Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі N 585 Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 желтоқсан N 1609

      "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы Z000131_ Заңының 16-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Алматы облысының әкіміне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебінен, Алматы облысының әкімшілік орталығын Талдықорған қаласына көшіру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға, бірінші кезеңде Алматы қаласынан Талдықорған қаласына квота бойынша қоныс аударған тиісті орталық мемлекеттік органдардың облыстық құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі облыстық әділет басқармасының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігін жүргізу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша сот әкімшісінің мемлекеттік қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге 250 (екі жүз елу) миллион теңге бөлсін.
      2. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және Алматы облысының әкімі 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде, көшіруді аяқтау мақсатында бірінші және екінші кезеңде жергілікті атқарушы органдарды және орталық атқарушы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін көшіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға көзделген қаражатты оңтайландыруды жүргізсін.
      3. Алматы облысының әкімшілік орталығын Талдықорған қаласына көшіруге байланысты мәселелерді шешу жөніндегі үкіметтік комиссия орталық мемлекеттік органдардың көшірілетін аумақтық бөлімшелеріне әкімшілік ғимараттарын беру және квота бойынша қоныс аударатын мемлекеттік қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің кестесін бекітсін.
      4. Алматы облысының әкімі республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп, бөлінетін қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін және 2002 жылғы 15 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ведомствосын, пәтердің мекен-жайларын, алаңын және оның теңгерімдік құнын көрсете отырып, осы қаулының 1 тармағына

 

сәйкес бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы тәптіштелген есеп берсін.

     5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады