Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететін учаскелер шегіндегі қызмет бабындағы сапарларымен байланысты жағдайларда төленетін, салық салынбайтын төлемдердің мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 желтоқсан N 1726. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы K010209_ Кодексін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қызметкерлерге тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жол жүру сипатында болатын не қызмет көрсететін учаскелер шегіндегі қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда төленетін, салық салынбайтын төлемдер - әр күн үшін 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
      2. "Барлық салалар үшін жұмыстардың жылжымалы, жүріп-тұру, вахталық әдістері, сондай-ақ Казгидромет, жобалау және іздестіру ұйымдарының қызметкерлеріне дала жұмыстары үшін ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 14 сәуірдегі N 332 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 15, 251-құжат).
      3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады