Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Тұқым шаруашылығы туралы
Осы заң тұқым шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман өсiмдiктерiнің тұқымын өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, iске асыру, тасымалдау, пайдалану, мемлекеттiк сорттық және тұқымдық бақылау ұйымдастыру және жүргiзу барысында туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар
Осы заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) сорттық және гибридтiк егiстiктердi анықтау - ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiгiнiң сорттық сапасын, сорттық тазалығын, сорттық түрлiлiгiн, сорттық егiстiктердiң ластану, ауруға шалдығу және зиянкестермен бүлiну дәрежесiн анықтау;
2) анықтаушы бау - өсiмдiктер немесе сорттық егiстiктердi анықтауды жүргiзу жөнiндегi белгiленген тәртiппен бекiтiлген әдiстемеге сәйкес анықтаушы алып алатын олардың бөлiктерi;
3) анықтаушы - тұқым шаруашылығы саласында уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен аттестатталған, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық және гибридтiк егiстiктерiнде апробация жүргiзуге құқылы жеке тұлға;
4) аттестация - заңды тұлғаның таңдаулы тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы ұйымдарының мәртебесiне, жеке тұлғаның анықтаушы мен тұқымдық сарапшы мәртебесiне сәйкестiгiн белгiлеу (растау);
5) агроэкологиялық аймақ - ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру жағдайлары немесе дақылдың экологиялық талаптарына жақын бiртектiлiк аумақ;
6) гибрид - тектiк айырмашылығы бар ата-енелiк нысандарды будандастыру нәтижесiнде алынған өсiмдiк;
7) топырақтағы сынақтар - ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен тұқымдарының белгiлi бiр сортқа жататынын белгiлеу және арнайы учаскеге егiп, одан әрi тексеру жолымен олардың сорттық тазалығын анықтау;
8) тұқымдардың сапалығы - тұқымдардың мемлекеттiк стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы басқа да нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгi;
9) бақылау сынақтары - ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорт және/немесе гибрид белгiлерiнiң сақталуын және олардың әртүрлілігiнiң ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң осы сортына және/немесе гибридiне сәйкестiгiн белгiлеу;
10) зертханалық сорттық сынақ - тұқымдардың белгiлi бiр сортқа жататынын белгiлеу және зертханалық талдау жүргiзу жолымен тұқымдардың сорттық тазалығын анықтау;
11) тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхана - тұқымның сорттық және егу сапасының мемлекеттiк стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы басқа да нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкестiгiне зерттеу жүргiзуге құқылы, белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;
12) орман өсiмдiктерi - орман шаруашылығында пайдаланылатын орман ағаштық және бұта өсiмдiктерi;
13) өзгеше тұқымдар - ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң оригинаторы немесе олардың уәкiлеттi тұлғалары өндiрген және таңдаулы тұқымдарын (iрiктеу көшеттiгi, ұрпақ сынау көшеттiгi, көбейту көшеттiгi, аса таңдаулы) өндiруге арналған тұқым;
14) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының оригинаторы - ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын жасаған, шығарған, тапқан және (немесе) оның сақталуын және Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Мемлекеттiк селекциялық жетiстiктер тiзiмiне енген ол туралы мәлiметтердi қамтамасыз ететiн жеке немесе заңды тұлға;
15) тұқым партиясы - тиiстi құжатпен (аттестатпен және куәлiктермен) расталған тұқымның шығу тегi мен сапасы жөнiндегi бiртектi белгiлi бiр мөлшерi;
16) көшеттiк - онда тұқым шаруашылығы материалын зерделеудiң (өсiмдiктердi iрiктеу, сынақтан өткiзу, көбейту) анадай немесе басқадай кезеңi жүзеге асырылатын тұқым шаруашылығы процесiндегi белгiленген бөлiк;
17) iрiктеу көшеттiгi - онда анадай немесе басқадай сорттың аса таңдаулы және таңдаулы тұқымдары ұрпақта сорттың белгiлерi мен қасиеттерiн сақтау үшiн өсiмдiктердi iрiктеу мақсатындағы егiстiкке арналған көшеттiк;
18) ұрпақтарды сынайтын көшеттiк - ұрпақтарды зерделеу үшiн таңдаулы аса таңдаулы тұқым шаруашылығының бiрiншi егiстiгiнен iрiктелген өсiмдiктер немесе дән сорттары үшiн ең үлгiлi тұқымдар егiлетiн көшеттiк;
19) көбейту көшеттiгi - сынақ көшеттiгiнде iрiктелген ең жақсы семьялар, өскiндер, сызықтар тұқымдарын көбейтуге арналған көшеттiк;
20) тұқымның егу сапасы - егу (отырғызу) үшiн олардың жарамдылық дәрежесiн сипаттайтын тұқым қасиеттерiнiң жиынтығы;
21) тұқым өндiрушiлер - ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымын өндiрумен, өңдеумен, сақтаумен, iске асырумен қызметтің бiр немесе бiрнеше түрлерiмен айналысатын жеке және заңды тұлғалар;
22) аудандастыру - мемлекеттiк сорт сынағының нәтижелерi бойынша жаңа сорттар және/немесе гибридтер өсiрiлетiн топырақ-климаттық аймақтың шекарасын белгiлеу;
23) егiстiктердi тiркеу - сорттық егiстiктi қарау, қарау нәтижелерiн белгiленген тәртiппен кейiн ресiмдейтiндей етiп, бекiтiлген бауларды (үлгiлердi) iрiктемей-ақ отырғызу;
24) репродукторлық тұқым - таңдаулы тұқымдарды және келесi ұрпақ тұқымдарын, сондай-ақ бiрiншi ұрпақтың гибридтiк тұқымын қайта себу жолымен алынған тұқым;
25) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi - дәндi, дәндi-бұршақты, жарма, мал азығы, майлы, эфирлi-майлы, техникалық, бақша, дәрiлiк, гүлдiк, жемiстiк, жидектiк дақылдар, картоп, жүзiм;
26) күзетiлетiн сорт тұқымы - өсiмдiктердiң күзетiлетiн сорттарының Мемлекеттiк тiзiмiне тiркелген, патент берiлген сорт тұқымы;
27) бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукторлық тұқымдар - жылдар бойынша таңдаулы тұқымдардың алдағы көбейуi;
28) тұқымдық инспектор - сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыратын тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазым иесi;
29) тұқымдық бақылау - оларды өндiру, сақтау, iске асыру және пайдалану процесiндегi тұқымдардың егiстiк сапаларын тексеру жөнiндегi iс-шаралардың жүйесi;
30) тұқым сарапшысы - тұқым шаруашылығы саласында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi мемлекеттiк орган аттестациядан өткiзген тұқымның сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзуге құқылы, тұқымдардың сапасын сараптау жөніндегi зертхананың маманы;
31) сорттық бақылау - ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң егiстiк сорттарының тазалығын анықтау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға және тұқымдардың белгiленген сортқа жататынын белгiлеуге бақылау;
32) сорт сынағы - сорттарды, гибридтердi аудандастырылған сорттармен және гибридтермен салыстырғанда белгiлi әдiс бойынша сынау және бағалау;
33) сорт жаңарту - өндiрiсте өсiру кезiнде сорттық және биологиялық сапасы нашарлаған тұқымды сол сорттың таңдаулы тұқымымен алмастыру;
34) сорт ауыстыру - өндiрiсте өсiру кезiнде ескірген сорттарды неғұрлым өнiмдi және технологиялық сапасы бойынша бағалы, пайдалануға рұқсат етiлген жаңа сорттармен алмастыру;
35) сорттық үлгiлiлiк - айқас тозаңданатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық тазалық көрсеткiшi;
36) сорттық тазалық - ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң негiзгi сортының сабақ санының сол дақылдың жалпы жетiлген сабағының санына деген пайыздық қатынасы;
37) тұқымның сорттық сапасы - ауыл шаруашылығы дақылдарының белгiлi бiр сортының немесе ауыл шаруашылығы гибридiнiң тұқымына жататынын сипаттайтын белгiлер жиынтығы;
38) ең таңдаулы - мемлекеттiк стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы басқа да нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес көбейту көшеттiгi астығынан алынған және таңдаулы тұқымдарды өндiруге арналған тұқымдар;
39) тұқым шаруашылығының сызбасы - көшеттiктер мен тұқымдық егiстердiң өзара байланысты топтары, онда белгiленген кезекпен, iрiктеу және көбейту жолымен сортты өндiру процесi жүзеге асырылады;
40) тұқым репродукторының саны - оригинатор анықтаған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының таңдаулы тұқымдарын жүйелi түрде қайта егу саны;
41) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы - өз құзыретi шеңберiнде тұқым шаруашылығында мемлекеттiк саясатты iске асыратын, бүкiл тұқым шаруашылығына қатысушылар қызметiн үйлестiрудi және реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
42) тұқым шаруашылығын ғылыми қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - тұқым шаруашылығы саласында өз құзыретi шеңберiнде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметке басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
43) таңдаулы тұқымдар - ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң түпнұсқа тұқымынан алынған және мемлекеттiк стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес келетiн тұқым.
2-бап. Тұқым шаруашылығы туралы заңнама
1. Тұқым шаруашылығы туралы заңнама Қазақстан Республикасының
Конституциясына негiзделген және Қазақстан Республикасының
Азаматтық
кодексiнiң нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан
Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамада көзделгендерден
басқа ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережесi қолданылады.
2-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы
мемлекеттік басқару мен реттеу
3-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу
Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу мыналар арқылы
жүзеге асырылады:
1) тұқымның сорттық және егу сапасын сараптау жөнiндегi зертханаларды
аккредиттеу;
2) тұқым өндiрушiлердi, тұқымдық сарапшылар, анықтаушыларды
аттестаттау;
3) Қазақстан Республикасында пайдалануға жiберiлген сұрыптау
жетiстiктерiнiң мемлекеттiк реестрiн енгiзу;
4) тұқымның сорттық және егу сапасына мiндеттi сараптау;
5) сорттық және тұқымдық бақылау жүргiзу;
6) аттестациядан өткен тұқым өндiрушiлер қызметiнiң тұқым шаруашылығы
саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына
сәйкестiгiн бақылау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы
өсiмдiктерiнiң тектiк қорын сақтау, дамыту және пайдалану жөнiндегi iргелi
және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүргiзу;
8) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң таңдаулы
тұқымдарының бағасын мемлекеттiк жәрдем түрiнде арзандатуы;
9) өсiмдiктер қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қаржыландыру;
10) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқым сапасын сараптау және сорт
сынағынан өткiзу жөнiндегi жұмыстарды (қызметтердi) мемлекеттiк бюджеттен
қаржыландыру;
11) тұқымдық дәннiң мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру және олардың
сандық-сапалық жағдайына бақылау;
12) тұқым шаруашылығында инвестициялық, несиелiк саясатты
қалыптастыру;
13) ауыл шаруашылығы және орман өсiмдiктерiнiң тұқымдарын
сертификаттау;
14) заңнамалық кесiмдерде көзделген өзге де нысандар.
4-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тұқым шаруашылығы
саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру
жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады;
2) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламаларын бекiтедi;
3) тұқым шаруашылығы саласының уәкiлеттi мемлекеттiк органын және тұқым шаруашылығын ғылыми қамтамасыз ету саласының уәкiлеттi мемлекеттiк органын белгiлейдi;
4) олардың тұқымдары республикалық бюджет қаражаты есебiнен арзандатылуға жататын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiне арналған жәрдем ақша нормасын белгiлейдi;
5) сұрыптау және тұқым шаруашылығы жөнiндегi ғылыми-техникалық бағдарламаларды бекiтедi;
6) үкiметаралық келiсiмдер жасасады және тұқым шаруашылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген басқа да қызметтердi жүзеге асырады.
5-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган:
1) уәкiлеттi органмен бiрлесiп, тұқым шаруашылығын ғылыми қамтамасыз ету саласында сорт сынағын және тұқым шаруашылығын дамыту жөнiнде мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлейдi;
2) тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлейдi;
3) тұқымдық дәннiң мемлекеттiк ресурсын қалыптастырады;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өкiлеттiк шеңберiнде тұқымдық дәннiң мемлекеттiк ресурсына басшылық жасайды;
5) пайдалануға рұқсат етiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттары мен гибридтерiнiң тұқымдарын өндiру және iске асыру көлемiн болжайды;
6) тұқым шаруашылығын ғылыми қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсiм бойынша таңдаулы және репродукторлық тұқым өндiрушiлердi аттестациялау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi, тәртiбiн, аттестация жүргiзу ережесiн және тұқым өндiрушiлердiң, анықтаушылар мен тұқым сарапшыларының бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
7) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымының сорттық және егу сапасын сараптау жөнiндегi сарапшыларға, сорттық және гибридтiк егiстерге апробация жүргiзу жөнiндегi апробаторларға аттестация жүргізеді;
8) сорттық және тұқымдық бақылау ережесiн бекiтедi;
9) тұқым шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың тиiстi бюджеттiк бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады және әкiмшiлiк етедi;
10) өз құзыретi шеңберiнде сорт сынағы және тұқым шаруашылығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдайды;
11) тұқым шаруашылығы жөнiндегi бар стандарттарды техникалық шарттар мен басқа да нормативтiк құжаттарды жетiлдiру жөнiндегi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi ұсыныстарды уәкiлеттi мемлекеттік органға ұсынады;
12) тұқым шаруашылығының тәсiмiн бекiтедi;
13) отандық және шет елдiк сұрыптаудың сорттары мен гибридтерiне мемлекеттiк сынақ ұйымдастырады, сорттар оригинаторларын тiркейдi;
14) тұқым шаруашылығын ғылыми қамтамасыз ету саласының уәкiлеттi мемлекеттiк органымен бiрлесiп, тұқымның сорттық үстемелер нормасын белгiлейдi;
15) республиканың тұқым ресурсының мониторингiн жүзеге асырады;
16) құзыретi шеңберiнде тұқым шаруашылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
17) көрсетiлген мақсаттарға арналған бюджетте көзделген қаражат шеңберiнде таңдаулы тұқым шаруашылығы саласындағы әр субъект бөлiктерiнде субсидиялауға жататын, таңдаулы тұқымдарын iске асыруда әр түрлерi бойынша жыл сайынғы квота белгiлейдi;
18) жәрдем ақшаға көзделген белгiленген квота шеңберiнде сатылатын
тұқымдарға баға белгiлейдi;
19) Қазақстан Республикасында пайдалануға жiберiлген сұрыптық
жетiстiктердiң мемлекеттiк реестрiн бекiтедi.
2. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган өз
қызметiн өз аумақтық органдарының тұқым инспекторлары, ауыл шаруашылығы
өсiмдiктерiнің сорттарын сынақтан өткiзу жөнiндегi Мемлекеттiк комиссия
арқылы жүзеге асырады.
6-бап. Тұқым шаруашылығын ғылыми қамтамасыз ету
саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретi
Тұқым шаруашылығын ғылыми қамтамасыз ету саласының уәкiлеттi
мемлекеттiк органы:
1) сұрыптау жөнiнде ғылыми-техникалық бағдарламалар әзiрлейдi және
iске асырады;
2) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп, таңдаулы және репродукторлық тұқым өндiрушiлердi, тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертханаларды, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық және гибридтiк егiсiн анықтау жөнiндегi анықтаушыларды аттестациялау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiтедi;
3) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк органмен бiрлесiп, сорт сынағы және тұқым шаруашылығы жөнiндегi ғылыми-техникалық бағдарламалар әзiрлеп, iске асырады;
4) бастапқы, тұқым және өнеркәсiптiк (көпшiлiк) тұқым шаруашылығын басқару схемалары мен тәсілдерiн әзiрлейдi;
5) тұқым шаруашылығында анықтау, топырақ және зертханалық сорттық бақылау, мемлекеттiк сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi, мемлекеттiк тұқым инспекторы туралы нормативтiк құқықтық кесiмдер, тұқым шаруашылығы жөнiндегi өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер, сондай-ақ тұқым шаруашылығында стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар әзiрлеуге қатысады;
6) өз құзыретi шеңберiнде сұрыптау және тұқым шаруашылығы жөнiндегi
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
7-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы
органдардың құзыретi
Жергiлiктi атқарушы органдары:
1) тұқым шаруашылығы және оны ғылыми қамтамасыз ету саласындағы
уәкiлеттi мемлекеттiк органдарына Қазақстан Республикасының заңнамаларына
сәйкес тұқым шаруашылығы жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсетедi;
2) тұқым шаруашылығын дамытудың бағдарламаларын әзiрлейдi және
жергiлiктi өкiл органдарына бекiтуге ұсынады және оларды орындауды
қамтамасыз етедi.
3-тарау. Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру
8-бап. Тұқым шаруашылығының жүйесi
1. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығындағы жүйесi тұқым шаруашылығындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметтiк өзара байланыстарының жиынтығы.
Оларға мыналар жатады:
1) тұқым шаруашылығындағы мемлекеттiк уәкiлеттi орган мен оның жер-жердегi аумақтық бөлiмшелерi;
2) тұқым шаруашылығын ғылыми қамтамасыз ету саласының уәкiлеттi мемлекеттiк органы;
3) тұқым өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, iске асыру және тасымалдау қызметтерiн жүзеге асыратын аттестатталған жеке және заңды тұлғалар;
4) белгiленген тәртiппен тұқым сапасын сараптау жөнiндегi аккредиттелген зертханалар.
2. Тұқым шаруашылығы жүйесiнiң қызметi тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Репродукциялық тұқым ұрпағының санын сорт оригинаторы белгiлейдi.
9-бап. Тұқым шаруашылығын қаржыландыру
1. Тұқым шаруашылығын мемлекеттiк қолдау отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге таңдаулы тұқымдар бағасын арзандату жолымен ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, тұқым шаруашылығының тектiк қорын дамыту және сақтау бағдарламалары негiзiнде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. Олардың тұқымдары республикалық бюджет қаражаты есебiнен арзандауға жататын ауыл шаруашылығы дақылдары және олар жөнiнде субсидий нормаларын тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
3. Жергiлiктi атқарушы органдар тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың келiсiмiмен республикалық деңгейде арзандатылмайтын дақылдар бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге таңдаулы тұқымдар бағасын арзандатуы мүмкiн.
4. Тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеу бағдарламаларын қаржыландыру заңнамада белгiленген тәртiппен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздерден республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорт сынағы республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
6. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен тұқымдардың сорттық және егiстiк сапаларына сараптама Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
10-бап. Аккредитациялау және аттестациялау
1. Аккредитациялауға Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес
тұқымның сорттық және егу сапасын сараптау жөнiндегi зертханалар жатады.
Аккредитацияны тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк
органмен сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi
уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.
2. Аттестациядан өткiзуге мыналар жатады:
1) таңдаулы тұқым, бiрiншi-үшiншi репродукторлы тұқым өндiрушілер;
2) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық және гибридтiк егiстiгiн
бекiту жөнiндегi бекiтушiлер;
3) тұқымның сорттық және егу сапасына сараптама бойынша тұқымдық
сараптау.
4-тарау. Тұқым өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау,
тасымалдау және пайдалану
11-бап. Тұқым өндiруге қойылатын талаптар
Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдарын егу (отырғызу) үшiн сатуға
және пайдалануға мыналарға тиым салынады:
1) мемлекеттiк сынақтан өтпеген, Сұрыптық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енбеген, Қазақстан Республикасында пайдалануға жiберiлген немесе Қазақстан Республикасында болашағы жоқ деп танылғандарға;
2) тұқым сапасын сараптау жөнiндегi белгiленген тәртiппен аккредиттелген зертханада сорттық және егiстiк сапасы бойынша сараптамадан өтпегендер;
3) сорттық және егiстiк сапасы бойынша мемлекеттiк стандарттар мен тұқым шаруашылығының өзге де нормативтiк құжаттарының талаптарына сәйкес келмейтiндер;
4) карантиндiк арам шөптер тұқымдарымен ластанған, карантиндiк ауруларға шалдыққан және карантиндiк зиянкестермен зақымданғандар.
12-бап. Тұқым өндiрушілердiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Аттестациядан өткен, таңдаулы тұқым және/немесе бiрiншi-үшiншi репродукторлық тұқым өндiруге және сатуға тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органнан рұқсат алған заңды және жеке тұлғалар тұқымдарды өндірудің мөлшерiн өз бетiмен белгiлеуге құқылы.
2. Тұқым өндiрушiлер мыналарға мiндеттi:
1) тұқым өндiруге қойылатын технологиялық талаптарды, сақтау, сату ережелерiн сақтау олардың сандық және сапалы сақталуын қамтамасыз етуге;
2) егу үшiн Сұрыптық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енген, пайдалануға рұқсат етiлген, сондай-ақ болашағы бар деп танылған сорттар мен гибридтердiң тұқымын пайдалануға;
3) сорт оригинаторлары немесе олардың уәкiлеттi тұлғаларынан одан әрi көбейту және сату үшiн көбейту көшеттiктерiнiң тұқымдарын және ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының аса таңдаулы тұқымын және гибридтерiнiң ата-енелiк нысандарын сатып алуға;
4) тұқым және тұқым шаруашылығы егiстерiн белгiленген тәртiппен бекiтуден өткiзуге;
5) егістiктi (отырғызылған өсiмдiктi), аумақтарды, тұқым тазалағыш машиналар мен механизмдердi, қоймаларды, карантиндiк орындарды табу және олармен күрес жүргiзу үшiн жүйелi түрде тексерудi қамтамасыз етуге;
6) өз қаражаты есебiнен, тұқым шаруашылығының уәкiлеттi органы белгiлеген көлемде, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымының сақтық және ауыспалы қорларын құру;
7) тұқым шаруашылығы және өсiмдiк карантинi саласында мемлекеттiк бақылау қызметiн атқаратын қызметкерлерге тұқым, тұқым шаруашылығы егiстiгiн, тұқым партияларын, тұқым өңдейтiн және сақтайтын орындарды, құжаттарды еркiн қарайтындай мүмкiндiктер жасау.
13-бап. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдарын
өндiруге арналған аэроэкологиялық аймақтар
Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган тұқым шаруашылығын ғылыми қамтамасыз ететiн уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сол аймақта (арнайы аймақ) пайдалануға рұқсат етiлген жоғары сапалы тұқымын өндiруге табиғи-климаттық жағдайы қолайлы агроэкологиялық аймақты белгiлейдi.
14-бап. Тұқым дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану
1. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымын дайындауды, өңдеудi, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртiбiн тұқым шаруашылығы саласының уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлейдi.
2. Патент иесiнiң ерекше құқық объектiсi болып табылатын тұқым пайдалануға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртiппен рұқсат етiледi.
15-бап. Тұқым партиясын Қазақстан Республикасына әкелу
және Қазақстан Республикасынан әкету
1. Тұқым партиясын әкелу және әкету тәртiбi осы Заңда, Қазақстан Республикасының өсiмдiк карантинi туралы Z990344_ заңында және Қазақстан Республикасының кеден Z952368_ заңында белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасына сұрыптық жетiстiктердiң Мемлекеттiк тiзiмiне енген, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдар партиясын әкелуге рұқсат етiледi.
3. Қазақстан Республикасына сұрыптық жетiстiктердiң Мемлекеттiк тiзiмiне енбеген, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген, патентке бейiмдi және шаруашылыққа пайдалы ғылыми зерттеулер мен мемлекеттiк сынаққа арналған тұқым партиясын әкелуге тиым салынбайды.
4. Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тұқым партиясының олардың сорттық және егу сапасын куәландыратын құжаттары болуға тиiс және мемлекеттiк стандарттар мен техникалық жағдайлар талаптарына сәйкес келуi тиiс.
5. Қазақстан Республикасына әкелiнген тұқым партиялары осы Заңда белгiленгендей және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртiппен тұқымдық сараптауға және фитосанитарлық бақылауға жатады.
5-тарау. Тұқымның сорттық және егу
сапасын анықтау тәртібі
16-бап. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымының
сорттық сапасын анықтау
1. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымының сорттық сапасын анықтауды егiстiктi анықтау, топырақты бақылау және зертханалық сорттық бақылау жүргiзу арқылы анықтаушылар жүргiзедi және аттестациядан өткен тұқым өндiрушiлерге мiндеттi болып табылады.
2. Мiндеттi анықтауға ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық және гибридтiк егiстiгi жатады, олардың тұқымы iске асырылуға немесе өзiнiң тұқымдық егiсiне пайдаланылуға арналған.
3. Топырақ сынағына сұрыптық жетiстiктердiң Мемлекеттiк тiзiмiне енген, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен гибридтерiнiң түпнұсқа, таңдаулы және репродукторлық тұқымдары жатады.
4. Зертханалық сорттық сынаққа сұрыптық жетiстiктердiң Мемлекеттiк тiзiмiне енген, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттары мен гибридтерiнiң таңдаулы және репродукторлық тұқымдары жатады.
5. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық және гибридтiк егiсiн анықтау, топырақ бақылау және зертханалық сорттық бақылау жүргiзудi, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық және гибридтiк егiсiн тiркеу тәртiбiн тұқым шаруашылығы саласының уәкiлеттi мемлекеттiк органы мен тұқым шаруашылығын ғылыми қамтамасыз ету саласының уәкiлеттi мемлекеттік органы бiрлесiп белгілейдi.
17-бап. Тұқымдардың егiстiк сапасын анықтау
1. Егу үшiн сатуға және пайдалануға жататын тұқымдардың егiстiк сапасын анықтау белгiленген тәртiппен тұқымдардың сапасын сараптау жөнiндегi аккредиттелген зертханаларда тұқымдар сынамаларын iрiктеу және талдау жолымен жүргiзiледi.
2. Іске асырылуға жататын тұқымдар партияларынан сынаманы iрiктеудi тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк тұқым инспекторлары тұқым өндiрушiлер өкiлiн қатыстыра отырып жүргiзедi.
18-бап. Тұқымды құжаттау
1. Сорттық және егiстiк сапасын куәландыратын тиiстi құжаты жоқ тұқымды iшкi рынокта iске асыруға, экспорт және импортқа шығаруға, сондай-ақ егу үшiн пайдалануға тиым салынады.
2. Тұқымның сорттық және егiстiк сапасын куәландыратын құжаттар мыналар:
сорттық анықтау кесiмi мен гибридтiк егiстiң егiстiк зерттеу кесiмi;
тұқымның сапалылығы туралы куәлiгi;
тұқымды талдау нәтижелерi.
3. Тұқым құжаттарының нысанын тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
4. Сату және тасымалдау кезiнде түпнұсқа, суперэлита және таңдаулы тұқымдар - тұқым аттестатымен, бiрiншi және одан кейiнгi репродукторлық тұқымдар - тұқым куәлiгiмен iлесе жүредi. Тұқымның мемлекеттiк стандарттар талаптарына сәйкес келмейтiн тұқымдар сорт куәлiгiмен iлесе жүредi. Құжаттарды тұқым сапасын сараптау жөнiндегi белгiленген тәртiппен аккредиттелген зертханалар мен анықтаушылар берген тиiстi құжаттар негiзiнде тұқым өндiрушiлер бередi және оларды тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
6-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы
мемлекеттік бақылау
19-бап. Мемлекеттiк сорттық және тұқымдық бақылау
1. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылауды тұқым шаруашылығы саласының уәкiлеттi мемлекеттiк органы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк сорттық және тұқымдық бақылауға мыналар енедi:
1) таңдаулы тұқым мен бiрiншi-үшiншi репродукторлық тұқым өндiрушiлердi аттестациялау;
2) анықтаушылар мен тұқымдық сарапшыларды аттестациялау;
3) тұқымға арналған құжаттардың нысандарын белгiлеу.
3. Ауыл шаруашылығы егiстiктерiнiң егiсi мен тұқымына қатынасты сорттық және тұқымдық бақылауды тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органының тұқым инспекторлары жүзеге асырады.
4. Тұқым шаруашылығымен айналысатын заңды және жеке тұлғалар
иелiгiндегi егiс пен тұқымға қатынасты сорттық және тұқымдық бақылау
жүзеге асырылады.
5. Тұқым инспекторлары өз қызметтерiнде тәуелсiз болып табылады және
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы
заңын, осы
Заңды, Қазақстан Республикасының
"Астық туралы", "Сұрыптық
жетiстiктердi қорғау туралы"
заңдарын, сондай-ақ тұқым
шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа
алады.
6. Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн тиiстi дәрежеде орындамаған тұқым
инспекторлары Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгiленген тәртiппен
жауапты болады.
7-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы таластарды
шешу және жауапкершілік
20-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге
асыру кезiнде таластарды шешу
Тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындайтын таластар Қазақстан Республикасының заңнамаларына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
21-бап. Тұқым шаруашылығы саласында Қазақстан Республикасының
заңнамаларын бұзғандығы үшін жауапкершілік
1. Тұқым шаруашылығы саласында заңнаманы бұзған айыпты жеке және
заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазым иелері Қазақстан Республикасының
заңнамалық кесімдеріне сәйкес жауапты.
2. Айып салу немесе басқа да жазаға тарту айыпты кісілерді, Қазақстан
Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген тәртіппен, келтірген
зиянын төлеу қажеттілігінен босатпайды.
22-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі
Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.