Елтаңбалық қағазды шығару қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 желтоқсан N 1580. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 168 қаулысымен.

     "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы 
етеді:
     1. Қоса беріліп отырған елтаңбалық қағазды шығару қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Yкiметінiң              
2001 жылғы 6 желтоқсандағы     
N 1580 қаулысымен         
бекiтiлген            

                   Елтаңбалық қағазды шығару қызметiне
                    қойылатын біліктiлiк талаптары

      Бiлiктілiк талаптары елтаңбалық (оның iшiнде вексель) қағазды шығару қызметiмен айналысу құқығына үмiткер субъектiлерге қолданылады және өзiне мыналарды қамтиды. 
      1. Тұрақты үй-жайдың, яғни сумен және электр қуатымен, су құбырымен, өртке қарсы және күзет құрылғыларымен жабдықталған және мыналардан: 
      өндiрiлiп жатқан өнiмдi сақтау үшiн жартылай фабрикаттардың аралық қоймасынан; 
      шикiзат өндiруде пайдаланылатын химиялық талдау дайындалатын өнiмдi қорғау құралдарын әзiрлеу үшiн қажетті жабдығы бар химиялық зертхана үй-жайынан; 
      компьютерлiк графика үй-жайы - елтаңбалық қағаздың дизайны фотопленкаға басылуы және дайындалуы жүзеге асырылуы тиiс үй-жайдан; 
      баспа формаларын, яғни елтаңбалық қағаз тiкелей басылатын полиграфиялық жабдықта орнатылатын монометалл пластиналарын дайындау жөнiндегі үй-жайдан; 
      бейнебақылау және жазып алу жөнiндегi жиынтық жабдығы бар iшкi күзет үй-жайынан; 
      өндiрiстiк үй-жай - елтаңбалық қағазды шығаруға қажеттi полиграфиялық және өзге де жабдық орналасқан үй-жайдан; 
      дайын өнiмдi қабылдауға және сақтауға арналған үй-жайдан; 
      шығарылатын елтаңбалық қағаздың жазу парақтарын (баспа машинасындағы жұмыс жылдамдығындағы таралым формасынан алынған және басуға қол қойылған көшiрме беттердi) және эталонды үлгілердi ұзақ сақтауға арналған мұрағат үй-жайынан; 
      әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайдан; 
      техникалық учаскелерден (желдеткiш камералар, ауаны тазартуға арналған камералар) тұратын күрделi ғимараттың немесе құрылыстың болуы.
     2. Қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететiн елтаңбалық қағазды шығаруға арналған полиграфиялық және өзге де жабдықтың (оның iшiнде технологиялық қалдықтарды жоюға арналған), технологиялардың болуы.
     3. Шығарылатын өнiмдi есепке алу және сақтау жүйесiнiң болуы.
     4. Тиiстi бiлiм деңгейiне жауап беретiн және мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар бiлiктi мамандардың болуы.
     5. Құрамында кемiнде 3 адамы бар күзет бөлiмшесiнiң болуы.
     6. Өндiрiстiк және тұрмыстық үй-жайлардың дабыл беру және бейнебақылау жүйелерiмен жабдықталуы.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады