Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту жобасын одан әрі іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 желтоқсан N 1640

      Атырау мұнай өңдеу зауытын (бұдан әрі - Атырау МӨЗ) қайта жаңарту жобасын одан әрі іске асыру және "сақадай сай" шартында қайта жаңарту келісім-шартына (бұдан әрі - Келісім-шарт) уақтылы қол қою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылы Жапон халықаралық ынтымақтастық банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен 200 миллион АҚШ доллары мөлшерінде қарыз беру туралы келісімге "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ-пен қол қойған және "Марубени корпорейшн" компаниясы Келісім-шарттың қалған бөлігін қаржыландыратын жағдайда "Марубени корпорейшн" компаниясын Келісім-шарт бойынша Бас мердігер етіп бекіту туралы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ-пен (келісім бойынша) бірлесе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Келісім-шарттың құнын төмендету және қазақстандық мердігерлер қызметтері мен материалдарын барынша пайдалану жөніндегі жұмысты жалғастыруды;
      2) 2001 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде "Марубени корпорейшн" компаниясымен Келісім-шарттың шарттарын келісуді;
      3) 2001 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде техникалық жоба материалдарын белгіленген тәртіппен сараптамаға ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрліктері мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі 2001 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде Атырау МӨЗ-ін қайта жаңарту техникалық жобасына белгіленген тәртіппен сараптамалар жасауды, сараптамалық қорытындылар беруді және келісу жүргізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

 

Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және

минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады