"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне дiни сенiм бостандығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 15 қараша N 1453

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне дiни сенiм

бостандығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                            Жоба


                  Қазақстан Республикасының Заңы


    Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне дiни сенiм

              бостандығы мәселелерi бойынша өзгерiстер

                   мен толықтырулар енгiзу туралы


     Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзiлсiн:


 
       1. "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Z924000_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 84-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат):
      1) І тараудың тақырыбындағы "I" деген цифр "1" деген цифрмен ауыстырылсын;
      2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Заңның мiндеттерi
      Осы Заң Республика K951000_ Конституциясында, сондай-ақ адам құқықтары туралы халықаралық актiлер мен келiсiмдерде баянды етiлген азаматтардың сенiм бостандығы жөнiндегi құқықтарын iске асыруға кепiлдiк бередi, осы саладағы құқықтық қатынастарды реттейдi және дiни бiрлестiктердiң құқықтық жағдайын айқындайды.
      Дiни нанымды уағыздау бостандығының жүзеге асырылуы конституциялық құрылымды қорғау, қоғамдық тәртiпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын тек заң актiлерiмен және бұл халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында қажеттi болса, тек сол шамада ғана шектелуi мүмкiн.";
      3) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
      "1-1-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар
      Осы Заңда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
      дiни сенiм - қандай да бiр дiн ұстанушылық;
      рухани (дiни) бiлiм беру ұйымы - дiни қызметшiлердi дайындаудың кәсiптiк бiлiм бағдарламалары, сондай-ақ дiни-ағартушылық қызметтi iске асыратын оқу орны;
      конфессия - анықтау факторы дiни оқу болып табылатын дiни бағыттарға сәйкес келетiн ұғым;
      ғибадат орны (ғимарат) - құдайға құлшылық етуге, уағыздар мен дiни жиналыстарға, тәу етуге арналған объект;
      миссионерлiк қызмет - дiни-ағартушылық қызмет арқылы қандай да бiр дiн iлiмiн уағыздау және тарату;
      дiни бiрлестiк - нақ сол бiр дiндi ұстанатын, өздерiнiң дiни қажеттiлiктерiн бiрлесiп қанағаттандыру үшiн бiрiккен кәмелетке толған азаматтардың ерiктi бiрлестiгi;
      дiн - дүниетаным, сондай-ақ теистикалық сенiмге құрылған тиістi мiнез-құлық пен айрықшалықты iс-әрекет;
      дiни сенiм бостандығы - өзiне мыналарды: адамның кез келген дiндi уағыздау немесе өз дiни нанымдарын өзгерту; дiнге сенушiлердiң дiни қоғамдарды еркiн құру құқығын; әркiмнiң сол немесе өзге дiнге жататындығына қарамастан барлық саяси және азаматтық құқықтар мен бостандықтарды пайдалану мүмкiндiгiн қамтитын, ар-ождан бостандығының қажеттi және ажырамас элементi;
      сенiм бостандығы - теистiк, теистiк емес немесе атеистiк сенiмде болу бостандығы;
      дiни экстремизм - Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттiң қауiпсiздігіне нұқсан келтiруге, әлеуметтік, нәсiлдiк, ұлттық, тектiк-таптық және рулық араздыққа, сондай-ақ адамның жеке басын бұзуға, оның денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiруге бағытталған, шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттердегi дiни сенiм бостандығына берiлушiлiк.".
      4) 2-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының дiни сенiм бостандығына құқықтарды қорғау мәселелерi және дiни бiрлестiктер қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi осы Заңға қайшы келген жағдайда осы Заңның нормалары қолданылады.";
      5) 4-бапта:
      бiрiншi бөлiк "Қазақстан Республикасында дiни секталардың қызметiне тыйым салынады." деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi бөлiк "Қазақстан Республикасында конфессияаралық айырмашылықтарды саяси мақсаттарда пайдалануға бағытталған iс-әрекеттерге, мақсаттары мен қызметi конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, мемлекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-таптық және тектiк араздықты қоздыруға бағытталған дiни бiрлестiктердi құруға, дiни экстремизмдi, қатынастарды қарсы қоюға және шиеленiстiруге бағытталған iс-әрекеттердi насихаттауға тыйым салынады." деген сөздермен толықтырылсын;
      6) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
      "4-1-бап. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың миссионерлiк қызметi
      Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионерлiк қызметті уәкiлеттi мемлекеттiк органда есептiк тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады. Есептiк тiркеуден өту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.";
      7) 5-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Дiнге қатыстылығына байланысты бiлiмнiң әр түрлерi мен деңгейлерiне қол жеткiзудi жүзеге асыруда артықшылықтарды, шектеулердi немесе кемсiтудiң өзге де нысандарын белгiлеуге тыйым салынады.";
      екiншi бөлiк: мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Баланы дiни тәрбиелеу оның жан-жақты дамуына, дене немесе рухани денсаулығына зиян келтiрмеуге тиiс.";
      төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дiни оқыту түсiнiстiк, шыдамдылық басқа адамдардың сенiмдерiн құрметтеу рухында жүзеге асырылуға тиiс. Кәмелетке толмағандарды дiни бiрлестiктерге тартуға, сондай-ақ олардың еркiне, ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың еркiне қарамастан оларды дiни оқытуға жол

 

берiлмейдi.";

     8) 6-баптың екiншi бөлiгiндегі "Облыстардың және Алматы мен Ленинск

қалаларының өкiмшi және атқарушы органдары" деген сөздер "Облыстардың және

Алматы, Астана қалаларының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары"

деген сөздермен ауыстырылсын;

     9) ІІ тараудың тақырыбында "II" деген цифр "2" деген цифрмен

ауыстырылсын;

     10) 7-бапта:

     бiрiншi бөлiкте:

     "және олардың құрылымдық бөлiмшелерi" деген сөздер алынып тасталсын;

     "сенiмдi бiрлесiп уағыздау мақсатында құрылған және осы мақсатқа

сәйкес келетiн:

     дiн iлiмiнiң болуы;

     құдайға құлшылық ету, дiни жоралар мен уағыз, өзге де рәсiмдер жасау;

     дiни уағыздау және өздерiнiң iзбасарларын тәрбиелеу;

     дiни бiрлестiкке қабылдау және одан шығу тәртiбiнiң белгiлерi бар"

деген сөздермен толықтырылсын;

     үшiншi бөлiкте:

     "(ережелерiне)", "(ережелерi)" деген сөздер алынып тасталсын;


 
       "Дiни бiрлестiктер заңдармен белгiленген тәртiпте құрылымдық бөлiмшелер құруға құқылы." деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi бөлiктегi "(ережелерiн)" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Дiни шетел бiрлестiктерiнiң Республиканың аумағындағы қызметi, сондай-ақ осы бiрлестiктердiң Республикадағы дiни шетел орталықтарының басшыларын тағайындауы әр конфессияға арналған бiртұтас республикалық дiни орталықтар арқылы, Республиканың тиiстi мемлекеттiк органдарымен келiсу бойынша жүзеге асырылады. Келiсу тәртiбiн Yкiмет белгiлейдi".
      11) 8, 9-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-бап. Дiни бiрлестiктiң жарғысы
      Дiни бiрлестiктiң жарғысы азаматтық заңдарға сәйкес оның құқық қабiлеттiлiгiн анықтайды және осы Заңға сәйкес тiркеуге жатады.
      Тiркеуге ұсынылатын жарғыда:
      дiни бiрлестiктiң атауы, соның iшiнде ұйымдық-құқықтық нысандағы нұсқауы, орналасқан жерi, қандай дiни сенiмге жататындығы және дiни бiрлестiктiң қызмет аумағы;
      қызметiнiң мәнi мен мақсаты;
      бiрлестiктiң құрылымы, қалыптасу құрылымы, тәртiбi және оны басқару органдарының құзыретi;
      дiни бiрлестiктiң және оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
      дiни бiрлестiкке мүше етiп қабылдау және одан шығу шарты мен тәртiбi;
      бiрлестiктердiң мүлкiнiң құрылу көздерi;
      жарғыға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;
      дiни бiрлестiктi қайта ұйымдастыру және оны тарату тәртiбi;
      дiни бiрлестiк таратылған жағдайда мүлiкке иелiк ету тәртiбi;
      қызметiнiң нысандары мен әдiстерi туралы, iзбасарлардың отбасы мен некесiне, бiлiмiне, денсаулығына көзқарасы туралы мәлiметтер;
      дiни бiрлестiктiң мемлекетке қатысы;
      филиалдары және өкiлдiктерi туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
      9-бап. Дiни бiрлестiктердi тiркеу
      Дiни бiрлестiктер кәмелетке толған кемiнде елу азаматтың бастамашылығымен құрылады. Бұл үшiн олар жиналысты шақырады, онда жарғы қабылданады.
      Дiни бiрлестiк мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап заңды тұлғаның құқықтық қабiлетiне ие болады.
      Республиканың екi немесе одан көп облыстарының аумағында қызмет ететiн дiни бiрлестiктердi, олар құратын рухани (дiни) оқу орындарын, монастырьларды мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, ал жергiлiктi дiни бiрлестiктердi аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тiркелген дiни басқармалар (орталықтар), бiрлестiктер мен мекемелер, миссионерлiк қызметтi қоспағанда, өз қызметiн заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерi арқылы жүзеге асырады.
      Дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу үшiн азаматтар (құрылтайшылар) тiркеу туралы арызды, дiни бiрлестiктi құрған азаматтардың (құрылтайшылардың) тiзiмiн, дiни бiрлестiктiң жарғысын, жарғыны қабылдаған құрылтай жиналысының (конференциясының, съезiнiң) хаттамасын тиiстi органға ұсынады.
      Дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу үшiн дiн iлiмi мен оған сәйкес келетiн практиканың негiздерi туралы, оның iшiнде дiннiң және осы дiни бiрлестiктiң пайда болу тарихы туралы мәлiметтер қосымша ұсынылады. Ислам дiни бiрлестiктерiн тiркеу Қазақстан мұсылмандарының Рухани басқармасының ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.
      Рухани (дiни) оқу орындарының қызметi заңнамамен белгiленген тәртiпте лицензияланады.
      Дiни бiрлестiктердiң жарғыларына өзгерiстер мен толықтырулар жарғыларды тiркеу сияқты тәртiппен және сол мерзiмдерде тiркеуге жатады.
      Дiнтану сараптамасын өткiзу, сондай-ақ дiни бiрлестiк берген құжаттар бойынша маманның қорытындысын алу қажет болған жағдайда мемлекеттiк тiркеу мерзiмi тоқтатылады.";
      12) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
      "10-1-бап. Дiни бiрлестiктi тiркеуден бас тарту
      Егер:
      дiни бiрлестiк қызметiнiң мәнi мен мақсаты Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасына қайшы келген;
      құрылатын бiрлестiк дiни бiрлестiк ретiнде танылмаған;
      жарғысы мен басқа да ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген немесе онда қамтылған мәлiметтер дұрыс болмаған жағдайда дiни бiрлестiктi тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.
      Дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда тiркеушi орган оған заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен нақты заңның бұзылғанына сiлтеменi қамтитын жазбаша түрде негiзделген бас тартуды беруге мiндеттi. Шығарылған бас тартудың сот тәртiбiмен шағымдалуы мүмкiн";
      13) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "11-бап. Дiни бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру және тоқтату
      Дiни бiрлестiктiң қызметi мынадай негiздер бойынша уақытша тоқтатылуы мүмкiн: құрылтай құжаттардың, қолданылып жүрген заңнаманың ережелерiн бұзған жағдайда. Аталған негiздердi үш айдың iшiнде жойған кезде дiни бiрлестiктiң қызметi қалпына келтiрiледi.
      Дiни бiрлестiктiң қызметi оған қатысушылардың (мүшелерiнiң) не соттың шешiмiмен тоқтатылады.
      Дiни бiрлестiктiң қызметiне байланысты оның мүшесiнiң (мүшелерiнiң) қылмыстық не әкiмшiлiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, Қазақстан Республикасы заңнама кесiмдерiнiң нормаларын бiрнеше мәрте бұзуы, оның құрылу мақсаттарына қайшы келетiн қызметтi жүйелi түрде жүзеге асыру, сондай-ақ оның қызметi уақытша тоқтатылған себептердi жоймау дiни бiрлестiктiң қызметiн сот тәртiбiмен тоқтатуға не тыйым салуға негiз болып табылады.
      Дiни бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру және тоқтату туралы арызбен сотқа прокуратура органдары, дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi мемлекеттiк орган жүгiнуге құқылы.".
      14) III тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-тарау. Дiни бiрлестiктер қызметiнiң құқықтары мен шарттары";
      15) 12-бапта:
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      Құдайға құлшылық ету, басқа да дiни жоралар мен рәсiмдер ғибадат үйлерi мен ғимараттарда және соларға жататын аумақтарда, дiни бiрлестiктердiң кәсiпорындарында, зираттар мен крематорийлерде, сондай-ақ тұрғын үй-жайларда бөгетсiз жасалады.";
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мұсылмандық дiни ғимараттар мен құрылыстарды салу және (немесе) ашу

 

Қазақстан мұсылмандары рухани басқармасының рұқсатымен жүзеге асырылады.";

     төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

     "Дiни жоралар мен рәсiмдердi осы баптың екiншi және үшiншi

бөлiктерiнде көрсетiлген жерлерден тыс өткiзу жергiлiктi атқарушы

органдардың рұқсат беруiмен жүзеге асырылады.";

     16) 13-бапта:

     үшiншi бөлiк алынып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырылсын:

     "Дiни экстремизм мен фундаментализмнiң идеяларын қамтитын әдебиеттi,

кино-, фото-, бейнеөнiмдерiн және басқа да материалдарды дайындауға,

сақтауға және таратуға тыйым салынады және Қазақстан Республикасының заң

актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады.";

     17) 14-бапта:

     бiрiншi бөлiкте:

     "(ережелерiне)" деген сөз алынып тасталсын;

     "қоғамдық бiрлестiктер үшiн белгiленген тәртiппен тiркелетiн" деген

сөздермен толықтырылсын;

     18) IV тараудың тақырыбындағы "IV" деген цифр "4" деген цифрмен

ауыстырылсын;

     19) 16-баптың екiншi бөлiгiндегi "немесе мемлекет берген және заңға

қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған" деген сөздер

"өзге, заңға қайшы келмейтiн жолмен алынған" деген сөздермен ауыстырылсын;

     20) 17-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi сөйлемi, үшiншi бөлiгiнiң

екiншi және үшінші сөйлемдерi алынып тасталсын;

     21) 18-баптағы "(ережелерiне)" деген сөз алынып тасталсын;

     22) 19-бапта:

     тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

     "Өз қызметiн тоқтатқан дiни бiрлестiктердiң мүлкiне иелiк ету";

     бiрiншi, екiншi бөлiктердегi "(ережесiне)" деген сөздер алынып

тасталсын;

     үшiншi бөлiк алынып тасталсын;

     23) 20-баптың бiрiншi бөлiгi алынып тасталсын;

     24) V тараудың тақырыбындағы "V" деген цифр "5" деген цифрмен

ауыстырылсын.


 
       2. "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Z990389_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат):
      1-баптың 14)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдары - дiни қызметшiлердi дайындаудың кәсiптiк бiлiм бағдарламаларын, сондай-ақ дiни-ағартушылық қызметтi iске асыратын оқу орындары";
      13-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дiни қызметшiлердi дайындаудың кәсiптiк бiлiм бағдарламаларын, сондай-ақ дiни-ағартушылық қызметтi iске асыратын рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдарына орта бiлiмi бар азаматтар қабылданады";
      14-баптың 8-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Дiнге қатыстылығына байланысты бiлiмнiң әр түрлерi мен деңгейлерiне қол жеткiзудi жүзеге асыруда артықшылықтарды, шектеулердi немесе кемсiтудiң өзге де нысандарын белгiлеуге тыйым салынады.".
      3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне K941000_ (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; 2001 жылғы 24 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2000 жылы 23 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Z000128_ Заңы; 2001 жылғы 24 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылы 23 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне астық қабылдайтын кәсiпорындар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 қаңтардағы Z010141_ Заңы):

 

     109-бапта:

     1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "1. Бiр дiндi ұстайтын, өзiнiң дiни мұқтаждарын бiрiгiп

қанағаттандыру үшiн бiрiккен кәмелетке толған азаматтардың ерiктi бiрiгуi

дiни бiрлестiк болып табылады.";

     3-тармақтағы "(ережелерi)", "(ережелерiн)" деген сөздер алынып

тасталсын.


     Қазақстан Республикасының

          Президентi



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады