте. АҚПАРАТ АЛМАСУ ТУРАЛЫ ХАТТАМАНЫҢ ІҮ-БӨЛІМІНЕ СӘЙКЕС

               БЕРІЛГЕН (Қатысушы мемлекеттің) ӘДЕТТЕГІ ҚАРУ-ЖАРАҚ

               ПЕН ТЕХНИКАНЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ. (күнгі)     

               НАҚТЫЛЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША.

___________________________________________________________________________

Рет.!Хаттамаға!Орна.!Жауынгер.!Жауын. !Артил.!Соққы.!Жауын.!Техни.!Жеке

тік ! сілтеме !лас. !  лік    !герлік !лерия.! лы   !герлік!калар !құрам

нө. !         !қан  ! танктер !броньды!      ! тік. !ұшақ. !тұрпа.!ның

мірі!         !жер  !         !машина.!      ! ұшақ.! тар  !  ты  !саны*

    !         !     !         ! лар   !      ! тар  !      !      !

____!_________!_____!_________!_______!______!______!______!______!________

(a)     (b)     (c)    (d)       (e)    (f)    (g)     (h)   (i)    (j)

___________________________________________________________________________


___________________________________________________________________________

     * Еуропадағы әдеттегі қарулы күштердің жеке құрамының саны туралы

келіссөздің қорытынды актісінің ІҮ-бөлімінің І-тармағына сәйкес.         


     Ү-кесте. БАҚЫЛАУ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАНҒАН ОРЫНДАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ,

              (күнгі) НАҚТЫЛЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША

___________________________________________________________________________

Рет.! Тір.!Жария. !Кіру/ !Бақы. !Жауын.!Жауын. !БТР !Арти.!ТМУ!Соқ. !Жауын.

тік ! ке. !ланған !шығу  !лау   !герлік!герлік !мен !лле. !   !қылы !герлік

нө. ! лім !жердің !пунк. !объек.!танк. !бронь. !ЖМБ !рия  !   !тік. !қамта.

мірі! нө. !орна.  !ті    !тісі  !тер   !ды ма. !тә. !     !   ! ұш. !масыз

    ! мірі!ласқан !      !      !      !шина.  !різ.!     !   ! ақ. !ету

    !     !тұрағы !      !      !      !лар    !дес.!     !   ! тар !тікұш.

    !     !       !      !      !      !       !тер !     !   !     !ақта.

    !     !       !      !      !      !       !    !     !   !     ! ры

____!_____!_______!______!______!______!_______!____!_____!___!_____!______

(a)   (b)    (c)    (d)    (e)    (f)     (g)   (h)   (i)  (j)  (k)    (l)

___________________________________________________________________________



таблицаның жалғасы

_____________________________________

Қару.  !Жауын.!Қайта  !Оқу-  !Техни.!

ланба. !герлік!топтал.!жатты.!каның !

ған    ! ұшақ.! ған   ! ғу   !тұрпа.!

көлік. ! тар  !оқу-   !ұшақ. !ты    !

тік    !      !жатты. !тары  !      ! 

тікұш. !      ! ғу    !      !      !

ақтар  !      !ұшақ.  !      !      !

       !      !тары   !      !      !

_______!______!_______!______!______!

(m)      (n)    (o)    (p)    (q)

_____________________________________    


_____________________________________



     Ү-кесте. (Қатысушы-мемлекеттің) КІРУ/ШЫҒУ ПУНКТТЕРІ (КШП)

              (күнгі) НАҚТЫЛЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША

    ____________________________________________________________

     Реттік нөмірі  КШП тіркеу  КШП атауы  Орналасқан  Тұрпаты

                      нөмірі                  жері     (тары)

    ____________________________________________________________

          (a)          (b)         (c)        (d)        (e)

    ____________________________________________________________


    ____________________________________________________________    



                                27-бап


     Инспекция туралы хаттама алынып тасталады және мынадай мазмұнмен

алмастырылсын:


                      "ИНСПЕКЦИЯ ТУРАЛЫ ХАТТАМА


     Қатысушы мемлекеттер осымен Еуропадағы әдеттегi қарулы күштер туралы

Шарттың ХIY-бабында көзделгенiндей, инспекцияны өткiзудi реттейтiн

рәсiмдер және басқа ережелер туралы келiседi.


     I-бөлiм. АНЫҚТАУЛАР


     1. Шарттың мақсаттары үшiн:



 
       (А) "Инспекциялайтын Қатысушы мемлекет" терминi Шарттың ХIY-бабына сәйкес инспекция өткiзетiн аумақтағы Қатысушы мемлекеттi бiлдiредi.
 
      (1) инспекция жерiнiң жағдайына қарай, шартпен шектелетiн әдеттегi қару-жарақ пен техниканы ұстайтын, бiреуден артық Қатысушы мемлекет, осы Хаттаманың ережелерiне сәйкес осындай әр Қатысушы мемлекет шартпен шектелетiн, өздерiнiң әдеттегi қару-жарағы мен техникасына қатысты әрқайсысы Қатысушы мемлекеттiң құқы мен мiндеттерiн, олардың осы хаттамада көрсетiлгенiндей Шартпен шектелетiн оның әдеттегi қару-жарағы мен техникасы орналасқан, инспекция сол жерiнiң шегiндегi инспекция өтiп болғанша жүзеге асырады; және
 
      (В) "Қабылдаушы Қатысушы мемлекет" терминi басқа Қатысушы-мемлекеттiң әдеттегi қарулы күштерiнiң қарулануында бар, қолданыс ауданының шегiнде әдеттегi қару-жарақ пен техниканы өз аумағында қабылдайтын Қатысушы мемлекеттi бiлдiредi.
 
      (С) "Инспекциялаушы Қатысушы мемлекет" терминi сұрататын және сөйтiп инспекция өткiзуге жауап беретiн Қатысушы мемлекеттi бiлдiредi.
 
      (D) "Инспектор" терминi инспекция өткiзу үшiн Қатысушы мемлекеттiң бiрi тағайындаған және осы Хаттаманың III-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес аталған Қатысушы мемлекеттiң инспекторлар тiзiмiне қабылданып, қосылған тұлғаны білдіредi.
 
      (Е) "Көлік құралы экипажының мүшесі" термині көлік құралын пайдалануға байланысты міндеттердi орындаушы және осы Хаттаманың III-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес Қатысушы мемлекеттің көлік құралы экипажының мүшелік тізіміне қабылданып, қосылған тұлғаны білдіреді.
 
      (F) "Инспекциялау тобы" терминi нақтылы инспекцияны өткiзу үшiн инспекциялаушы Қатысушы мемлекеттiң өкiлдерiне басшылық жасайтын бiр немесе одан да көп Қатысушы мемлекеттердiң инспекторлар тобын бiлдiредi.
 
      (G) "Ерiп жүру" терминi нақтылы инспекция өткiзетiн инспекторларға ерiп жүру және жәрдемдесу үшiн, сондай-ақ Шартпен шектелетiн әдеттегi қару- жарақ пен техниканы инспекциядан өткiзудiң жағдайына қарай бiр Қатысушы мемлекет басқа Қатысушы мемлекеттiң аумағында тұрса, осы екi Қатысушы-мемлекеттiң әрқайсысы егер тек олар өзгеше келiспесе, ерiп жүретiн топқа қосылатын тұлғаларды тағайындайды және басқа да мiндеттердi орындау үшiн инспекциялайтын Қатысушы мемлекет бөлген топты бiлдiредi.
 
      (Н) "Инспекция орны" терминi инспекция өткiзетiн ауданды, жердi немесе объектіні бiлдiредi.
 
      (I) "Бақылау объектiсi" терминi:
 
      (1) Ұйымдастырушылық деңгейiндегi бригадалар/полктер, авиақанат/әуе полкi, жеке батальон/артиллериялық дивизион, жеке эскадрилья немесе балама деңгейiндегi кез-келген құрылымдар немесе бөлiмдер, сондай-ақ Ақпарат алмасу туралы хаттаманың III-бөлiмi I-тармағының (А) тармақшасына сәйкес жазбаша ескертiлген, орналасқан жерiнде Шартпен шектелетiн, қолдарында әдеттегi қару-жарағы мен техникасы бар бригадалар/полктер, авиақанат/әуе полкi деңгейiнен төмен қолбасшылықтың келесi деңгейiндегi кез-келген жеке орналасқан батальон/эскадрильяны немесе соған балама бөлiмдердi;
      (2) осы тармақшаның (I) төменгi тармақшасында ескертiлгенiндей құрамдар мен бөлiмдердiң штаттық құрамында тұрмайтын, кез-келген тұрақты қоймалық сақтаудың белгiленген орнын, қоймалық сақтаудың әскери орнын, жөндеу немесе қызмет көрсету жөнiндегi жеке бөлiмдi, Ақпарат алмасу туралы хаттаманың ІІІ-бөлiмi 3 тармағының (А) және (В) тармақшасына сәйкес Шартпен шектелетін әдеттегi қару-жарақ пен техниканың тұрақты немесе әдеттегi орналасқан жерi ретiнде жазбаша ескертiлетiн әскери-оқу мекемелерiн немесе әскери әуеайлақты;
      (3) Ақпарат алмасу туралы хаттаманың ІІІ-бөлiмi 3-тармағының (С) тармақшасына сәйкес жазбаша ескертiлгенiндей Шартпен шектелетін әдеттегi қару-жарақ пен техниканың қысқару орнын;
      (4) Бригадалар/полктер немесе соның балама деңгейiнен жоғары бөлiмдерге немесе құрылымдарға тiкелей бағындырылған, Шартпен шектелетiн, қолдарында әдеттегi қару-жарағы мен техникасы бар, батальон деңгейiнен төмен бөлiмдердiң жағдайына қарай батальон деңгейiнен төмен бөлiмдерге бағындырылған бұл бөлiмдер немесе құрылымдар, егер оларда бригадалар/полктер немесе сондай балама деңгейiндегi бағынысты бөлiмдер немесе құрамалар болмаса, бақылау объектiсi саналады; және
      (5) Шарттың қолданыс күшiне жатпайтын, қолдарында әдеттегi қару-жарағы мен техникасы бар, бiрақ Қатысушы мемлекеттiң әдеттегi қарулы күштерiнiң қарулануында тұрмайтын құрылым немесе бөлiм бақылау объектiсi болып саналмайтынын бiлдiредi.
 
      (J) "Әскери әуеайлақ" терминi Шартпен шектелетiн немесе iшкi инспекциялауға жататын яғни, кем дегенде алты жауынгерлiк ұшақтың немесе жауынгерлiк тiкұшақтың әдеттегi ұшырудың және қондырудың операцияларын жиi орындайтын, былайша айтқанда бақылау объектiсiн ұстамайтын, тұрпаты әскери кешендi бiлдiредi.
 
      (K) "Әскери-оқу мекемесi", былайша айтқанда бақылау объектiсiн ұстамайтын, ондағы әскери бөлiм немесе бөлiмше, Шартпен шектелетiн, кем дегенде әдеттегi қару-жарақ пен техниканың 30 бiрлігiн немесе Шартпен шектелетiн, кез-келген бiр санаттағы әдеттегi қару-жарақ пен техниканың 12 бiрлiгiнен астамын пайдаланатын әскери персоналды дайындау үшiн ұйымдастырылған объектiнi бiлдiредi.
 
      (L) Бақылау объектiсi ретiнде теңестiрiлсiн, құрылымдар мен бөлiмдердiң штаттық құрамында тұрмайтын "Қоймалық сақтаудың әскери орны" терминi ұйымдастырушылық немесе оперативтiк мәртебесiне қатыссыз, Шартпен шектелетiн, қолдарында әдеттегi қару-жарағы мен техникасы бар, iшкi қауiпсiздiгi жиi қамтамасыз ету мақсаттары үшiн құрылған және құрылымды ұйымдастырылған, тұрақты қоймалық сақтаудың белгiленген орнынан немесе ұйымдарға бағынысты орындардан өзге, кез-келген қоймалық сақтау орнын бiлдiредi. Сондай орындарда ұсталатын, Шартпен шектелетiн, әдеттегi қару-жарақ пен техника, Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамаға сәйкес тұрақты бөлiмдерде есепке алынатын, рұқсат берiлген қолдағы санның бөлiгiн құрайды.
 
      (M) "Жарияланған орын" терминi, объектiнi немесе бiр немесе одан да көп бақылау объектiлерiн ұстайтын дәл сұлбасы сызылған географиялық орынды білдiредi. Жарияланған орын оның жасанды немесе табиғи сыртқы шекарасының немесе шекаралары шегiндегi барлық аумақтан, сондай-ақ онымен байланысты атыс орындары, жаттығу ауданы. Қызмет көрсету және сақтау орындары, тұрпаты немесе әдеттегідей жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк тiкұшақтар, жауынгерлiк ұшақтар, қайта топтастырылған оқу-жаттығу ұшақтары, броньды транспортерлер тәрiздi, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздi немесе танкілік көпiр салушылар тұратын тiкұшақ алаңдары мен темiр жолдағы тиеу-түсiру алаңдары енген аумақтан тұрады.
 
      (N) "Аталған аудан" терминi, осы Хаттаманың ҮII, Х немесе ХI бөлiмдерiне сәйкес инспекцияланатын орын саналмайтын, оның шегiнде осы Хаттаманың YIII-бөлiмiнiң талабы бойынша инспекция жүргiзiлетiн, қолданыс ауданы шегiнде Қатысушы мемлекет аумағының кез-келген жерiндегi ауданды бiлдiредi. Осы ауданның кез-келген екi нүкте арасындағы бiрде-бiр түзу сызық 16 километрден аспайды.
 
      (O) "Белгiленген аудан" терминi осы Хаттаманың IХ-бөлiмiне сәйкес инспекция өткiзетiн, қолданыс ауданы шегiнде Қатысушы мемлекет аумағының жеке ауданын бiлдiредi.
 
      Осы Хаттаманың IХ-бөлiмiнiң 3-тармағына сәйкес өткiзiлетiн инспекцияның жағдайына қарай белгiленген ауданның көлемi Ақпарат алмасу туралы хаттаманың ХҮIII-бөлiмiнiң 3 тармағына сәйкес жазбаша ескертпеде көрсетілген аудан көлемiнен екi еседен артық емес немесе несi көп, соған байланысты 10 000 шартты километрден аспайды, бiрақ кемiнде 1 000 шаршы километрдi құрайды. Егер жазбаша ескертпеде көрсетілген аудан көлемi аз немесе 5 000 шаршы километрге тең болса, онда белгіленген аудан жазбаша ескертпеде көрсетiлген барлық ауданды қосып алады. Егер жазбаша ескертпеде көрсетiлген аудан көлемi 5 000 шаршы километрден асса, ең болмағанда белгіленген ауданның жартысы жазбаша ескертпеде көрсетілген ауданмен дәл келедi. Белгіленген ауданға осы ауданның шегіндегi кез-келген екi нүкте арасындағы бiрде-бiр түзу сызық 350 километрден аспаса, осындай пішін берiледi, егер тек, Ақпарат алмасу туралы Хаттаманың ХҮIII-бөлiмiнiң 3-тармағына сәйкес жазбаша ескертпеде көрсетілген аудан пiшiнi жазбаша ескертпеде көрсетілген аудан шегiнде кез-келген екi нүкте арасында барынша ұзын түзу сызықты 350-ден артық километрге жүргiзуге жол берілмесе, соңғы жағдайда белгiленген ауданға, жазбаша ескертпеде көрсетiлген ауданды көктей өтетiн барынша ұзын түзу сызық және одан ұзындығы бойынша артық емес түзу сызықты қосқаны үшiн осындай пiшiн берiлуi мүмкiн.
 
      (Р) "Сезiмтал пункт" терминi, инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң немесе инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттің құқы мен міндеттемелерiн жүзеге асырушы Қатысушы мемлекеттiң ерiп жүру тобы арқылы және өтуге рұқсат қатысты немесе айналып ұшу кезiнде кiдiртуi, шектеуi немесе қабылдауы мүмкiн болатын сезiмтал ретiнде белгiленген кез-келген техникасын, құрылысын немесе орнын бiлдiредi.
 
      (Q) "Кiру/шығу пунктi" терминi инспекция өткiзетiн аумақта; Қатысушы мемлекет көрсеткен, сол Қатысушы мемлекеттiң аумағына инспекциялық топтары мен көлiк құралдары экипаждарының келетiн және сол Қатысушы мемлекеттiң аумағынан олардың кететiн пунктiн білдiредi.
 
      (R) "Елде болу мерзiмi" терминi осы Хаттаманың ҮII және ҮIII бөлiмдерiне сәйкес инспекция өткiзу үшiн кiру/шығу пунктiне инспекциялық топтардың келу сәтiнен бастап, сол инспекцияның соңғы инспекциясы аяқталғаннан кейiн кiру/шығу пунктiнен инспекциялық топтардың кету сәтiне дейiн Қатысушы мемлекеттiң аумағында инспекция өткiзген инспекциялық топтың үздiксiз болған жалпы уақытын бiлдiредi.
 
      (S) "Жарияланған жердiң пассивтiк үлесi" терминi осы Хаттаманың ҮII-бөлiмiне сәйкес бақылау объектiлерiндей инспекцияның жалпы санын бiлдiредi, онда әр Қатысушы мемлекет Шарт жасасқан жыл iшiңде оның бақылау объектілерi орналасқан, инспекция өткiзiлген жерде қатысуға мiндеттi.
 
      (T) "Талап бойынша инспекцияның пассивтiк үлесi" терминi осы Хаттаманың ҮIII-бөлiмiне сәйкес көрсетілген ауданның шегiнде талап бойынша инспекцияның барынша санын бiлдіреді, онда әрбiр Қатысушы мемлекет қолданыс ауданның аумағымен шарт жасасқан жыл iшiнде қабылдауға мiндеттi.
 
      (U) "Инспекцияның активтiк үлесi" осы Хаттаманың ҮII және YIII бөлiмдерiне сәйкес инспекцияның жалпы санын бiлдiредi, онда әрбiр Қатысушы мемлекет шарт жасасқан жыл iшiнде инспекция өткiзуге құқылы.
 
      (V) "Сертификаттау орыны" терминi Тiкұшақтарды қайта топтастыру хаттамасы мен Ұшақтарды қайта топтастыру хаттамасына сәйкес көп мақсатты соққылы тiкұшақтарды қайта топтастыруды және жаттығу ұшақтарын қайта топтастыруды сертификаттау өткiзiлетiн дәл белгiленген жердi бiлдiредi.
 
      (W) "Есеп берудің күнтiзбелiк кезеңi" терминi күндерi көрсетiлген уақыт кезеңiн бiлдiредi, соның iшiнде Шарттың ҮIII-бабына сәйкес белгiленген Шартпен шектелетiн әдеттегi қару-жарақ пен техника бiрлiгiнiң жоспарланған саны қысқартылуға жатады.
 
      II-бөлiм. ЖАЛПЫ МIНДЕТТЕР
 
      1. Шарттың ережелерiн сақтау үшiн бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әр Қатысушы мемлекет осы Хаттамаға сәйкес инспекция өткiзуге жәрдемдеседi.
      2. Басқа Қатысушы мемлекеттiң аумағының қолданыс ауданындағы Қатысушы мемлекеттiң әдеттегi қарулы күштерiнiң қарулануында тұрған әдеттегi қару-жарақ пен техниканың жағдайына қарай сол Қатысушы мемлекеттер ынтымақтастықтың өздерiне тиiстi мiндеттерiн орындауда осы Хаттама ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. Әр Қатысушы мемлекет басқа Қатысушы мемлекеттiң аумағында оның әдеттегi қарулы күштерiнiң қарулануында тұрған, оның әдеттегi қару-жарағы мен техникасына қатысты шарт мiндеттемелерiнiң сақталуына толық жауап бередi.
      3. Iлесiп жүретiн топ инспекциялайтын Қатысушы мемлекетке былайша есептi:
 
      (А) Шартпен шектелетiн, әдеттегi қару-жарақ пен техника тұрған, инспекция өткiзiлетiн жердiң жағдайына қарай, тек сол Қатысушы мемлекеттiң қолбасшылығында тұрған, инспекция өткiзiлетiн аумақтың Қатысушы мемлекетi болып табылмайтын тек Қатысушы мемлекеттің ерiп жүретiн тобы сол Қатысушы мемлекеттің, Шартпен шектелетiн әдеттегi қару-жарағы мен техникасы бар инспекцияның сол жерiнiң шегiнде инспекция болған күндерiнде сол Қатысушы мемлекетке бередi.
 
      (В) Шартпен шектелетін, әдеттегі қару-жарағы мен техникасы бар инспекция өтетін жердің жағдайына қарай инспекция өткізетін аумақтың Қатысушы мемлекет сияқты басқа да Қатысушы мемлекеттің еріп жүретін тобы басқа Қатысушы мемлекеттің иелігіндегі Шартпен шектелетін әдеттегі қару-жарағы мен техникасы шын мәнінде инспекцияланатын екі Қатысушы мемлекеттің өкілдерінен тұрады. Инспекцияның сол жерінің шегінде инспекция өткізу кезінде осы инспекция өткізілетін аумақта Қатысушы мемлекет сол Қатысушы мемлекет іске асыратын басқа Қатысушы мемлекеттің иелігіндегі шартпен шектелетін әдеттегі қару-жарақ пен техниканы инспекциялануға байланысты құқы мен міндеттерінен басқа инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің құқы мен міндеттерін жүзеге асырады.
      (С) Басқа Қатысушы мемлекетке жататын, Шартпен шектелетін әдеттегі қару-жарақ пен техникаға инспекция өткізілетін аумақта Қатысушы мемлекеттің келісімімен сол Қатысушы мемлекет қабылдайтын Қатысушы мемлекетке инспекция өтетін барлық мерзім ішінде инспекциялайтын және еріп жүретін топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек көрсетеді.
      4. Егер инспекциялық топ инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің келісімі бойынша басқа Қатысушы мемлекет пайдаланған құрылысқа немесе объектіге рұқсат сұраса, сондай басқа Қатысушы мемлекет инспекциялайтын Қатысушы мемлекетпен ынтымақтаса отырып оның пайдалану туралы келісіміне сәйкес көлемде осы құрылысты немесе объектілерді пайдаланған Қатысушы мемлекеттің техникасына немесе материалдық бөліміне байланысты инспекцияға қатысты осы Хаттамада баяндалған құқы мен міндеттерін жүзеге асырады.
      5. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің келісімі бойынша басқа Қатысушы мемлекет пайдаланатын құрылыс немесе объектілер сол басқа Қатысушы мемлекеттің өкілі еріп жүретін топтың құрамына енген жағдай ғана инспекцияға жатады.
      6. Инспекциялық топтар ең төменгі топтар инспекциялайтын Қатысушы мемлекетке бағынысты және есепті болады.
      7. ҮІІ немесе ҮІІІ бөлімдеріне сәйкес инспекция өткізетін кез-келген бір жеріндегі инспекцияда бір мезгілде біреуден артық инспекциялық топ болмайды.
      8. Осы Хаттаманың басқа ережелерін сақтай отырып, инспекциялайтын Қатысушы мемлекет әр инспекциялау тобының инспекция өткізілетін Қатысушы мемлекеттің аумағында қанша мерзімдік кезеңге қалатынын, сондай-ақ оның елде болған кезеңі ішінде қанша инспекция және қай жерде инспекция өткізетінін айқындайды.
      9. Инспекция өткізгенге дейін кіру/шығу пунктіне инспекциялық топты әкелу және соңғы инспекцияның аяқталуынан кейін кіру/шығу пунктінен әкету шығынын инспекциялайтын Қатысушы мемлекет көтереді.
      10. Әр шартты жылда әр Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың ҮІІ немесе ҮІІІ бөлімдеріне сәйкес оның жарияланған орыны инспекциясының пассивтік үлесінен аспайтын инспекция санын қабылдауға міндетті. Жарияланған орыны инспекцияның пассивтік үлесі Ақпарат алмасу туралы хаттаманың Ү-бөліміне сәйкес жазбаша ескертілген, осы Қатысушы мемлекеттің бақылау объектілерінің (ең жақын бүтін санға дейін) 20 пайызын құрайды.
      11. Қолданыс ауданы шегінде аумағы бар әр Қатысушы мемлекет жарияланған орын инспекциясы санынан (ең жақын бүтін санға дейін жинақтап) 23 пайызға дейін құрайтын талап бойынша инспекция санын қабылдауға міндетті, онда осы Қатысушы мемлекет өзінің бақылау объектілерін және басқа Қатысушы мемлекеттерге жататын бақылау объектілерін өз аумағында қабылдауға міндетті.
      12. Осы бөлімдегі кез-келген басқа шектеулерге қатысы жоқ әр Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың ҮІІ-бөліміне сәйкес әр шартты жылда өздерінің бақылау объектілерінің кемінде бір инспекциясын қабылдауға міндетті және қолданыс ауданында аумағы бар әр Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың ҮІІІ-бөліміне сәйкес аталған аудан шегінде әр шартты жылда кемі бар инспекция қабылдауға міндетті.
      13. Осы Хаттаманың ҮІІ және ҮІІІ бөлімдеріне сәйкес өткізілетін инспекцияларға қатысты шығындар былайша төленеді:
      (А) ең жақын бүтін санға дейін жинақталған жарияланған орын инспекциясының пассивтік үлесінің 75 пайызын құрайтын инспекция саны, бірақ осы Хаттаманың ҮІІІ-бөліміне сәйкес кемі бар инспекцияны және ҮІІІ-бөліміне сәйкес бір инспекцияны инспекциялайтын Қатысушы мемлекет есебінен өткізеді; және
      (В) ең жақын бүтін санға дейін жинақталған жарияланған орын инспекциясының пассивтік үлесінің 25 пайызын құрайтын инспекциялар саны инспекциялайтын Қатысушы мемлекет есебінен жүргізіледі.
 
      14. ІХ-бөлімге сәйкес инспекция инспекциялайтын Қатысушы мемлекет есебінен жүргізіледі.
      15. Әр шартты жылда Ресей Федерациясы осы бөлімнің 10-тармағына сәйкес есептелген, өзінің жарияланған орын инспекциясының пассивтік үлесіне қосымша инспекциялайтын Қатысушы мемлекет есебінен өткізілетін, жалпы алғанда онға дейін қосымша жарияланған орын инспекциясын қабылдайды және былай бөледі:
 
      (А) құрамына Псков облысы, Волгоград облысы, Астрахань облысы, "Кущевская - Волгодонск - Волгоград облысының шекарасы" линиясынан шығысқа қарай Ростов облысының бөлігі, Волгодонскіні қоса, сондай-ақ Крущевская және Крущевскаяға апаратын Краснодар аймағындағы тар дәліз енетін ауданға төрт инспекцияға дейін;
 
      (В) құрамына осы тармақтың (А) тармақшасында көрсетілген аудандардан басқа Ленинград әскери округі мен Солтүстік Кавказ округі енетін ауданға алты инспекцияға дейін.
 
      16. Әр шартты жылда Украина осы бөлімнің 10-тармағына сәйкес есептелген, өзінің жарияланған орын инспекциясының пассивтік үлесіне қосымша инспекциялайтын Қатысушы мемлекет есебінен өткізілетін Одесса облысында бір ғана жарияланған орын инспекциясын қабылдайды.
      17. Осы бөлімнің 15 немесе 16 тармақтарына сәйкес жарияланған орындарда өткізілетін жарияланған орынның қосымша инспекция саны жарияланған орын инспекциясының пассивтік үлесі есебіндегі инспекция санынан аспайды, онда сол шартты жылда, осы бөлімнің 15 және 16 тармақтарында көрсетілген аудандарда орналасқан жарияланған орында өткізіледі.
      18. Осы Хаттаманың ҮІІ-бөліміне сәйкес инспекция бір бақылау объектісі инспекциясының орнына қай бақылау объектісі инспекцияланатын болса, сол Қатысушы мемлекеттің жарияланған орын инспекциясының әлсіз үлесінің бір инспекциясы ретінде есептеледі.
      19. Осы Хаттаманың ҮІІ-бөліміне сәйкес Қатысушы мемлекет аумағында басқа Қатысушы-мемлекеттің иелігіндей бақылау объектілерін инспекциялау үшін пайдаланылатын инспекция үлесі аталған қабылдаушы Қатысушы мемлекет аумағында тұрған бақылау объектілерiнiң жалпы санын құрайтын сол Қатысушы мемлекеттiң сондай үлесiнен аспайды.
      20. Осы Хаттаманың VII-бөлiмiне сәйкес кез-келген Қатысушы мемлекет аумағындағы бақылау объектiлерiнiң инспекция саны сол Қатысушы мемлекет аумағында орналасқан бақылау объектiлерiнiң жалпы санынан пайыздық ретпен есеп айырысады.
      21. Осы Хаттаманың VIII-бөлiмiне сәйкес аталған бiр аудан шегiндегi инспекция талап бойынша инспекцияның пассивтiк үлесiнiң бiр инспекциясы және инспекция қай аумақта өткiзiлсе, Қатысушы мемлекеттiң жарияланған орын инспекциясы пассивтiк үлесiнiң бiр инспекциясы ретiнде есепке алынады.
      22. Егер тек ерiп жүретiн топ пен инспекциялық топ басқаша келiспесе, инспекциялық топтың елде болған кезеңiнде жалпы санның 10 күнiне дейiн, сағаттардың жалпы санынан аспаса, мынадай формулаға сәйкес есептеледi:
 
      (А) бақылау объектiсінің бiрiншi инспекциясы үшiн 48 сағат немесе аталған аудан шегiнде, қосымша
 
      (В) бақылау объектiсiнiң әр кезектегi инспекциясы үшiн 36 сағат немесе аталған аудан шегiнде.
 
      23. Осы бөлiмнiң 22-тармағындағы шектеудi сақтай отырып, осы Хаттаманың VII немесе VIII бөлiмiне сәйкес инспекция өткiзетiн инспекциялық топ жарияланған орында 48 сағаттан артық емес және аталған аудан шегiндегi инспекция кезiнде 24 сағаттан көп емес бола алады.
      24. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекет инспекциялық топтың кезектi инспекция орнына ең жедел қолайлы құралдардың көмегімен жетуiн қамтамасыз етедi. Егер бiр инспекцияның аяқталу сәтi мен инспекциялық топтың кезектi инспекция орнына келу сәтiнiң арасындағы уақыт тоғыз сағаттан асса немесе Қатысушы мемлекеттiң аумағында инспекциялық топтың өткiзген соңғы инспекциясының аяқталу сәтiнiң, инспекция өткiзетiн жерге және сол инспекциялық топтың кiру/шығу пунктiне келу сәтi арасындағы уақыт тоғыз сағаттан асса, сондай артық уақыт сол инспекциялық топтың елде болған кезеңiнде есепке алынбайды.
      25. Әр Қатысушы мемлекет қолданыс ауданы шегiнде өз аумағында осы Хаттаманың VII, VIII және IХ бөлiмдерiне сәйкес инспекция өткiзетiн екеуден артық емес инспекциялық топты бiр мезгілде қабылдауға мiндеттi.
      26. Әр Қатысушы-мемлекет осы Хаттаманың VII, VIII және IХ бөлiмдерiне сәйкес оның қарулы күштерiнде инспекция өткiзетiн екеуден артық емес инспекциялық топты бiр мезгiлде қабылдауға мiндеттi.
      27. Бiрде-бiр Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың VII және VIII бөлiмдерiне сәйкес бiр және сол Қатысушы мемлекеттiң шарт жасасқан жыл iшiндегi оның жарияланған орын инспекциясының пассивтiк үлесiнен 50 пайыздан астамын қабылдауға мiндеттi емес.
      28. Әр Қатысушы мемлекет басқа Қатысушы мемлекет аумағының қолданыс ауданы шегiнде инспекция өткiзуге құқылы. Әр Қатысушы мемлекет әр шартты жылда өз инспекциясының активтi үлесiн 15 қаңтардан кешiктірмей басқа Қатысушы мемлекетке жазбаша хабарлайды.
      29. Инспекция мен қағидатты өткiзу құқына залалсыз бақылаудың сақталуына сәйкес ұлттық төтенше құзыры болып табылатын, инспекцияның жалпы практикасы ретiнде көпұлтты сипат алуы мүмкiн Қатысушы мемлекеттер өздерiнiң инспекциялық қызметiн қалайша орынды санаса, солай үйлестіруi мүмкiн. Қатысушы мемлекеттер инспекторларға олардың азаматтығы мен жынысына қатысы жоқ бiркелкi көзқарасты қамтамасыз етедi.
      30. Әр Қатысушы мемлекет әр жылдың 15 желтоқсанынан кешiктiрмей келесi күнтiзбелік жылға өзiнiң ресми мерекелiк күндерiнiң тiзiмiн барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге бередi.
 
      III-бөлiм. ИНСПЕКЦИЯЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ТАЛАПТАР
 
      1. Шартқа сәйкес өткiзiлетiн инспекция осы бөлiмнің 3-нен 7-не дейiнгi тармақтарына сәйкес тағайындалған инспекторлар өткiзедi.
      2. Инспекторлар инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң немесе басқа Қатысушы мемлекеттiң азаматтары болып табылады.
      3. Шартқа қол қойылғаннан кейiн 90 күн iшiнде әр Қатысушы мемлекет оның ұсынған инспекторларының және оның ұсынған көлiк құралдары экипаждары мүшелерiнiң, инспекторлар мен көлiк құралдары экипаждары мүшелерiнiң аты-жөндерi, олардың жынысы, туған күндерi, туған жерлерi мен төлқұжат нөмiрлерi толық жазылған тiзiмдерiн барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге бередi. Қатысушы мемлекет ұсынған инспекторлардың бiрде-бiр тiзiмiнде бiр мезгiлден 400-ден астам адам, Қатысушы мемлекет ұсынған көлiк құралдары экипажы мүшелерiнiң бiрде-бiр тiзiмiнде бiр мезгiлде 600-ден астам адам жазылуы тиiс емес.
      4. Әр Қатысушы мемлекет басқа Қатысушы мемлекеттiң оған берген инспекторлар мен көлiк құралдары экипаждары мүшелерiнiң тiзiмiн қарауы және әр тiзiмдi алғаннан кейiн 30 күн ішiнде осы тiзiмнен кез-келген адамның есiмiн сызып тастағысы келетiнiн сол тiзiмдi берген Қатысушы мемлекетке хабарлайды.
      5. Осы бөлiмнiң 7-тармағын сақтай отырып, инспекторлар мен көлiк құралдары экипажының мүшелерi осы бөлiмнiң 4-тармағында көрсетiлген уақыт мерзiмi iшiнде тыйым салынбағаннан басқа, осы бөлiмнiң 8-тармағына сәйкес виза және кез-келген басқа құжаттарды беру мақсаты үшiн қабылданды деп саналады.
      6. Әр Қатысушы мемлекет Шарт күшiне енгеннен кейiн бiр айдың iшiнде өз тiзімдерiне өзгерiс енгiзуге құқылы. Одан әрi әр Қатысушы мемлекет жыл iшiнде екi рет, мүмкiндiгiнше бiрiншi сәуiр және бiрiншi қазан қарсаңында оның тiзiмдерiне қосымша инспекторлар мен көлiк құралдары экипажының мүшелерiн немесе мұндай тiзiмдегi өзгерiстер, осы бөлiмнiң 3-тармағында көрсетiлген сан жағдайында одан шығарып тастауды ұсынады. Ұсынылатын қосымшалар осы бөлiмнiң 4 және 5 тармақтарына сәйкес қаралады. Әр Қатысушы мемлекет жыл сайын 15 желтоқсаннан кешіктiрмей бұдан бұрынғы жиынтық тiзiм берілген сәттегi уақыт iшiнде жазбаша ескертiлген және қабылданған барлық өзгерiстер енгiзiлген және айрықша бөле көрсетiлген инспекторлар мен көлiк құралдары экипажы мүшелерiнің жиынтық тiзiмiн барлық басқа Қатысушы мемлекетке бередi. Қате басылғандарды түзету мақсатындағы жазбаша ескертпелер кез-келген уақытта берiледi.
      7. Қатысушы мемлекет кез-келген басқа Қатысушы мемлекет ұсынған инспекторлар мен көлік құралдары экипажы мүшелерін, ол кiмдi қаласа, кез-келген адамды тiзiмдерден шығарып тастаудан бас тарту құқынсыз талап ете алады.
      8. Инспекция өткiзiлетiн аумақта Қатысушы мемлекет осы бөлiмнiң J тармағына сәйкес қабылданған инспекторлар мен көлiк құралдары экипажы мүшелерiнiң кiруi үшiн талап етiлетiн және осы Хаттаманың ережелерiне сәйкес инспекциялық қызметтi жүзеге асыру мақсатында олардың сол жерде болуына мүмкiндiк беретiн визалар және кез-келген басқа да құжаттарды бередi. Ондай визалар және кез-келген басқа да қажеттi құжаттар былайша берiледi:
 
      (А) Тiзiм қабылданғаннан кейiн 30 күн ішiнде немесе сондай тiзiмдердiң бұдан кейiнгi өзгерiстерінен мұндай жағдайда визаның қолданыс мерзiмi 24 сағаттан кем емес; немесе
 
      (В) инспекциялық топтардың және көлiк құралдары экипажы мүшелерiнiң кiру/шығу пунктіне келгеннен кейін бір сағат ішінде, мұндай жағдайда визаның қолданылуы олардың инспекциялық қызметті жүзеге асыру мерзімі ішінде сақталады.
      9. Жыл сайын 15 желтоқсаннан кешiктiрмей әр Қатысушы мемлекет сондай инспекция өткiзетiн Қатысушы мемлекеттiң аумағына және сол аумақтан инспекторлар мен инспекция өткiзу үшiн қажеттi аппаратураларды жеткiзетiн олардың көлiк құралдарына дипломатиялық рұқсатнаманың тұрақты нөмiрiн барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге жазбаша хабарлайды. Белгiленген кiрiп/шығудың пунктiне (-терiне) және одан (олардан) кетудiң жолсызбасы сондай дипломатиялық рұқсатнаманы беру үшiн негiз ретiнде мүдделi Қатысушы мемлекеттермен келiсілген, көзделген Халықаралық әуе жолдары бағытына немесе басқа жолсызбаларға сәйкес. Инспекторлар сол кiру/шығу пунктерiне келу үшiн авиалиниялармен қызмет көрсетiлетiн коммерциялық рейстердi пайдалана алды. Дипломатиялық рұқсатнама нөмiрлерiне қатысты осы тармақтың ережесi мұндай рейстерге қолданылмайды.
      10. Әр Қатысушы мемлекет Ақпарат алмасу туралы хаттаманың V-бөлiмiне сәйкес берiлетiн жазбаша ескертпеде әрбiр жарияланған орынның оның бақылау объектiлерiне қатысты кiрiп/шығу пунктiн немесе пунктерiн көрсетедi. Мұндай кiрiп/шығу пункттерi инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң көлiк құралдарын қабылдауға қабілеттi болуы тиiс, құрлықтағы шекаралардың, әуежайлардың немесе теңiз порттарының қиылысқан пункттерi болуы мүмкiн. Мүмкіндiгiнше, Халықаралық рейстерге қызмет көрсететiн, кем дегенде бiр коммерциялық әуежай әрбiр жарияланған орынға байланысты, кiру/шығу пунктi ретiнде жазбаша хабарламада көрсетiледi. Жарияланған орынға қатысты жазбаша хабарламада көрсетілген кез-келген кiру/шығу пунктi орналасқан жер осы Хаттаманың YI-бөлiмiнiң 8-тармағында көзделген уақыт ішiнде сол жарияланған орынға рұқсатты қамтамасыз ету болып табылады. Әр Қатысушы мемлекет инспекцияны өткiзудi жеңiлдету үшiн қосымша кiру/шығу пункттерiн көрсете алады.
      11. Әр Қатысушы мемлекеттiң өз аумағындағы кiру/шығу пункттiң немесе пункттерiн өзгертуге, сондай өзгерту күшiне енгенге дейiн кемi 90 күнде барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi жазбаша хабарландыруға құқылы.
      12. Шартқа қол қойылғаннан кейiн 90 күн iшiнде әр Қатысушы мемлекет оның әдеттегi қарулы күштерiне инспекция өткiзу кезiнде инспекциялық топтардың қолданатын ресми тiлi немесе Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның тiлдерi туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге жазбаша хабарлайды.
 
      ІҮ бөлiм. ИНСПЕКЦИЯ ӨТКIЗУ НИЕТI ТУРАЛЫ ЖАЗБАША ХАБАРЛАМА
 
      1. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекет Шарттың ХIҮ-бабында көзделгеніндей өзiнiң инспекция өткiзу ниетi туралы инспекцияланатын Қатысушы мемлекетке жазбаша хабарлайды.
      Осы Хаттаманың VII-бөлiмiне сәйкес Қатысушы мемлекеттiң әдеттегi қарулы күштерiне өткiзетiн инспекцияға қолданылатын, инспекция өткiзетiн аумақта Қатысушы мемлекет болып табылмайтын және бұл бiрiншi немесе одан кейінгi инспекция бола ма, еш қатысы жоқ сол Қатысушы мемлекет те жазбаша хабарланады.
      Осы Хаттаманың IХ-бөлiмiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қолданылатын инспекциялайтын Қатысушы мемлекет қабылдайтын Қатысушы мемлекеттi жазбаша хабарландырады.
      Басқа Қатысушы-мемлекеттiң аумағында Қатысушы мемлекет өткiзетiн сертификациялау немесе қысқарту рәсімдерінің инспекциясына қолданылатын, инспекциялайтын Қатысушы мемлекет бiр мезгiлде қабылдайтын Қатысушы мемлекеттi және басқа Қатысушы мемлекеттi жазбаша хабарландырады.
      2. Осы Хаттаманың VII және VIII бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысты мұндай жазбаша хабарландырулар инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет аумағындағы кiру/шығу пунктiне инспекциялық топтың келетiн есептi мерзiмiне дейiн кемi 36 сағат iшiнде Шарттың ХYII-бабына сәйкес берiледi; және онда:
 
      (А) пайдаланылатын кiру/шығу пунктi;
 
      (В) кiру/шығу пунктiне келудiң есептi мерзiмi;
 
      (С) кiру/шығу пунктiне жеткiзу құралдары;
 
      (D) бiрiншi инспекция осы Хаттаманың VII немесе VIII бөлiмiне сәйкес өткiзiле ме және инспекция жүру қабілетi күшейтілген көлiк құралымен, тiкұшақпен немесе сол құралдардың кез-келген үйлесiмдi жолымен жүргiзiле ме, сол туралы өтiнiш;
 
      (Е) кiру/шығу пунктiне келу мен инспекцияның бiрiншi орнының көрсетiлуi аралығындағы уақыт айырмасы;
 
      (Ғ) инспекциялық топ қолданатын тiл және осы Хаттаманың III-бөлiмiнiң 12-тармағына сәйкес көрсетiлген тiлдер;
 
      (G) Осы Хаттаманың ХIY-бөлiмiне сәйкес жасалатын инспекциялар туралы есепте қолданылатын тiл;
 
      (Н) инспекторлар мен көлiк құралдары экипажы мүшелерiнiң толық аты-жөндерi, олардың жынысы, туған күнi, туған жерi, азаматтығы және төлқұжатының нөмiрi;
 
      (I) бұдан кейiнгi инспекциялардың мүмкiн болатын саны; және
 
      (J) инспекция инспекциялайтын Қатысушы мемлекет есебiнен өткiзiлетiнi көрсетiледi.
 
      3. Осы Хаттаманың IХ-бөлiмiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысы бар мұндай жазбаша ескертпелер инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет аумағындағы кiру/шығу пунктiне инспекциялық топтың келетiн есептi мерзiмiне дейiн кемi 36 сағаттың iшiнде Шарттың ХYII-бабына сәйкес

 

берiледi және оған:


     (А) қолданыс ауданына жақын немесе оның шегiнде және инспекциялайтын

Қатысушы мемлекеттің таңдап алған көлiк құралдарын қабылдауға қабілетi

белгiленген кiру/шығу пунктi;


     (В) кiру/шығу пунктiне келудiң есептiк мерзiмi;


     (С) кiру/шығу пунктiне жеткiзу құралдары;


     (D) инспекцияның жаяу, жүру қабілетi күшейтiлген көлiк құралымен

немесе сол құралдардың кез-келген үйлесiмдi жолымен өткiзiлетiндiгi туралы

өтiнiш;


     (Е) кiру/шығу пунктiне келу және белгiленген ауданның көрсетiлуi

арасындағы уақыт аралығы;


     (Ғ) инспекциялық топ қолданатын тiл және осы Хаттаманың III-бөлiмiнiң

12-тармағына сәйкес айқындалған тiл;


     (О) осы Хаттаманың ХIY-бөлiмiне сәйкес жасалатын инспекция туралы

есепте қолданылатын тiл;



 
       (Н) инспекторлар мен көлiк құралдары экипажы мүшелерiнiң толық аты-жөндерi, олардың жыныстары, туған күндерi, туған жерлерi, азаматтығы және төлқұжатының нөмiрi.
      4. Осы Хаттаманың Х және ХI бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияларға қатысты ондай жазбаша хабарламалар Шарттың ХYII-бабына сәйкес инспекциялық топ инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекеттiң аумағындағы белгiленген кiру/шығу пунктiне келетiн есептi уақытқа дейін кемі 96 сағат бұрын беріледі, және оған мыналар қосылады:
 

 

     (А) қолданылатын кiру/шығу пунктi;


     (В) кiру/шығу пунктiне келетiн есептi уақыт;


     (С) кiру/шығу пунктiне жеткiзу құралы;


     (D) қысқарту немесе сертификациялау орнына әр инспекция үшiн осы

Хаттаманың Х-бөлiмiнiң 3-тармағына немесе ХI-бөлiмiнiң 5-тармағына сәйкес

берiлген жазбаша хабарламаға сiлтеме;



 
       (Е) инспекциялық топ қолданатын және осы Хаттаманың III-бөлiмiнiң 12-тармағына сәйкес анықталған болып табылатын тiл;
 
      (Е) осы Хаттаманың ХIҮ-бөлiмiне сәйкес жасалатын инспекция туралы есепте қолданылатын тiл, және
 
      (G) инспекторлар мен көлiк құралы экипажы мүшелерiнiң толық аттары, олардың жыныстары, туған күндерi, туған жерлерi, азаматтығы және төлқұжаттарының нөмiрi.
 
      5. Осы бөлiмнiң 1-тармағына сәйкес жазбаша хабарландырылған Қатысушы мемлекеттер үш сағат iшiнде жазбаша хабарлама алғандығын Шарттың ХҮII-бабына сәйкес растайды. Осы бөлiмде баяндалған ережелердi сақтай отырып, инспекциялық топқа, осы бөлiмнiң 2-тармағының (В) тармақшасына немесе 3-тармағының (В) тармақшасына сәйкес жазбаша хабарламада көрсетiлген есептi мерзiмде кiрiп/шығу пунктiне келуге рұқсат етiледi.
      6. Инспекция өткiзу ниетi туралы жазбаша хабарлама алған, инспекцияланатын Қатысушы мемлекет оны алғаннан кейiн даму, сұратқан инспекциясының түрi және инспекциялық топтың кiру/шығу пунктiне келетiн есептi уақыты туралы Шарттың ХҮII-бабына сәйкес барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi жазбаша хабарландырады. Осы Хаттаманың ҮII немесе ҮIII бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысы бар жазбаша ескертпеге жарияланған орын инспекциясының пассивтiк үлесi бар, мүмкiн болатын бұдан кейiнгi инспекция саны және әрбiр инспекцияға байланысты шығындарды төлейтiн Қатысушы мемлекет енгiзiледi.
      7. Егер аумағында инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет есептi мерзiмде келетiн инспекциялық топқа кiруге рұқсат бере алмаған жағдайда жазбаша хабарламада көрсетiлген келудiң есептi мерзiмiне дейiн немесе кейiн екi сағат iшiнде инспекциялық топқа сол Қатысушы мемлекеттiң аумағына кiруге рұқсат берiледi. Мұндай жағдайда, аумағында инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет алғашқы жолдан жазбаша хабарламадан кейiн 24 сағаттан кешiктiрмей келудiң жаңа уақыты туралы инспекциялайтын Қатысушы мемлекетке жазбаша хабарлайды.
      8. Егер инспекциялық топ жазбаша хабарламада көрсетілген келудiң есептi уақытынан кейiн екi сағаттан аса немесе осы бөлiмнiң 6-тармағына сәйкес хабарланған келудiң жаңа уақытына кейiн кешiккен жағдайда, инспекциялайтын Қатысушы мемлекет осы бөлiмнiң 1-тармағына сәйкес жазбаша хабарланған Қатысушы мемлекет:
 
      (А) келудiң алғашқы есептi уақытынан кейiн қандай жағдайда болмасын алты сағаттан аспайтын келудiң жаңа есептiк уақыты немесе осы бөлiмнiң 6-тармағына сәйкес хабарланғаннан кейiн келудiң жаңа уақыты туралы; және
 
      (В) инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң тiлегi бойынша кiру/шығу пунктiне келу және инспекция орнын көрсету арасындағы жаңа уақыт аралығы туралы хабарлайды.
      9. Инспекциялық топты кiру/шығу пунктiне жеткiзу үшiн коммерциялық емес рейстердi пайдаланған жағдайда аумағында инспекция өткізетiн Қатысушы мемлекеттiң әуе кеңiстiгiне енген жоспарланған уақытқа дейiн кемi 10-сағат iшiнде инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің Шарттың ХYII-бабына сәйкес сол Қатысушы мемлекетке ұшу жоспарын бередi. Ұшу жоспарын берудi ресми арналарының бiрi Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы реттейтiн тiркелген авиациялық электр байланысының жүйесi саналады. Ұшу жоспары азаматтық ұшу аппараттары үшiн Азаматтық авиация халықаралық ұйымының рәсiмдерiне сәйкес ресiмделедi. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекет әрбiр ұшу жоспарын ескерту бөлiмiне дипломатиялық рұқсатнаманың тұрақты нөмiрiн енгiзедi және "Еуропадағы бiрiккен қарулы күштердiң (ЕБҚК) инспекциялық ұшу аппараты. Бiрiншi кезекте рұқсатты ресiмдеу талап етiледi деген жазу жазылады.
      10. Аумағында инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет осы бөлiмнiң 9-тармағына сәйкес ресiмделген ұшу жоспарын алғаннан кейiн үш сағаттан кешiктiрмей инспекциялық топтың кiру/шығу пунктiне есептi уақыты келетiндей етіп ұшу жоспарын бекiтудi қамтамасыз етедi.
      11. Егер құқылы көлiк құралдарымен жеткiзілетiн инспекциялық топ инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң аумағына бет алған сапарында немесе одан басқа Қатысушы мемлекеттiң аумағы арқылы транзитпен етуге ниет бiлдiрсе, транзиттi жүзеге асыратын сол Қатысушы мемлекетке осы Хаттаманың ХҮ-бөлiмi 5-тармағының (А) тармақшасына сәйкес оның мiндеттемелерiне қатысы бар ақпаратты алдын-ала бередi. Мұндай ақпаратқа кем дегенде шекараларды кесiп өту пункттерi, әрбiр шекараны кесiп өтудiң есептi мерзiмi инспекциялық топ пайдаланатын көлiк құралдары, инспекторлар мен жүргiзушiлердiң аты-жөнi, олардың азаматтығы және төлқұжаттарының нөмiрi енгiзiледi.
 
      Ү-бөлiм. КIРУ/ШЫҒУ ПУНКТIНЕ КЕЛУ БОЙЫНША РӘСIМДЕР
 
      1. Ерiп жүретiн топ инспекциялық топ пен көлiк құралдары экипажының мүшелерiн кiру/шығу пунктiне олардың келуi бойынша қарсы алады.
      2. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң келiсiмi бойынша құрылысты немесе объектілердi пайдаланатын Қатысушы мемлекет ерiп жүретiн топпен келiсiлгенiндей, кез-келген уақытша инспекциялық топпен ерiп жүру үшiн қажет болған жағдайда кiру/шығу пунктiнде оның қарауында болатын ерiп жүретiн топпен байланысқа жауапты адамды тағайындайды.
      3. Кiру/шығу пунктiне келу және кету уақыты инспекциялау тобымен қатар еріп жүретiн топпен де келiсiледi және тiркеледi.
      4. Аумағында инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет инспекциялау тобының жүгi, аппаратуралары мен материалдары барлық кедендік алымдардан босатылады және кiру/шығу пунктiнде жедел тәртiппен ресiмделедi.
      5. Инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекеттiң аумағына инспекциялаушы Қатысушы мемлекеттің әкелетiн аппаратуралары мен материалдары осы аумаққа әрбiр әкелiнген кезде тексерiледi. Мұндай тексерiс инспекциялық топтың кiру/шығу пунктiне инспекция өтетiн жерге аттанғанға дейiн аяқталады. Мұндай аппаратуралар мен материалдарды инспекциялық топ мүшелерiнiң қатысуымен ерiп жүретiн топ қарайды.
      6. Егер тексерiстен кейiн ерiп жүретiн топ инспекторлар енгiзген әлде-бiр аппаратура немесе материалдар осы Хаттамаға байланысты инспекция топтарына сыйымсыз функцияларды орындауға қабілеттi немесе осы Хаттаманың ҮI-бөлiмiнiң 18-тармағында көрсетiлген талаптарға жауап бермейтiнiн анықтамаса, онда ерiп жүретiн топ осындай аппаратураны пайдалануға рұқсат беруден бас тартуға және кiру/шығу пунктiнде оны ұстап қалуға құқылы. Инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекеттiң аумағынан осындай ұсталған аппаратураларды немесе материалдарды өз жағдайына қарай бiрiншi мүмкiндiктi пайдаланып, бiрақ осы ұсталған аппаратураларды немесе материалдарды әкелген инспекциялық топтың елден кетуінен кешіктірмей алып шығады.
      7. Егер Қатысушы мемлекет кiру/шығу пунктінде инспекциялық топтың аппаратурасын қарауға қатыспаған болса, ол Қатысушы мемлекет осы бөлiмнiң 5 және 6 тармақтарына сәйкес еріп жүретiн топтың құқыларын жарияланған жерде инспекция өткiзiлгенге дейiн іске асыруға құқылы, оған оның әдеттегi қарулы күштерi, не ол инспекциялаушы Қатысушы мемлекеттiң келiсiмi бойынша қолданатын құрылыстар немесе объектiлер қатысады.
      8. Инспекциялық топ пен көлiк құралдары экипажының Қатысушы мемлекет аумағында болған мерзiмi iшiнде, инспекция орналасқан жерде инспекциялайтын Қатысушы мемлекет оларды тамақтандыруды, пәтер және жұмыс орындарымен, көлiкпен және қажет болған жағдайда медициналық немесе өзге шұғыл көмекпен қамтамасыз етедi және ұйымдастырады.
      9. Аумағында инспекция өткiзетiн Қатысушы-мемлекет кiру/шығу пунктiне инспекциялайтын Қатысушы-мемлекеттiң көлiк құралдарын орналастыруды, күзетудi, қызмет көрсетудi және жағармай құюды қамтамасыз етедi.
 
      YI-бөлiм. ИНСПЕКЦИЯ ӨТКIЗУДIҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРI
 
      1. Кездейсоқ жағдай болғанда инспекция ұстап қалынуы мүмкiн. Егер инспекциялайтын Қатысушы мемлекет немесе инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң құқығы мен міндеттемелерiн жүзеге асырушы Қатысушы мемлекет кездейсоқ жағдайдың салдарынан инспекция өткiзу кейiнге қалдырылса, онда сол кедергiнiң себебi жазбаша түрде толық түсiндiрiледi, сондай-ақ шамамен кедергiнiң ұзақтығы төмендегiше көрсетiледi:
 
      (А) егер кездейсоқ жағдай - инспекция өткiзу ниетi туралы тиiстi жазбаша хабарламаға жауап ретiнде инспекциялық топ келгенге дейiн жарияланса;
 
      (В) егер кездейсоқ жағдай инспекциялық топтың кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiн жарияланса, инспекторлар тобына және мүмкiндiгiнше тез дипломатиялық немесе өзге де ресми арналар бойынша барлық Қатысушы мемлекеттерге түсiнiк берiледi.
 
      2. Кездейсоқ жағдай себебiнен кедергi болғанда сол Хаттаманың ХIII-бөлiмi 2-тармақшасының ережесi қолданылады.
      3. Инспекциялық топ, инспекциялайтын Қатысушы-мемлекет болып табылмайтын Қатысушы мемлекеттерден инспекторлар құрамына енгiзе алады.
      4. Осы Хаттаманың ҮII, ҮIII, Х және ХI бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысы бар инспекциялық топ тоғыз инспектордан аспайтын және үштен аспайтын төменгi топтарға бөлiнген құрамнан тұрады.
      5. Осы Хаттаманың IХ-бөлiмiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысы бар инспекциялық топтың құрамы 20 инспектордан аспайтын немесе инспекциялаушы Қатысушы мемлекеттен 5 инспектор оған қоса несi көп соған байланысты, осындай инспекцияға қатысуға мүдделi Қатысушы мемлекеттердің әрқайсысынан бiр-бiр инспектордан тұрады. Инспекциялық топта бiрде-бiр Қатысушы-мемлекеттiң 9-дан артық инспекторы болмауы тиiс.
      6. Инспекторлар және ерiп жүретiн топтың мүшелерi тиiсiнше оларды бiрегейлендiретiн нақтылы белгi тағады.
      7. Инспекциялар инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет аумағындағы кiру/шығу пунктiне келуi бойынша өз мiндеттерiне кiрiскен және сол Қатысушы мемлекет аумағынан кiру/шығу пунктi арқылы аттанғаннан кейiн сол мiндеттерiн орындауды тоқтатты деп саналады.
      8. Көлiк құралдары экипажы мүшелерінің саны 10 адамнан аспайды.
      9. Олардың артықшылығы мен иммунитетi үшiн залалсыз инспекторлар мен көлiк құралдары экипажының мүшелерi инспекция өткiзiлетiн аумақтағы Қатысушы мемлекеттiң заңдары мен қаулыларын сыйлайды және сол Қатысушы мемлекеттiң iшкi iстерiне араласпайды. Инспекторлар мен көлiк құралдары экипажының мүшелерi сонымен бiрге техника қауiпсiздiгiнiң ережесi мен әкiмшiлiк рәсiмдерiн қоса, инспекция жерiндегi қаулыны да сыйлайды. Егер инспекцияланатын Қатысушы мемлекет инспектордың немесе көлiк құралы экипажы мүшесiнiң осы Хаттамада көрсетiлген инспекциялық қызметтi реттейтiн сондай заңдарды және қаулыларды немесе басқа шарттарды бұзғандығын анықтаған жағдайда ол бұл жөнiнде инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттi жазбаша ескертiп, инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң талабы бойынша инспекторлардың немесе көлiк құралдары экипажы мүшелерiнiң тiзiмiнен тиiстi адамдар дереу шығарылады. Егер сол адам инспекция өткiзілетiн Қатысушы мемлекет аумағында болса, онда инспекциялайтын Қатысушы мемлекет сол адамды сол елден шұғыл шақырып алады.
      10. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет инспекциялық топ пен көлiк құралдары экипажы мүшелерiнiң кiру/шығу пунктіне келу сәтiнен олардың Қатысушы мемлекет аумағынан аттану мақсатына байланыста кiру/шығу пунктiн олардың қалдыру сәтiне дейін қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты.
      11. Ерiп жүретiн топ инспекциялық топқа оның функциясын iске асыруға жәрдемдеседi. Өз мүмкiндiгiне қарай ерiп жүретiн топ инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет аумағына оның келген уақытынан бастап сол аумақтан оның аттану уақытына дейiн инспекциялық топқа ерiп жүруге өз құқын жүзеге асыра алады.
      12. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекет инспекциялық топтың және әрбiр төменгi топтың осы Хаттаманың IҮ-бөлiмi 2-тармағының (Ғ) тармақшасына, 3-тармағының (Ғ) тармақшасына, 4-тармағының (Е) тармақшасына сәйкес көрсетiлген тілде ерiп жүретiн топпен еркiн қарым-қатынас жасау үшiн қажеттi лингвистикалық тәсiлдердi игерудi қамтамасыз етедi. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет ерiп жүретiн топтың инспекциялық топпен және әрбiр төменгi топпен еркiн қарым-қатынас жасауы үшiн қажеттi лингвистикалық тәсiлдердi игерудi қамтамасыз етедi. Инспекторлар мен ерiп жүретiн топ мүшелерi саны мен бiрге басқа тілдерде де қарым-қатынас жасауы мүмкiн.
      13. Инспекция барысында алынған бiрде-бiр ақпарат инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң айқын білдiрген келiсiмiнсiз жұртшылыққа жарияланбайды.
      14. Инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет аумағында болған уақыт iшiнде инспекторлар инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң ұсынатын тиiстi байланыс құралдарын пайдалана отырып, сол аумақта орналасқан инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң елшiлiгiмен немесе консульдiгiмен байланыс жасауға құқылы.
      15. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң таңдап алған әдiсiмен және жолсызбасымен инспекциялық топты инспекция орнына, инспекция орнынан және екi инспекция аралығына жеткiзедi. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң таңдап алған жолсызбасын өзгертуiн сұрауына болады. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет мұндай сұрауды мүмкiндiгiнше орындайды. Өзара келiсiм бойынша инспекциялайтын Қатысушы мемлекетке өзiнiң меншiктi құрлықтық көлiк құралдарын пайдалануына рұқсат берiледi.
      16. Егер инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет аумағындағы инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң инспекторларына инспекция жерiнен кiру/шығу пунктiне не елшiлiкке немесе консульдікке бара қалатындай төтенше жағдай туындай қалса, инспекция тобы бұл жөнінде еріп жүретін топқа жазбаша хабарлайды, ал олар мұндай сапарды кідіріссіз ұйымдастырады және қажет болған жағдайда тиісті көлік құралдарын береді.
      17. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет аппаратуралар мен материалдарды сақтауға, қорытынды есеп жазуға, демалуға және тағам қабылдауға инспекция жерiнен тек инспекциялық топ пайдаланатын әкiмшiлiк аймағын бередi.
      18. Инспекциялық топқа инспекция өткiзу үшiн қажеттi, атап айтқанда, жеке карталар мен сызбалар сияқты құжаттар әкелуге рұқсат етiледi. Инспекторларға ықшамды әрекеттiк түнде қару құралдарын, дүрбiлер, бейне түсiру камералары мен фотоаппараттар, диктофондар, рулеткалар, электр шамдарын, магниттi компастар мен ықшам компьютерлер әкелуге және пайдалануға рұқсат етiледi. Инспекторларға инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң мақұлдауына ие болған басқа да қондырғыларды пайдалануына рұқсат етiледi. Елде болған барлық мерзiм iшiнде ерiп жүретiн топ инспекторлар әкелген аппаратураларды қадағалауға құқылы, бiрақ осы Хаттаманың Y-бөлiмінің 5-тен 7-ге дейiнгi тармақтарына сәйкес ерiп жүретiн топтың мақұлдауына ие болған аппаратураларды пайдалануға кедергi жасамайды.
      19. Осы Хаттаманың YII, ҮIII немесе IХ бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысы бар инспекциялық топ қашан инспекция жерiн тағайындайды, инспекция қай жерде өткізiледi, инспекция жаяу, өтiмдiлiгi жоғары көлiк құралдарымен, тікұшақпен немесе осы тәсiлдердiң кез-келген үйлесiмдi жолымен өткiзiле ме, әрбiр жағдайды көрсетедi. Егер тек өзге келiсiмге қол жеткiзiлмесе, инспекцияланатын Қатысушы мемлекет әрбiр төменгi топ үшiн инспекция жерiнде өтiмдiлiгi жоғары тиiстi көлiк құралдарын бередi және пайдаланады.
      20. Қашан бұл мүмкiн болғанда, инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң ұшу қауiпсiздiгi мен ережелерiн және осы бөлiмнiң 18-ден 21-ге дейінгі тармақтарының ережелерiн сақтай отырып, инспекциялық топ Хаттаманың YII, YIII немесе IХ бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекция кезiнде инспекцияланатын Қатысушы мемлекет беретiн және іске қосылатын тікұшақты пайдаланып, инспекция жерiн тiкұшақпен айнала ұшуды iске асыруға құқылы.
      21. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет 20 шаршы километрден аз алаңы бар кез-келген инспекция жерiнде тiкұшақ беруге мiндеттi емес.
      22. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет әлсiз пункттердiң үстiмен тiкұшақпен ұшуына қатысты кiдiртуге, шектеуге немесе бас тартуға құқылы, бiрақ әлсiз пункттердiң болуы инспекция жерiнiң қалған аудандарын тікұшақпен айнала ұшуға кедергі болмайды. Әлсіз пункттерді немесе солардың үстінен тікұшақпен айнала ұшқан кезде фотосуретке түсіруге тек еріп жүруші топтың мақұлдауымен рұқсат етіледі.
      23. Инспекция жерiнде тiкұшақпен осындай айнала ұшу ұзақтығы, егер тек инспекциялық топ пен ерiп жүретiн топ өзгеше келiспесе, осы Хаттаманың ҮII немесе ҮIII бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекция қатысты бiр сағаттың және IХ бөлiмге сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысты 7 сағаттың жиынтығынан аспайды.
      24. Инспекциялық топтың кем дегенде екi мүшесiн және ерiп жүретiн топтың кем дегенде бiр мүшесiн тасымалдау үшiн инспекцияланатын Қатысушы мемлекет ұсынатын кез-келген тiкұшақ жеткіліктi мөлшерде iрi көлемдi тiкұшақ болып табылады. Инспекция жерiн айнала ұшу кезiнде инспекторлардың осы бөлiмнiң 18-тармағында көрсетiлген кез-келген аппаратураны өзiмен бiрге алуына және пайдалануына рұқсат етiледi. Инспекциялық ұшу кезiнде инспекциялық топ фотосуретке түсiрудi iске асырғысы келсе, бұл жөнiнде олар ерiп жүретiн топқа хабарлайды. Тiкұшақ инспекторлардың үздiксiз және ешбiр кедергiсiз жер шолуын қамтамасыз етедi.
      25. Инспекторлар өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде инспекция жерiнде өткiзiлетiн қызметке тiкелей араласпайды және инспекция жерiндегi қызметтер үшiн немесе оның қауiпсiз жасалуына қатысы бар iс-әрекетке ешбiр қажетсiз кедергi жасаудан немесе ұстап қалудан бас тартады.
      26. Осы бөлiмнiң 27-ден 32-ге дейiнгi тармақтарында көзделгенiнен басқа инспекторларға бақылау объектiсiнiң инспекциясы барысында не көрсетiлген аудан шегiнде немесе белгiленген аудан шегiнде баруға, кiруге және еш кедергiсiз инспекция жасауға рұқсат етіледi:
 
      (А) аталған ауданға қатысы бар - жарияланған орыннан басқа барлық аудан шегiнде егер мұндайлар бар болса аталған ауданның шекарасында; немесе
 
      (В) белгiленген ауданға қатысы бар - аталған ауданның шекарасындағы жарияланған орынды қоса, барлық аудан шегiнде; немесе
 
      (С) бақылау объектiсiне қатысы бар - тек ғана басқа бақылау объектiсiне жататын жер ретiнде сызбада бөлектелген, оны инспекция үшiн инспекциялау тобы белгiленген, жарияланған орынның барлық аумағы шегiнде.
      27. Осы Хаттаманың ҮII, ҮIII немесе IХ бөлiмдерiне сәйкес бақылау объектісіне немесе аталған аудан шегіне не белгіленген аудан шегінде инспекция кезінде осы бөлімнің 28 тармағының ережесін сақтай отырып, инспекторлар осы бөлiмнiң 26-тармағында мазмұндалған аудандар шегiнде тұрақты немесе әдетте жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк тiкұшақтар, жауынгерлік ұшақтар, қайта топтастырылған оқу-жаттығу ұшақтары, бронетранспортерлер тәрiздестер, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздестер немесе танкiлiк көпiр салушылар тұратын кезкелген жерге, құрылысқа немесе құрылыс шегiндегi ауданға кiруге құқылы. Инспекторлардың басқа құрылысқа немесе персонал үшiн көлденеңi екi метрден аспайтын тек есiк арқылы ғана өтуге рұқсат етiлетiн және ерiп жүретiн топ рұқсат етуден бас тартқан жағдайда, құрылыс шегiнiң аудандарына, пункттерге енуге құқысыз.
      28. Осы Хаттаманың YII, ҮIII немесе IХ бөлiмдерiне сәйкес бақылау объектiсiне немесе аталған аудан шегiндегі не белгiленген аудандағы инспекция кезiнде инспекторлардың ұшақтар тұратын биiк қорғанның iшiнде қандай да бiр жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк тiкұшақтар, жауынгерлiк ұшақтар, қайта топтастырылған оқу-жаттығу ұшақтары, бронетранспортерлер тәрiздестер, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздестер немесе танкілік көпiр салушылар бар ма, егер бар болса онда олардың санын және түрiн, үлгiсiн немесе нұсқасын ең болмаса шола қарап, көз жеткiзуге құқылы. Осы бөлiмнiң 27-тармағының ережесiне қарамай инспекторлар тек ерiп жүретiн топтың мақұлдауымен ұшақтар тұрпатын, сондай биiк қорғанның iшiне кiредi. Егер мұндай мақұлдаудан бас тартса, онда инспекторлардың өтiнiшi бойынша кез-келген ұшақтар тұрпатын сондай биiк қорған iшiндегi жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк тiкұшақтар, жауынгерлiк ұшақтар, қайта топтастырылған оқу-жаттығу ұшақтары, бронетранспортерлер тәрiздестер, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздестер немесе танкiлiк көпiр салушылар сыртқа шығарылып қойылады.
      29. Осы Хаттаманың ҮII, ҮIII немесе IХ бөлiмдерiне сәйкес бақылау объектiсiне немесе аталған аудан шегiндегi не белгiленген аудандағы инспекция кезiнде, осы бөлiмнiң 30-дан 36-ға дейiнгi тармақтарында көзделгендерден басқа, инспекторлар әдеттегi қару-жарақ пен техниканы сырттай шолып, олардың санына, түрiне, үлгiсiне немесе нұсқасына көз жеткізу үшін рұқсат алуға құқылы.
      30. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекет жекелеген сезiктi техника бiрлiктерiне жабу салуға құқылы.
      31. Ерiп жүретiн топ саны мен көлемi соншалықты шектелген сезiктi пунктерге, мүмкiндiгiнше жабулы объектілерге және екi метрден кем (ені, биіктігі, ұзындығы немесе диаметрі) көлемді кез келген контейнерлерге жіберуден бас тартуға құқылы. Сезікті пункті белгіленген немесе жабуды объектілер немесе контейнерлер болған жағдайда еріп жүретін топ осы сезікті пунктте, жабулы объектіде немесе контейнерде қандай да бір жауынгерлік танктер, жауынгерлік броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк тiкұшақтар, жауынгерлiк ұшақтар, қайта топтастырылған оқу-жаттығу ұшақтары, бронетранспортерлер тәрiздестер, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздестер немесе танктiк көпiр салушылар бар ма, егер бар болса, онда олардың санын, түрiн, үлгiсiн немесе нұсқасын хабарлайды.
      32. Егер ерiп жүретiн топ сезiктi пункттер жабулы объектiде немесе контейнерде осы бөлiмнiң 31-тармағында көрсетiлген кез-келген әдеттегi қару-жарақ пен техника шын мәнiнде бар деп хабарламаса, онда ерiп жүретiн топ сондай әдеттегi қару-жарақ пен техниканы инспекциялық топ алдына тiзiп қояды немесе хабарлайды және жарияланған саннан көп емес сондай әдеттегi қару-жарақ пен техниканың бар екендiгiне инспекторлар тобын сендiру үшiн шара қолданады.
      33. Егер осы Хаттаманың YII немесе ҮIII бөлiмiне сәйкес бақылау объектiсiндегi немесе аталған аудан шегiндегi инспекция кезiнде қазiргi қолда бар түрлерi туралы Хаттамада көпмақсатты соққылы тiкұшақтардың тiзбесiне енгiзiлген немесе бұрын енгiзiлген тiкұшақтар түрi инспекция жерiнде тұрса және ерiп жүретiн топ жауынгерлiктi қамтамасыз ететiн тiкұшақ деп хабарласа немесе егер Ми-24р не Ми-24к тiкұшақтары инспекция жерiнде тұрса және қайта топтастырылған, тiкұшақтар туралы Хаттаманың 1-бөлiмінің 3-тармақшасына сәйкес шектелетiн деп хабарласа, мұндай тiкұшақ осы Хаттаманың Х-бөлiмiнiң 4-тен 6-ға дейiнгi тармақтарына сәйкес iшкi инспекцияға жатқызылады.
      34. Егер осы Хаттаманың YII немесе YIII бөлiмiне сәйкес бақылау объектiсiндегi немесе аталған аудан шегiнде инспекция кезiнде ұшақтарды қайта топтастыру туралы Хаттаманың II-бөлiмiндегi тiзбесiне енгiзiлген нақты үлгiдегi ұшақ немесе оқу-жаттығу ұшағының нұсқасы инспекция жерiнде тұрса және ерiп жүретiн топ Ұшақтарды қайта топтастыру туралы Хаттамаға сәйкес қарусыз ретiнде сертификацияланған деп хабарласа, мұндай ұшақ осы Хаттаманың Х-бөлiмiнiң 4 және 5 тармақтарына сәйкес iшкi инспекцияға жатады.
      35. Егер осы Хаттаманың ҮII, ҮIII немесе IХ бөлiмiне сәйкес бақылау объектiсiндегi немесе аталған аудан шегiндегi инспекция кезiнде инспекция жерiнде тұрған бронетранспортерлер тәрiздестердi немесе жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздестердi ерiп жүретiн топ броньды машина деп хабарласа, инспекциялық топ мұндай машиналардың жаяу әскерлердiң жауынгерлiк бөлiмшесiн тасымалдауға мүмкiндiгi жоқтығын анықтауға құқылы. Инспекторлар машинаның сыртынан iшкi бөлiгiне шолу жасап, оның есiктерiнiң және/немесе люктерінің ашық болуын талап етуге құқылы. Машиналарға немесе ондағы сезікті қондырғыларға жабу салынады.
      36. Егер осы Хаттаманың ҮII немесе ҮIII бөлiмiне сәйкес бақылау объектiсiндегi немесе аталған аудан шегiнде инспекция кезiнде инспекция жерiнде тұрған қару-жарақ пен техниканы ерiп жүретiн топ қысқарту туралы Хаттама ережелерiне сәйкес қысқартылған деп хабарласа, инспекциялық топ ондай қару-жарақ пен техникаға, қысқарту туралы Хаттаманың III-тен ХII-ге дейiнгi бөлiмдерiнде көрсетілген рәсiмдерге сәйкес олардың қысқартылғанын бекiту үшiн инспекция өткiзуге құқылы. Егер осы Хаттаманың IХ-бөлiмiне сәйкес белгiленген аудан шегiнде инспекция кезiнде инспекция жерiнде тұрған жауынгерлiк танктердi, жауынгерлiк броньды машиналарды немесе артиллерияны ерiп жүретiн топ қысқарту туралы Хаттама ережелерiне сәйкес қысқартылған деп хабарласа, инспекциялық топ ондай жауынгерлiк танктерге, жауынгерлiк броньды машиналарға немесе артиллерияға қысқарту туралы Хаттаманың III-тен ХII-ге дейiнгi бөлiмдерiнде көрсетiлген рәсiмдерге сәйкес олардың қысқартылғанын бекiту үшiн инспекция өткiзуге құқылы.
      37. Шарттың қолданыс аясына жатпайтын әдеттегi қару-жарақ пен техниканың, оның iшiнде тұрақты қоймалық сақтаудың белгіленген жерi шегiнде немесе қоймалық сақтауға қойылған 50 бiрлiктен аспайтын сондай әдеттегi қару-жарақ пен техниканың бар екендiгiн тiркеу мақсатында инспекторлар фотосуретке, оның iшiнде бейнетаспаға түсiруге құқылы. Фотоаппараттар 35 миллиметрлiк таспалы аппараттармен және суреттердi дереу шығара алатын мүмкiншілігi бар аппараттармен шектеледi. Инспекциялық топ фотосуреттерге түсiрудi жоспарлайтындығы туралы ерiп жүретiн топқа алдын-ала хабарлайды. Ерiп жүретiн топ фотосуреттердi шығаруда инспекциялық топпен бiрлесiп жұмыс iстейдi.
      38. Сезiмтал пункттердi фотосуреттерге түсiруге тек ерiп жүретiн топтың мақұлдауымен рұқсат етiледi.
      39. Осы бөлiмнiң 41-тармағында көзделгеннен басқа, осы бөлiмнiң 37-тармағында көрсетілген қоймалық сақтау жерi болып табылмайтын құрылыстың iшiн фотосуретке түсiруге тек ерiп жүретiн топтың мақұлдауымен рұқсат етiледi.
      40. Инспекторлар инспекция кезiнде туындаған түсiнiксiз мәселелердi шешу үшiн шамалауларды жүзеге асыруға құқылы. Инспекция кезiнде тiркелген мұндай шамалауларды олар жүзеге асырылғаннан кейiн дереу инспекциялық топтың бiр мүшесi және ерiп жүретiн топтың бiр мүшесi растайды, мұндай расталған деректер инспекция туралы есепке енгiзiледi.
      41. Қатысушы мемлекеттер, мүмкіндігінше, нақтылы ақпаратқа қатысты туындаған кез-келген түсініксiз мәселелердi инспекция барысында шешедi. Инспекторлар ондай түсiнiксiз мәселелердi түсiндiру туралы ерiп жүретiн топтан сұратқанда, ерiп жүретiн топ инспекциялық топқа кідiрiссiз түсiнiк бередi. Егер инспекторлар фотосуреттердің шешiлмеген түсiнiксiз мәселелерiн құжаттандыруға шешiм қабылдаса, осы бөлiмнiң 38-тармағындағы ереженi сақтай отырып, ерiп жүретiн топ дереу фотосурет шығару мүмкiндiгi бар фотоаппараттарды пайдаланып, инспекциялық топпен тиiстi фото түсiрулердi бiрлесiп жүзеге асырады. Егер түсiнiксiз мәселе инспекция кезiнде шешiлмесе, осы фотосуретке байланысты кез-келген мәселелер және тиiстi түсiнiктер осы Хаттаманың ХIY-бөлiмiне сәйкес инспекция туралы есепке енгiзiледi.
      42. Осы Хаттаманың YII, ҮIII және IХ бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлген қатысты, инспекция туралы есепке екi тарап та қол қойған сәттен бастап инспекция аяқталды деп есептеледi.
      43. Жарияланған жердегi немесе аталған аудан шегiнде инспекция аяқталмас бұрын инспекциялық топ бұдан кейiн де инспекция өткiзуге ниетi бар екендiгi туралы ерiп жүретiн топқа хабарлайды. Егер инспекциялық топтың бұдан кейiн инспекция өткiзу ниетi болса, инспекциялық топ сол уақытта келесi инспекцияның орнын белгiлейдi. Мұндай жағдайда осы Хаттаманың ҮII-бөлiмiнiң 6 және 10 тармақтарындағы және ҮIII-бөлiмi 6-тармағының (А) тармақшасындағы ережелердi сақтай отырып, инспекциялайтын Қатысушы мемлекет, алдындағы инспекция аяқталғаннан кейiн мүмкiндiгiне қарай тез, бұдан кейiнгi инспекция орнына инспекциялық топтың жетуiн қамтамасыз етедi. Қайсысының қолданылуына байланысты, осы Хаттаманың YII-бөлiмiнiң 8-тармағында немесе ҮIII-бөлiм 6-тармағының (В) тармақшасында көрсетiлген мерзімдер қолданылады. Егер инспекциялық топтың бұдан кейiн инспекция өткiзетiн ниетi болмаса, онда осы бөлiмнiң 40 және 46 тармақтарындағы ережелер қолданылады.
      44. Бұдан бұрын инспекция өткiзген сол инспекциялық топ осы Хаттаманың ҮII және ҮIII бөлiмдерiндегi ережелердi сақтай отырып Қатысушы мемлекеттің аумағында бұдан кейiн де инспекция өткiзуге құқылы:
 
      (А) бұрынғы инспекция жерiнде сол кiру/шығу пунктiне немесе келген инспекция тобының сол кiру/шығу пунктіне байланысты кез-келген жарияланған орында;
 
      (В) келген инспекциялық топқа кiру/шығу пунктi Ақпарат алмасу туралы Хаттаманың Ү-бөлiмiне сәйкес жазбаша ескертпеде көрсетілген кiру/шығу пунктi ең жақын болып табылатын аталған ауданның кез-келген шегiнде; немесе
 
      (С) сол әскери округ шегіндегі бұрынғы инспекция жерінен шамамен 200 километрде орналасқан кез-келген жерде;
 
      (D) осы Хаттаманың YII-бөлiмi 12-тармағының (А) тармақшасына сәйкес инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң өтiнiшiне байланысты, егер сондай әдеттегi қаружарақ пен техника Ақпарат алмасу туралы Хаттамаға сәйкес ең соңғы жазбаша ескертпеде көрсетiлген сондай әдеттегi қару-жарақ пен техниканың санынан 15 пайыздан аспайтынын құраса, бұрынғы инспекция жерiндегi бақылау объектiсiне инспекция кезiнде жоқ болған жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк тiкұшақтардың немесе жауынгерлiк ұшақтардың уақытша орналасқан жерi болып табылатын жерде;
 
      (Е) осы Хаттаманың YII-бөлiмi 12-тармағының (В) тармақшасына сәйкес инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң өтiнiшiне байланысты жарияланған орындағы жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк тiкұшақтардың немесе жауынгерлiк ұшақтардың бастапқы пунктi болып табылатын бұрынғы инспекция жерiнде, сол бұрынғы инспекция жерiнде тұруына қарай Ақпарат алмасу туралы Хаттамаға сәйкес ең соңғы жазбаша хабарламада көрсетiлген сандардан артық болса, егер осындай әдеттегi қару-жарақ пен техника осылайша жазбаша хабарланып, сондай әдеттегi қару-жарақ пен техниканың санынан 15 пайыз артық болса.
      45. Егер келесi инспекция туралы жарияланбаса, жарияланған жердегi немесе аталған аудан шегiнде инспекция аяқталғаннан кейiн, не белгiленген аудан шегiндегi инспекция аяқталғаннан кейiн инспекциялық топ, мүмкiндiгiнше тез тиiстi кiру/шығу пунктiне жеткiзiлiп, 24 сағат iшiнде инспекция өткiзiлген Қатысушы мемлекеттiң аумағынан аттанады.
      46. Инспекциялық топ, егер өзгеше келiсiм болмаса, келу сәтi жүзеге асырылған сол кiру/шығу пунктi арқылы инспекция өткiзген Қатысушы мемлекеттiң аумағынан аттанады. Егер инспекциялық топ инспекция жасау мақсатымен басқа Қатысушы мемлекеттiң аумағындағы кiру/шығу пунктiне жүруге шешiм қабылдаса, оны осы Хаттаманың ІҮ-бөлiмiнiң I-тармағына сәйкес инспекциялайтын Қатысушы мемлекет қажеттi жазбаша ескертпе берген жағдайда ғана iске асыруға құқылы.
      47. Осы Хаттаманың ҮII және/немесе ҮIII бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысты, инспекцияның аяқталуы бойынша инспекциялық топтың аттанып кетуінен 72 сағаттан кешіктірмей немесе инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің инспекциясы өткізілген инспекцияның санын, қандай жарияланған орындар мен бақылау объектілері не аталған аудандар инспекцияланады, өткізілген әрбір инспекцияның шығынын төлейтін Қатысушы мемлекет, сондай-ақ санның жалпы түріндегі жарияланған орын инспекциясындағы оның пассивтік үлесінің қалдығын және инспекциялайтын Қатысушы мемлекет есебінен өткізілетін инспекциялар түрінің санын жазбаша хабарламада барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарлайды.
      IХ-бөлiмге сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысты, инспекция өткiзілген аумақтан Қатысушы мемлекеттiң инспекциялық тобы аттанып кеткеннен кейiн 72 сағаттан кешiктiрмей қандай белгiленген ауданның инспекцияланғандығы туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi жазбаша хабарлайды.
 
      ҮІІ-бөлiм. ЖАРИЯЛАНҒАН ОРЫНДАРДЫҢ ИНСПЕКЦИЯСЫ
 
      1. Осы Хаттамаға сәйкес жарияланған орынның инспекциясынан бас тартуға болмайды. Мұндай инспекцияларды тек кездейсоқ жағдайларда немесе осы Хаттаманың II-бөлiмiнiң 7, 25 және 26 тармақтарына сәйкес кiдiрте алады. Кездейсоқ жағдайда осы Хаттаманың ҮI-бөлiмi I-тармағының ережесi қолданылады.
      2. Осы бөлiмнiң 3-тармағында көзделгендерден басқа, Ақпарат алмасу туралы Хаттаманың Ү-бөлiмiне сәйкес жарияланған орынмен байланысты, кiру/шығу пунктi арқылы инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет аумағына инспекциялық топ келiп, онда ол осы бөлiмнiң 7-тармағына сәйкес инспекцияның бiрiншi орыны ретiнде белгiлеудi жоспарлайды.
      3. Егер инспекциялаушы Қатысушы мемлекет кiру/шығу пунктi ретiнде құрлықтағы шекараны қиып өту пунктiн немесе теңiз портын пайдалануды қаласа және инспекцияланатын Қатысушы мемлекет осы бөлiмнiң 7-тармағына сәйкес бiрiншi инспекция орыны ретiнде белгiлеудi қалайтын инспекциялайтын Қатысушы мемлекет жарияланған орынға байланысты, Ақпарат алмасу туралы Хаттаманың Ү-бөлiмiне сәйкес кiру/шығу пунктi ретiнде құрлықтағы шекараны қиып өту пунктi немесе теңiз порты туралы бұрынырақ жазбаша хабарламаса, инспекциялайтын Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың IY-бөлiмiнiң 2 тармағына сәйкес кiру/шығу пунктi ретiнде құрлықтағы шекараны қиып өту пунктiн немесе теңiз портын қалайтыны берiлген жазбаша хабарламада көрсетедi. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет аталған кiру/шығу пунктi ыңғайлы ме әлде жоқ па, осы Хаттаманың IҮ-бөлiмiнiң 5-тармағына сәйкес көзделген жазбаша ескертпенi алғандығын растауды көрсетедi. Соңғы жағдайда инспекцияланатын Қатысушы мемлекет инспекциялаушы Қатысушы мемлекеттi мүмкiндiгiнше өздерi қалаған кiру/шығу пунктiне ең жақын орналасқан басқа кiру/шығу пунктi туралы жазбаша хабарлайды және Ақпарат алмасу туралы Хаттаманың Ү-бөлiмiне сәйкес жазбаша хабарланған ол әуежай, теңiз порты немесе құрлықтағы шекараның қиылысу пунктi болуы мүмкiн, солар арқылы инспекциялық топ және көлiк құралдарының экипажы оның аумағына келетiн болады.
      4. Егер инспекциялайтын Қатысушы мемлекет осы бөлiмнiң 3-тармағына сәйкес кiру/шығу пунктi ретiнде құрлықтағы шекаралардың қиылысу пунктiн немесе теңiз портын пайдалануды қалайтындығы туралы жазбаша хабарласа, ол сондай жазбаша ескертпеге дейiн құрлықтағы көлiк құралдарын пайдалана отырып, осы бөлiмнiң 8 тармағына сәйкес көрсетiлген уақыт iшiнде, қай жерде сол Қатысушы мемлекет инспекция өткiзудi қалайды, оның инспекциялық топ алғашқы жарияланған орынға келе алатынына сенiмдiлiгiн анықтайды.
      5. Егер инспекциялық топ және көлiк құралдарының экипажы жарияланған орынмен байланыстылығы ретiнде Ақпарат алмасу туралы Хаттаманың Ү-бөлiмiне сәйкес жазбаша ескертілген кiру/шығу пунктiнен көрi инспекция өткiзiлетін Қатысушы мемлекеттiң аумағына осы бөлiмнің 3-тармағына сәйкес келген болса, оны ол бiрiншi инспекция жерi ретiнде белгiлеудi қаласа, инспекциялайтын Қатысушы мемлекет мүмкiндiгiнше тез сол жарияланған орынға рұқсатнаманы жеңілдетедi, бiрақ оған, егер ол қажет болса, осы бөлiмнiң 8-тармағында көрсетiлген уақыт лимитiн көтеруге мүмкiндiк берiледi.
      6. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң жарияланған орнын белгiленгеннен кейiн инспекциялық топ сол жерге келуге әзiрлену үшiн алты сағатқа дейiн пайдалануға құқылы.
      7. Кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiн кемi бiр сағатты және 16-дан аспайтын сағатты құрайтын, осы Хаттаманың IҮ-бөлiмi 2 тармағының (Е) тармақшасына сәйкес жазбаша ескертпеде көрсетiлген кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiнгi сағаттар саны арқылы инспекция тобы инспекция өткiзiлетiн жерде бiрiншi жарияланған орынды белгiлейдi.
      8. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет ең жылдам қолайлы қозғалыс құралымен алғашқы жарияланған орынға жүретiн инспекциялық топтың, егер тек инспекциялық топ пен ерiп жүретiн топ өзгеше келiспесе немесе таулы не жетуi қиын орналасқан жерде болмаса, инспекция өткiзiлетiн жерде, белгiленген орын кейiн тоғыз сағаттан кешiктiрмей мүмкiндiгiнше тез жетуiн қамтамасыз етедi. Мұндай жағдайда инспекциялық топ сол инспекция жерi белгiленгеннен кейiн 15 сағаттан кешiктiрмей инспекция жерiне жеткiзiледi. Тоғыз сағаттан тыс жеткiзiлу уақыты сол инспекциялық топтың елдегi болу мерзiмiне кiрмейдi.
      9. Жарияланған орынға келуi бойынша дереу, оның осы Хаттаманың І-бөлiмi І-тармағының (М) тармақшасында белгiленгенiндей инспекциялық топты брифинг (баспасөз) өткiзiлетiн жерге ертiп апарады, онда оларға жарияланған орынның сызбасы берiледi. Жарияланған орынға келуi бойынша берілетiн жарияланған орынның сызбасы, жарияланған орынның анықтауында айтылатын элементтерге қосымша нақтылы нұсқама болады:
 
      (А) инспекция жерiнiң шегiнде қолайлы, Солтүстiктi нақтылы анықтап 10 секунд жақындыққа дейiнгi дәлдiкпен оның географиялық координатын келтiре отырып, жарияланған орын шекарасына таңылу нүктесi;
 
      (В) осы бөлiмде тiзiлген оның элементтерiн дәл көрсету үшiн жеткiлiктi түрде iрi болуға тиiстi орын сызбасының ауқымы;
 
      (С) жарияланған орынның дәл белгiленген аумағы мен оның шаршы километрлiк көлемi;
 
      (D) жарияланған орында тек әрбiр бақылау объектiсiне жататын сол аудандардың дәлме-дәл сызылған шекараларды, сонымен бiрге әрбiр сондай ауданға жататын әрбiр бақылау объектiлерiндегi құралымдар мен бөлiмдердiң тиiстi тiркелiм нөмiрлерi және әрбiр бақылау объектiлерiне жататын жауынгерлiк танктерi, жауынгерлiк броньды машиналары, артиллериясы, жауынгерлiк тiкұшақтары, жауынгерлік ұшақтары, қайта топтастырылған оқу-жаттығу ұшақтары, бронетранспортерлер тәрiздестерi, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздестерi немесе танкiлiк көпiр салушылары тұрақты тұратын сол жеке орналасқан ауданды қоса;
 
      (Е) жарияланған орындағы негiзгi ғимараттар мен жолдар;
 
      (F) жарияланған орынға кiрме есiктер;
 
      (G) әкiмшiлiк аймақтың, медициналық пункттер мен тамақтандыру пункттерiнiң орналасқан жерлерi, сондай-ақ, егер бұл қолданыла қалса, инспекциялық топтың пайдалануы үшiн, тiкұшақтардың қонатын жерi; және
 
      (Н) Инспекциялайтын Қатысушы мемлекет пайдалы деп тапқан кез-келген қосымша ақпараттар.
      10. Жарияланған орынның сызбасын алғаннан кейiн 30 минут iшiнде инспекциялық топ инспекция өткiзiлетiн бақылау объектiсiн белгiлейді. Бұдан кейiн инспекциялық топпен кемi бiр сағатқа созылатын инспекция алдындағы брифинг өткізіледі, оған мынадай элементтер енедi:
 
      (А) техникалық қауiпсiздiк ережесi және инспекция жерiндегi әкiмшілік рәсiмдер;
 
      (В) инспекция жерiнде инспекторларды тасымалдау мен байланыс тәртiбi;
 
      (С) инспекция жерiнде орналасқан жердiң қолда бары, оның iшiнде жарияланған орынның жалпы аудандары шегіндегi, инспекция өткiзiлетiн, сол бақылау объектiсiне жататын жеке орналасқан бағынысты элементтер құрамындағы жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк тiкұшақтар, жауынгерлiк ұшақтар, қайта топтастырылған оқу-жаттығу ұшақтары, бронетранспортерлер тәрiздестер, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздестер және танкілік көпiр салушылар; және
 
      (D) Еуропадағы әдеттегi қарулы күштер жеке құрамының саны туралы келiссөздер актiсi YI-бөлiмнiң 2-тармағына сәйкес ақпараттар.
 
      11. Инспекция алдындағы брифинг барысында инспекциялайтын Қатысушы-мемлекеттiң ұйғарымы бойынша инспекциялық топқа инспекцияға жататын бақылау объектiсi ауданының жеке сызбасын немесе жарияланған орын сызбасының қосымша бөлiктерiн беру қарастырылуы мүмкiн. Ол сызбада мынадай элементтер көрсетiледi:
 
      (А) жарияланған орынға жататын барлық аумақ және тек қана бақылау объектiсінің құрамындағы сол аудандардың шекараларын анық көрсететiн сұлбасы, инспекцияға жататын, соның құрамындағы және инспекцияның аталған жерiнде тұрған жауынгерлiк танктердi, жауынгерлiк броньды машиналарды,

 

артиллерияны, жауынгерлiк тiкұшақтарды, қайта топтастырылған оқу-жаттығу

ұшақтарын, бронетранспортерлер тәрiздестердi, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк

машиналары тәрiздестердi және танкiлiк көпiр салушыларды қоса барлық жеке

орналасқан аумақ;


     (В) шын Солтүстiк;


     (С) сызбаның ауқымы (көлемi) осы бөлiмде тiзiлген элементтердi дәл

көрсету үшiн жеткiлiктi мөлшерде iрi болуы тиiс;


     (D) барлық жолдар және iрi ғимараттар, оның iшiнде:


     (1) инспекция жерiнде тұрған Шарттың қолданыс аясына жататын барлық

әдеттегi қару-жарақ пен техника орналасқан жер;


     (2) есiктерiнiң көлденеңi 2 метрден асатын ғимараттар; және


     (3) инспекцияға жатқызылған бақылау объектiсінің жеке құрамы және

жарияланған орынның жалпы ауданында тұрған барлық басқа да бөлiмдер

пайдаланатын казармалар мен тамақтану пункттерi;


     (Е) тұрақты немесе уақытша кiруге болмайтындарды қоса инспекцияға

жатқызылған бақылау объектiлерiне кiретiн барлық кiрме есiктер; және


     (Ғ) инспекциялайтын Қатысушы мемлекет пайдалы деп тапқан кез-келген

қосымша ақпарат.



 
       12. Мынадай ережелерге сәйкес инспекция алдындағы брифинг инспекция жерiнде тұрған жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның немесе жауынгерлiк тiкұшақтардың сандары арасындағы кез-келген айырмашылықтарға және Ақпарат алмасу туралы Хаттамаға сәйкес ең соңғы жазбаша хабарламада көрсетiлген тиiстi сандарға түсiнiктер қосады:
 
      (А) егер инспекция жерiнде тұрған сондай әдеттегi қару-жарақ пен техниканың саны, сол ең соңғы жазбаша хабарламада көрсетiлген саннан кем болса, мұндай түсiнiкке сондай әдеттегi қару-жарақ пен техниканың уақытша орналасқан жерi, кеткен күнi мен мүмкiн қайтып келетiн күнi енгiзiледi; және
 
      (В) егер инспекция жерiнде тұрған сондай әдеттегi қару-жарақ пен техниканың саны сол ең соңғы жазбаша хабарламада көрсетiлген саннан артық болса, мұндай түсiнiкке бастапқы пунктi, бастапқы пункттен шығу уақыты, инспекция жерiне келу және инспекция жерiне сондай қосымша әдеттегi қару-жарақ пен техниканың алдын-ала жоспарланатын уақыты туралы нақтылы ақпараттар енгiзiледi.
 
      13. Бұдан басқа инспекция алдындағы брифингке инспекция жерiнде тұрған санитарлық-бронетранспортер машиналарының жалпы саны жөнiнде ақпарат енгiзедi.
      14. Осы Хаттаманың ҮI-бөлiмi 44-тарауының (D) тармақшасындағы ережелерге қатысы жоқ, егер 12-тармақтың (А) тармақшасына сәйкес, жоғарыда, бақылау объектiсiнде жоқ болғандығы жөнінде хабарланғандай әдеттегі қару-жарақ пен техниканың саны, Шартта шектелетiн әдеттегi қару-жарақ пен техниканың 30 бiрлiгiнен артығын, немесе кез-келген жеке алынған санаттың 12 бiрлiгiнен артығын құраса, онда инспекциялық топтың сол аталған бақылау объектiсi инспекциясының шеңберiнде инспекцияланатын Қатысушы мемлекет аумағы шегiндегi бiр орынға баруға құқылы, мұнда инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң пайымдауы бойынша осы қару-жарақ пен техниканы инспекциялау үшiн, бұл орын осындай жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк тікұшақтардың немесе жауынгерлiк ұшақтардың уақытша орналасқан жерi болып табылады, егер бұл орын инспекция жерiнен 60 километр көлемiнде болса, жеткiзiлу уақыты аталған инспекциялық топтың елде болу кезеңiнде есепке алынбайды.
      Әскери жаттығу немесе уақытша қанат жаю нәтижесiнде аумақтық шектеулi деңгейден немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейден асса, не мұндай орын Ақпарат алмасу туралы Хаттаманың ХYIII-бөлiмінің 3 немесе 4 тармағына сәйкес жазбаша хабарламада көрсетiлген не осы Хаттаманың IХ-бөлiмінің 12-тармағына сәйкес жарияланған белгiленген ауданда тұрса, осы тармақтың ережесi қолданылмайды.
      15. Инспекциялық топ инспекция өткiзiлетiн бақылау объектiсiн белгiлеген кезде, инспекциялық топ сол бақылау объектiсi инспекциясының бiр бөлiгі ретiнде, сол бақылау объектiсiне жататын орын ретiнде сызбада бөлiп алынған, сол бақылау объектiсiне жататын, Шарттың қолданыс аясына кiретiн, әдеттегi қару-жарақ пен техниканы тұрақты тұратын сол Қатысушы мемлекет аумағындағы жеке орналасқан аудандарды қоса, барлық аумақты инспекциялауға құқылы.
      16. Жарияланған орындағы бiр бақылау объектiсінің инспекциясы, инспекция үшiн инспекциялық белгiлемеген, тек қана басқа бақылау объектiсiне жататын орын ретiнде сызбада бөлiп алынған аудандардан басқа жарияланған орынның барлық аумағы шегiнде инспекциялық топтың рұқсат етiлуiн, енуiн және еш кедергiсiз инспекциялау мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.
      17. Егер ерiп жүретiн топ жазбаша ескертпеде хабарланғанындай жарияланған орынның бiр бақылау объектiсінің қолында бар екендiгi ретiнде тек ғана басқа бақылау объектiсiне жататын орын ретiнде сызбада бөлiнiп алынған ауданда тұрған жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллериялар, жауынгерлiк тiкұшақтар, жауынгерлiк ұшақтар, қайта топтастырылған оқу-жаттығу ұшақтары, бронетранспортерлер тәрiздестер, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздестер және танкiлiк көпiр салушылар туралы инспекциялық топқа хабарласа, ерiп жүретiн топ инспекциялық топты сол инспекциялық бөлiгi ретiнде сондай әдеттегi қару-жарақ пен техникаға рұқсатты қамтамасыз етедi.
      18. Егер Шартпен шектелетiн әдеттегi қару-жарақ пен техника сызбада тек бiр ғана бақылау объектiсiне жататын орын ретiнде бөлек алынбай, жарияланған орынның ауданы шегiнде тұрса, ерiп жүретiн топ мұндай әдеттегi қару-жарақ пен техника қандай бақылау объектiсінің қарамағында екенiн инспекциялық топқа хабарлайды.
      19. Әр Қатысушы мемлекет, егер басқа Қатысушы мемлекет сондай ақпаратты сұратса, ұйымдастырушылық деңгейiнде деңгейi жоғары, Ақпарат алмасу туралы Хаттаманың ІІI-бөлiмiне сәйкес жазбаша хабарланған, Шартпен шектелетiн кезкелген санаттар бойынша әдеттегi қару-жарақ пен техниканың жиынтық жалпы саны бойынша есеп беруге мiндеттi.
      20. Егер жарияланған орынға инспекция кезiнде инспекциялық топ бұдан бұрын белгiленбеген, сол жарияланған орында бақылау объектiсiне инспекция өткiзуге шешiм қабылдаса, инспекциялық ондай белгiлеуден кейiн үш сағат ішінде сондай инспекцияны бастауға құқылы. Мұндай жағдайда осы бөлiмнiң 10 және 12 тармақтарына сәйкес келесi инспекция үшiн белгiленген сол бақылау объектiсi бойынша инспекциялық топпен брифинг өткiзіледi.
 
      ҮІІI-бөлiм. ТАЛАП БОЙЫНША АУДАН ШЕГIНДЕ АТАЛҒАН ИНСПЕКЦИЯ
 
      1. Әр Қатысушы мемлекет осы Хаттамаға сәйкес талап бойынша аталған аудан шегiнде инспекция өткiзуге құқылы.
      2. Егер инспекциялайтын Қатысушы мемлекет кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiн бiрiншi инспекция ретiнде талап бойынша аталған аудан шегiнде инспекция өткiзу ойластырса:
 
      (А) ол осы Хаттаманың IҮ-бөлiмiне сәйкес өзiнiң жазбаша хабарламасына инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң таңдап алған көлiк құралдарын қабылдау қабілетi бар, сол көрсетілген ауданға немесе соның шегiнде ең жақын белгіленген кiру/шығу пунктiн енгiзедi.
 
      (В) осы Хаттаманың ІҮ-бөлiмi 2-тармағының (Е) тармақшасына сәйкес жазбаша ескертпеде көрсетiлген кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiн сағат саны арқылы, ол кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiн бiр сағаттан кем емес және 16 сағаттан артық емес болып табылатын инспекциялық топ өзiнiң инспекциялауды қалайтын бiрiншi көрсетiлген ауданын белгiлейдi. Аталған аудан шекарасында орналасқан жарияланған орын осы бөлiмге сәйкес инспекцияға жатпайды. Аталған аудан белгiленгенде инспекциялық топ ерiп жүретiн топқа инспекцияға сұратудың бөлігі ретінде ауданның сыртқы шекарасын көрсете отырып географиялық суреттеуiн ұсынады.
      3. Талап бойынша инспекция сұратылған аумақтың Қатысушы мемлекетi аталған аудан белгiленгеннен кейін дереу сол аталған аудан жөнiнде, оның сыртқы шекарасын көрсете отырып, географиялық суреттеуiн қоса, инспекцияланатын Қатысушы мемлекетпен келiсiм бойынша пайдаланылатын құрылыстарды немесе объектілердi басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарлайды.
      4. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет аталған аудан шегiнде талап бойынша инспекция өткiзуден бас тартуға құқылы.
      5. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет аталған аудан белгiленгеннен кейiн екi сағат iшiнде инспекцияға сұраным қанағаттандырылмаса, сол жөнiнде хабарлайды.
      6. Егер аталған ауданға рұқсат етiлсе:
 
      (А) инспекцияланатын Қатысушы мемлекет аталған ауданға инспекциялық топтың келуiне орай дайындалу үшiн инспекцияға келiсiм бергеннен кейiн алты сағатқа дейiн пайдалануға құқылы.
 
