Ителгілерді шектеулі түрде алу және жек дуадақтар аулауды жүргізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 20 қыркүйек N 1414а

      "Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесiнiң жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969 P000969_ қаулысына сәйкес және "Ителгi мен жек дуадақты табиғаттан алуға квоталар туралы биологиялық негiздемеге" 2000 жылғы 16 қыркүйектегi N 2/2527 мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы негізiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2000 жылдың 20 қыркүйегiнен 31 қазанына дейiн:
      1) Сауд Арабиясы Корольдігі Премьер-Министрінің орынбасары, Қорғаныс және авиация министрі, Бас инспектор, ханзада Сұлтан Бин Әбдел Әзіз Әл Саудқа (Сауд Арабиясы Корольдігі) Алматы және Жамбыл облыстарында 10 ителгiнi (балапан құстарды) аулауға және республикадан тысқары әкетуге; <*>
      2) өздерiнiң сұңқарларымен: Шейх Мұхаммед Бин Заидқа (БАӘ) - Алматы және Жамбыл облыстарында 100 жек дуадақты;
      Шейх Сурур Бин Мұхаммедке (БАӘ) - Оңтүстiк Қазақстан облысында 100 жек дуадақты;
      Шейх Халед Бин Хамад Әл Таниге (Катар) - Маңғыстау облысында 100 жек дуадақты аулауға рұқсат етiлсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.23. N 1583
               қаулысымен. P001583_
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi:
      1) белгiленген тәртiппен 1-тармақта көрсетiлген адамдарға ителгiлердi аулауына және оларды жек дуадақтарға салуына рұқсат берсiн;
      2) аулау және сұңқар салу кезiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесiнiң жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртiбi жөнiндегі ереженiң орындалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Охотзоопром ӨБ" республикалық мемлекетік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Зоология институтымен бiрлесiп, көрсетiлген Ереженiң 8-тармағында көзделген қызметтердiң оларды табиғаттан алуды жүзеге асыратын шетелдiк азаматтармен шарт негiзiнде көрсетiлуiн және ителгiлер мен жек дуадақтардың өсiмiн қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен (келiсiм бойынша) бiрлесiп аңшылық және құс салу жүргiзiлетiн жерлерде жоғары мәртебелi қонақтар мен олардың қызметкерлерi топтарын күзетудi және бiрге ерiп жүрудi қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасындағы СИТЕС-тiң әкiмшiлiк органы - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп сұңқар салуды жүргiзу үшiн жыртқыш қыран құстарды елге әкелу мен одан әкетудi Жойылу қаупi төнген жабайы жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi

түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсiмдерiн сақтай отырып, 
жүзеге асырсын.
     6. Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының 
әкiмдерi iс-шараларды ұйымдастыруда шетелдiк қонақтарға жан-жақты көмек 
көрсетсiн.
     7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
     Мамандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.Н.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады