Темiртау қаласы батыс аймағының сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау объектiлерiн жөндеуге және қайта жаңартуға, жылу көздерi үшін отын сатып алуға Қарағанды облысының бюджетiн несиелендiрудің кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 29 желтоқсан N 1763

      "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қарашадағы Z010254_ Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Темiртау қаласы батыс аймағының сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау объектiлерiн жөндеуге және қайта жаңартуға, жылу көздерi үшiн отын сатып алуға Қарағанды облысының бюджетiн несиелендiру ережесi бекiтiлсін.
      2. Қарағанды облысының әкiмi:
      1) 2001 жылға арналған облыстық бюджетте осы қаулының 3-тармағына сәйкес бөлiнетiн несие бойынша түсiмдi көздейтін облыстық мәслихаттың шешiмiн, сондай-ақ көрсетiлген қаражатты пайдалану жөнiндегi жергiлiктi бюджеттiң бағдарламасын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынсын;
      2) 2003 жылға арналған облыстық бюджеттiң жобасын қалыптастыру кезiнде осы қаулының 3-тармағына сәйкес алынған несиенi өтеуге қаражат көздесiн.
      3. Осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасын орындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қарағанды облысының бюджетiне Темiртау қаласы батыс аймағының сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау объектiлерiн жөндеуге және қайта жаңартуға, жылу көздерi үшiн отын сатып алуға, осы қаулымен бекiтiлген ережелермен айқындалған шарттарда, 2001 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражаттан 50000000 (елу миллион) теңге сомасында несие бөлсiн.
      4. Қарағанды облысының әкiмi осы қаулының 3-тармағына сәйкес алынған

 

несиенi республикалық бюджетке 2003 жылғы 1 наурызға дейiн өтеудi

қамтамасыз етсiн.

     5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     6. Осы қаулы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                           Қазақстан Республикасы

                                               Yкiметiнiң

                                          2001 жылғы 29 желтоқсандағы

                                              N 1763 қаулысымен

                                                бекiтiлген


     Темiртау қаласы батыс аймағының сумен жабдықтау және жылумен

   жабдықтау объектiлерін жөндеуге және қайта жаңартуға, жылу көздерi

     үшiн отын сатып алуға Қарағанды облысының бюджетiн несиелендiру

                                ережесi



 
       1. Осы ереже "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Z000131_ Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қарашадағы Z010254_ заңында көзделген 217 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі" әкiмшiсінің 88 "Темiртау қаласы батыс аймағының сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау объектiлерiн жөндеуге және қайта жаңартуға, жылу көздерi үшiн отын сатып алуға Қарағанды облысының бюджетiн несиелендiру" бюджеттiк бағдарламасы бойынша 50000000 (елу миллион) теңге сомасында несие (бұдан әрi - Несие) беру тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
      2. 50000000 (елу миллион) теңге сомасындағы несие Қарағанды облысының бюджетiне Темiртау қаласы батыс аймағының сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау объектiлерiн жөндеуге және қайта жаңартуға, жылу көздерiне арналған отын сатып алу үшiн 2003 жылғы 1 наурызға дейiн қайтару мерзiмiмен бөлiнедi.
      3. Қарағанды облысының әкiмияты бөлiнген Несиенiң мақсатты пайдаланылуын және оның республикалық бюджетке уақытылы қайтарылуын қамтамасыз етедi.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қарағанды облысының әкiмиятымен тиiстi Несие келiсiмiн жасасады.
      5. 88 "Темiртау қаласы батыс аймағының сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау объектiлерiн жөндеуге және қайта жаңартуға, жылу көздерi үшiн отын сатып алуға Қарағанды облысының бюджетiн несиелендiру" бюджеттiк бағдарламасы бойынша қаражаттың есебiнен Қарағанды облысының бюджетiне несие бөлудi 601601 "Республикалық бюджеттен несиелер" кодына Қарағанды облысының облыстық бюджетiнiң кiрiс шотына көрсетiлген қаражатты аудару жолымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
      6. Қарағанды облысының әкiмияты 2003 жылға арналған облыстық бюджеттi қалыптастырған кезде Несиенi республикалық бюджетке 2003 жылғы 1 наурызға дейiн өтеудi көздейдi.
      7. Несие белгiленген мерзiмде қайтарылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өтелмеген борыштың сомасын есептен шығаруды жүзеге асыру үшiн Қарағанды облысының облыстық бюджетiнiң ағымдағы шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi айқындаған тәртiппен тоқтата тұрады.
      8. Несиенiң мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке

 

уақытылы қайтарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi

жүзеге асырады.

     9. Несиенің мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда заңнамада

белгiленген тәртiппен санкциялар қолданылады.

     10. Несиенi республикалық бюджетке қайтаруды осы ереженiң

2-тармағында белгiленген мерзiмде Қарағанды облысының әкiмияты жүргiзедi.




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады