Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2001 жылғы 23 шілдеде Анкара қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Түрік Республикасының Бас штабы арасындағы Қарулы Күштердің медицина қызметшілерін оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен
Түрік Республикасының Бас штабы арасындағы
Қарулы Күштердің медицина қызметшілерін оқыту
саласындағы ынтымақтастық туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы,
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Yкiметi арасындағы Әскери бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы 1993 жылғы 23 ақпандағы Келiсiмнің (бұдан әрi - 1993 жылғы 23 ақпандағы Келiсiм) ережелерiн басшылыққа ала отырып,
әскери медициналық бiлiм беру саласындағы ынтымақтастықты ұлғайтуға ұмтыла отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасының әскери-медициналық мекемелерінің қызметiн қамтитын осы Хаттаманың мақсаты медициналық оқуға жiберiлетiн қызметшiлердің жауапкершiлiгiнің қағидаттары мен негiздерiн айқындау, сондай-ақ бiлiмiн жетілдiру және тәжiрибе алмасу болып табылады.
2-бап
Осы Хаттамада төмендегi терминдер мыналарды бiлдіредi:
1. "Қызметшiлер" - медициналық бiлiм алу үшін жiберiлетiн Тараптардың қызметшiлерi. Қызметшілерге медицина қызметiнiң офицерлерi, бiрлескен жобалар жасаумен жұмыс iстейтін әскери дәрiгерлер, фармацевтер, стоматологтар мен мал дәрiгерлерi, сондай-ақ Тараптардың әскери жоғары оқу орындарының әскери-медициналық факультеттерiнде оқитын оқушылары жатады.
2. "Жiберушi мемлекет" - қызметшiлерiн медициналық білiм алу үшiн жiберетiн Тараптың мемлекетi.
3. "Қабылдаушы мемлекет" - медициналық бiлiм алу үшiн жiберiлген қызметшiлердi өз елiнде қамтамасыз ететін Тараптың мемлекетi.
4. "Оқу орыны" - Қазақстан Республикасында - әскери-медициналық мекемелер, Түрiк Республикасында - Анкара қаласындағы Гюльхане (GАТА) Әскери Медициналық Академиясы және оған бағынысты мекемелер.
5. "Оқыту салалары" - қызметшiлердi оқыту жүргізiлетiн медицинаның әр түрлi салалары: емдеу iсi, фармакология, стоматология, мал дәрiгерлiк, сондай-ақ әскери медициналық және техникалық қызметкерлердi оқыту жүзеге асырылатын басқа салалар.
6. "Практикалық сабақтар" - Тараптардың жiберушi және қабылдаушы мемлекеттерi әскери-медициналық бiлiм беру мекемелерiнiң оқу бағдарламалары мен еңбек тәртiбiне сәйкес қызметшiлермен өткiзiлетiн сабақтар.
3-бап
Осы Хаттаманың күшi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасы Бас штабының қызметшiлерi мен әскери-медициналық бiлiм беру мекемелерiнде қолданылады.
4-бап
1. Медициналық бiлiм алу үшiн келетiн жiберушi мемлекеттiң қызметшiлерiн оқыту деңгейi Тараптардың өзара келiсiмi бойынша айқындалады.
2. Медициналық бiлiм алу үшiн жiберiлетiн қызметшiлер Тараптар оқу орындарының әскери-медициналық факультеттерiнде оқудың тиiстi салалары бойынша практикалық сабақтарға қатысатын болады.
3. Қазақстан Республикасында және Түрiк Республикасында медициналық бiлiм алу үшiн жiберiлетiн қызметшiлердi оқыту мерзiмi Тараптардың өзара келiсiмi бойынша айқындалады.
4. Қызметшілердiң құрамы мен оларды келесi оқу жылында оқыту мерзiмiн Тараптар ағымдағы оқу жылының мамырында айқындайды.
5. Медициналық бiлiм алатын қызметшілер Тараптардың қабылдаушы мемлекетiнiң оқыту және емдеу қағидаттарына бағынады.
6. Практикалық оқыту мақсатында Тараптың қабылдаушы мемлекетiнің емдеушi дәрiгерлерi қызметшiлердi көмек көрсету үшiн ассистент ретінде тартуы мүмкiн, мұндай жағдайда қызметшiлер емделушiлердiң сапалы емделуi үшiн жауапкершiлiкте болмайды.
7. Тараптың жiберушi мемлекетiнiң қызметшiлерi әскери медицина саласындағы зерттеулер мен дамудың қолда бар мүмкiндiктерiн кеңейтуде, сондай-ақ қазiргі заманғы медициналық технологияларға көшудi қамтитын жаңа мүмкiндiктер жасау жөнiнде Тараптың қабылдаушы мемлекетінің қызметшiлерiмен өзара әрекет етедi.
8. Қазақстан Республикасында қызметшiлердi оқыту қазақ тiлiнде, Түрiк Республикасында түрiк тілінде жүргiзiледi.
9. Ынтымақтастық салалары:
1) бiлiктiлiктi арттыру курстары;
2) тәжiрибе алмасу;
3) ғылыми конгрестер, семинарлар, оқулар және т.б.;
4) бiрлескен жобалар;
5) қатысушыларды әскери оқу орындарының әскери-медициналық факультеттерiнде оқыту.
5-бап
Қызметшілердiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершілiгi Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларымен, сондай-ақ 1993 жылғы 23 ақпандағы Келiсiммен реттеледі.
6-бап
Тараптар арасындағы осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруге және қолдануға байланысты барлық даулар мен келiспеушіліктер 1993 жылғы 23 ақпандағы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес консультациялар мен келiссөздер арқылы шешілетiн болады.
7-бап
Осы Хаттаманың мәтiнiне Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалар мен рәсімделетін өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
8-бап
Осы Хаттама Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламасы алынған күнiнен бастап күшіне енедi.
9-бап
Осы Хаттаманың қолданыста болу мерзiмi 1993 жылғы 23 ақпандағы Келiсiмнiң қолданыста болу мерзiмiне сәйкес келедi. Әрбiр Тарап басқа Тарап осы Хаттаманың шарттарын сақтамаған жағдайда, ол туралы ұсыныс түскен күннен бастап 30 күннен кешiктiрмей басталуы тиiс консультациялар өткiзу қажеттiгi туралы жазбаша өтiнiш жасауы мүмкiн. Егер 90 күн iшiнде келiсiмге қол жеткiзiлмесе, онда Тарап бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабарландыра отырып, келесi 30 күн iшiнде осы Хаттаманың күшiн тоқтатуы мүмкiн. Бұл жағдайда қызметшiлер өздерiнің жұмысын оқу мерзiмi аяқталғанға дейiн жалғастырады.
2001 жылғы 23 шілде күнi Анкара қаласында әрқайсысы қазақ және түрiк тілдерiнде екi данада жасалды және де барлық мәтiндердiң күші бiрдей.
Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасының
Қорғаныс министрлігі үшін Бас штабы үшін
Қолы: Қолы:
Тегі: Тегi:
Лауазымы: Лауазымы:
Қазақстан Республикасы Қарулы Түрiк Республикасының
Күштерi Бас штабы бастығы - Бас штабы бастығы
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрiнің бiрiншi
орынбасары