      (В) инспекцияланатын Қатысушы мемлекет инспекциялық топтың ең жылдам қолайлы қозғалыс құралымен бiрiншi аталған ауданға аттанып, инспекция өткiзiлетiн жердiң орыны белгiленгеннен кейiн мүмкiндiгiнше тез, бiрақ сондай инспекцияға келiсiм берiлген уақыттың тоғыз сағатынан кешiктiрмей келуiн, егер тек инспекциялық топ пен еріп жүретiн топ өзгеше келiсiп алмаса немесе егер тек инспекция орыны таулы немесе жетуi қиын жерде тұрмаса, қамтамасыз етедi. Мұндай жағдайда ондай инспекцияға келiсiм берілгеннен кейiн, инспекциялық топ инспекция жерiне 15 сағаттан кешiктiрмей жеткiзiледi. Жеткiзiлудiң тоғыз сағаттан тыс сол инспекциялық топтың елде болу кезеңiнiң есебiне кiрмейдi; және
 
      (С) осы Хаттаманың ҮI-бөлiмiнiң ережесi қолданылады. Сондай аталған аудан шегiнде ерiп жүретiн топ сол аталған ауданның жекелеген бөлiмдерiне немесе оларды айналып ұшуға рұқсат берудi кідiрте алады. Егер кідiрту 24 сағаттан асса, инспекциялық топ инспекцияны тоқтатуға құқылы. Кiдiрту кезеңi елде болу кезеңiнiң немесе аталған аудан шегiне рұқсат берілген уақыт себiне кiрмейдi.
 
      7. Егер инспекциялайтын топ инспекциялатын Қатысушы мемлекетпен келiсiм бойынша басқа Қатысушы мемлекет пайдаланатын құрылысқа немесе объектіге енуге рұқсат сұратса, инспекцияланатын Қатысушы мемлекет сондай сұрату туралы сол Қатысушы мемлекетке, дереу хабарлайды. Еріп жүретін топ инспекцияланатын Қатысушы мемлекетпен келiсiм бойынша басқа Қатысушы мемлекет оның пайдалану жөнiндегi келiсiмге сәйкестiгi көлемiнде инспекцияланатын Қатысушы мемлекетпен бiрлесе отырып, сол құрылысты немесе объектiнi пайдаланушы Қатысушы мемлекеттiң техникаларына немесе объектiлерiне қатысы бар инспекцияға байланысты осы Хаттамада көзделген құқық пен мiндеттемелердi жүзеге асыратындығы туралы инспекциялық топқа хабарлайды.
      8. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттің өтiнiшi бойынша инспекциялық топтың аталған ауданға келуi бойынша брифинг өткiзiлуi мүмкiн. Брифингтiң ұзақтығы 1 сағаттан аспауы керек. Ол брифингте сонымен бiрге техникалық қауiпсiздiк ережесi мен әкiмшiлiк рәсімдерi де көрiнiс табады.
      9. Егер аталған ауданға кiруге рұқсат етiлмесе:
 
      (А) инспекцияланатын Қатысушы мемлекет немесе инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң құқықтары мен мiндеттемелерiн жүзеге асырушы Қатысушы мемлекет аталған ауданға Шартпен шектелетiн, әдеттегi қару-жарақ пен техниканың жоқ екендiгiне ақылға қонымды кепiлдiк бередi. Егер мұндай қару-жарақ пен техника бар болса және бейбiт кезеңде ішкі қауіпсiздік қызметiн жүзеге асыру үшiн құрылған және құрылымдық ұйымдастырылған ұйымдарға тiркелсе, инспекцияланатын Қатысушы мемлекет немесе инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң құқықтары мен мiндеттемелерiн жүзеге асырушы Қатысушы мемлекет, егер тек оған кездейсоқ жағдай кедергi болмаса, олардың тұрғандығына көз жеткiзу үшiн сырттай шолу жасауға рұқсат етедi, мұндай жағдайда, сырттай шолу жасауға мүмкiндiгiнше тез рұқсат етiледi; және
 
      (В) үлес бойынша инспекция есепке алынбайды және аталған ауданды белгiлеу мен одан кейiнгi бас тарту аралығындағы уақыт та елде болған кезеңнiң есебiне кiрмейдi. Инспекциялық топ инспекция үшiн басқа аталған ауданды немесе жарияланған орынды белгiлеуге не инспекция аяқталды деп жариялауға құқылы.
 
      IХ-бөлiм. БЕЛГIЛЕНГЕН АУДАН ШЕГIНДЕГI ИНСПЕКЦИЯ
 
      1. Белгiленген аудандағы инспекция әскери жаттығу немесе уақытша қанат жаю нәтижесiнде аумақтың шектеу деңгейдi немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейiн көтеру туралы жазбаша хабарламаға жауап ретiнде өткiзiледi. Сөйтiп, осы Хаттаманың ҮI-бөлiмi 27, 28 және 29 тармақтарының ережесiнен тәуелсiз, осы инспекцияның негiзi жауынгерлiк танктерi, жауынгерлiк броньды машиналары мен артиллериясы болып табылады, алайда, сонымен бiрге жауынгерлiк ұшақтар мен соққылы тiкұшақтарды бақылауға рұқсат етiледi.
      3. Белгiленген аудан шегiнде инспекция өткiзуден бас тартуға жол берiлмейдi. Ондай инспекция, оның осы Хаттаманың YII немесе ҮIII бөлiмдерiне сәйкес сол ауданда өткiзiлетiнi және белгiленген аудан шегiндегi инспекция аяқталғаннан кейiн iске асырылатыны бұдан кейiн жазбаша хабарланған кез-келген инспекцияға қатысты басымдыққа ие. Күрделi жағдайларда осы Хаттаманың YI-бөлiмi 1-тармағының ережелерi қолданылады.
      4. Егер әскери жаттығулар нәтижесiнде:
 
      (А) Қатысушы мемлекеттiң аумақтық шектеулi деңгейi немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейi 21 күннен артық мерзiм iшiнде уақытша арттырылатын болса, ол Қатысушы мемлекет белгiленген аудан шегiнде бiр инспекцияны қабылдайды. Инспекция жазбаша хабарламада аумақтық шектеулi деңгейдiң немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейдiң арттырылғаны туралы көрсетiлген күннен кейiн 7 күннен артық емес мерзiмде орын ала алады және Ақпарат алмасу туралы хаттаманың ХYIII-бөлiмiнiң 5-тармағына сәйкес берiлген жазбаша хабарланғаннан кейiн 7 күннен кешiктiрмей өткiзiлуi мүмкiн; және
 
      (В) Қатысушы мемлекеттiң аумақтық шектеулi деңгейiн немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейiн уақытша арттыру 42 күннен артық жалғасады, ол жаттығулар уақытша қанат жаю ретiнде қаралады және аумақтық шектеулi деңгейдi немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейдi арттыру туралы жазбаша хабарламада көрсетілген күннен кейiн 60 күннен кешiктiрмей қосымша инспекциялауға жатады. Кез-келген одан кейiнгi инспекция аумақтық шектеулi деңгей немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгей арттырылғаннан кейiн 150 күннен кейiн ғана және одан кейiн әр 90 күн сайын орын алады.
 
      6. Қатысушы мемлекеттiң аумақтық шектеулi деңгейiн немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейiн уақытша арттыру кезiнде жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың немесе артиллерияның 153 жауынгерлік танктен, 241 жауынгерлік броньды машинадан немесе 140 артиллерия бiрлiгінен артық емес мөлшерде уақытша қанат жаюы нәтижесінде:
 
      (А) ол Қатысушы мемлекет белгіленген аудан шегiнде аумақтық шектеулi деңгей немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгей арттырылғаннан 30 күннен кем емес мерзiмде бiр инспекцияны қабылдайды;
 
      (В) егер аумақтық шектеулi деңгейдi немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейдi арттыру жалғасатын болса, ол Қатысушы мемлекет белгiленген аудан шегінде аумақтық шектеулi деңгей немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгей арттырылғаннан 90 күннен кем емес мерзiмде екiншi инспекцияны қабылдайды; және
 
      (С) егер аумақтық шектеулi деңгейдi немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейдi арттыру жалғасатын болса, ол Қатысушы мемлекет белгiленген аудан шегінде аумақтық шектеулi деңгей немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгей арттырылғаннан 180 күннен кем емес мерзiмде үшiншi инспекцияны және одан кейiн белгiленген аудан шегiнде әр 90 күн сайын бiр қосымша инспекциядан қабылдайды.
      5. Қатысушы мемлекеттiң аумақтық шектеулi деңгейiн уақытша арттыру кезiнде жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың немесе артиллерияның 153 жауынгерлiк танктен, 241 жауынгерлiк броньды машинадан немесе 140 артиллерия бiрлiгiнен артық мөлшерде уақытша қанат жаюы нәтижесiнде:
 
      (А) ол Қатысушы мемлекет белгiленген аудан шегiнде аумақтық шектеулi деңгей арттырылғаннан 27 күннен кем емес мерзiмде бiр инспекцияны қабылдайды;
 
      (В) егер аумақтық шектеулi деңгейдi арттыру жалғасатын болса, ол Қатысушы мемлекет белгiленген аудан шегiнде аумақтық шектеулi деңгей арттырылғаннан 75 күннен кем емес мерзiмде екiншi инспекцияны қабылдайды; және
      (С) егер аумақтық шектеулi деңгейдi арттыру жалғасатын болса, ол Қатысушы мемлекет белгiленген аудан шегiнде аумақтық шектеулi деңгей арттырылғаннан 90 күннен кем емес мерзiмде үшiншi инспекцияны және одан кейiн белгiленген аудан шегiнде әр 90 күн сайын бiр қосымша инспекциядан қабылдайды.
 
      6. Егер 153 жауынгерлiк танкпен 241 жауынгерлiк броньды машинадан немесе 140 артиллериялық бiрлiктен артық емес мөлшерде арттырылатын болса, аумақтық шектеулi деңгей 4-тармақтың ережелерiне тәуелсiз, онда ол қару-жарақ пен техника егер ол қару-жарақ пен техника Ақпарат алмасу туралы хаттаманың ҮII-бөлiмi I тармағының (А) тармақшасына сәйкес ақпарат алмасу кезiнде және одан кейiнгi әр жыл сайынғы ақпарат алмасу кезiнде олардың басқа Қатысушы мемлекеттiң аумағында уақытша орналасқан нақтылы орыны тиiсiнше жазбаша хабарланған болса, осы бөлiмге сәйкес инспекциялық мiндеттемелер құрамайды.
      7. Аумақтық шектеулi деңгейi немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейi уақытша арттырылатын Қатысушы мемлекеттен және аумағында сол Қатысушы мемлекеттiң Шарттың ықпалына түсетiн әдеттегi қару-жарағы мен техникасы бар Қатысушы мемлекеттерден басқа әр Қатысушы мемлекет белгiленген аудан шегiнде инспекцияға қатысуға құқылы. Жалпы тәртiп ретiнде инспекциялық топ көпұлтты болып табылады. Инспекциялық топқа қатысатын Қатысушы мемлекеттердiң бiрi осы Хаттамаға сәйкес инспекциялаушы Қатысушы мемлекеттің мiндеттемелерiн қабылдайды.
      8. Белгiленген аудан шегiндегi инспекцияға қатысуға ниет бiлдiрген Қатысушы мемлекет оны жоспарлауда ынтымақтасады.
      9. Инспекциялау жағдайында осы бөлiмнiң 3-тармағының (А) тармақшасына сәйкес мынадай процедура қолданылады:
 
      (А) инспекцияға қатысуға мүдделi әр Қатысушы мемлекет аумақтық шектеулi деңгей немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгей арттырылған күннен кейiн бiр күннен кешiктiрмей барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге Ақпарат алмасу туралы хаттаманың ХYІІI-бөлiмi 3-тармағының (А) немесе
 
      (С) тармақшаларына сәйкес жазбаша хабарланғаны туралы жазбаша хабарлайды. Егер Қатысушы мемлекет инспекциялаушы Қатысушы мемлекеттiң мiндеттемелерiн өзiне қабылдауға мүдделi болса, ол оның жазбаша хабарламасында көрсетiлуi тиiс. Бұл жазбаша хабарламаның көшiрмесi Бiрлескен консультативтiк топтағы делегациялардың бәрiне және Бiрлескен консультативтiк топтың Төрағасына бiр мезгiлде берiледi.
 
      (В) өздерiнiң инспекцияға қатысуға мүдделiлiгi туралы жазбаша

 

хабарлаған Қатысушы мемлекеттер бұдан кейiн, егер олар басқалай шешiм

қабылдамаған болса, мыналарды анықтау үшiн бiр күндiк мерзiм iшiнде

Бiрлескен консультативтiк топ шеңберінде консультациялар өткiзедi.


     (1) инспекциялайтын Қатысушы мемлекетті,


     (2) осы Хаттаманың ҮI-бөлiмi 5-тармағының ережелерiн назарға ала

отырып, инспекциялық топтың құрамын, және


     (3) инспекция өткiзудiң олар мақсатқа сәйкес деп санайтын кезкелген

басқа да шарттарын.

     10. Инспекциялау жағдайында осы бөлiмнiң 4 немесе 5 бөлiмiне сәйкес

мынадай процедура қолданылады:



 
       (А) инспекцияға қатысуға мүдделi әр Қатысушы мемлекет осы бөлiмнiң 4-тармағының (А) тармақшасына немесе 5-тармағының (А) тармақшасына сәйкес Ақпарат алмасу туралы хаттаманың ХYIII-бөлiмi 4-тармағының (А) тармақшасына сәйкес жазбаша хабарлама берiлген аумақтық шектеулi деңгей немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгей арттырылған күннен кейiн 9 күннен кешiктiрмей барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi жазбаша хабарландырады. Егер Қатысушы мемлекет инспекциялаушы Қатысушы мемлекеттің мiндеттемелерiн өзiне қабылдауға мүдделi болса, ол оның жазбаша хабарламасында көрсетiлуi тиiс. Бұл жазбаша хабарламаның көшiрмесi Бiрлескен консультативтiк топтағы делегациялардың бәрiне және Бiрлескен консультативтiк топтың Төрағасына бiр мезгiлде берiледi.
 
      (В) одан кейiнгi инспекциялау жағдайында осы бөлiмнiң 4-тармағының (В) немесе (С) тармақшаларына немесе 4-тармағының (В) немесе (С) тармақшаларына, не 3-тармағының (В) тармақшасына сәйкес ондай инспекцияға қатысуға мүдделi әр қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi мұндай одан кейiнгi инспекцияны қабылдау мiндеттемесi күшiне енетiн күннен тоғыз күннен кешiктiрмей жазбаша хабарландырады.
      (С) өздерiнiң инспекцияға қатысуға мүдделілігi туралы (А) немесе (В) тармақтарына сәйкес жазбаша хабарлаған Қатысушы мемлекеттер бұдан кейiн, егер олар басқалай шешiм қабылдамаған болса, мыналарды анықтау үшiн бiр күндiк мерзiм iшiнде Бiрлескен консультациялық топ шеңберiнде консультациялар өткiзедi:
      (1) инспекциялаушы Қатысушы мемлекеттi,
      (2) осы Хаттаманың YI-бөлiмi 5-тармағының ережелерiн назарға ала отырып, инспекциялық топтың құрамын, және
      (3) инспекция өткiзудiң олар мақсатқа сәйкес деп санайтын кез-келген басқа да шарттарын.
      11. Осы бөлiмге сәйкес инспекция өткiзетiн инспекциялық топ белгiленген аудан шегiнде 72 күннен асырмай өткiзедi.
      12. Осы Хаттаманың IҮ-бөлiмi 3-тармағының (Е) тармақшасына сәйкес жазбаша хабарламада көрсетiлген кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiн кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiн бiр сағаттан аз емес және 16 сағаттан артық емес сағаттар саны арқылы инспекциялық топ өзi инспекциялауға тiлек бiлдiретiн белгiленген ауданын белгілейдi. Белгiленген аудан белгiленгенде инспекциялық топ еріп жүретiн топқа инспекцияға сұрау салудың бөлiгi ретiнде сол ауданның шекаралары көрсетiлген географиялық суреттеме бередi. Инспекциялық топ осындай сұрау салудың бөлiгi ретiнде ол инспекциялауға тiлек білдiрген кез-келген құрылысты немесе объектіні көрсетуге құқылы.
      13. Аумағында белгiленген аудан шегiнде инспекцияға тиым салынған Қатысушы мемлекет белгіленген аудан белгiленгеннен кейiн кешiктiрмей қолдарында күшi бар немесе құрылыстарды немесе объектiлердi инспекциялаушы Қатысушы мемлекеттiң келісiмi бойынша қолданатын барлық басқа да Қатысушы мемлекеттерге ол белгiленген аудан туралы сыртқы шекараларын көрсете отырып оның географиялық суреттемесiн қоса хабарлайды.
 
      (А) инспекцияланатын Қатысушы мемлекет инспекцияға дайындалу үшiн белгiленген аудан белгiленгеннен кейiн алты сағатқа дейiн пайдалануға құқылы;
 
      (В) инспекцияланатын Қатысушы мемлекет инспекция өткiзiлетiн жер белгiленгеннен кейiн инспекциялық топтың белгiленген ауданға ең шапшаң қол жететiн қозғалыс құралымен аттануын және мүмкiндiгiнше тез, бiрақ егер инспекциялық топ пен ерiп жүретiн топ басқалай келiспесе немесе егер инспекция жерi таулы немесе жету қиын жерде болмаса ғана тоғыз сағаттан кешiкпей жетуiн қамтамасыз етедi. Мұндай жағдайларда инспекциялық топ инспекция жерiне инспекция өткiзiлетiн жер белгiленгеннен кейiн 15 сағаттан кешiктiрмей жеткiзiледi.
 
      (С) төменде көрсетілгенiндей инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң аумағында немесе шектеулi төменгi деңгейлi аумақта нақтылы тұрған жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллерия бiрлiктерiнiң Қатысушы мемлекеттерге бөлiнген жалпы саны туралы қолда бар ең соңғы ақпарат:
 
      (1) жыл сайынғы ақпарат алмасу кезiнде инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң аумағында немесе оның шектеулі төменгi деңгейлi аумағында орналасқан жерлерде және ол жерлерде нақтылы бар деп жарияланған,
 
      (2) жыл сайынғы ақпарат алмасу кезiнде инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң аумағында немесе оның шектеулi төменгi деңгейлi аумағында орналасқан жерлерде, бiрақ ол жерде нақтылы бар және тиiстi аумақтық шектеулi деңгейдi немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейдi арттырмайды деп жарияланбаған,
 
      (3) жыл сайынғы ақпарат алмасу кезiнде инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң аумағында немесе оның шектеулi төменгi деңгейлi аумағында орналасқан жерлерде, бiрақ ол жерде нақтылы бар және тиiстiлiгiнен артық аумақтық шектеулi деңгейдi немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейдi арттырмайды деп жарияланбаған.
 
      Инспекция алдындағы брифингке аумақтық шектеулi деңгейден немесе аумақтық шектеулi төменгi деңгейден нақтылы артық және Ақпарат алмасу туралы хаттаманың ХҮIII-бөлiмінің 3 немесе 4-тармағында көрсетiлген сәйкес санынан артық жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия бiрлiктерi саны арасындағы кез-келген алшақтықты түсiндiру қосылады.
 
      (D) төменде көрсетiлгенiндей, белгiленген ауданда нақтылы тұрған жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллерия бiрлiктерiнiң Қатысушы мемлекеттерге бөлiнген жалпы саны туралы қолда бар ең соңғы ақпаратты:
 
      (1) жыл сайынғы ақпарат алмасу кезiнде белгiленген аудан шегiнде орналасқан жерде тұрғаны және белгiленген ауданда нақтылы тұрғаны жарияланған,
 
      (2) жыл сайынғы ақпарат алмасу кезiнде Қатысушы мемлекеттiң аумағында орналасқан жерде белгiленген аудан шегiнен тыс тұрғаны, алайда белгiленген ауданда нақтылы тұрғаны туралы жарияланған,
 
      (3) жыл сайынғы ақпарат алмасу кезiнде инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң аумағында орналасқан жерде, бiрақ белгіленген ауданда нақтылы тұрғаны жарияланбаған.
 
      (Е) әрбiр жарияланған жерде белгiленген аудан шегiндегi кез-келген жаңартылған жазбаша хабарлама ескерiле отырып, 1 қаңтардағы жағдай бойынша жазбаша хабарланған, және сол жерде нақтылы тұрған жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллерия бiрлiктерiнiң қолда бар саны туралы қолда бар ең соңғы ақпаратты, және
 
      (F) инспекциялық топтың инспекция жүргiзуiн жеңiлдете алатын қосымша ақпаратты.
 
      16. Инспекция алдындағы брифингтен кейiн инспекциялық топ инспекцияны өткiзу жоспарын жариялайды. Бұл инспекциялық топтың инспекция барысында бастапқы жарияланған жоспарын өзгерту құқына нұқсан келтiрмейдi.
      17. Инспекцияны өткiзудi жеңiлдету мақсатында инспекция кезiнде инспекциялық топқа брифингтердi, схемаларды және карталарды қоса қосымша ақпараттар берiлуi мүмкiн.
      18. Егер инспекциялық топ жарияланған жердi инспекциялауға ниет бiлдiрсе, еріп жүретiн топ инспекциялық топтың сұрауы бойынша сол жарияланған жер туралы брифинг өткiзудi қамтамасыз етедi.
      19. Ерiп жүретiн топ белгiленген аудан шегiнде сол белгiленген ауданның жекелеген бөлiмдерiнде болу мен олардың үстiнен айнала ұшуды тоқтата алады. Егер тоқтату төрт сағаттан асатын болса, төрт сағаттан артық тоқтату мерзiмi белгiленген аудан шегiнде рұқсат етiлген максимальды уақытқа есептелмейдi.
      20. Егер инспекциялық топ инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң келiсiмiмен басқа Қатысушы мемлекет пайдаланатын құрылыста немесе объектiлерде болуға сұраныс жасаса, инспекцияланатын Қатысушы мемлекет ондай сұраныс туралы ол Қатысушы мемлекеттi кешiктiрмей хабардар етедi. Еріп жүретiн топ инспекциялық топты басқа Қатысушы мемлекеттiң инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң келiсiмiмен инспекцияланатын Қатысушы мемлекетпен пайдалану туралы келiсiмге сәйкес дәрежедегi ынтымақтастықта хабардар етедi, осы Хаттамада белгiленген сол құрылысты немесе объектiлердi пайдаланатын Қатысушы мемлекеттiң техникасына немесе объектiлерiне қатысты құқықтар мен мiндеттемелердi жүзеге асырады.
 
      Х-бөлiм. СЕРТИФИКАТТАУ ИНСПЕКЦИЯСЫ
 
      1. Әр Қатысушы мемлекет осы бөлiмнiң, тiкұшақтарды қайта жіктеп топтастыру туралы хаттаманың және ұшақтарды қайта жіктеп топтастыру туралы хаттаманың ережелеріне сәйкес бас тартуға құқысыз қайта жіктеп топтастырылған көп мақсатты соққылы тікұшақтар мен қайта жiктеп топтастырылған оқу-жауынгерлiк ұшақтарды сертификаттау инспекциясын өткiзуге құқылы. Мұндай инспекциялар осы Хаттаманың II-бөлiмiнде белгiленген үлестерге есептелмейдi. Мұндай инспекцияларды өткiзетiн инспекциялық топтар әртүрлi Қатысушы мемлекеттердiң өкiлдерiнен құралуы мүмкiн. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет әр сертификаттау жерiнде бiр мезгілде бiр инспекциялық топтан артық қабылдауға мiндеттi емес.
      2. Сертификаттау инспекциясын өткiзу кезiнде осы бөлiмге сәйкес инспекциялық топ егер басқалай келiсiлмеген болса, сертификаттау жерiнде екi күнге дейiн болуға құқылы.
      3. Қайта жiктелiп топтастырылған көп мақсатты соққылы тiкұшақтарды

 

немесе қайта жiктеліп топтастырылған оқу-жауынгерлiк ұшақтарды

сертификаттау басталғанға дейiн кемi 15 күн бұрын сертификаттауды өткiзушi

барлық басқа да Қатысушы мемлекеттерге мыналар туралы жазбаша хабарлама

бередi:


     (А) географиялық координаттарын қоса сертификаттау өткiзiлетiн жер;


     (В) сертификаттау процесiнiң жоспарланып отырған күнi;


     (С) сертификатталатын тiкұшақтардың немесе ұшақтардың болжанып

отырған саны мен түрi, моделi немесе нұсқасы;


     (D) әр тiкұшаққа немесе ұшаққа арналған заводтық сериялы нөмiр;


     (Е) тiкұшақтар немесе ұшақтар бұрын жазылып тiркелген бөлiмдер немесе

орналасқан жерлер;



 
       (Ғ) болашақта сертификатталған тiкұшақтар немесе ұшақтар тiркеп жазылатын бөлiмдер немесе орналастырылатын жерлер;
 
      (G) инспекциялық топ пайдаланатын кiру/шығу пункттерi, және
 
      (Р) инспекциялық топ инспекциялық топ сертификаттау инспекциясын өткiзу мақсатында кiру/шығу пунктiне келетiн күн мен уақыт.
 
      4. Инспекторлар сертификаттауды өткiзетiн Қатысушы мемлекет тарапынан бас тартуға құқысыз, тiкұшақтардың немесе ұшақтардың кабиналарына кіруге және заводтық сериялы нөмірін тексеруді қоса iшкi бөлiгiн көзбен шолып байқауға құқылы.
      5. Инспекциялық топ сұрау салған жағдайда ерiп жүретiн топ Тiкұшақтарды қайта жiктеп топтастыру туралы хаттаманың және Ұшақтарды қайта жiктеп топтастыру туралы хаттаманың ережелерiне сәйкес бас тартуға құқысыз, компоненттер мен сымдар қайта монтаждалған жерлердi жауып тұратын алдын ала сақтандыру қалқандарын алады.
      6. Инспекторлар сертификаттауды өткiзетiн Қатысушы мемлекет тарапынан бас тарту құқымен сертификатталатын немесе қайта жіктеліп топтастырылған деп жарияланатын көп мақсатты соққылы тiкұшақ жүйесiнiң кез-келген компонентiн iске қосуды сұрауға және бақылауға құқылы.
      7. Әрбiр сертификаттау инспекциясы аяқталар кезде инспекциялық топ осы Хаттаманың ХIY-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес есеп дайындайды.
      8. Сертификаттау орнында инспекция аяқталған соң инспекциялық топ инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң аумағынан кетуге немесе егер инспекциялық топ осы Хаттаманың IY-бөлiмiнiң 3-тармағына сәйкес тиiстi жазбаша хабарлама берген болса басқа бiр сертификаттау орнында немесе қысқарту орнында кезектi инспекция өткiзуге құқылы. Инспекциялық топ белгiленген кету уақытынан кемi 24 сағат бұрын ерiп жүретiн топқа өзiнiң сертификаттау орнынан кететiнiн және, егер орынды болса, басқа сертификаттау орнына немесе қысқарту орнына баратынын жазбаша хабарлайды.
      9. Сертификаттау аяқталғаннан кейiн жетi күн iшiнде сертификаттауға жауапты Қатысушы мемлекет барлық басқа да Қатысушы мемлекеттерге сертификаттаудың аяқталғаны туралы жазбаша хабарлайды. Ондай жазбаша хабарламада сертификатталған тiкұшақтардың немесе ұшақтардың саны, түрлерi, модельдерi немесе нұсқалары және заводтық сериялы нөмiрлерi, сертификат берiлген орын, сертификаттаудың нақтылы күндерi және қайта жiктелiп топтастырылған тiкұшақтар немесе қайта жiктелiп топтастырылған ұшақтар тiркеп жазылатын бөлiмдер немесе орналастырылатын жерлер көрсетіледi.
 
      ХI-бөлiм. ҚЫСҚАРТУЛАР ИНСПЕКЦИЯСЫ
 
      1. Әр Қатысушы мемлекет осы бөлiмнiң ережелерiне сәйкес жергiлiктi жерлерде инспекцияланатын Қатысушы мемлекет тарапынан бас тарту құқынсыз, Қысқартулар туралы хаттаманың І-ден ҮIII-ге және Х-дан ХII-ге дейiнгi бөлiмдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қысқарту процесін инспекциялауды өткiзуге құқылы. Мұндай инспекцияларды өткiзетiн инспекциялық топтар әртүрлi Қатысушы мемлекеттердің өкілдерінен құралуы мүмкін. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет әр қысқарту орнында бір мезгілде бір инспекциялық топтан артық қабылдауға міндетті емес.
      2. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет қысқарту процесiн Шарттың ҮIII-бабында және Қысқартулар туралы хаттамада мазмұндалған ережелердi сақтай отырып қана ұйымдастыруға және iске асыруға құқылы. Қысқарту процесiн инспекциялау қысқартылатын жердегi ағымдағы iс-қызметке араласу, қысқарту процесiн iске асыруға қажеттілігiнсiз кедергiлер жасау, оны ұстау немесе күрделендiру болмайтындай етiп өткiзiледi.
      3. Егер Ақпарат алмасу туралы хаттаманың III-бөлiмiне сәйкес жазбаша хабарламада көрсетiлген қысқарту орынын бiреуден артық Қатысушы мемлекеттер пайдаланатын болса, қысқарту процесiн инспекциялау қысқарту орынын пайдаланатын әр Қатысушы мемлекет ұсынған осындай пайдалану кестелерiне сәйкес өткiзiледi.
      4. Шартпен шектелетiн әдеттегi қару-жарағы мен техникасын қысқартуға ниет білдiрген әр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге күнтiзбелiк есептi мерзiм iшiнде әрбiр қысқарту орынында қандай әдеттегi қару-жарақ пен техника қысқартылатыны туралы жазбаша хабарлайды. Мұндай әрбiр күнтiзбелiк есептi мерзiмнiң ұзақтығы 90 күннен артық емес және 30 күннен кем емес болады. Бұл ереже қысқарту процесi үздiксiз немесе дискреттi негiзде жүзеге асырылатындығына қарамай қысқартудың орнына қолданылады.
      5. Күнтiзбелiк есептi мерзiмде қысқарту басталғанға дейiн кемi 15 күн бұрын қысқарту процедураларын жүзеге асыруға ниет бiлдiрген Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге күнтiзбелiк есептi мерзiм туралы жазбаша хабарлайды. Мұндай жазбаша хабарламаға қысқарту орынын географиялық координаттарымен қоса белгілеу, күнтiзбелiк есептi мерзiм

 

iшiнде қысқарту үшiн белгiленген әдеттегi қару-жарақ пен техниканы

қысқартуды бастау жоспарланған күн мен қысқартуды аяқтау жоспарланған күн

қосылады. Жазбаша хабарламада бұдан басқа мыналар көрсетiледi:


     (А) қысқартылатын әдеттегi қару-жарақ пен техниканың болжамды саны

мен түрлерi;


     (В) қысқартылатын бiрлiктер шығарылған бақылау объектiсi немесе

объектiлерi;


     (С) қысқартылатын әдеттегi қару-жарақ пен техниканың әр түрi үшiн

қысқартулар туралы хаттаманың III-ден YIII-ге дейінгi бөлiмдерiне және

Х-нан ХII-ге дейiнгi бөлiмдерiне сәйкес қолданылатын қысқарту

процедуралары;



 
       (D) осы күнтiзбелiк есептi кезеңге арналып жазбаша хабарланған қысқартуларды өткiзетiн инспекциялық топ пайдаланатын кiру/шығу пунктi, және
 
      (Е) инспекциялық топ әдеттегi қару-жарақ пен техниканы инспекциялауды қысқарту басталғанға дейiн өткiзу мақсатында кiру/шығу пунктiне келуi тиiс күн мен уақыт.
 
      6. Осы бөлiмнiң II-тармағында көрсетiлгенiнен басқа жайларда инспекциялық топ қысқарту орнына күнтiзбелік есептi кезең iшiнде жазбаша хабарламада көрсетiлген күнтiзбелiк есептi кезең аяқталғаннан кейiнгi үш күндi қоса кез-келген уақытта келуге немесе кетуге құқылы. Одан басқа, инспекциялық топ ол кезеңдердiң алшақтығы үш күннен аспайтын жағдайда бiр немесе одан көп күнтiзбелiк есептi кезеңге қалуға құқылы. Инспекциялық топ қысқарту орнында қалатын кезеңi iшiнде Қысқартулар туралы хаттамаға сәйкес жүзеге асырылатын қысқартулардың барлық процедураларын бақылауға құқылы.
      7. Осы бөлiмде мазмұндалған ережелерге сәйкес инспекциялық топ қысқартылатын әдеттегi қару-жарақ пен техниканың заводтық сериялы нөмiрлерiн бөгетсiз тiркеуге немесе ондай техникаларды қысқарту аяқталғанға дейiн арнайы маркалауға және одан кейiн ондай нөмiрлер мен маркаларды қысқарту процесi аяқталғаннан кейiн тiркеуге құқылы. Қысқартулар туралы хаттаманың 1 және 2 тармақтарында көрсетiлген қысқартылған әдеттегi қару-жарақ пен техниканың бөлшектерi мен элементтерi немесе әскери емес мақсаттарға қайта жабдықталған машиналар қайта жабдықталған жағдайда, егер ол қысқартылған элементтердiң инспекциясы ерте аяқталмаған болса, жазбаша хабарламада көрсетiлген күнтiзбелiк есептi кезең аяқталғаннан кейiн үш күннен кешiктiрмей инспекциялауға ұсынылады.
      8. Шартпен шектелетiн әдеттегi қару-жарақ пен техниканы қысқарту процесiне қатысатын Қатысушы мемлекет әрбiр қысқарту орнында қысқартудан өтетiн әр бiрлiктiң заводтық сериялы нөмiрлерi, сондай-ақ қысқарту процедурасының басталған және аяқталған күнi тiркелетiн жұмыс тiзiлiмiн жасайды. Ол тiзiлiмге, сондай-ақ әрбiр күнтiзбелiк есептi кезең бойынша жиынтық деректер қосылады. Тiзiлiм инспекция өткiзiлетiн кезеңде инспекциялық топтың иелiгiне берiледi.
      9. Әр қысқарту процесiн инспекциялау аяқталғаннан кейiн инспекциялық топ инспекциялық топтың жетекшiсi мен инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң өкiлi қол қоятын стандартталған есеп жасайды. Осы Хаттаманың ХІҮ-бөлімінің ережелері қолданылады.
      10. Қысқарту орнындағы инспекция аяқталғаннан кейiн инспекциялық топ инспекцияланушы Қатысушы мемлекеттiң аумағынан кетуге немесе егер осы Хаттаманың IҮ-бөлiмiнiң 4-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама берілген болса, басқа қысқарту орнында немесе сертификаттау орнында кезектi инспекция өткiзуге құқылы. Инспекциялық топ ертiп жүретiн топқа өзiнiң инспекцияланатын қысқарту орнынан кететiн ниетiн және егер орынды болса, өзiнiң басқа қысқарту орнына немесе сертификаттау орнына баратын ниетi туралы белгiленген кету уақытына дейiн 24 сағат бұрын жазбаша хабарлайды.
      11. Қысқартулар туралы хаттаманың YIII-бөлiмiне сәйкес әдеттегi қару-жарақ пен техниканы әскери емес мақсаттағы машиналарға қайта жабдықтаудың аяқталғанын куәландыру үшiн жыл сайын 10 инспекцияға дейiн қабылдауға мiндеттi. Ондай инспекциялар мыналардан басқа жайларда осы бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес өткiзiледi:
 
      (А) осы бөлiмнiң 5-тармағының (Е) тармақшасына сәйкес жазбаша хабарламада инспекциялық топ қару-жарақ пен техниканы оларды әскери емес мақсаттарға қайта жабдықтау аяқталғаннан кейiн инспекциялауды жүргiзу үшiн кiру/шығу пунктiне келуi тиiс күн мен уақыт қана көрсетiледi; және
 
      (В) инспекциялық топ қысқарту орнынан жазбаша хабарламада көрсетiлген қайта жабдықтаудың аяқталатын күнiнен кейiн үш күн iшiнде ғана келуге немесе кетуге құқылы.
 
      12. Қысқартуға жауапты қатысушы мемлекет күнтiзбелiк есептi кезең iшiндегi қысқарту процесi аяқталғаннан кейiн жетi күн ішінде барлық басқа да Қатысушы мемлекеттерге осы кезеңдегi қысқартудың аяқталғаны туралы жазбаша хабарлайды. Мұндай жазбаша хабарламада қысқартылған әдеттегi қару-жарақ пен техниканың саны мен түрлерi, қолданылған қысқарту процедуралары және осы күнтiзбелiк есептi кезеңдегi қысқарту процесiнің нақтылы басталған және аяқталған күндерi көрсетiледi. Қысқартулар туралы хаттаманың Х, ХI және ХII бөлiмдерiне сәйкес қысқартылған әдеттегi қару-жарақ пен техника үшiн жазбаша хабарламада, сондай-ақ ондай әдеттегi қару-жарақ пен техника тұрақты орналастырылатын жер көрсетiледi. Қысқартулар туралы хаттаманың YIII-бөлiмiне сәйкес қысқартылған әдеттегi қару-жарақ пен техника үшiн жазбаша хабарламада түпкiлiктi қайта жабдықтау жүзеге асырылатын орын немесе қайта жабдықтауға арналған әр бiрлiк жiберiлетiн қоймалық сақтау орыны көрсетiледi.
 
      ХІІ-бөлім. ШАРТПЕН ШЕКТЕЛЕТIН ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН
                 ТЕХНИКАНЫ ЖОЮ/ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАУ АРҚЫЛЫ
                 ҚЫСҚАРТУ НОРМАСЫНАН ТЫС КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
 
      1. Шартпен шектелетiн қару-жарақ пен техниканы жою/қайта жабдықтау арқылы қысқарту нормасынан тыс кәдеге жаратуды жүргiзуге ниет білдiрген әр Қатысушы мемлекет кәдеге жарату басталғанға дейiн 15 күннен кешiктiрмей барлық басқа да Қатысушы мемлекеттерге жазбаша хабарлама жiбередi. Мұндай жазбаша хабарламаға географиялық координаттарын көрсете отырып, кәдеге жарату орнының белгiленгенi туралы, кәдеге жаратудың басталуы мен аяқталуының белгiленген күндерi, жойылатын/қайта жабдықталатын техниканың әр атауының болжамды саны мен түрлерi, жою/қайта жабдықтау әдiстерi, осы бөлiмнің 4 және 11-тармақтарында мазмұндалғандарға сәйкес жою/қайта жабдықтау процесінің нәтижелерiн куәландырудың ұсынылатын әдiсi туралы ақпараттар қосылады.
      2. Кәдеге жаратуды жою/қайта жабдықтау арқылы жүргiзген Қатысушы мемлекет кәдеге жарату аяқталғаннан кейiн жетi күннен кешiктiрмей барлық басқа да Қатысушы мемлекеттерге жазбаша хабарлама бередi. Ондай жазбаша хабарламада географиялық координаттары көрсетiлген кәдеге жарату орыны, кәдеге жарату процесінің нақтылы басталатын және аяқталатын күнi, кәдеге жаратылған әр бiрлiктің түрi мен заводтық сериялы нөмiрiн қоса кәдеге жаратылған қару-жарақ пен техниканың саны және жою/қайта жабдықтау әдiсi көрсетiледi.
      3. Кәдеге жаратуды жүзеге асыратын әр Қатысушы мемлекет кәдеге жарату нәтижелерiн куәландыруды қамтамасыз етедi.
 
      (А) не осы бөлiмнiң 4-тармағының ережелерiне сәйкес қадағалау тобын шақырып,
 
      (В) не әдеттегi қару-жарақ пен техниканы олардың жойылғанының немесе әскери мақсаттарға пайдалануға жарамсыз жағдайға келтiрiлгендiгiнiң жеткiлiктi көрнекi түрде куәландырылуын қамтамасыз ететiн процедураларға сәйкес жою мақсатында осы бөлiмнiң 11-тармағының ережелерiне сәйкес ынтымақтастық негiзiндегі шараларды жүзеге асыра отырып.
 
      4. Жауынгерлiк танктердi, жауынгерлік броньды машиналарды, артиллерияны, жауынгерлiк ұшақтарды немесе соққылы тiкұшақтарды жою/қайта жабдықтау арқылы қысқарту нормаларынан артық кәдеге жаратуды жүзеге асыратын әр Қатысушы мемлекет қадағалау мақсатында баруды ұйымдастырудың мына нұсқаларының бiрiн таңдап алуға құқылы:
 
      (А) қадағалау мақсатында бару тiкелей әрбiр кәдеге жарату процесін аяқтау кезінде жүзеге асырылады;
 
      (В) қадағалау мақсатында бару осы бөлiмнiң 2-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама берiлгеннен кейiн 90 күн шегiнде орын алған екi немесе одан да көп кәдеге жарату процесiн қамту үшiн кейiнге қалдырылады. Бұл жағдайда кәдеге жаратуды жою/қайта жабдықтау арқылы жүргiзген Қатысушы мемлекет барлық кәдеге жарату процестерi барысында жойылған/қайта жабдықталған қару-жарақ пен техниканы қадағалау мақсатында баратын күнге дейiн сақтайды.
 
      (С) кәдеге жаратуды қадағалау мақсатында инспекция жүргiзу үшiн қадағалау тобы шақырылады. Мұндай инспекция осы бөлiмде қарастырылғанынан басқа жағдайларда осы Хаттаманың ҮII және ҮIII бөлiмдерiнiң ережелерiне сәйкес жүргiзiледi және осы Хаттаманың II-бөлiмiне сәйкес белгiленген қандай да бiр үлеске инспекция ретiнде тiркелмейдi. Мұндай инспекциялауға осы бөлiмнiң 1 және 2 тармақтарына сәйкес жазбаша хабарлама берiлген кәдеге жаратылатын қару-жарақ пен техника ғана жатады.
 
      5. Қадағалау мақсатында баруға орай осы бөлiмнiң 1-тармағына сәйкес қадағалау мақсатында бару мерзiмi мен қадағалаушы топ пайдаланатын кiру/шығу пунктi қосылады. Қадағалаушы топ кәдеге жарату орнына шақыратын Қатысушы-мемлекет көрсететiн мерзiмдерде келедi немесе кетедi.
      6. Қадағалау мақсатында баруды жүзеге асыруға ниет бiлдiрген Қатысушы

 

мемлекет ол туралы шақырушы Қатысушы мемлекетке қадағалаушы топтың

ұсынылған кiру/шығу пунктiне есептi бару уақытына дейiн жетi күннен

кешiктiрмей жазбаша хабарлайды. Ондай жазбаша хабарламада мыналар

көрсетiледi:


     (А) пайдаланылатын кiру/шығу пунктi;


     (В) кiру/шығу пунктiне барудың есептi уақыты;


     (С) кiру/шығу пунктiне жеткiзетiн құралдар;



 
       (D) қадағалаушы топ қолданатын және осы Хаттаманың III-бөлiмiнiң 12-тармағына сәйкес көрсетiлген тiл болып табылатын тiл;
 
      (Е) қадағалаушылар мен көлік құралдарының экипаждары мүшелерінің толық аты-жөндері, олардың жыныстары, туған күндерi, туған жерлерi, азаматтықтары және төлқұжаттарының нөмiрлерi. Басқалай уағдаластық болмаған жағдайда қадағалаушылар мен көлік құралдары экипаждарының мүшелері осы Хаттаманың III-бөлiмiнiң 6-тармағына сәйкес ұсынылған инспекторлар мен көлiк құралдары экипаждары мүшелерiнiң тiзiмiне қосылуы тиiс.
      7. Қадағалау мақсатында баруды жүзеге асыру туралы жазбаша хабарлама жолданатын Қатысушы мемлекет оны алғаннан кейiн ондай жазбаша хабарламаның көшiрмелерiн барлық басқа да Қатысушы мемлекеттерге жолдайды.
      8. Кәдеге жаратуды жүргiзетiн Қатысушы мемлекет жою/қайта жабдықтау арқылы кәдеге жарату процесiнiң соңғы нәтижелерiн қадағалау мүмкiндiгiне ие болуын қамтамасыз етедi. Қадағалау мақсатында бару барысында қадағалаушы топ жойылған/қайта жабдықталған әр техника бiрлiгiнiң заводтық сериялы нөмiрiн тiркеуге құқылы.
      9. Осы бөлiмнiң 4-тармағының (С) тармақшасына сәйкес қадағалау және инспекциялау мақсатында бару қадағалаушы Қатысушы мемлекет есебiнен жүзеге асырылады.
      10. Қадағалаушы Қатысушы мемлекет кешiктiрмей барлық басқа да Қатысушы мемлекеттердi бару нәтижелерi туралы хабарландырады.
      11. Әдеттегi қару-жарақ пен техниканы жоюды жеткiлiктi көрнекi куәландыруды ұсыну мақсатындағы ынтымақтастық негiзiндегi шаралар жағдайында мынадай процедура қолданылады:
 
      (А) кәдеге жаратылатын әр техника бiрлiгi кәдеге жарату жүргiзiлетiн айқын сызбаланған жерде нақтылы жою басталғанға дейiн 14 күннен кешiктiрмей бiрыңғай жиынтық түрiнде қойылады, және
 
      (В) әрбiр бiрыңғай жиынтықтың бөлiмдерi жойылғаннан кейiн нақтылы жою аяқталған соң 14 күндiк мерзiмге сол сызбаланған жерге қойылады.
 
      ХІІІ-бөлiм. ИНСПЕКЦИЯЛАРДЫ ӨЗГЕРТУ
 
      1. Егер инспекциялаушы топ кiру/шығу пунктiне барудың бастапқы есептi уақытынан кейiн немесе осы Хаттаманың ІY-бөлiмiнiң 7-тармағына сәйкес хабарланған жаңа бару уақытынан кейiн алты сағат iшiнде жетуге қабiлетсiз болса, инспекциялаушы Қатысушы мемлекет ол туралы осы Хаттаманың IҮ-бөлiмiнiң 1-тармағына сәйкес жазбаша хабарланған Қатысушы мемлекеттерді хабардар етеді. Мұндай жағдайда инспекция жүргізу ниеті туралы жазбаша хабарлама күшін жояды және инспекция өзгертіледі.
      2. Инспекциялық топ кiру/шығу пунктiне келгеннен кейін болатын және инспекциялық топтың белгiленген инспекция орнына осы Хаттаманың IҮ-бөлiмiнiң 43-тармағында немесе YII-бөлiмiнiң 8-тармағында, немесе YIII-бөлiмi 6-тармағының (В) тармақшасында, немесе IХ-бөлiмiнiң 12-тармағында көрсетiлген уақыт iшiнде келуiне мүмкiндiк бермейтiн, инспекциялаушы Қатысушы мемлекетке байланысты емес жағдайларға байланысты кешiккен жағдайда инспекциялаушы Қатысушы мемлекет инспекцияны өзгертуге құқылы. Егер YII немесе YІІІ бөлiмге сәйкес инспекция өзгертiлетiн болса, ондай жағдайларда ол Шартта қарастырылған қандайда бiр үлеске есептелмейдi.
 
      ХIҮ-бөлiм. ИНСПЕКЦИЯЛАР ТУРАЛЫ ЕСЕПТЕР
 
      1. Осы Хаттаманың ҮІІ, ҮІІI, IХ, Х немесе ХI бөлiмiне сәйкес өткiзiлген инспекцияны аяқтау үшiн және инспекция орнынан кетер алдында:
 
      (А) инспекциялық топ еріп жүретiн топқа жазбаша есеп бередi, және
 
      (В) ерiп жүретiн топ жазбаша түрде жасалған есепке ескертулер қосуға құқылы және егер инспекциялық топ пен ерiп жүретiн топ ұзарту туралы уағдаласпаған болса ғана, есеп инспекциялық топтан алынғаннан кейiн бiр сағат iшiнде қол қояды.
 
      2. Есепке инспекциялық топтың жетекшiсi қол қояды, ал алынғанын еріп

 

жүретiн топтың жетекшiсi жазбаша түрде куәландырады.

     3. Есеп фактологиялық және стандартталған болып табылады.

Инспекциялардың әр түрiне арналған форматтарды Бiрлескен консультациялық

топ келiседi.

     4. Осы Хаттаманың ҮII-бөлiмiне және ҮIII-бөлiмiне сәйкес өткiзiлетiн

инспекциялар туралы есептерге мыналар қосылады:


     (А) инспекция орыны;


     (В) инспекциялық топтың инспекция орнына келетiн күнi мен уақыты;


     (С) инспекциялық топтың инспекция орнынан кететiн күнi мен уақыты;

және



 
       (D) инспекция кезiнде байқалған кез-келген жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк ұшақтардың, жауынгерлiк тiкұшақтардың, бронетранспортерлерге ұқсастардың, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналарына ұқсастардың немесе танк көпiрiн салушылардың саны мен түрi, моделi немесе нұсқасы, егер орынды болса, олар тиесiлi бақылау объектiсi көрсетiле отырып.
 
      5. Осы хаттаманың IХ-бөлiмiне сәйкес өткiзiлетiн инспекциялар туралы хаттамаларға мыналар қосылады:
 
      (А) географиялық координаттармен айқындалатын белгiленген аудан;
 
      (В) инспекциялық топтың белгiленген ауданға келетiн күнi мен уақыты;
 
      (С) инспекциялық топтың белгiленген ауданнан кететiн күнi мен уақыты;
 
      (D) инспекция кезiнде байқалған жауынгерлік танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерия бiрлiктерiнiң саны мен түрi, моделi немесе нұсқасы, жиынтық және Қатысушы мемлекеттер бойынша бөлiнген түрiнде.
 
      6. Осы Хаттаманың Х және ХI бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекциялар туралы есептерге мыналар қосылады:
 
      (А) қысқарту немесе сертификаттау процесi жүзеге асырылған қысқарту немесе сертификаттау орыны;
 
      (В) инспекциялық топтың осы орында қатысатын күнi;
 
      (С) қысқарту немесе сертификаттау процедуралары байқалған әдеттегi қару-жарақ пен техниканың саны мен түрi, моделi немесе нұсқасы;
 
      (D) инспекция кезiнде тiркелген кез-келген сериялы нөмiрлердiң тiзбесi;
 
      (Е) қысқартуларға қатысты - нақтылы қолданылған немесе қадағаланған қысқарту процедуралары; және
 
      (Ғ) егер инспекциялық топ қысқарту орнында күнтiзбелiк есептi кезеңнiң барлық өнбойына қатысқан болса, қысқартуларға қатысты - қысқарту процедураларының басталуы мен аяқталуының нақтылы күндері.
 
      7. Инспекциялар туралы есептер осы Хаттаманың IY-бөлiмi 2-тармағының (G) тармақшасына немесе 3-тармағының (Ғ) тармақшасына сәйкес инспекциялаушы Қатысушы мемлекет көрсеткен Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның ресми тiлiнде жасалады.
      8. Инспекциялаушы Қатысушы мемлекет пен инспекцияланатын Қатысушы мемлекет есептiң бiр-бiр данасын сақтайды. Инспекциялаушы Қатысушы мемлекет инспекция туралы есептi сұрауы бойынша кез-келген Қатысушы мемлекетке ұсынады.
      9. Әдеттегi қару-жарағы мен техникасы Шарттың ықпалына түсетiн,

 

инспекцияланған кез-келген Қатысушы мемлекет:


     (А) өзiнiң қарулы күштерiнiң инспекциялануына байланысты жазбаша

түрдегi ескертулерге қосуға құқылы; және


     (В) өзінің әдеттегi қарулы күштерi инспекцияланған жағдайда инспекция

туралы есептiң бiр данасын сақтайды.


     ХҮ-бөлiм. ИНСПЕКТОРЛАР МЕН КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫ

               ЭКИПАЖДАРЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН

               ИММУНИТЕТТЕРI



 
       1. Инспекторлар мен көлiк құралдары экипаждары мүшелерiнiң жеке мүдделерi үшiн емес, өздерiнiң функцияларын тиiмдi жүзеге асырулары үшiн Шартты жүзеге асыру мақсатында 1961 жылғы 18 сәуiрдегi Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясының 29-бабына, 30-бабының 2-тармағына 31-бабының 1, 2 және 3-тармақтарына және 34 пен 35 баптарына сәйкес дипломатиялық агенттер пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттер берiледi.
      2. Инспекторлар мен көлiк құралдары экипаждарының мүшелерiне сондай-ақ, 1961 жылғы 18 сәуiрдегi Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясының 36-бабы 1-тармағының, (b) тармақшасына сәйкес дипломатиялық агенттер пайдаланатын артықшылықтар берiледi. Олардың инспекция өткiзілетiн Қатысушы мемлекеттiң аумағына кiргiзуге немесе шығаруға сол Қатысушы мемлекеттiң заңымен тиым салынған немесе карантиндiк ережемен реттелетін бұйымдарды енгізуіне рұқсат етiлмейдi.
      3. Егер Шартта басқадай көрсетілмеген болса, инспекциялық топтың көлiк құралдары қол сұғылмайтын болып табылады.
      4. Инспекциялаушы Қатысушы мемлекеттiң пiкiрi бойынша иммунитет әділ қазылықты жөнелтуге кедергі жасайтын және одан Шарттың ережелерін жүзеге асыруға залалсыз бас тартуға болатын болса, ол өзінің инспекторлары мен көлiк құралы экипажы мүшелерiнiң кезкелгенiнiң иммунитетiнен, юрисдикциясынан бас тарта алады. Инспекциялаушы Қатысушы мемлекеттiң азаматы болып табылмайтын инспекторлар мен көлiк құралы экипажы мүшелерiнiң иммунитетiнен ол инспекторлар азаматы болып табылатын Қатысушы мемлекеттер ғана бас тарта алады. Бас тарту әркез айқын көрсетiлген болуы тиiс.
      5. Осы бөлiмде қарастырылған артықшылықтар мен иммунитеттер инспекторлар мен көлiк құралы экипажы мүшелерiне мына жағдайларда беріледi:
 
      (А) басқа бiр Қатысушы мемлекеттiң аумағында инспекция өткiзу мақсатымен кез-келген Қатысушы мемлекеттiң аумағы арқылы өту кезiнде;
 
      (В) олар инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекеттiң аумағында болған барлық кезеңде;
 
      (С) одан әрi - олардың бұрынғы инспектор немесе көлiк құралы экипажының мүшесi ретiнде өздерiнің ресми функцияларын жүзеге асыруы кезiнде жасаған iс-әрекеттерiне қатысты.
      6. Егер инспекциялаушы Қатысушы мемлекет инспектор немесе көлiк құралы экипажының мүшесi өзiнің артықшылықтары мен иммунитеттерiн жеке мүддесiне пайдаланды деп санаса, онда осы Хаттаманың ҮI-бөлiмiнiң 9-тармағында мазмұндалған ережелер қолданылады. Кез-келген мүдделi Қатысушы мемлекеттiң өтiнiшi бойынша ондай жеке мүддеге пайдаланушылықтың

 

бетiн қайтару үшiн олардың арасында консультация өткiзiледi.


                                28-бап


     1. Бiрлескен консультациялық топ туралы хаттаманың 3-тармағы алынып

тасталады және мыналармен алмастырылады:


     "3. Бiрлескен консультациялық топ, егер ол басқалай шешiм

қабылдамаса, жылына екi рет өткiзiлетiн тұрақты сессиясына жиналып тұрады".


     2. Бiрлескен консультациялық топ туралы хаттамада 11-тармақ алынып

тасталады және мыналармен алмастырылады:


     "11. Бiрлескен консультациялық топтың жұмысына байланысты жалпы

шығындарды бөлу шкаласы, егер Бiрлескен консультациялық топ басқалай шешiм

қабылдамаса, былайша қолданылады:


     10,73%    Германия Федеративтiк Республикасы үшiн Италия

               Республикасы үшiн, Ұлыбритания мен Солтүстiк

               Ирландия Бiрiккен Корольдiгi үшiн, Америка Құрама

               Штаттары үшiн және Француз Республикасы үшiн;


     9,00%     Ресей Федерациясы үшiн;


     6,49%     Канада үшiн;


     5,15%     Испания Корольдiгi үшiн;


     4,23%     Бельгия Корольдiгi үшiн және Нидерландтар Корольдiгі

               үшін;


     2,47%     Дания Корольдiгi үшiн және Норвегия Корольдiгi үшiн;


     1,75%     Украина үшiн;


     1,72%     Польша Республикасы үшiн;


     1,20%     Түрiк Республикасы үшiн;


     0,84%     Венгрия Республикасы үшiн, Греция Республикасы үшiн

               және Румыния үшiн;


     0,81%     Чехия Республикасы үшiн;


     0,70%     Беларусь Республикасы үшiн;


     0,67%     Болгария Республикасы үшiн, Люксембург Ұлы Герцогтiгi

               үшiн және Португалия Республикасы үшiн;


     0,40%     Словакия Республикасы үшiн;


     0,20%     Әзiрбайжан Республикасы үшiн, Армения Республикасы

               үшiн, Грузия үшiн, Исландия Республикасы үшiн,

               Қазақстан Республикасы үшiн және Молдова үшiн".


     2. Бірлескен консультациялық топ туралы хаттаманың 12-тармағы алынып

тасталады.


                                29-бап


     Еуропадағы әдеттегi қарулы күштер туралы хаттаманың кейбiр ережелерiн

уақытша пайдалану туралы хаттама жойылады.


                                30-бап



 
       1. Төменде Адаптация туралы келiсiм деп аталатын Еуропадағы әдеттегi қарулы күштер туралы шартты адаптациялау туралы келiсiмге қол қою мен күшiне енуi арасындағы кезеңде Шарттың ережелерiне сәйкес жазбаша хабарлама берiлген шектеулi деңгейлердi өзгерту, сондай-ақ Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамадағы және ол туралы тиiстi Қатысушы мемлекет сұрайтын болса мынадай жағдайларда Аумақтық шектеулi деңгейлер туралы хаттамадағы өзгертулер болып есептеледi:
 
      (А) ондай өзгертулер Хаттаманың IY-бабының 3 және 4-тармақтарында және Ү-бабының 4 және 5-тармақтарында белгiленген шектеулерге сәйкес келсе, сонымен бiрге
 
      (В) Шарттың IY-бабының 4-тармағында және Ү-бабының 5-тармағында белгiленген сандық шектеулер Адаптация туралы хаттамаға қол қойылған сәтiнен күшiне енген сәтiне дейiнгі өткен уақытқа барабар қолданылса.
 
      2. Шарттың IY-бабының 4-тармағында, Ү-бабының 5-тармағында мазмұндалғанындай мұндай өзгертулер барлық басқа да Қатысушы мемлекеттердiң келiсiмiн қажет ететiн жағдайларда Адаптация туралы келiсiмге қол қойылған сәтiнен бастап 60 күн iшiнде бiрде-бiр қатысушы мемлекет мұндай өзгертулерге жазбаша түрде қарсылық бiлдiрмеген жағдайда мұндай өзгертулер Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамада көрсетiлген деңгейлерге өзгертулер болып саналады.
      3. Егер Қатысушы мемлекет өзiнiң қолда барына арналған шектеулi деңгейiн бiржақты қысқарту туралы жазбаша хабарласа, егер ол туралы сол Қатысушы мемлекет өзi сұрамаса ғана жазбаша хабарлама берiлген өзгертулер осы баптың 1 және 2-тармақтардың ережелерiне қарамай Ұлттық шектеулi деңгейлер туралы хаттамаға және Аумақтық шектеулi деңгейлер туралы хаттамаға өзгертулер болып саналмайды.
 

                                31-бап



 
 
       1. Осы Адаптация туралы келiсiм Қатысушы мемлекеттiң конституциялық процедураларға сәйкес олардың әрқайсысының бекiтуiне жатады.
      2. Бекiту грамоталары депозитарийдiң сақтауына тапсырылады.
      3. Осы Адаптация туралы келiсiм кiрiспеде тiзiп көрсетiлген Қатысушы мемлекеттердiң бәрi бекiту грамоталарын сақтауға тапсырғаннан кейiн он күннен соң күшiне енедi, одан кейiн Шарт өзгертілген күйiнде қолданылады.
      4. Адаптация туралы келісімнің күшіне енуі бойынша Шарттың ІҮ-бабының 4-тармағына және Ү-бабының 5-тармағына белгіленген сандық деңгейлер күшіне енген күн мен ХХІ баптың 1-тармағына сәйкес өткізілетін қарау жөніндегі келесі конференция аралығындағы қалған уақыт кезеңіне барабар қысқартылады.
      5. Орыс, ағылшын, испан, итальян, немiс және француз тiлдерiндегi мәтiндерi түпнұсқаларға тең болып табылатын осы Адаптация туралы келiсiмнiң түпнұсқасы депозитарий мұрағатына сақтауға тапсырылады. Осы Адаптация туралы келiсiмнің тиiсiнше куәландырылған көшiрмелердi депозитарий барлық Қатысушы мемлекеттерге бередi.
      6. Осы Адаптация туралы келiсiмдi депозитарий Бiрiккен Ұлттар Ұйымы

 

Жарғысының 102-бабына сәйкес тiркейдi.

     Төменде қол қойған соған тиiсiнше өкiлеттiлер куәландыру үшiн осы

Адаптация туралы келiсiмнiң астына өз қолдарын қойды.

     Бiр мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылғы қараша айының он тоғызы күнi

Стамбулда орыс, ағылшын, испан, итальян, немiс және француз тiлдерiнде

жасалды.    



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады