Уран өнiмiнiң экспорты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қарашадағы N 1484 қаулысы

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы N 9-1 Z960006 Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ) "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ мен Қытай Ядролық Уран корпорациясы/Қытай Ядролық Энергетика Өнеркәсiбiнiң Корпорациясы арасындағы 2001 жылғы 21 қыркүйектегi N 2001 СМАЕ/ҒS60069КА уран концентраттарын сатып алу мен сатуға келiсiм-шарттың қағидаларына сәйкес табиғи уранның тотығы-шала тотығы түрiндегi уран концентратын (СЭҚ ТН коды 2844 10 390) 300 000 кг U +- 0,1% мөлшерiнде U308 нысанда экспорттауға рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ-на осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген уран өнiмiн Қазақстан Республикасынан экспорттауға лицензия берсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген өнiмдi кедендiк бақылауды және кедендiк ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитетіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады