Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасында Салық заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 желтоқсан N 1574


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 2001 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы салық 
заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық пен 
ақпарат алмасу туралы келісім бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
       Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiкменстан Үкiметi
        арасындағы салық заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрес
         саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы
                               КЕЛIСIМ* 
     
        2001 жылғы 26 желтоқсаннан бастап күшіне енді - ҚР халықаралық 
               шарттары бюллетені, 2002 ж., N 3, 35-құжат. 
     
     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметі
мен Түрiкменстан Yкiметi,
     өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамалары мен халықаралық мiндеттемелерiн 
басшылыққа ала отырып,
     салық заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын 
кесуге, өз мемлекеттерiнiң экономикалық қауiпсiздігін қамтамасыз етуге 
байланысты мiндеттердi тиiмдi шешудегi өзара мүдделiлiктi негізге ала 
отырып,
     осы мақсатта барлық құқықтық және өзге де мүмкiндiктердi пайдалануға 
зор маңыз бере отырып,
     төмендегiлер туралы келiстi:
     
                               1-бап
                         Келiсiм нысанасы
     


      Салық заңнамасын бұзушылықтарға қарсы тиiмдi күрестi ұйымдастыру

мақсатында Тараптардың құзыретті органдарының ынтымақтастығы осы 
Келiсiмнiң нысанасы болып табылады.
     Осы Келiсiм Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан қатысушылары 
болып табылатын азаматтық және қылмыстық iстер жөнiндегі құқықтық көмек 
көрсету туралы халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен 
мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.
     
                             2-бап
                           Терминдер
     
     Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төмендегi терминдер мыналарды 
бiлдiредi:
     а) "құзыреттi орган":
     - Қазақстан Тарабы үшiн - Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы 
агенттiгi,
     - Түрiкменстан Тарабы үшiн - Түрiкменстан Мемлекеттiк Бас салық 
қызметi.
     Тараптар құзыретті органдарының ресми атауы өзгерген жағдайда, ол
туралы бiр бiрiне кiдiрiссiз хабарлайды;


      ә) "салық заңнамасы" - салықтардың түрлерi, алымдар және өзге де мiндетті төлемдер мен оларды осы Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында төлетудiң тәртiбiн белгiлейтiн және салықтық мiндеттемелердiң туындауына, өзгеруiне және тоқтатылуына байланысты қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалардың жиынтығы;
      б) "салық заңнамасын бұзушылық" - салық төлеушiнiң мемлекеттiк бюджет алдындағы мiндеттемелерiн орындамау немесе тиiстi дәрежеде орындамауы түрiнде көрiнiс беретiн, Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес заңдық жауапкершiлiкпен белгiленген құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсiздiк.

                              3-бап
                     Ынтымақтастық нысандары

      Тараптар осы Келiсiмнiң шеңберiнде мынадай ынтымақтастық нысандарын қолданады:
      - заңды және жеке тұлғалардың салық заңнамасын бұзушылықтары жөнiндегi ақпараттармен алмасу;
      - салық заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған iс-шараларды жүргiзу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл;
      - заңды және жеке тұлғаларға салық салынуына байланысты құжаттардың тиiстi үлгiде куәландырылған көшiрмелерiн ұсыну;
      - ұлттық салық жүйесi туралы, салық заңнамасының өзгерiстерi мен толықтырулары туралы ақпарат, салық заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрестi ұйымдастыру жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдармен алмасу;
      - салық заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрес жүргiзуде қолданылатын ақпараттық жүйелердi құру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде тәжiрибе алмасу;
      - жұмыс топтарын құруды, өкiлдермен алмасуды және кадрларды оқытуды қоса алғанда, ынтымақтастық барысында туындайтын мәселелер жөнiнде қызметтi үйлестiрудi жүзеге асыру;
      - салық заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрес проблемалары жөнiнде ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізу.
      Тараптар құзыреттi органдарының ресми атауы өзгерген жағдайда, ол туралы бiр бiрiне кiдiрiссiз хабарлайды.
      Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiмдi орындауға байланысты мәселелер бойынша бiр-бiрiмен тiкелей өзара iс-қимыл жасайды.

                              4-бап
             Салық заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпарат алмасу

      1. Салық заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпарат алмасу төмендегі мәселелер бойынша жүзеге асырылады:
      - салық заңнамасын бұзушылар қолданған тәсiлдердi көрсете отырып заңды және жеке тұлғалардың салық салудан табыстарын төмендетiп көрсетуi (жасыруы);
      - заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік және коммерциялық банкiлерде есепшоттар ашуы, сондай-ақ егер оларда салық салудан жасырған сомалар бар деп есептейтiн негiз бар болса осы есепшоттар арқылы қаражат айналымы;
      - салық салу базасының мөлшерiн және салық заңнамасын бұзған заңды және жеке тұлғалардан өндiрiп алынатын салық сомасын айқындау, сондай-ақ салық заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге байланысты өзге де мәселелер бойынша.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат, ақпарат ұсыну сұрау салынған Тараптың ұлттық заңнамасы мен мемлекеттiк мүддесiне қайшы келмейтiн жағдайда, бiр Тараптың құзыреттi органына екiншi Тараптың құзыреттi органының сұрау салуы негізiнде берiледi.
      Егер Тараптардың бiрiнiң құзыреттi органы қолында бар ақпаратты

екiншi Тараптың құзыреттi органы үшiн қажеттi деп санаса, ол бұл ақпаратты 
жеке бастамасы бойынша беруi мүмкiн.
     
                             5-бап
                        Iс-шаралар өткiзу
     
     Салық заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын 
кесу жөнiндегi iс-шараларды өткiзу кезiнде осындай заң бұзушылықтар 
жасаған немесе оларды жасағаны жөнiндегi күдiктi адамдарға қатысты 
Тараптардың құзыреттi органдарының өзара iс-қимыл жасауы олардың құзыретi 
шегiнде бiрлесiп жоспарлауды, күш пен құралдарды ортақ пайдалануды, осы 
iс-шаралардың барысы және өткiзу нәтижелерi туралы ақпарат алмасуды 
қамтиды.
     
                              6-бап
                     Құжаттардың көшірмелерін ұсыну
     


      Тараптардың құзыретті органдары заңды және жеке тұлғаларға салық салуға қатысты құжаттардың (есепшоттар, фактуралар, жүкқұжаттар, шарттар, келiсiм-шарттар, сертификаттар, анықтамалар және басқалары), сондай-ақ салық заңнамасының бұзылуына қатысы бар мәселелер бойынша құжаттардың көшiрмелерiн бiр-бiрiне сұрау салу арқылы ұсынады.
      Құжаттардың көшiрмелерi уәкiлетті тұлғаның қолымен және сұрау

салынған құзыретті органның мөрiмен куәландырылады.
     
                              7-бап
             Құқықтық сипаттағы материалдармен алмасу
     
     Тараптардың құзыреттi органдары ұлттық салық жүйесi, салық заңнамасы 
саласындағы қылмыстарды тергеудiң немесе тексеру жүргiзудiң және әкiмшiлiк 
құқық бұзушылықтар туралы iстер жүргiзудiң құқықтық негiздерi туралы 
ақпарат алмасуды жүзеге асырады, салық заңнамасындағы өзгерiстер туралы 
бiр-бiрiн хабардар етедi.
     
                              8-бап
              Ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерi
                    бойынша ынтымақтастық
     


      Тараптардың құзыреттi органдары салық заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күресті ұйымдастыру кезінде ақпараттық жүйелердi құру мен олардың жұмыс iстеуiне қатысты мәселелер бойынша тәжiрибе, әдiстемелер және ғылыми материалдар алмасуды жүзеге асырады.

                               9-бап
           Кадрлар даярлауда тәжiрибе алмасу және көмек көрсету

      Тараптардың құзыреттi органдары өздерiнiң оқу орындарының базаларында кадрларды оқыту мен қайта даярлауда, салық заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрестiң өзектi мәселелерi бойынша бiрлескен ғылыми зерттеулердi, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткiзуде ынтымақтасады, сондай-ақ сарапшылармен алмасады.

     Осы баптың шеңберiнде ынтымақтастықты iске асырудың нақты нысандары, 
атап айтқанда, оны қаржыландыру, Тараптардың құзыреттi органдары арасында 
жасалатын тиiстi келiсiмдермен белгiленедi.
     
                           10-бап
               Сұрау салудың нысаны мен мазмұны
     
     1. Ақпарат алуға сұрау салу жазбаша түрде немесе мәтiн берудiң 
техникалық құралдарын пайдалану арқылы берiлуi тиiс.
     Кейiнге қалдыруды көтермейтiн жағдайларда телефон байланысы арқылы 
ауызша сұрау салу қабылдануы мүмкiн, алайда ол кiдiрiссiз жазбаша нысанда 
расталуы тиiс.
     Мәтiндi берудiң техникалық құралдарын пайдаланған кезде, сондай-ақ 
алынған сұрау салудың растығына немесе мазмұнына қатысты күмән туындаған 
жағдайда сұрау салынған құзыретті орган жазбаша нысанда расталуын сұрай 
алады.
     2. Ақпарат алуға арналған сұрау салуда:
     - сұрау салушы құзыреттi органның атауы;
     - сұрау салынған құзыреттi органның атауы;
     - сұрау салудың қысқаша жазылған мазмұны және оның негiздемесi;
     - нақты мән-жайдың қысқаша сипаттамасы;
     - сұрау салудың орындалуы үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер болуға 
тиiс.


      3. Ақпарат алуға арналған сұрау салу және оған жауап Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттiк тiлiнде де, сондай-ақ орыс тiлiнде де жасалады.
      Сұрау салу мемлекеттiк тiлде орындалған жағдайда, оның куәландырылған орыс тiлiндегi аудармасы қоса берiледi.

                               11-бап
             Жәрдем беру туралы сұрау салуды орындаудың тәртiбi

      Тараптардың құзыреттi органдары бiр-бiрiне ұлттық заңнамасына сәйкес және өздерiнiң құзыретi шегiнде жәрдем көрсетедi.
      Сұрау салушы Тарап өзiнiң өтiнiшi бойынша жәрдем беру туралы сұрау салуды орындау үшiн жүзеге асырылатын iс-қимылдардың уақыты мен жүргiзiлетiн орны туралы хабардар етiлуi мүмкiн, ал оның өкiлдерi қосымша келiсiлген жағдайда оларды жүргiзу кезiнде қатыса алады.
      Егер жәрдем беру туралы сұрау салуды сұрау салынған Тараптың орындауы мүмкiн болмаған жағдайда, ол сұрау салу түскеннен бастап бір ай iшiнде ол туралы сұрау салушы Тарапқа жәрдем беруден бас тартудың себебiн көрсете отырып жазбаша түрде хабарлайды.
      Егер жәрдем беру туралы сұрау салуды орындау сұрау салынған Тараптың ұлттық заңнамасына және әкiмшiлiк практикасына қайшы келетiн болса, жәрдем беру туралы сұрау салуды орындаудан бас тартылуы мүмкiн.
      Сұрау салынған Тарап өзiнiң мемлекетiнiң аумағында жәрдем беру туралы сұрау салуды орындауға байланысты барлық шығыстарды көтередi.

                               12-бап
                       Ақпаратты пайдалану

      Нақты салық төлеушiлерге байланысты ақпарат құпия болып табылады және сұрау салынған Тараптың талаптарына сәйкес қорғалу режимiмен қамтамасыз етiледi.
      Алынған ақпаратты Тараптар тек қана осы Келiсiмде көзделген

мақсаттарға, оның iшiнде әкiмшiлiк және соттық iс қарауда пайдалана
алады. Ақпаратты өзге мақсаттарға сұрау салынған Тараптың келiсiмiмен
ғана пайдалануға болады.
     
                            13-бап
                           Шығыстар
     
     Тараптардың құзыреттi органдары өз мемлекеттерiнiң аумағында осы 
Келiсiмдi орындауға байланысты шығыстарды көтередi. Қосымша шығындарды 
талап ететiн сұрау салу алынған жағдайда оларды қаржыландыру туралы 
мәселенi Тараптардың құзыреттi органдары өзара уағдаластықтары бойынша 
қарайды.
     Тараптардың құзыреттi органдары, егер олардың арасында өзгеше 
келiсiлмесе, сұрау салуды орындау кезiнде керек болуы мүмкiн 
аудармашылардың қызметiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды бiр бiрiне 
өтейтiн болады.
     
                            14-бап
                  Даулар мен келiспеушiлiктер
     
     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен 
келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар
және келiссөздер арқылы шешетiн болады.
     
                             15-бап
                Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
     


      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктер болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.

                              16-бап
           Келiсiмнiң күшiне енуi және қолданысын тоқтату

      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi және Тараптардың бiрi екiншi Тараптың оның қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап алты ай өткенге дейiн қолданыста болады.

     Астана қаласында, 2001 жылғы 5 шiлдеде, әрқайсысы қазақ, түрiкмен 
және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық 
мәтiндердiң күшi бiрдей.
     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мақсаты үшiн Тараптар орыс 
тiлiндегi мәтiндi пайдаланатын болады.
     
     Қазақстан Республикасының               Түрікменстан 
         Үкiметi үшiн                        Yкiметi үшiн
     
     Мамандар:
       Багарова Ж.А.,
       Қасымбеков Б.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады