Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2000 жылғы 7 сәуірде Баку қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасы Үкіметiнің арасындағы жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестациялау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау саласындағы ынтымақтастық туралы КЕЛIСIМ Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасының Үкiметi,
ғылыми дәрежелер, ғылыми дәрежелердiң салыстырмалылығы туралы құжаттарды тану және нострификациялау принциптерi жөнiндегi уағдаластықтарды басшылыққа ала отырып,
ғылыми байланыстарды сақтауға және нығайтуға ұмтыла отырып,
жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ұмтылысты қуаттай келiп,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумағында келесi Тарап мемлекетiнiң тиiстi аттестаттау органдары берген ғылыми дәрежелерi мен ғылыми атақтар туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарды Тараптардың әрбiр мемлекетiнiң заңында белгiленген тәртiппен осы құжаттардың иелерiн қайта аттестаттау арқылы таниды.
2-бап
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан осы Келiсiм ережелерiн жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып табылады.
Әзербайжан Республикасының Президентi жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия Әзербайжан Республикасының Yкiметiнiң атынан осы Келiсiм ережелерiн жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып табылады.
Жоғарыда аталған уәкiлеттi органдардың атауы немесе ұйымдары өзгерген жағдайда, Тараптар дипломатиялық арналар арқылы дер кезiнде хабардар етілетiн болады.
3-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары жоғары білiктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттаудың мемлекеттiк жүйелерiнде ғылыми дәрежелерге талаптанушыларға қойылатын талаптар мен аттестаттаудың ұлттық жүйелерiн дамытудың тұжырымдамаларын әзiрлеген кезде өзара консультациялар өткiзедi.
4-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң органдары жоғары білiктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау саласындағы ынтымақтастықты:
бiр Тарап мемлекетiнің талапкер азаматына диссертация қорғауы үшiн келесi Тараптың диссертация қорғау жөнiндегi кеңесiнде бiрдей жағдайлар жасау;
Тараптар мемлекеттерiнің жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми педагог кадрларын аттестаттаудың мемлекеттiк жүйелерiндегi өзгерiстер туралы дер кезiнде өзара хабардар ету, бұл кадрларды аттестаттау мәселелерi бойынша тиiстi нормативтiк құқықтық актілер және басқа да материалдар алмасу;
жоғары білiктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау процесiн басқаруды жетiлдiруге бағытталған тәжiрибе алмасу жөнiндегi бiрлескен iс-шараларды өткiзу арқылы дамытады.
5-бап
Тараптар мемлекеттерiнің уәкілеттi органдары диссертациялық жұмыстарды сараптау сапасын көтеру үшiн:
жетекші ғалымдар мен мамандардың келесі Тарап мемлекетінің
диссертация қорғау жөнiндегi кеңестерiнiң жұмысына, сондай-ақ диссертация қорғаған кезде оппонент ретiнде қатысуына; бiр Тараптың кеңестерiнде қорғалған диссертацияны келесi Тараптың диссертация қорғау жөнiндегi кеңестерiнде қосымша сараптауды өткiзуге жәрдемдеседi. 6-бап Осы Келiсiмге қатысу Тараптардың жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау саласындағы ынтымақтастықтың басқа нысандарын пайдалануға құқықтарын шектемейдi. 7-бап Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттерде берiлген ғылым кандидаты мен ғылым докторының дипломдарын, сондай-ақ доцент пен профессордың аттестаттарын Тараптар мемлекеттерінің құзыреттi органдары екi жақты келiсiмдер негiзiнде әзiрленген тетіктер бойынша қайта аттестаттау арқылы таниды. 8-бап Осы Келiсiм ережелерiн жүзеге асыру мақсатында Тараптар қосымша келісiмдер мен хаттамалар жасауларына болады. 9-бап Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмдерi бойынша оның ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң 11 бабында көзделінген тәртіппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi мүмкiн. 10-бап Осы Келiсімдi қолдану мен түсiндiруге байланысты даулы мәселелер консультациялар мен келiссөздер арқылы шешiледi. 11-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келісiм бес жыл бойы қолданыста болады және Тараптардың ешқайсысы
осы Келiсiмнің қолданысын тоқтату туралы оның тиiстi қызмет мерзiмiнiң бiтуiне алты ай қалғанға дейiн жазбаша мәлiмдемесе, ол өзiнен өзi келесi бес жылдық кезеңдерге ұзартылатын болады. Баку қаласында 2000 жылғы 7 сәуірде әрқайсысы қазақ, әзербайжан және орыс тiлдерiнде екі данада жасалды және де барлық үш мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Келісiмнiң ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтықтары туындаған жағдайда, орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылатын болады. Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.