Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 желтоқсан N 1704

      Ұлттық кинематографияны дамыту және қазақ халқының сан ғасырлық тарихын бейнелейтiн фильмнiң шығарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. 2001 жылғы республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне "Көшпендiлер" екi сериялы көркем фильмiн шығаруға 150000000 (бiр жүз елу миллион) теңге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм

 

министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдалануын бақылауды

қамтамасыз етсiн.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың

мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсiн.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары И.Н. Тасмағамбетовке жүктелсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.  





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады