Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 қараша N 1519. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы K010209_ Кодексiнiң (Салық кодексi) 345-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. "Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 шiлдедегi N 938 P950938_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 23, 267-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                      Қазақстан Республикасы
                                          Үкiметiнiң
                                     2001 жылғы 26 қарашадағы
                                     N 1519 қаулысына қосымша

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесi

      1. Сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар.
      2. Мал дәрiгерлiгi қызметiнiң автомобильдерi.
      3. Автозообиологиялық зертханалар.
      4. Автоазықтасымалдағыштар.
      5. Ауыл шаруашылығына арналған автотиеуiштер.
      6. Дән сепкiштерге автодәнқұйғыштар.
      7. Тыңайтқыш енгiзуге арналған автомашиналар.
      8. Ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды автотиеуiштер.
      9. Тең штабельдерiн автотасымалдауыштар.
      10. Автоулыжемшашқыш.
      11. Пәлекжинағыш машиналар.
      12. А/ш АН-2 әуе кемесi.
      13. Өзi жүретiн дестелегiштер.
      14. Астық жинайтын комбайндар.
      15. Доңғалақты тракторлар, өзi жүретiн шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар.
      16. Мал азығын жинағыш комбайндар.
      17. Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi автомобиль-шеберханалар.
      18. Өзi жүретiн шөп шапқыштар.
      19. Маялағыштар.
      20. Жинағыш комбайндар (тамыржемiстiлердi, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және т.б. жинауға арналған).
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады