Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 желтоқсан N 1589


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950  

P001950_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат) мынадай өзгерістер 
енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
     IV "Шығыстар" бөлімінде:
     15 "Ресми трансферттер" функционалдық тобында:
     1 "Ресми трансферттер" кіші функциясында:
     119 "Қарағанды облысының әкімі" әкімшісі бойынша:
     18 "Республикалық бюджеттен алынатын трансферттер" бағдарламасында:
     30 "Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдау" кіші бағдарламасындағы 
"10000" деген сан "160600" деген санмен ауыстырылсын;
     33 "Приозерск қаласын жылыту үшін мазут тасымалы қызметіне ақы төлеу" 
кіші бағдарламасындағы "100000" деген сан "39400" деген санмен 
ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     
Мамандар:
     Бағарова Ж.А.,
     Қобдалиева Н.М.     
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады