Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ғалымжан Сұлтанұлы Жасыбаевтың пайдасына Жамбыл облысы Талас аудандық сотының 2000 жылғы 30 тамыздағы шешімін орындау, соның ішінде 1117 (бір мың бір жүз он жеті) теңге сомасында мемлекеттік бажды төлеу үшін, 2001 жылғы республикалық бюджетте орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің соттар шешімдері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелерін өтеуіне көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 112846 (бір жүз он екі мың сегіз
жүз қырық алты) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.