"Қазақстан Республикасының 1972 жылғы Контейнерлерге қатысты кеден конвенциясына қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 желтоқсан N 1629

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:    

     1. "Қазақстан Республикасының 1972 жылғы Контейнерлерге қатысты кеден

конвенциясына қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                                Жоба


                          Қазақстан Республикасының

                                    Заңы


            Қазақстан Республикасының 1972 жылғы Контейнерлерге

                қатысты кеден конвенциясына қосылуы туралы


     Қазақстан Республикасы 1972 жылғы 2 желтоқсанда Женевада жасалған

Контейнерлерге қатысты кеден конвенциясына қосылсын.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті           



                     1972 ЖЫЛҒЫ КОНТЕЙНЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ

                             КЕДЕН КОНВЕНЦИЯСЫ


                                 Кiрiспе


     Уағдаласушы Тараптар,

     Халықаралық контейнерлiк тасымалдауларды кеңейтуге және жеңiлдетуге

ниет бiлдiре отырып,

     Мына төмендегiлер туралы келiстi:


                         I тарау. Жалпы ережелер


                                 1-бап


     Осы Конвенцияны қолдану кезiнде:


 
       а) "Әкелу баждары мен алымдары" терминi жүктердi әкелу кезiнде немесе әкетуге байланысты, бiрақ көрсетiлген қызметтердiң шамамен алғандағы құнына дейiнгi көлемi бойынша шектелген сомалар мен алымдарды шығарып тастай отырып алынатын кедендiк баждар мен барлық басқа баждарды, салықтарды, алымдарды және басқа да сомаларды бiлдiредi;
      b) "Уақытша әкелу" терминi кейiн әкетуi шартымен кедендік баждар мен алымдарды төлеуден босату арқылы және импорттық тыйым салулар мен шектеулер қолданылмастан уақытша әкелудi бiлдiредi;
      с) "Контейнер" терминi:
      i) оған жүктердi орналастыру үшiн арналған толық немесе iшiнара жабық ыдысты бiлдiретiн;
      ii) тұрақты сипаты бар және осыған байланысты көп мәрте пайдалану үшiн қызмет ететiндiктей жеткiлiктi мөлшерде берiк;
      ііі) жүктердi көлiктің бiр немесе бiрнеше түрiмен аралық қайта тиеусiз тасымалдауды оңайлату үшiн арнайы конструкцияланған;
      iv) оны қайта тиеу, атап айтқанда көліктің бiр түрiнен екiншiсiне, жеңiл болатындықтай тұрғыда конструкцияланған;
      v) оны тиеу мен түсiру жеңiл болатындай тұрғыда конструкцияланған;
      vi) ішкi көлемi кемiнде бiр текше метр болатын көліктiк жабдықтарды (тор, алмалы-салмалы цистерна немесе осындай керек-жарақ) бiлдiредi;
      "контейнер" терминi мұндай керек-жарақтар мен жабдықтардың контейнермен бiрге тасымалдануы шартымен контейнердiң осы түрi үшiн қажеттi контейнердің керек-жарақтары мен жабдықтарын қамтиды. "Контейнер" терминi көлiк құралдарын, көлiк құралдарының керек-жарақтарын, қосалқы бөлшектерiн және орамды қамтымайды;
      d) "Iшкi тасымалдаулар" терминi аталған мемлекеттiң аумағында тиелген

 

және сол мемлекеттiң аумағында түсiруге жататын жүктердi тасымалдауды

білдіредi;

     е) "Тұлға" терминi жеке де заңды да тұлғаны білдiредi;

     f) "Контейнерлердi пайдалану жөнiндегi кәсiпорын" терминi оның иесi 

болып табылатындығына немесе табылмайтындығына қарамастан контейнердiң

пайдаланылуына тиiмдi бақылау жасауды жүзеге асыратын тұлғаны бiлдiредi.


                                 2-бап


     Осы Конвенцияда көзделген шарттар контейнерлерге қолданылуы үшiн

соңғылары 1-қосымшада жазылған ережелерге сәйкес маркiленуi тиiс.


                         II тарау. Уақытша әкелу


     а) Уақытша әкелудiң шарты


                                 3-бап



 
       1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап 4-9-баптарда айтылған шарттарды орындау кезiнде жүк тиелген де, бос та контейнерлердi уақытша әкелуге рұқсат етедi.
      2. Әрбiр Уағдаласушы Тарап сатып алудың, жалға алудың немесе жалға алу-сатып алудың немесе өзiнiң аумағында тұратын немесе тұрақты тұратын жерi бар адам жасасқан осындай сипаттағы келiсiм-шарттың нысанасы болған контейнерлердi уақытша әкелуге рұқсат етпеу құқығын өзiнде қалдырады.
 

                                 4-бап



 
 
       1. Уақытша әкелу рәсiмiне сәйкес әкелiнген контейнерлер олар әкелiнген күннен бастап үш айдың iшiнде әкетуге жатады. Алайда, бұл мерзiмдi құзыреттi кеден органдары ұзартуы мүмкiн.
      2. Уақытша әкелу рәсiмiне сәйкес әкелiнген контейнерлердi әкету тiптi, егер бұл кеден ол арқылы уақытша әкелу жүзеге асырылған кеден болып табылмайтын жағдайда да кез келген тиiстi кеден арқылы жүзеге асырыла алады.
 

                                 5-бап



 
 
       1. 4-баптың 1-тармағында қамтылған әкетуге қатысты талапқа қарамастан бұл талаптар аталған мемлекеттiң ережелерiне сәйкес және оған оның кеден органдары рұқсат ететiн дәрежедегi шартпен айтарлықтай зақымданған контейнерлерге қатысты қолданылмайды, оларға:
      а) олар ұсынылған сәтте және олардың қандай жағдайда ұсынылғаны ескерiле отырып олардан алынатын әкелу баждары мен алымдары салынатын; немесе
      b) осы елдiң құзыреттi органдарына тегiн берiлуi; немесе
      с) мүдделi тараптардың есебiнен ресми бақылаумен жойылатын болады,

 

әрi бүтiн қалған бөлшектерi мен материалдарына олар ұсынылған сәтте және

олардың қандай жағдайда ұсынылғандығы ескерiле отырып олардан есептелетiн

әкелу баждары мен алымдары салынатын болады.

     2. Егер уақытша әкелу рәсiмiне сәйкес әкелiнген контейнер қамау

салудың нәтижесiнде әкетiле алмайтын болса, 4-баптың 1-тармағында

көзделген әкету туралы талапты орындау қамау салу уақытына тоқтатыла

тұрады.


     b) Уақытша әкелу рәсімi


                                 6-бап


     Осы Конвенцияның шарттарына сәйкес уақытша әкелiнген контейнерлерге

оларды әкелу және әкету кезінде кедендiк құжаттар көрсетiлместен,

сондай-ақ кепiлдiктер берiлместен 7 және 8-баптардың ережелерi үшiн

зиянсыз, уақытша әкелу режимi қолданылады.


                                 7-бап



 
       Әрбiр Уағдаласушы Тарап контейнерлердi уақытша әкелудi 2-қосымшада айтылған контейнерлерге уақытша әкелу рәсiмдерiнiң барлық шарттылықтарын немесе олардың бiр бөлiгiн орындай отырып негiздей алады.
 

                                 8-бап



 
 
       Әрбiр Уағдаласушы Тарап 6-баптың ережесi қолданылмайтын жағдайда контейнердi әкелуге және әкетуге қатысты қандай да болмасын кепiлдiктiң түрiн және/немесе кедендiк құжаттарды талап ету құқығын өзiнде сақтайды.
 
      c) Уақытша әкелу рәсiмiне сәйкес әкелiнген контейнерлердi пайдаланудың шарттары
 

                                 9-бап



 
 
       1. Уағдаласушы Тараптар осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес уақытша

 

әкелу рәсiмдерi қолданыла отырып жүктердi iшкi тасымалдаулар үшiн

әкелiнген контейнерлердi пайдалануға рұқсат етедi және бұл жағдайда әрбiр

Уағдаласушы Тараптың 3-қосымшада көрсетiлген барлық немесе кейбiр

шарттарды орындауды мiндетке енгiзуге құқығы бар.

     2. 1-тармақта көзделген ереже әрбiр Уағдаласушы Тараптың аумағында

контейнерлердi сүйрейтiн немесе тасымалдайтын көлiк құралдарына қатысты

қолданылатын ережелер үшiн зиянсыз қолданылатын болады.


     b) Ерекше жағдай


                                 10-бап


     1. Уақытша әкелiнген контейнерлердi жөндеуге арналған қосалқы

бөлшектердi уақытша әкелуге рұқсат етiледi.

     2. Әкетiлмеген ауыстыратын бөлiктер мүдделi елдің тәртiптерiне

сәйкес және бұл елдiң кеден органдарында жол берiлетiн дәрежеде:

     а) олар ұсынылған сәтте және олар ұсынылған жағдай ескерiле отырып,

олардан есептелетiн әкелу баждары мен салықтары алынатын; немесе

     b) бұл елдiң құзыреттi органдарына тегiн берiлетiн; немесе

     с) мүдделi Тараптың есебiнен ресми бақылаумен жойылатын болады.


 
       3. 6, 7 және 8-баптардың ережелерi 1-тармақта көзделген қосалқы бөлшектердi уақытша әкелуге тиiстi өзгерiстермен қолданылатын болады.
 

                                 11-бап



 
 
       1. Уағдаласушы Тараптар уақытша әкелiнген контейнерлердiң, не онымен бiрге әкелiнетiн және жеке немесе басқа контейнермен әкетiлетiн, не жеке әкелiнетiн және контейнермен бiрге әкетiлетiн керек-жарақтары мен жабдықтарын уақытша әкелуге рұқсат етуге келiстi.
      2. 3-баптың 2-тармағының және 4, 5, 6, 7 және 8-баптардың ережелерi 1-тармақта көрсетiлген контейнерлердің керек-жарақтары мен жабдықтарын уақытша әкелуге тиiстi өзгерiстермен қолданылатын болады. Бұл керек-жарақтар мен жабдықтар олар көрсетiлген тармақтың ережелерi қолданылатын контейнерлермен бiрге тасымалданғанда 9-баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес iшкi тасымалдауларда пайдаланыла алады.
 
              III тарау. Контейнерлерге кедендiк мөрлермен және
                   пломбалармен тасымалдауларға рұқсат ету
 

                                 12-бап



 
 
       1. Кедендiк мөрлермен және пломбалармен жүктер тасымалдауға рұқсат ету мақсатында контейнерлер 4-қосымшада айтылған Тәртiптердiң ережелерiне жауап беруi тиiс.
      2. Рұқсат ету 5-қосымшада көзделген рәсiмдердiң бiрiне сәйкес жүргiзiледi.
      3. Бiр Уағдаласушы Тарап кедендiк мөрлермен және пломбалармен жүктердi тасымалдауға рұқсат еткен контейнерлерге басқа Уағдаласушы Тараптар да кедендiк мөрлермен және пломбалармен халықаралық тасымалдаудың кез келген режимiнде рұқсат етедi.
      4. Әрбiр Уағдаласушы Тарап 4-қосымшада айтылған шарттарға жауап бермейтiн контейнерлерге рұқсат ету туралы куәлiктiң жарамдылығын танымау құқығын өзiнде қалдырады. Әйтсе де, Уағдаласушы Тараптардың байқалған ақаулардың үлкен мәнi жоқ және контрабанданың мүмкiндiгiне байланысты емес жағдайда тасымалдауды бөгемегенi жөн.
      5. Рұқсат ету туралы куәлiк одан әрi танылмайтын кез келген контейнер кедендiк мөрлермен және пломбалармен жүктердi тасымалдаулар үшiн қайталап пайдаланардың алдында оған рұқсат ету үшiн негiз болған жағдайға келтiрiлуi не қайтадан рұқсат ету рәсiмiне қойылуы тиiс.
      6. Қандай да бiр ақаулық контейнерге рұқсат ету рәсiмi кезiнде

 

болғандығы байқалған жағдайда оған жол берген құзыреттi орган бұл туралы

құлақтандырылады.

     7. Егер 5-қосымшаның 1 а) және b) тармағында сипатталған рәсiмдерге

сәйкес кедендiк мөрлермен және пломбалармен жүктердi тасымалдау үшiн

рұқсат етiлген контейнерлер 4-қосымшаның техникалық жағдайларына iс

жүзiнде жауап бермейтiндiгi анықталса, рұқсат берген құзыреттi орган

контейнерлерге талап етiлетiн техникалық жағдайларға сәйкес келтiру үшiн

қажеттi шараларды қолданады немесе рұқсат етудi тоқтатады.


                     IV тарау. Түсіндiрме жазбалар


                                 13-бап


     6-қосымшада келтiрiлген түсiндiрме жазбалар осы Конвенция мен оған

Қосымшалардың кейбiр ережелерiн түсiндiрудi қамтиды.


                      V тарау. Басқа да ережелер


                                 14-бап



 
       Уағдаласушы Тараптар мұндай тұрғыда берiлген жеңiлдiктер осы Конвенция ережелерiнiң қолданылуына кедергі жасамауы шартымен бiр жақты шешiмнiң күшiмен де, екi жақты немесе көп жақты келiсiмдердiң негiзiнде де беретiн немесе бергiсi келетiн неғұрлым жеңiлдiктi жағдайларды қолдануға кедергi жасамайды.
 

                                 15-бап



 
 
       Осы Конвенцияның ережелерiн кез келген бұзу, оның салдарынан осы Конвенцияның ережелерiмен берiлетiн жеңiлдiктердiң қандай да бiр тұлғаға немесе затқа заңсыз қолданылуы орын алған кез келген жалған құжат жасау, жалған декларация немесе iс-әрекет аталған елдiң заңдарына сәйкес құқық

 

бұзушылық жасалған елде санкцияға әкеп соқтырады. 


                                 16-бап


     Уағдаласушы Тараптар тиiстi өтiну болған жағдайда бiр бiрiне осы

Конвенцияның ережелерiн қолдану үшiн қажеттi ақпаратты және, атап

айтқанда, контейнерлерге рұқсат етуге, сондай-ақ олардың

конструкцияларының техникалық сипаттамаларына қатысты ақпаратты ұсынады.


                                 17-бап


     Осы Конвенцияға Қосымша мен Қол қою туралы хаттама Конвенцияның

ажырамас бөлiгi болып табылады.



                     VI тарау. Қорытынды ережелер



                                 18-бап



 
              Қол қою, бекiту, қабылдау, мақұлдау және қосылу
 
      1. Осы Конвенция Бiрiккен Ұлттар Ұйымына барлық мүше мемлекеттердiң не кез келген мамандандырылған мекеменiң немесе Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктiң не Халықаралық Соттың Статутына қатысушылардың, сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы осы Конвенцияның қатысушысы болуға шақырған кез келген басқа мемлекеттiң қол қоюы үшiн 1973 жылдың 15 қаңтарына дейiн Женевадағы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бөлiмшесiнде және одан кейiн 1973 жылдың 1 ақпанынан бастап 1973 жылдың 31 желтоқсанына дейiн қоса алғанда Нью-Йорктегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық Мекемелерiнде ашық.
      2. Осы Конвенция оған қол қойған мемлекеттердiң бекiтуiне, қабылдауына немесе мақұлдауына жатады.
      3. Осы Конвенция оған 1-тармақта көрсетiлген мемлекеттердің кез келгенінің қосылуы үшiн ашық қалады.
      4. Бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтауға тапсырылады.
 

                                 19-бап



                               Күшiне енуi



 
 
       1. Осы Конвенция бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы бесiншi құжат сақтауға тапсырылған күнiнен бастап тоғыз ай өткеннен кейiн күшiне енедi.
      2. Осы Конвенцияны бекiткен, қабылдаған немесе мақұлдаған немесе оған қосылған кез келген мемлекет үшiн бекiту, қабылдау немесе мақұлдау немесе қосылу туралы бесiншi құжат сақтауға тапсырылғаннан кейiн осы Конвенция бұл мемлекеттен бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өзiнiң құжатын сақтауға тапсырған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн күшiне енедi.
      3. Осы Конвенцияның түзетулерi күшiне енгеннен кейiн сақтауға тапсырылған бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы кез келген құжат Конвенцияның өзгертiлген мәтiнiне қатысты деп есептеледi.
      4. Түзетулер қабылданғаннан кейiн, бiрақ ол күшiне енгенге дейiн сақтауға тапсырылған кез келген мұндай құжат бұл түзетулер күшiне енген күннен бастап Конвенцияның өзгертiлген мәтiнiне қатысты деп есептеледi.
 

                                 20-бап



 
                        Контейнерлерге қатысты кедендiк
                 конвенцияның (1956 ж.) қолданысын тоқтатуы
 
      1. Осы Конвенция күшiне енген сәттен бастап ол 1956 жылы 18 мамырда Женевада қол қою үшiн ашылған Контейнерлерге қатысты кедендiк конвенцияны тоқтатады және осы Конвенцияға қатысушылардың арасындағы қарым-қатынастарда оны алмастырады.
      2. Кез келген Уағдаласушы Тарап, егер оған сәйкес оларға бастапқыда тасымалдауға рұқсат етiлген шарттарға бұрынғысынша жауап беретiн болса, Контейнерлерге қатысты кедендiк конвенцияның (1956 ж.) ережелерiне сәйкес немесе одан туындайтын, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен жасалған келiсiмдерге сәйкес тасымалдауларға рұқсат етiлген контейнерлер 12-баптың 1, 2 және 4-тармақтарының ережелерi үшiн залалсыз кедендiк мөрлермен және пломбалармен жүктердi тасымалдауға рұқсат етедi. Осы мақсатта Контейнерлерге қатысты кедендiк конвенцияның (1956 ж.) ережелерiне сәйкес берiлген рұқсат ету туралы куәлiк бұл куәлiктердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн рұқсат етiлгендiгi туралы табличкамен алмастырылуы мүмкiн.
 

                                 21-бап



 
                      Осы Конвенцияға, оның iшiнде оған
                    Қосымшаға түзетулер енгізудiң рәсімi
 
      1. Кез келген Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияға бiр немесе одан көп түзетулер ұсына алады. Кез келген ұсынылған түзетулердің мәтiнi оны барлық Уағдаласушы Тараптарға жолдайтын және ол туралы 18-бапта айтылған, Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын мемлекеттердi құлақтандыратын Кедендiк ынтымақтастық кеңесiне хабарланады. Кедендiк ынтымақтастық кеңесi, сондай-ақ 7-қосымшада айтылған рәсiмнің тәртiбiне сәйкес Әкiмшiлiк комитетiн шақыруы тиiс.
      2. Осының алдындағы тармаққа сәйкес ұсынылған немесе Комитеттiң сессиясында әзiрленген және Комитетте қатысушылардың және дауыс берушiлердiң үштен екi көпшiлiк дауысымен мақұлданған кез келген түзету Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жолданады.
      3. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы түзетудiң мәтiнiн қабылдау үшiн Уағдаласушы Тараптарға, сондай-ақ ақпарат үшiн 18-бапта айтылған, Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын мемлекеттерге хабарлайды.
      4. Осының алдындағы тармаққа сәйкес хабарланатын кез келген ұсынылған түзету Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы ұсынылған түзетудiң мәтiнiн хабарлаған сәттен бастап 12 айдың iшiнде Уағдаласушы Тараптардың бiрде бiрi оған қарсы қарсылық мәлiмдемесе қабылданған болып есептеледi.
      5. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде барлық Уағдаласушы Тараптарға және 18-бапта айтылған, Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын мемлекеттерге ұсынылған түзетуге қарсы қарсылық мәлiмделгенi-мәлiмделмегенi туралы хабарлайды. Егер ұсынылған түзетуге қарсы қарсылық туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына хабарланған болса түзету қабылданбаған болып саналады және оған байланысты ешқандай шаралар қабылданбайды. Егер мұндай қарсылықтар туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына хабарланбаған болса түзету осының алдындағы тармақта көрсетiлген 12 айлық кезең аяқталғаннан кейiн үш айдан кейiн немесе оны қабылдаған сәтте Әкiмшiлiк комитетi белгiлеуi мүмкiн неғұрлым кешiрек мерзiмде барлық Уағдаласушы Тараптар үшiн күшiне енедi.
      6. Кез келген Уағдаласушы Тарап Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысын құлақтандыру жолымен осы Конвенцияны қайта қарау мақсатында конференция шақыру туралы өтiнiм жасай алады. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы барлық Уағдаласушы Тараптарды бұл өтiнiм туралы құлақтандырады және егер Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы құлақтандырған күннен бастап төрт ай кезеңнiң iшiнде Уағдаласушы Тараптардың кемiнде үштен бiрi оған бұл өтiнiмдi өзiнiң қолдайтындығы туралы хабарлайтын болса Конвенцияны қайта қарау жөнiнде конференция шақырады. Мұндай конференцияны, сондай-ақ Әкiмшілік комитетiнен тиiстi өтiнiм алуы бойынша Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы да шақырады. Әкiмшiлiк комитетi мұндай өтiнiмдi Комитетте қатысушылардың және дауыс берушiлердiң көпшiлiк дауысымен қабылданған тиiстi шешiм болған кезде ұсынады. Егер конференция осы тармаққа сәйкес шақырылса Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы оған қатысу үшiн 18-бапта айтылған барлық мемлекеттердi шақырады.
 

                                 22-бап



 
                  1, 4, 5 және 6-қосымшаларға түзетулер
                         енгізудiң ерекше рәсiмi
 
      1. 21-бапта айтылған түзетулердi енгiзудiң рәсiмiне қарамастан 1, 4, және 5-6-қосымшаларға түзетулер осы бапта көзделгендей және 7-қосымшада айтылған рәсiмдердiң ережелерiне сәйкес енгiзiлуi мүмкiн.
      2. Кез келген Уағдаласушы Тарап Кедендiк ынтымақтастық кеңесiне түзетулер енгізу туралы ұсыныстар жолдайды. Кедендiк ынтымақтастық кеңесi оларды Уағдаласушы Тараптар мен 18-бапта айтылған, Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын мемлекеттердің назарына жеткiзедi және Әкiмшiлiк комитетiн шақырады.
      3. Осының алдындағы тармаққа сәйкес ұсынылған немесе Комитеттің сессиясында әзiрленген және Комитетте қатысушылардың және дауыс берушiлердiң үштен екi көпшiлiк даусымен қабылданған кез келген түзету Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жолданады.
      4. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы түзетудi қабылдау үшiн Уағдаласушы Тараптарға, сондай-ақ ақпарат үшiн 18-бапта айтылған, Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын мемлекеттерге жiбередi.
      5. Егер бестен бiр немесе бес Уағдаласушы Тарап, әрi бұл екi санның азы назарға алынады, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы ұсынылған түзетудi жолдаған сәттен бастап 12 айдың iшiнде өздерi бұл ұсынысқа қарсы қарсылық бiлдiретiндiгi туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысын құлақтандырмаса, түзету қабылданған болып саналады. Қабылданбаған ұсынылған түзетуге қатысты ешқандай шара көзделмейдi.
      6. Егер түзету қабылданса, ол осының алдындағы тармақта айтылған он екi айлық кезең аяқталған соң үш айдан кейiн немесе Әкiмшілік комитетi оны қабылдау сәтiнде белгiлеуi мүмкiн осындай неғұрлым кеш мерзiмде аталған ұсынылған түзетуге қарсы қарсылық мәлiмдемеген барлық Уағдаласушы Тараптар үшiн күшiне енедi. Комитет түзетудi қабылдау сәтiнде өтпелi кезеңнiң iшiнде бар Қосымша мұндай түзетумен қатар толық немесе iшiнара күшiнде қалатындығын да шеше алады.
      7. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы Уағдаласушы Тараптарды

 

түзетудiң күшiне енетiн күнi туралы құлақтандырады және 18-бапта айтылған,

Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын мемлекеттерге хабарлайды.


                                 23-бап

                                Күшін жою


     Кез келген Уағдаласушы Тарап Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына

тиiстi құжатты сақтауға тапсыру жолымен осы Конвенцияның күшiн жоя алады.

Күшiн жою мұндай құжатты Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтауға

тапсырған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн күшiне енедi.


                                 24-бап

                           Қолданылуын тоқтату



 
       Егер Уағдаласушы Тараптардың саны сабақтас он екi айдың қандай да бiр кезеңiнiң iшiнде бестен азды құраса күшін жоғалтады.
 

                                 25-бап



                              Дауларды шешу



 
 
       1. Екi немесе одан көп Уағдаласушы Тараптардың арасындағы осы Конвенцияның түсiндiрiлуiне немесе қолданылуына қатысты, келiссөздер жолымен немесе басқа да реттеу құралдарымен шешiле алмайтын кез келген дау олардың бiрiнің өтiнiмi бойынша төрелiк сотқа берiледi. Ол мынадай тұрғыда құрылады: әрбiр дауға қатысушы төрешi тағайындайды және бұл екi төрешi төраға болып табылатын үшiншi төрешiнi тағайындайды. Егер өтiнiм алынған күннен бастап үш ай аяқталғаннан кейiн қатысушылардың бiреуi төрешi тағайындай алмаса немесе төрешiлер төрағаны сайлай алмаса, қатысушылардың кез келгенi төрешiнi немесе төрелiк соттың төрағасын тағайындау туралы өтiнiммен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына өтінiм жасай алады.
      2. 1-тармақтың ережелерiне сәйкес тағайындалған төрелiк сот шешімiнің дауға қатысушылар үшiн мiндеттi күшi болады.
      3. Төрелiк сот өз рәсiмiнiң тәртiбiн белгілейдi.
      4. Төрелiк соттың оның рәсiмi мен отырыс өтетiн жерге, сондай-ақ ол қарайтын кез келген дауға қатысты шешімi көпшілік дауыспен қабылданады.
      5. Дауға қатысушылардың арасында шешiмдi түсiндiруге және орындауға қатысты пайда болуы мүмкiн кез келген дауды қатысушылардың кез келгенi бұл шешiмдi шығарған төрелiк соттың қарауына беруi мүмкiн.
 

                                 26-бап



                               Ескертулер



 
 
       1. 1-8, 12-17, 20, 25-баптардың және осы баптың ережелерiне қатысты ескертулердi, сондай-ақ Қосымшаларда қамтылған ережелерге қатысты ескертулердi қоспағанда, осы Конвенцияға ескертулерге, егер олар бекiту, қабылдау, мақұлдау және қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырғанға дейiн ұсынылса, олар бұл құжатта расталған болса жазбаша түрде ұсынылуы шартымен жол берiледi. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы бұл ескертулердi 18-бапта көрсетiлген барлық мемлекеттерге жолдайды.
      2. 1-тармаққа сәйкес жасалған кез келген ескерту:
      а) бұл ескертудiң шеңберiнде мұндай ескерту жасаған Уағдаласушы Тарап үшiн осы Конвенцияның өзi қатысты ережесiн өзгертедi; және
      b) бұл ережелердi осындай шамада ескертудi жасаған Уағдаласушы Тараппен өзара қарым-қатынастарда басқа Уағдаласушы Тараптар үшiн де өзгертедi.
      3. 1-тармаққа сәйкес ескерту ұсынған кез келген Уағдаласушы Тарап

 

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жолданған құлақтандыру арқылы оны

кез келген уақытта алып тастай алады.


                                 27-бап

                              Құлақтандыру


     Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы 18-бапта көрсетiлген барлық

мемлекеттерге 21, 22 және 26-баптарда көзделген құлақтандырулар мен

хабарлаулардан басқа:

     а) 18-бапқа сәйкес қол қойылғандығы, бекiткендiгi, қабылдағаны,

мақұлдағаны және қосылғаны туралы:

     b) 19-бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшiне енген күнi туралы;

     с) 21 және 22-баптарға сәйкес осы Конвенцияға түзетулердiң күшiне

енген күнi туралы;

     d) 23-бапқа сәйкес күшiн жоюлар туралы;

     е) 24-бапқа сәйкес осы Конвенцияның қолданылуын тоқтату туралы

хабарлайды.


                                 28-бап

                            Бiрдей мәтiндер


     Осы Конвенцияның ағылшынша, испанша, қытайша, орысша және французша

мәтiндерi бiрдей тең болып табылатын түпнұсқасы лайықты тұрғыда расталған

көшiрмелерiн 18-бапта көрсетiлген барлық мемлекеттерге жолдайтын Бiрiккен

Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтауға тапсырылады.

     ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ретiнде өз үкiметтерi лайықты тұрғыда

уәкiлеттендiрген төменде қол қоюшы Өкiлеттi өкiлдер осы Конвенцияға қол

қойды.

     Мың тоғыз жүз жетпiс екiншi жылы екiншi желтоқсанда Женевада ЖАСАЛДЫ.



                                 1-ҚОСЫМША



 
                 Контейнерлердi маркiлеуге қатысты ережелер
 
      1. Контейнердегi тиiстi көрнектi тұсына берiк тұрғыда мынадай ақпараттар:
      а) иесiнiң немесе Контейнерлердi пайдалану жөнiндегi негiзгі кәсіпорынның бiрегейлендiрiлген деректерi;
      b) иесi немесе Контейнерлердi пайдалану жөнiндегi кәсіпорын берген таным белгiлерi мен Контейнердің нөмiрлерi; және
      с) оның барлық тұрақты жабдықтарын қоса алғанда, Контейнер ыдысының салмағы жазылуы тиiс.
      2. Контейнер тиесілі ел толық немесе халықаралық қозғалыстағы автокөлiк құралдарын тiркеген елдi бiлдiру үшін пайдаланылатын ерекшелiк белгiсінің көмегiмен белгiленедi. Әр елде контейнерлерде оның атауын немесе ерекшелік белгiсiн көрсету туралы мәселе ұлттық заңнамамен реттелуi мүмкiн. Контейнерлер иесiнің немесе оларды пайдалану жөнiндегi кәсiпорындардың бірегейлендiрiлген деректерi не толық не соңғысының эмблемалар немесе жалаулар сияқты бiлдiрiмдердi алып тастай отырып бұрын белгiленген тану белгiсiн бiлдiруi шартымен бастапқы әрiптерiнiң көмегiмен көрсетілуi мүмкін.
      3. Кедендiк мөрлермен және пломбалармен тасымалдауларға рұқсат етiлген контейнерлерге одан басқа 5-қосымшаның ережелерiне сәйкес рұқсат ету туралы кестеге енгiзілетiн мынадай деректер:
      а) реттік зауыттық нөмiрi (зауыттық нөмiр); және
      b) егер оларға конструкциясының түрi бойынша рұқсат етiлген жағдайда бұл түрдiң тану нөмiрлерi немесе әрiптерi қойылады.
 

                                2-ҚОСЫМША



 
                     Осы Конвенцияның 7-бабында көзделген
                            уақытша әкелу рәсiмi
 
      1. Осы Конвенцияның 7-бабының ережелерiн қолдану кезiнде әрбiр Уағдаласушы Тарап уақытша әкелу рәсiмiне сәйкес әкелінген контейнерлердiң қозғалысын тексеру үшiн контейнерлердiң иесi немесе оларды пайдалану жөнiндегi кәсiпорын немесе олардың өкiлдерi бұл Контейнерлердiң қозғалысын тiркейтiн құжаттарды пайдаланады.
      2. Мынадай ережелер қолданылатын болады:
      а) Контейнерлердің иесi немесе оларды пайдалану жөніндегi кәсiпорын контейнерлер уақытша әкелу рәсiмiне сәйкес әкелiнетiн елде ұсынылуы тиiс;
      b) контейнерлердің иесi немесе оларды пайдалану жөнiндегi кәсiпорын, не олардың өкiлi жазбаша түрде:
      i) көрсетiлген елдiң кеден органдарына олардың талап етуi бойынша оның аталған елге әкелiнген және аталған елден әкетiлген күні мен жерiн қоса алғанда, уақытша әкелу рәсiмiне сәйкес әкелiнген әрбiр контейнердiң қозғалысы туралы егжей-тегжейлi ақпарат ұсынуға;
      ii) уақытша әкелу шарттары орындалмаған жағдайларда салынуы мүмкiн әкелу баждары мен алымдарын төлеуге мiндеттеме қабылдайды.
 

                                3-ҚОСЫМША



 
                Контейнердi iшкі тасымалдауларға пайдалану
 
      Әрбiр Уағдаласушы Тарапқа өз аумағының шегiнде осы Конвенцияның 9-бабының ережелерiне сәйкес контейнердi iшкi тасымалдауларда пайдалануға қатысты мынадай шарттарды белгiлеуге құқық берiледi:
      а) ақылға қонымды бағыт бойынша жүзеге асырылатын тасымалдаулардың нәтижесiнде контейнер оған экспорттық жүк тиелуi тиiс немесе ол бос әкетілуi қажет жерге немесе оған мүмкiндiгiнше жақын жерге жеткiзiледi;
      b) әкетiлер алдында контейнер iшкi тасымалдауларға бiр рет қана пайдаланылады.
 

                                4-ҚОСЫМША



 
               Кедендiк мөрлермен және пломбалармен халықаралық

 

            тасымалдауларға рұқсат етiлуi мүмкiн контейнерлерге

             қолданылатын техникалық шарттарға қатысты ереже


                                 1-бап

                          Негiзгі қағидаттар


     Жүктердi кедендiк мөрлермен және пломбалармен халықаралық

тасымалдауға тек мынадай:

     а) жүктер контейнерлердiң хатталған бөлiгiнен алынбайтындай немесе

көрiнiп тұрған кедендiк мөрлер мен пломбаларды бұзудың немесе оны

бүлдiрудің iздерiн қалдырмастан тией алмайтындай;

     b) кедендік мөрлер мен пломбалар қарапайым да сенiмдi тәсiлмен

қойылатындай;

     с) оларда жүктердi тығуға арналған ешқандай жасырын орындар

болмайтындай;

     d) жүктер орналасатын барлық орындар кедендiк тексеру үшiн оңай

болатындай тұрғыда конструкцияланған және жабдықталған контейнерлерге ғана

рұқсат етiледi.



                                 2-бап



 
                       Контейнерлердiң конструкциясы
 
      1. Осы Ереженiң 1-бабының талаптарын қанағаттандыру үшін:
      а) контейнердің құраушы элементтерi (қабырғалары, едені, есiктерi, төбесi, дiңгектерi, жақтаулары, көлденең қойылған элементтерi және с.с.) көзге көрiнетiн iз қалдырмастан сыртынан алынбайтын және орынына қайта құрылмайтын құралдардың көмегiмен, не көзге түсетiн iз қалдырмастан өзгерту мүмкiн болмайтын мұндай конструкцияны қамтамасыз ететiн әдiстердің көмегiмен біріктiрілуi тиiс. Қабырғалар, еден, есiктер, төбесi әр түрлi элементтерден дайындалған кезде олар осындай талаптарға жауап беруi және жеткiлiктi мөлшерде берiк болуы тиiс;
      b) есiктер мен басқа да жабу жүйелерi (бекiту крандарын, шығатын қақпақтарды, фланстарды және с.с. қоса алғанда) кедендiк мөрлер мен пломбалар салына алатындай ыңғайластырылған болуы тиiс. Бұл ыңғайластыру оны көзге көрiнетiн iздер қалдырмастан сыртынан алуға және орынына қайта қоюға болмайтындай және есіктер мен жабу құрылғылары кедендiк мөрлер мен пломбаларды бұзусыз ашылмайтындай болуы тиiс. Соңғысы тиiстi тұрғыда қорғалған болуы қажет. Ашылатын қақпақтар жасауға рұқсат етiледi;
      с) желдеткіштiк және кәрiздiк тесiктер контейнердiң iшiне енуге кедергi жасайтын құрылғымен жабдықталған болуы тиiс. Бұл құрылғы оны көзге көрiнетiн iздер қалдырмастан сыртынан алуға және орынына қайта қоюға болмайтындай конструкцияда болуы тиiс.
      2. Осы Ереженiң 1-бабының с) тармағының ережелерiне қарамастан контейнердiң практикалық тұрғыдан алғанда бос кеңiстiктi (мысалы, қос қабат қабырғаның құраушы бөлiктерiнiң арасында) қамтуы тиiс құрамдас элементтерiнiң болуына рұқсат етiледi. Бұл кеңiстiктердi жүктердi жасырып қалу үшiн пайдалануға болмас үшiн:
      i) контейнердiң ішкi қаптамасы оны көзге көрiнетiн iздер қалдырмастан алуға және орнына қоюға болмайтындай тұрғыда жасалуы тиiс; немесе
      ii) көрсетiлген кеңiстіктердің саны мүмкiндiгiнше шектелген болуы және бұл кеңiстiктер кедендiк бақылау үшiн оңай болуы тиiс.
 

                                 3-бап



 
                Жималы немесе алмалы-салмалы контейнерлер
 
      Жималы немесе алмалы-салмалы контейнерлер осы Ереженiң 1 және 2-баптарының ережелерiне жауап беруi қажет; оның үстiне олардың контейнердi құрастырғаннан кейiн түрлi бөлiктерiн көрсететiн құралдары болуы тиiс. Бұл көрсететiн құралдар, егер олар құрастырылған контейнердiң сырт жағына орналасқан болса оларға кедендiк мөрлер мен пломбаларды салуға болатындай конструкцияда болу қажет.
 

                                 4-бап



 
                       Брезентпен жабылған контейнерлер
 
      1. Осы Ереженің 1, 2 және 3-баптарының ережелерi оларға қолданылатындай шамада брезентпен жабылған контейнерлерге де қолданылады. Оның үстiне, бұл контейнерлер осы баптың ережелерiне жауап беруi тиiс.
      2. Брезент мықты кенептен не созылмайтын, жеткiлiктi мөлшерде берiк, пластмассамен жабылған немесе резеңкiленген матадан дайындалған болуы тиiс. Брезент дұрыс жағдайда болуы және жабуға арналған керек-жарақты бекiткеннен кейiн жүкке көзге көрiнетiн iздер қалдырмастан қол жеткiзу мүмкiн болмайтындай тұрғыда дайындалған болуы тиiс.
      3. Егер, брезент бiрнеше бөлiктерден құрастырылған болса, бұл бөлiктердiң шеттерi бiр бiрiне бүгiлуi және бiр бiрiнен кемiнде 15 мм алшақ екi тiгiспен тiгiлуi тиiс. Бұл тігістер осы Ережеге қоса берiлген N 1 суретте көрсетiлгендей жасалуы тиiс; алайда, егер, брезенттің кейбiр бөліктерінде (мысалы, артқы қайырма етегi мен күшейтілген бұрыштарында) етегiн көрсетiлген тәсiлмен бiрiктiру мүмкiн болмаса брезенттiң жоғарғы бөлiгiнiң шетін бүгу және етегiн осы Ережеге қоса берiлген N 2 суретте көрсетiлгендей тiгу жеткiлiктi. Тiгiстердiң бiрi ішінен ғана көрiнетiн болуы және бұл тiгiс үшін пайдаланылатын жiптердiң түрi брезенттiң өзiнiң түрiнен, сондай-ақ екiншi тiгiс үшін пайдаланылатын жiптiң түрiнен белгілі бiр мөлшерде ерекшеленуi тиiс. Барлық тiгiстер машинамен тiгiлуi қажет.
      4. Егер, брезент пластмассамен жабылған бiрнеше матаның кесіктерiнен құрастырылған болса бұл кесiктер осы Ережеге қоса берiлген N 3 суретке сәйкес дәнекерлеу арқылы бiріктірiлуi қажет. Әр кесiктiң шетi екiншi кесiктiң шетін кемінде 15 мм жабуы тиiс. Кесiктердi бiрiктiру осы енінің өн бойы бойынша қамтамасыз етiлуi қажет. Біріктірудiң сыртқы шетi дәнекерлеудің осындай тәсiлiмен салынған, енi кемiнде 7 мм пластмасса белдеумен жабылуы қажет. Бұл белдеуде, сондай-ақ әр жағы кемiнде енi 3 мм болатын бiр тұрғыдағы анық рельеф құйылуы тиiс. Дәнекерлеу кесiктер көзге көрiнетiн iздер қалдырмастан ажыратылмайтындай және қайтадан бiрiктiрiлмейтiндей тұрғыда жүргiзiлуi тиiс.
      5. Жамау осы Ережеге қоса берiлген N 4 суретте көрсетілген тәсiлмен жүргiзiледi; тiгiлетiн шеттерi бiр бiрiне бүктелген және бiр бiрiнен кемiнде 15 милиметрге алшақ екі анық көрiнетiн тiгiстермен бiрiктiрiлген болуы тиiс; ішінен көрiнетiн жiптiң түрi сыртынан көрiнетiн жiптің түрінен және брезенттiң өзiнiң түрiнен ерекшеленуi қажет; барлық тiгiстер машинада тiгiлуi тиiс. Шет шетiнен бүлiнген брезент бүлiнген бөлiктерiн жамаумен ауыстыру жолымен жөнделетін жағдайда тiгiсi осы баптың 3-тармағының ережелеріне және осы Ережеге қоса берiлген N 1 суретке сәйкес тігіледi. Пластмассамен жабылған маталардан жасалған брезенттi жөндеу осы баптың 4-тармағында айтылған әдiске сәйкес те жүргiзiлуi мүмкiн. Алайда, бұл жағдайда дәнекерлеу брезенттің екi жағынан жасалуы тиiс, ал жамау iшiне жапсырылады.
      6. а) Брезент контейнерге осы Ереженiң 1-бабының а) және b) тармақтарында айтылған шарттарға дәл сәйкестiкте бекiтiлуi тиiс. Бекiтудiң мынадай түрлерiн қолдану қарастырылады:
      i) контейнерге бекітiлген металл шығыршық;
      ii) брезенттің шектерiндегi құлақшалар;
      ііі) брезенттің үстiнен шығыршық арқылы өтетiн және сырт жағынан бүкiл ұзындығы бойынша көрiнетiн арқан немесе трос.
      Брезент, егер контейнердiң конструкциясы жүйесi өздiгiнен жүкке қол сұғуға кедергi жасамайтын болса кемiнде бекiту шығыршықтарының кiндiгiнен өлшенген енi 250 мм болатындай сипатта контейнердің қатты бөлiгiнде болуы тиiс.
      b) егер, брезенттің шеттерiн контейнерге тұйықтап бекiтудi қамтамасыз ету қажет болса бiрiктiру үзiксiз болуы және мықты деталдардың көмегiмен жүзеге асырылуы қажет.
      7. Шығыршықтардың арасындағы және құлақшалардың арасындағы арақашықтық 200 милиметрден аспауы тиiс. Құлақшалар қатты болуы қажет.
      8. Бекiтудiң мынадай түрлерi:
      а) диаметрi кемiнде 3 мм темiр трос; немесе
      b) мөлдiр созылмайтын пластмассалық тыспен қапталған, диаметрi кемiнде 8 мм. пенкадан немесе сизалдан жасалған арқан қолданылады.
      Тростар пластмассадан жасалған мөлдiр созылмайтын қабықпен тұйықталуы мүмкiн.
      9. Әрбiр трос немесе арқан бiр бөлiктен тұруы және екi ұшында металл ұштығы болуы тиiс. Әрбiр металл ұштықты бекiтуге арналған құрал трос немесе арқан арқылы өтетiн және ол арқылы кедендiк мөрлер мен пломбалар үшiн арқанша немесе лента сабақталған ойық шегеншеден тұруы тиiс. Трос немесе арқан олардың шынында да бiр бөлiктен тұратындығына көз жеткiзуге болатындай ойық шегеншенің екi жағынан да көрiнетiндей болып қалдырылуы қажет (осы Ережеге қоса берiлген N 5 суреттi қараңыз).
      10. Брезентте тиеу және түсiру үшiн пайдаланылатын терезесi бар жерлерде брезенттiң екi шетi де тиiстi тұрғыда жабылуы қажет. Олар, сондай-ақ:
      а) осы баптың 3 және 4-тармақтарының ережелерiне сәйкес тiгiлген немесе дәнекерленген қайырма етектің;
      b) осы баптың 7-тармағының шарттарына жауап беретiн шығыршықтың немесе құлақшаның; және
      с) тиiстi созылмайтын материалдан жасалған шығыршық арқылы өтетiн және брезенттiң екi шетiн біріктіретiн енi кемiнде 20 мм. және қалыңдығы кемiнде 3 мм болатын бiр кесектен дайындалған ременнiң көмегімен бекiтiледi; ремен брезенттiң ішкі жағынан бекітiледi және осы баптың 8-тармағында айтылған, тросты немесе арқанды өткiзуге арналған құлақшасы

 

болуы тиiс. Егер, көзге көрiнетiн iздер қалдырмастан жүктерге қол сұғуға

кедергі келтiретiн арнайы құрылғы (қорғаныштық қалқан және с.с.) болса

қайырма етек керек емес.

     11. 1-қосымшаға сәйкес контейнерде қойылуы тиiс таным белгiлерi мен

5-қосымшада көзделген рұқсат етілетіндігі туралы табличка ешқандай

жағдайда да брезентпен жабылмауы тиiс.


                                 5-бап

                             Өтпелi ережелер


     1977 жылдың 1 қаңтарына дейiн, тіптi егер, олар бұрын қабылданған

үлгiдегi, мөлшерi бұл суретте көрсетілгеннен кiшi тесiктерi бар ойық

шегеншелердi қамтитын болса да осы Ережеге қоса берiлген N 5 суретке

сәйкес келетін ұштықтарды пайдалануға рұқсат етiлетiн болады.


                            4-ҚОСЫМША - N 1 сурет

             МАТАНЫҢ БІРНЕШЕ КЕСІКТЕРІНЕН ДАЙЫНДАЛҒАН БРЕЗЕНТ      


(Қағаз мәтіннен қараңыз)



                            4-ҚОСЫМША - N 2 сурет

             МАТАНЫҢ БІРНЕШЕ КЕСІКТЕРІНЕН ДАЙЫНДАЛҒАН БРЕЗЕНТ      


(Қағаз мәтіннен қараңыз)


                            4-ҚОСЫМША - N 3 сурет

             МАТАНЫҢ БІРНЕШЕ КЕСІКТЕРІНЕН ДАЙЫНДАЛҒАН БРЕЗЕНТ      


(Қағаз мәтіннен қараңыз)


                             4-ҚОСЫМША - N 4 сурет

                                Брезентті жамау


(Қағаз мәтіннен қараңыз)



                             4-ҚОСЫМША - N 5 сурет

                                Ұштықтың үлгісі


(Қағаз мәтіннен қараңыз)




                                 5-ҚОСЫМША



 
                   4-қосымшада көзделген техникалық талаптарға
               жауап беретiн контейнерлерге рұқсат етудiң рәсiмі
 

                                Жалпы ереже



 
 
       1. Контейнерлерге:
      а) не жасалуы сатысында - конструкциясының түрi бойынша (жасалуы сатысында рұқсат ету рәсiмi);
      b) не қандай да болмасын одан кейiнгi кезеңде - жеке түрде немесе сол бiр үлгiдегi контейнерлердiң белгiлi бiр партияларымен (дайындалғаннан кейiн қандайда бiр кезеңде рұқсат ету рәсiмi) кедендiк мөрлермен және пломбалармен жүктердi тасымалдау үшiн рұқсат етiлуi мүмкiн.
 
             Рұқсат етудiң қос рәсімiне арналған жалпы ережелер
 
      2. Рұқсат ету рәсiмiн жүзеге асыратын құзыреттi орган рұқсат етiлгеннен кейiн өтiнiм жасаған кәсiпорынға жағдаятқа байланысты, не рұқсат етiлген үлгiдегi контейнерлердiң шектелмеген саны үшiн, не контейнерлердің белгiлi бiр саны үшiн жарамды рұқсат етiлгендiгi туралы куәлiк бередi.
      3. Рұқсат етiлгендiгi туралы куәлiктiң иесi кедендiк мөрлермен және пломбалармен жүктердi тасымалдауға кiрiспес бұрын рұқсат етiлгендiгi туралы табличканы рұқсат етiлген контейнерге (рұқсат етiлген контейнерлерге) бекiтіп қоюы тиiс.
      4. Рұқсат етiлгендiгi туралы табличка ресми мақсаттарда берiлген кез келген басқа да рұқсат етiлгенi туралы табличкамен қатар жақсы көрiнетiн жерге берiк бекiтiлуi қажет.
      5. Осы Қосымшаға 1-толықтыруда келтiрiлген N 1 үлгiге сәйкес келетiн рұқсат ету туралы табличка мөлшерi 20 см. х 10 см-ден кем емес металл пластинканы бiлдiредi. Оның бет жағында берi қойғанда француз және ағылшын тілдерінде төменде келтiрiлген жазулар кескiшпен ойылып, бұдырмен жаншылып, немесе кез келген басқа да тәсiлмен анық та берiк жазылуы тиiс:
 
      а) "КЕДЕНДIК МӨРЛЕРМЕН ЖӘНЕ ПЛОМБАЛАРМЕН ТАСЫМАЛДАУ ҮШІН РҰҚСАТ ЕТIЛГЕН" деген жазу;
      b) контейнер рұқсат етiлген елдiң не толық, не халықаралық қозғалыстағы автокөлiк құралы тiркелген елдi көрсету үшiн пайдаланылатын ерекшелiк белгiсi түрiндегi атауы және рұқсат етiлгендiгi туралы куәлiктiң нөмiрi (сандар, әрiптер және с.с.), сондай-ақ рұқсат етiлген жылы (мысалы, "NL./26/73" деген "Нидерланды, 1973 жылы берiлген N 26 рұқсат ету куәлiгi" деген сөздердi бiлдiредi);
      с) контейнердің оған дайындаушы зауыт берген реттiк нөмiрi (зауыттық нөмiрi);
      d) егер, контейнерге конструкциясының үлгiсi бойынша рұқсат етiлсе - аталған үлгiдегi контейнердiң таным нөмiрi немесе әрiптерi.
      6. Егер, контейнер оған рұқсат ету рәсiмiнде ұйғарылған техникалық талаптарға одан әрi жауап бермейтiн болса, онда кедендiк мөрлермен және пломбарлармен жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланбас бұрын ол бұл техникалық талаптарға тағы да жауап беретiндей тұрғыда оған рұқсат ету үшін негiздеме болатын жағдайға келтiрiлуi тиiс.
      7. Егер, контейнердiң негiзгi сипаттамалары өзгертiлсе бұл контейнерге рұқсат ету күшiн жоғалтады және ол кедендiк мөрлермен және пломбалармен жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланбас бұрын құзыреттi органдардың жаңадан рұқсат ету нысанасына айналуы тиiс.
 
                 Конструкциясының түрi бойынша жасау сатысында
                   рұқсат етуге қатысты ерекше ережелер
 
      8. Сол бiр түрдегi конструкциялы контейнерлер сериямен жасалса дайындаушы зауыт олар жасалған елдің құзыреттi органына оларға конструкциясы бойынша рұқсат ету туралы өтiнiм жасай алады.
      9. Дайындаушы зауыт өзiнiң өтiнiмiнде өз өтiнiмiнің нысанасы болып табылатын контейнерлердiң түрi бойынша беретiн танымдық нөмiрлерi мен әрiптердi көрсетуi қажет.
      10. Рұқсат етуге жататын контейнер түрiнiң сызбалары мен егжей-тегжейлi сипаттамасы бұл өтiнiмге қоса берiлуi тиіс.
      11. Дайындаушы зауыт жазбаша түрде:
      а) құзыреттi органға ол тексергiсi келген аталған үлгiдегi контейнерлердi ұсынуға;
      b) құзыреттi органға аталған нұсқаны сериялық шығару барысында кез келген сәтте басқа даналарын көруге рұқсат етуге;
      с) бұл өзгерiстер жасалғанға дейiн олардың маңызы қандай болса да сызбалар мен конструкциялардың сипаттамаларындағы кез келген өзгерiстер туралы құзыреттi органға хабарлауға;
      d) контейнерлерге көрнектi жерге рұқсат ету табличкалары үшiн көзделген белгiлерден басқа конструкциясы түрінің тану нөмiрлерi мен әрiптерiн, сондай-ақ осы түрдегi әрбiр сериялық түрде шығарылатын контейнердiң реттiк нөмiрiн (зауыттық нөмiр) жазуға;
      е) рұқсат берiлген нұсқаға байланысты жасалған контейнерлердiң есебiн жүргiзуге мiндеттеледi.
      12. Құзыреттi орган қажет болған жағдайда тасымалдауға рұқсат ету үшiн көзделген нұсқадағы конструкцияға енгiзiлуi қажет өзгерiстердi көрсетедi.
      13. Егер, құзыреттi орган осы нұсқау бойынша жасалған бiр немесе бiрнеше контейнердi тексерудiң негiзiнде бұл нұсқадағы контейнерлер 4-қосымшада көзделген техникалық шарттарға жауап бередi деген қорытындыға келмесе бiрде бiр контейнерге конструкциясының нұсқасы бойынша рұқсат ету рәсiмiне сәйкес рұқсат етiлмейдi.
      14. Қандай да бiр контейнер түрiне рұқсат еткеннен кейiн өтiнiм жасаған кәсiпорынға бiр данада осы Қосымшаға 2-үстемеде келтiрiлген N 11 үлгiге сәйкес келетiн және рұқсат етiлген нұсқаның ерекшелiктерiне сәйкес жасалатын барлық контейнерлер үшiн жарамды рұқсат етiлгендiгi туралы куәлiк берiледi. Бұл куәлiк дайындаушы зауытқа осы нұсқадағы әрбiр сериялық контейнерге осы Қосымшаның 5-тармағында көзделген рұқсат етiлгендiгi туралы табличканы бекiту құқығын бередi.
 
               Жасалғаннан кейiн қандай да бiр кезеңге рұқсат
                       беруге қатысты ерекше ережелер
 
      15. Егер, өндiрiс сатысында рұқсат ету туралы өтiнiм жасалмаса контейнерлердi пайдалану жөнiндегi иесi, кәсiпорын немесе оның немесе басқаның өкiлi рұқсат ету сұралатын, олар контейнерді немесе контейнерлерді ұсынатын құзыретті органға мұндай рұқсат ету туралы өтінім жасай алады.
      16. Рұқсат ету туралы кез келген өтінім осы Қосымшаның 15-тармағында көзделген жағдайда дайындаушы зауыт әрбір контейнерге жазатын реттік нөмірді (зауыттық нөмір) қамтуы тиіс.
      17. Құзыретті орган өзі қажет деп санаған контейнерлердің осындай санын тексеру жолымен бұл контейнердің немесе бұл контейнерлердің 4-қосымшада көзделген техникалық шарттарға жауап беретіндігіне көз жеткізсе осы Қосымшаға 3-үстемеде келтірілген және контейнерлердің рұқсат етілген саны үшін ғана жарамды болатын N ІІІ үлгіге сәйкес келетін рұқсат

 

ету туралы куәлік береді. Дайындаушы зауыт ол қатысты контейнерге немесе

контейнерлерге берген реттік нөмірі немесе реттік нөмірлері көрсетілген

бұл куәлік өтінім жасаған кәсіпорынға әрбір рұқсат етілген контейнерге осы

Қосымшаның 5-тармағында көзделген рұқсат етілгендігі туралы табличканы

бекіту құқығын береді.


                            5-қосымшаға 1-үстеме

                                  N 1 үлгі

                         Рұқсат ету туралы табличка

                             (француздық нұсқа)


(Қағаз мәтіннен қараңыз)



                            5-қосымшаға 1-үстеме

                                  N 1 үлгі

                         Рұқсат ету туралы табличка

                             (француздық нұсқа)


(Қағаз мәтіннен қараңыз)



                           5-қосымшаға 2 үстеме


                 N II үлгi - 1972 жылғы Контейнерлерге қатысты

                            кедендiк Конвенция

              Конструкциясының нұсқасы бойынша рұқсат ету туралы

                                   куәлiк


     1. Куәлiктiң нөмiрi*.................................................

     2. Төменде сипатталған контейнердің нұсқасына тасымалдауға рұқсат

етiлгендiгi және осы нұсқаға сәйкес дайындалған контейнерлерге кедендiк

мөрлермен және пломбалармен жүктердi тасымалдауға рұқсат етуге болатындығы

анықталады................................................................

     3. Контейнердiң түрi.................................................

     4. Конструкция нұсқасының тану нөмiрлерi немесе әрiптерi

..........................................................................

     5. Сызбалардың таным нөмiрi .........................................

     6. Конструкция сипаттамасының тану нөмiрi

     7. Ыдыстың салмағы ..................................................

     8. Сыртқы мөлшерi сантиметрде

     9. Конструкцияның негiзгi сипаттамасы (материалдардың түрi,

конструкцияның түрi және с.с.)

..........................................................................

     10. Осы куәлiк жоғарыда көрсетiлген сызбаларға және конструкцияның

сипаттамаларына сәйкес дайындалған барлық контейнерлер үшiн жарамды.

     11. Ол дайындаған әрбiр рұқсат етiлген түрдегi контейнерде рұқсат ету

туралы табличканы бекiтуге рұқсат берiлген

..........................................................................

                 (дайындаушы зауыттың атауы және мекен-жайы)


......................  ........................     19...................

      (жерi)                     (күні)

..........................................................................

            (куәлiктi берушi мекеме немесе ұйымның қолы және мөрi)


_________________________

     * Рұқсат ету туралы табличкада қойылуы тиіс әріптер мен сандарды

көрсету керек (1972 жылғы контейнерлерге қатысты кедендік Конвенцияға

5-қосымшаның 5-тармағының b тармақшасын қараңыз).



                             Назар аударыңыздар


                (1972 жылғы Контейнерлерге қатысты кедендiк

              конвенцияның 5-қосымшасының 6 және 7-тармақтары)



 
       6. Егер, контейнер оған рұқсат ету рәсiмiнде ұйғарылған техникалық талаптарға одан әрi жауап бермейтiн болса, онда кедендiк мөрлермен және пломбалармен жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланбас бұрын ол бұл техникалық талаптарға тағы да жауап беретiндей тұрғыда оған рұқсат ету үшiн негiздеме

 

болатын жағдайға келтiрiлуi тиiс.

     7. Егер, контейнердің негiзгi сипаттамалары өзгертiлсе бұл

контейнерге рұқсат ету күшiн жоғалтады және ол кедендiк мөрлермен және

пломбалармен жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланбас бұрын құзыреттi

органдардың жаңадан рұқсат ету нысанасына айналуы тиiс.


                             5-қосымшаға 3-үстеме

         N III үлгi - 1972 жылғы Контейнерлерге қатысты кедендiк

                                  конвенция


           Дайындалғаннан кейін қандай да бiр кезеңде рұқсат ету

                                туралы куәлiк


     1. Куәлiктің нөмiрi* ...............................................


 
       2. Төменде көрсетiлген контейнер(лер)дiң кедендiк мөрлермен және

 

пломбалармен жүктердi тасымалдауға рұқсат етуге болатындығы куәландырылады.

     3. Контейнер(лер)дiң түрi............................................

     4. Контейнер(лер)ге дайындаушы зауыт берген реттiк

нөмiр(лер).................................................................

     5. Ыдыстың салмағы....................................................

     6. Сыртқы мөлшерi, сантиметрде .......................................

     7. Конструкцияның негiзгi сипаттамасы (материалдардың түрi,

конструкцияның түрi және с .с.)............................................

     8. Жоғарыда көрсетілген контейнер(лер)ге рұқсат ету туралы табличканы

бекiтуге рұқсат берiлген...........................................берiлдi

                  (тапсырыс берген кәсiпорынның атауы және мекен-жайы)

.......................    ...................  19 ......................

       (жерi)                     (күнi)

.........................................................................

           (куәлiктi берушi мекеме немесе ұйымның қолы және мөрi)


                                     (Ескертудi сыртқы беттен қараңыз)

_____________________

     *Рұқсат беру туралы табличкада қойылуға тиiстi әрiптер мен сандарды

көрсету керек (1972 жылғы контейнерлерге қатысты кедендiк Конвенцияға

5-қосымшаның 5-тармағының b тармақшасын қараңыз).


                             Назар аударыңыздар


                (1972 жылғы Контейнерлерге қатысты кедендік

               Конвенцияның 5-қосымшасының 6 және 7-тармақтары



 
       6. Егер, контейнер оған рұқсат ету рәсiмiнде ұйғарылған техникалық талаптарға одан әрi жауап бермейтiн болса, онда кедендiк мөрлермен және пломбалармен жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланбас бұрын ол бұл техникалық талаптарға тағы да жауап беретiндей тұрғыда оған рұқсат ету үшiн негiздеме

 

болатын жағдайға келтiрiлуi тиiс.

     7. Егер, контейнердiң негiзгi сипаттамалары өзгертiлсе бұл

контейнерге рұқсат ету күшiн жоғалтады және ол кедендiк мөрлермен және

пломбалармен жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланбас бұрын құзыреттi

органдардың жаңадан рұқсат ету нысанасына айналуы тиiс.


                                 6-ҚОСЫМША

                            Түсiндiрме жазбалар


                                  Кiрiспе



 
       i) Осы Конвенцияның 13-бабының ережелерiне сәйкес түсiндiрме жазбалар осы Конвенция мен оған Қосымшалардың кейбiр ережелерiн түсiндiрудi қамтиды.
      ii) Түсiндiрме жазбалар осы Конвенцияның немесе оған Қосымшалардың ережелерiн өзгертпейдi, тек олардың мазмұнын, мағынасын және қолданылу саласын нақтылайды.
      ііі) Атап айтқанда, осы Конвенция мен оған 4-қосымшаның контейнерлерге кедендiк мөрлермен және пломбалармен тасымалдауға рұқсат етуге қатысты 12-бабының ережелерiнде белгiленген қағидаттарға байланысты түсiндiрме жазбалар тиiстi жағдайларда Уағдаласушы Тараптар осы ережелерге жауап беретiндей сипатта қаралуға тиiстi конструкциялық ерекшелiктер туралы нұсқауларды қамтиды. Түсiндiрме жазбаларда қажет болған жағдайда бұл ережелерге қандай конструкциялық ерекшелiктердің жауап бермейтiндiгi де көрсетiлуi мүмкiн.
      iv) Түсiндiрме жазбалар осы Конвенция мен оған Қосымшалардың ережелерiн техникалық даму деңгейiне және экономикалық талаптарға сәйкес келтiру мүмкiндігiн қамтамасыз етедi.
 
                        0. Конвенцияның негiзгi мәтiнi
 
      0.1. 1-бап, с) тармақша i) - Iшiнара жабық контейнерлер
      0.1.с) i)-1. "iшiнара жабық" терминi 1-баптың с) i) тармақшасында айтылған жабдықтарға қатысты қолданылады, әдетте еденнен және жоғарғы конструкциядан тұратын, жүк тиеу кеңiстiгiн құрайтын жабық контейнердің жүк тиеу кеңiстiгiне балама жабдыққа жатады. Жоғарғы конструкция әдетте контейнердiң қаңқасын құрайтын металл элементтерден тұрады. Мұндай түрдегi контейнерлер бiр немесе бiрнеше бүйiр немесе алдыңғы қабырғаларды қамтуы мүмкiн. Кейбiр жағдайларда тек еденге дiңгектермен бекiтiлген төбесi ғана болады. Контейнердiң бұл түрi атап айтқанда рабайсыз жүктердi (мысалы жеңiл автомобильдердi) тасымалдау үшiн пайдаланылады.
      d) тармақшасы - Контейнердiң керек-жарақтары мен жабдықтары
      0.1.с)-1. "контейнердiң керек-жарақтары мен жабдықтары" терминi атап айтқанда, тiптi олар алмалы-салмалы болып табылған жағдайда да, мынадай құрылғыларды қамтиды:
      а) контейнердiң ішіндегi температураны бақылау, өзгерту немесе ұстауға арналған жабдықтар;
      b) қоршаған жағдайлар мен соққы әсерлерiнiң өзгерiстерiн көрсетуге немесе тiркеуге арналған шағын аспаптар, мысалы температураны немесе соққы әсерлерiн жазуға арналған аспаптар;
      с) iшкi бөлу қабырғалары, түптерi, сөрелерi, тіректерi, iлмешектерi және жүктi орналастыруға және бекiтуге қызмет ететiн ұқсас құрылғылар.
 
                              4. 4-қосымша
 
      4.2. 2-бап, 1-тармақша а) - Құраушы элементтердi жинау
      4.2.1.а)-1. а) Бекiту тетiктерiн (шегеншелер, шуруптар, болттар, гайкалар және с.с.) қолданған жағдайда, мұндай тетiктердің жеткiлiктi саны сырт жағынан қойылуы, бекiтiлетiн элементтер арқылы өтуi, iшкi жақтан шығуы және сол жерде қатты бекiтiлуi (шегеншелердiң, дәнекерлеу, төлкенiң, болттардың, гайкаларды шегендеудiң немесе дәнекерлеудiң көмегiмен) тиiс. Алайда қарапайым шегеншелер (яғни оларды бекiту жиналатын тораптың екi жағынан жүзеге асырылатын шегеншелер) iшкi жағынан да енгiзiлуi мүмкiн. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, олардың кейбiр шеттерi көлденең қиманың сыртқы жақ деңгейiнен шықпайтын немесе оларға дәнекерленетiн өзi тесушi шуруптарды қоспағандағы жағдайларда, контейнердiң еденi өзi тесетiн шуруптардың немесе өзi бұрғылайтын шегеншелердiң немесе жарылғыш зат зарядының көмегiмен енгiзiлетiн, iшкi жақтан қойылатын және еден және төменгi көлденең металл қималар арқылы тiк өтетiн шегеншелердің көмегiмен бекiтiлуi мүмкiн.
      b) Құзыреттi орган қандай бекiту тетiктерi және қандай мөлшерде осы жазбаның а) тармақшасының талаптарына сәйкес келу керектiгiн белгiлейдi; ол құраушы элементтердiң оларды көзге көрiнетiн iз қалдырмай ауыстырып салу мүмкiн болмайтындай түрде жиналғандығына көз жеткiзуi тиiс. Кез келген басқа бекiту тетiктерiн iрiктеу және орналастыру ешқандай шектеуге жатпайды.
      с) Бiр жағынан көзге көрiнетiн iз қалдырмай алынуы немесе ауыстырылуы мүмкiн бекiту тетiктерiн, яғни оларды қою жиналатын тораптың тек бiр жағынан ғана жүргiзiлетiн тетiктердi қолдануға осы жазбаның а) тармақшасының шарттары бойынша рұқсат етiлмейдi. Мұндай тетiктердiң мысалдары көлденең қысым түсiрушi шегеншелер тұйық шегеншелер және с.с. болып табылады.
      d) Жоғарыда сипатталған жинау әдiстерi арнаулы контейнерлерге, мысалы изотермиялық контейнерлерге, контейнер-рефрижераторларға және контейнер цистерналарға қолданылады, өйткенi олар өзiнің тағайындалуына сәйкес мұндай контейнерлер қанағаттандыруы тиiс техникалық талаптарға қайшы келмейдi. Техникалық себептер бойынша осы жазбаның а) тармақшасында сипатталған әдiстермен құрамдас элементтердi бекiту мүмкiн болмайтын жағдайларда, құрамдас бөлiктер қабырғаның iшкi жағынан пайдаланылатын бекiту тетiктерiне сыртқы жақтан қол жеткiзу мүмкiндiгi болмаған жағдайда, осы жазбаның с) тармақшасында сипатталған тетiктердің көмегiмен бiрiктiрiлуi мүмкiн.
      1-тармақша b) - Есiктер және өзге де жабу жүйелерi
      4.2.1. b)-1. а) Оларға кедендiк мөрлер мен пломбалар қойылуы мүмкiн құрал:
      i) дәнекерлеу немесе 4.2.1.а)-1 түсiндiрме жазбасы а) тармақшасының талаптарын қанағаттандыратын ең болмағанда екi бекiту тетiктерiнiң көмегiмен бекiтiлуi; немесе
      ii) контейнердi жапқаннан және сүргi салғаннан кейiн бұл құралды көзге көрiнетiн iз қалдырмай алуға болмайтындай конструкцияны иеленуi; немесе
      ііі) диаметрi 11 мм-ден кем емес тесiгi немесе енi 3 мм болғанда ұзындығы 11 мм-ден кем емес ойығы болуы тиiс.
      b) Iлмектер, топсалар, шарнирлер және есiктердi қоюға арналған басқа да тетiктер және с.с. осы жазбаның а) тармақшасының талаптарына сәйкес бекiтiлуi тиiс. Бұдан басқа, мұндай құрылғының әртүрлi құрамдас бөлiктерi (мысалы, iлмектерi, шүберiндерi немесе шарнирлерi) оларды жабық және сүргi салынған контейнерден көзге көрiнетiн iз қалдырмай алуға немесе ауыстырып қоюға болмайтындай етiп бекітiлуi тиiс. Алайда мұндай құрылғыға сыртқы жақтан қол жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайларда, жабық және сүргi салынған есiктi бұл құрылғыдан көзге көрiнетiн iз қалдырмай ажыратудың мүмкiн еместiгiн қамтамасыз ету жеткiлiктi. Есiктiң немесе жабу жүйесiнiң екiден көп iлмегі болған жағдайда, тек шеткi жақтарға жақын есiктердiң iлмектерi жоғарыда келтiрiлген а) i) тармақшасының талаптарына сәйкес бекiтiлуi тиiс.
      с) Қақпақшалар, стопорлық шүмектер, люктердiң қақпақтары, фланцтар және с.с. көп жабу құрылғылары бар контейнерлердiң кеден мөрлерi мен пломбаларының саны мүмкiндiгiнше шектеулi болатындай конструкциясы болуы тиiс. Осы мақсатпен көршiлес жабу құрылғылары тек бiр ғана кеден мөрiн немесе пломбасын қоюды талап ететiн ортақ құралдың көмегiмен байланысуы тиiс немесе сондай талаптарға жауап беретiн қақпақпен жабдықталуы тиiс.
      d) Ашылатын қақпағы бар контейнерлер оларға кеден мөрлерi мен пломбаларының неғұрлым аз санының көмегiмен сүргi салуға болатындай етiп құрастырылуы тиiс.
      1-тармақша с) - Желдеткiш тесiктер
      4.2.1. с)-1. а) Олардың ең үлкен мөлшерi 400 мм-ден аспауы тиiс.
      b) Жүкке тiкелей қол жеткiзу мүмкiндiгiн беретiн тесiктер сым торлармен немесе перфорирланған металл экранмен (екі жағдайда да тесiктерiнің ең үлкен мөлшерi 3 мм) жабылуы және дәнекерленген металл торлармен (тесiктерiнің ең үлкен мөлшерi 10 мм) қорғалуы тиiс.
      с) Жүкке тiкелей қол жеткiзу мүмкiндiгiн бермейтiн тесiктер де (мысалы иiндер жүйесi мен дефлекторлардың болуының арқасында) осындай құралдармен жабдықталуы тиiс, бiрақ тесiктерiнiң мөлшерлерi тиiсiнше 10 және 20 мм-ге жетуi мүмкiн.
      Тесiктер брезентте орнатылған жағдайларда, негiзiнен осы жазбаның b) тармақшасында айтылған құрылғылардың болуы көзделуi тиiс. Алайда сыртқы жақтан қойылған перфорирланған металл экран және iшкi жақтан қойылған сым немесе өзге де тор түрiндегi жабу құрылғыларын орнатуға рұқсат етiледi.
      1-тармақша с) - Дренажды тесiктер
      4.2.1. с)-2. а) Олардың ең үлкен мөлшерi негiзiнен 35 мм-ден аспауы тиiс.
      b) Жүкке тiкелей қол жеткiзу мүмкiндiгiн беретiн тесiктер түсiндiрме жазбаның 4.2.1. с)-1 желдеткiш тесiктерге арналған b) тармақшасында ұйғарылған құрылғылармен жабдықталуы тиiс.
      с) Дренаждық тесiктер жүкке тiкелей қол жеткiзу мүмкiндiгiн бермейтiн жағдайларда тесiктер контейнердiң iшкi жағынан оңай қол жететiн дефлекторлардың сенiмдi жүйесiмен жабдықталған жағдайда осы жазбаның b) тармақшасында көрсетiлген құрылғылар талап етiлмейдi.
 
                                4.4. 4-бап
 
      3-тармақ - Бiрнеше бөлiктерден құрастырылған брезент
      4.4.3-1. а) Бiр брезенттi құрайтын жеке бөлiктер 4-қосымшаның 4-бабының 2-тармағының ережелерiн қанағаттандыратын әртүрлi материалдардан орындалуы мүмкін.
      b) Брезенттi дайындау кезiнде, бөлiктер 4-қосымшаның 4-бабының талаптарына сәйкес бiрiктiрiлген жағдайда, бөлiктердiң қауiпсiздiктi жеткiлiктi дәрежеде қамтамасыз ететiн кез келген орналасуына рұқсат етiледi. 6-тармақша а)
      4.4.6.а)-1. Брезенттi контейнерге бекiтуге арналған және брезенттi контейнердің бұрыштық элементтерiне бекiтуге арналған конструкциялар жүйесiнiң кедендiк талаптар тұрғысынан қолайлы мысалдары осы Қосымшада келтiрiлген N 1, N 2 және N 3 суреттерде көрсетiлген.
      8-тармақ - Тоқыма өзекшесi бар бекiту тростары
      4.4.8-1. Осы тармақтың ережелерi бойынша тростардың диаметрi (егер

 

ондай бар болса, мөлдiр пластмасса қабықты есептемегенде) 3 мм-ден кем

болмайтын жағдайда, өзекшенi толық жауып тұратын болат сымнан жасалған

алты стренгамен оралған тоқыма өзекшесi бар тростарды қолдануға рұқсат

етiледi.

     10-тармақша с) - Белдiктер

     4.4.10.с)-1. Белдiктер дайындау үшiн мынадай материалдар қолданылуы

мүмкiн:

     а) терi;

     b) мұндай материалдарды бүлiнгеннен кейiн көзге көрiнетiн iз

қалдырмай дәнекерлеу немесе қалпына келтiру мүмкiн болмайтын жағдайларда

пластик сiңiрiлген немесе резеңкелеген маталарды қоса алғанда тоқыма

материалдар.

     4.4.10.с)-2. Осы Қосымшада келтiрiлген N 3 суретте көрсетiлген

құрылғы 4-қосымшаның 4-бабының 10-тармағының соңғы абзацының талаптарына

жауап бередi.

     4. Ол сондай-ақ 4-қосымшаның 4-бабының 6-тармағының талаптарына да

жауап бередi.


                              5. 5-қосымша


     5.1. 1-тармақ - Брезентпен жабылған қос-қостан бiрiктiрiлген

контейнерлерге рұқсат ету

     5.1-1. Егер, кедендiк мөрлермен және пломбалармен тасымалдауға рұқсат

етiлген брезентпен жабылған екi контейнер олар бiр брезентпен жабылып, бiр

контейнердi құрайтындай етiп бiрiктiрiлген және кедендiк мөрлермен және

пломбалармен тасымалдау кезiнде қойылатын талаптарды қанағаттандыратын

болса, онда контейнерлердiң мұндай жиынтығы үшiн жеке рұқсат беру туралы

куәлiк немесе рұқсат беру туралы табличка талап етiлмейдi.



                            6-ҚОСЫМША  N 1 сурет

      Брезентті контейнерге бекітуге арналған конструкциялық құрылғы


     Төменде бейнеленген құрылғы 4-қосымшаның  4-бабының 6 а) тармақшаның

талаптарына жауап береді    


(Қағаз мәтіннен қараңыз)



                            6-ҚОСЫМША  N 2 сурет

   Брезентті контейнердің бұрыштық элементтеріне бекітуге арналған құрылғы


     Төменде бейнеленген құрылғы 4-қосымшаның  4-бабының 6 а) тармақшаның

талаптарына жауап береді    


(Қағаз мәтіннен қараңыз)



                            6-ҚОСЫМША  N 3 сурет

            Брезентті контейнерге бекіту әдісінің басқа мысалы


     Төменде бейнеленген құрылғы 4-қосымшаның 4-бабы 10-тармағы соңғы

абзацының талаптарына жауап береді. Ол 4-қосымшаның 4-бабы 6-тармағының

талаптарына да жауап береді.



(Қағаз мәтіннен қараңыз)




                                7-ҚОСЫМША



 
              Әкiмшiлiк комитеттiң құрамы мен оның рәсiмiнiң ережесi
 
      1-бап. 1. Әкiмшiлiк комитеттiң мүшелерi Уағдаласушы Тараптар болып табылады.
      2. Комитет Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын осы Конвенцияның 18-бабында айтылған мемлекеттердің құзыреттi әкiмшiлiктерi немесе халықаралық ұйымдардың өкiлдерi Комитеттің сессияларында оларды қызықтыратын мәселелердi қарау кезiнде байқаушылар ретiнде қатыса алатындығы жөнiнде қаулы етуi мүмкiн.
      2-бап. Кедендiк ынтымақтастық кеңесi Комитетке секретариат қызметiн ұсынады.
      3-бап. Жыл сайын бiрiншi сессиясында Комитет төрағаны және төрағаның орынбасарын сайлайды.
      4-бап. Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi әкiмшiлiктерi Кедендiк ынтымақтастық кеңесiне осы Конвенцияға түзетулер енгiзу туралы дәлелдi ұсыныстарын, сондай-ақ қайсiбiр тармақтарды Комитет сессиясының күн тәртiбiне енгiзу туралы өтiнiштерiн жолдайды. Кедендiк ынтымақтастық кеңесi бұл ұсыныстарды Уағдаласушы Тараптардың және осы Конвенцияның 18-бабында айтылған Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын мемлекеттердiң құзыреттi әкiмшiлiктерiнiң назарына жеткiзедi.
      5-бап. Кедендiк ынтымақтастық кеңесi Комитетi кем дегенде бес Уағдаласушы Тараптар құзыреттi әкiмшiлiктерiнің өтiнiшi бойынша шақырады. Ол алдын ала күн тәртiбiн Уағдаласушы Тараптардың және осы Конвенцияның 18-бабында айтылған Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын мемлекеттердiң құзыреттi әкiмшiлiктерiне ең аз дегенде Комитет сессиясының басталуынан 6 апта бұрын жiбередi.
      1. Осы Ереженiң 1-бабының 2-тармағының ережелерiне орай қабылданған Комитет шешiмiнiң негiзiнде Кедендiк ынтымақтастық кеңесi осы Конвенцияның 18-бабында айтылған Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын мемлекеттердің құзыреттi әкiмшiлiктерiне және мүдделi халықаралық ұйымдарға өз бақылаушыларын Комитет сессиясына жiберудi ұсынады. ___________________________
      (*) 1972 жылғы контейнерлерге қатысты Кедендiк конвенцияның Әкiмшiлiк комитетiнiң екiншi мәжiлiсiнде түзету енгiзiледi, (1984 жылғы 13-15 ақпан); күшiне енгізiлуi - 1985 жылғы 18 қыркүйек.
 
      6-бап. Ұсыныс дауысқа салынады. Сессияға келген әрбiр Уағдаласушы Тараптың бiр дауысы болады. Осы Конвенцияға түзетулер енгiзу туралы ұсыныстар болып табылмайтын ұсыныстар Комитетте қатысушылардың және дауыс берушiлердiң көпшілiк даусымен қабылданады. Осы Конвенцияға түзетулер және осы Конвенцияның 21-бабының 5-тармағында және 22-бабының 6-тармағында айтылған түзетулердiң күшiне енуiне қатысты шешiмдер қатысушылар мен дауыс берушілердiң үштен екiсiнiң көпшілік даусымен қабылданады.
      7-бап. Сессия жабылардан бұрын Комитет баяндаманы бекiтедi.
      8-бап. Осы Қосымшада тиiстi ережелер болмаған жағдайда, егер Комитет өзгеше шешпесе, Кедендiк ынтымақтастық кеңесiнiң Рәсiмдер ережесi қолданылады.
 
                            Қол қою туралы хаттама
 
      Осы Конвенцияға бәленi күнi қол қою сәтiнде оған өз үкiметтерi тиiстi түрде уәкiлеттiк берген төменде қол қоюшылар мыналарды мәлiмдейдi:
      1. Контейнерлердi уақытша әкелу қағидаты тиесiлi әкелу баждары мен алымдарын есептеу кезiнде уақытша әкелу рәсiмiне сәйкес әкелiнген контейнердің салмағы немесе құны ондағы тасымалданатын жүктің салмағына немесе құнына қосылуымен сыйыспайды. Контейнерлерде тасымалданатын жүктер үшiн ресми белгiленетiн ыдысқа арналған белгiлi бiр коэффициенттi жүктің салмағына қосу мұндай қосу жүктер контейнерлермен тасымалданатындықтан емес, хаттаманың болмауына немесе оның ерекше сипатына байланысты жүргiзiлген жағдайда рұқсат етiледi.
      2. Осы Конвенцияның ережелерi ұлттық ұйғарымдарды немесе контейнерлердi пайдалануды регламенттейтiн кедендiк емес сипаттағы халықаралық келісiмдердi қолдануға кедергi жасамайды.
      3. Осы Конвенцияның 1-бабында контейнердiң ең аз iшкi көлемiнiң бiр текше метр болып белгiленуi кiшi көлемдегi контейнерлерге қатысты неғұрлым шектеулi ережелердi қолдану қажеттiгiн бiлдiрмейдi және Уағдаласушы Тараптар бұл контейнерлерге олардың анықтамалары осы Конвенцияда келтiрiлген контейнерлерге қолданатынға ұқсас уақытша әкелу рәсiмiн қолдануға ұмтылатын болады.
      4. Осы Конвенцияның 6, 7 және 8-баптарының ережелерiнде көзделген

 

контейнерлердi уақытша әкелу рәсiмiне келер болсақ, Уағдаласушы Тараптар

кез келген кедендiк құжаттар мен кез келген кепілдiктердi қысқартудың

олардың Осы Конвенцияның негiзгі мақсаттарының бiрiне қол жеткiзуге ықпал

ететiндігін мойындайды және олар осы нәтижеге жетуге ұмтылатын болады.



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады