Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 44 мекен-жайы бойынша орналасқан
ғимаратты тарихи-мәдени құндылығының жойылуына байланысты жергілікті
маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімінен шығару туралы
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігімен келісілген Алматы қаласы әкімінің ұсынысы қабылдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.