"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2002 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 желтоқсан N 1749

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарларын ұсыну мен қорытынды (келiсу) алу тәртiбi туралы келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын

 

ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2002 жылға арналған

жоспарлары бойынша қорытынды (бұдан әрi - Қорытынды) бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қорытындыны

дипломатиялық арналар бойынша Ресей тарапына жолдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі




                                                Қазақстан Республикасы

                                                      Yкiметiнiң

                                             2001 жылғы 28 желтоқсандағы

                                                   N 1749 қаулысымен

                                                       бекiтiлген


               "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын

                ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың

                   2002 жылға арналған жоспарлары бойынша

                                  қорытынды




 
       Ресей тарапы ұсынған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2002 жылға арналған жоспарлары (1, 2-қосымшалар) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенi жөнiндегi халықаралық шарттарға сәйкес келедi және келiсiлдi деп таныла алады.
      "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2002 жылға арналған жоспары (3-қосымша) СШҚ туралы шартқа байланысты бастапқы деректердi белгiлеу жөнiндегi уағдаластық туралы меморандумнан Қазақстан Республикасының есебiнде тұрған РС-18 ҚБЗ ШҰҚ-ты және РС-20 ҚБЗ ШҰҚ-ты шығарып, оларды Меморандумда Ресей Федерациясына қосқаны туралы, сондай-ақ ШҰҚ-ты жою және тиiстi жер телiмдерiн қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру мәселелерiн шешкенi туралы ресми хабарлама алғанға дейiн келiсiлмейдi.
      2002 жылы "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiне ажырамас жақсарту енгiзу жоспары (4-қосымша) мынадай себептер бойынша келiсу мәнiне қарауға қабылданбайды:
      1. 1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн Ресей Федерациясы жалға алған жағдайдағы оның аумағындағы экология және табиғат пайдалану бойынша келiсiмнiң 3 және 4-баптарына сәйкес "Байқоңыр" кешенiндегi жаңа құрылыстар және жұмыс істеп тұрған объектiлердi қайта жаңарту жобаларын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық сараптамасына ұсыну және "Байқоңыр" кешенiнде жаңадан салынатын объектiлер үшiн табиғат пайдалануға рұқсат алынуы қажет. Бұл талаптар сақталмаған.
      2. Жоспарға "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiне жақсарту енгiзбейтiн, объектiлердi үнемi пайдалануға дайындықта ұстауды қамтамасыз ететiн регламенттiк жоспарлы-алдын алу, ұшырудан кейiнгi жөндеу-қайта қалпына келтiру болып табылатын бiрқатар жұмыстар енгiзiлген. Бұл жұмыстардың нәтижелерi объектiлердiң жұмыс жасауының бұрын қабылданған нормативтiк көрсеткiштерiн арттыруға алып келмейдi, оларға жұмсалатын шығындар пайдалану шығындары болып табылады, ал жұмыстар объектiлердi пайдалану құжаттамасына сәйкес орындалуға тиiс.

 

     "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және

зымырандарды сынақтық ұшырудың 2001 жылға арналған жоспарлары бойынша

қорытындыны бекiту кезiнде "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiне

ажырамас жақсарту енгiзудiң 2001 жылға арналған жоспары келiсiлмегенiне

байланысты, 2001 жылы "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiне ажырамас

жақсарту енгiзу жоспарының орындалуы туралы есеп (5-қосымша) келiсусiз

назарға алынады.



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады