"Терроршылдыққа, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 4 қаңтар N 3

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Терроршылдыққа, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы

Шанхай конвенциясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                      Жоба


                 Қазақстан Республикасының Заңы


     Терроршылдыққа, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес

              туралы Шанхай конвенциясын бекіту туралы


     2001 жылғы 15 маусымда Шанхайда жасалған Терроршылдыққа, сепаратизмге

және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Президенті


               Терроризм, сепаратизм және экстремизммен

                күресу жөнiндегi Шанхай конвенциясы



 
       Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы (бұдан әрi - Тараптар),
      ең алдымен Бiрiккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) жарғысындағы халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдау, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды және ынтымақтастықты дамыту мақсаттары мен қағидаларын басшылыққа ала отырып;
      халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамыту, сонымен қатар адамның негiзгi құқықтары мен бостандығын жүзеге асыру жолдарына терроризм, сепаратизм және экстремизмнiң қауiп-қатерiн сезiне отырып;
      аталған құбылыстар Тараптардың аумақтық тұтастығы мен қауiпсiздiгiне, сондай-ақ олардың саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылықтарына салиқалы қаупiн мойындай отырып;
      1998 жылғы 3 шiлдедегi Алматыдағы бiрiккен мәлiмдеме, 1999 жылғы 25 тамыздағы Бiшкек, 2000 жылғы 5 шiлдедегi Душанбе және 2001 жылғы 15 маусымдағы "Шанхай ынтымақтастық ұйымын" құру жөнiндегi декларациялардың қағидаларын басшылыққа ала отырып;
      терроризм, сепаратизм және экстремизм осы Конвенцияда анықталғандай

 

олардың себептерiне қарамастан, ешқандай жағдайда ақталмайтындығына, ал

аталмыш әрекеттердi iстеген айыпты адам мiндеттi түрде заңға сәйкес

жауапқа тартылатынына берiк сенiм бiлдiре отырып;

     осы Конвенция шеңберiнде Тараптардың бiрiгiп күш қолдануы терроризм,

сепаратизм және экстремизмге қарсы күресуде тиiмдi нысан екенiне сенiм

бiлдiре отырып,

     төмендегiлермен келiседi:


                               1-бап


     1. Осы Конвенция мақсаттары үшiн қолданылатын терминдер төмендегiнi

бiлдiредi:

     1) "терроршылдық":


 
       а) осы Конвенция қосымшасында тiркелген (бұдан әрi - Қосымша) шарттарда және де осы шартта анықталғандай қылмыс ретiнде саналатын қандай болса да әрекет;
      б) қарулы қақтығыс жағдайында соғыс қимылдарына белсендi қатыспайтын қандай болса да азаматтық тұлғаға немесе басқа тұлғаға, оны өлтіруге немесе оған ауыр дене зақымын келтiруге, сондай-ақ қандай да болсын материалдық объектiге едәуiр нұқсан келтiруге пара пар осындай әрекеттi ұйымдастыру, жоспарлау, оның орындалуына дем беру, оған азғырушылық жасау, егерде осындай әрекет мақсаты, оның сипаты немесе контекстi халықты қорқытуға, қоғамдық қауiпсiздiктi бұзуға немесе өкiмет органдарын не болмаса халықаралық ұйымды қандай да бiр әрекет iстеуге немесе оны iстеуден қаймықтыруға бағытталған,
      және де Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес қылмыс ретiнде қуғындалушы кез келген басқа әрекет;
      2) "сепаратизм" - мемлекеттердiң аумақтық тұтастығын бұзуға, соның iшiнде оның аумағының бiр бөлiгiн одан бөлуге немесе мемлекеттi күшпен интеграцияны болдырмауға бағытталған пара пар осындай әрекеттердi жоспарлау және дайындау, оның орындалуына дем беру, оған азғырушылық жасау,
      және Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес қандай да болсын қылмыс ретiнде қуғындалушы әрекет;
      3) "экстремизм" - билiктi күшпен басып алуға немесе күшпен ұстап тұруға, сонымен қатар мемлекеттiң конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге пара пар қоғамдық қауiпсiздiкке күшпен озбырлық жасауға бағытталған, сондай-ақ жоғарыда көрсетiлген мақсаттарда заңсыз қарулы жасақтарды ұйымдастыру немесе оларға қатысу,
      және Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес қандай да болсын қылмыс ретiнде қуғындалушы әрекет.
      2. Бұл бап жоғарыда көрсетiлген терминдердi терең қолдануға болатын ережесi бар немесе болуы мүмкiн қандай да болсын халықаралық келiсiм-шарттарға немесе Тараптардың қандай да болсын ұлттық заңдарына қайшы келмейдi.
 
                             2-бап
 
      1. Тараптар осы Конвенцияға, басқа да халықаралық мiндеттемелерге сәйкес, сонымен қатар өздерiнiң ұлттық заңдарын ескере отырып, осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген әрекеттердi алдын алуда, айқындауда және жолын кесуде ынтымақтастық бiлдiредi.
      2. Тараптар өзара қарым-қатынастарында осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген әрекеттердi, оларды iстеген қылмыскерлердi бiр- бiрiне беру шарты бар қылмыс ретiнде қарастырады.
      3. Осы Конвенцияны iске асыру кезiнде, қылмыскерлердi беру және қылмысты iстердi тергеуде құқықтық көмек көрсетумен байланысты туындаған сұрақтар бойынша Тараптар өздерi қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiм-шарттарға және де ұлттық заңдарын ескере отырып, ынтымақтастық жасайды.
 
                             3-бап
 
      Тараптар осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген әрекеттердi саяси, философиялық, идеологиялық, нәсiлдiк, ұлыстық, дiни немесе басқа да ұқсас сипаттамалар бойынша ақтауға жатпауы үшiн және ауырлық дәрежесiне қарай жазалануы үшiн ешқандай жағдайларда да, соның iшiнде ұлттық заңдар саласындағы жағдайларға сәйкес қамтамасыз етуге қажеттi деп саналатын шараларды қабылдайды.
 
                            4-бап
 
      1. Осы Конвенцияның күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны жөнiндегi депозитарийдан хабар келiп түскеннен бастап 60 күн iшiнде Тарап жазбаша түрде дипломатиялық арналар бойынша депозитарийға осы Конвенцияны орындауға жауапты өзiнiң орталық құзыреттi органдарының тiзiмiн жазбаша түрде жiбередi. Тiзiмдi депозитарий басқа Тараптарға жiбередi.
      2. Тараптардың орталық құзыреттi органдары осы Конвенцияның ережелерiн орындау барысында туындаған мәселелер бойынша бiр-бiрiмен өзара қатынас жасайды және тiкелей бiрлесiп әрекет етедi.
      3. Қайсы бiр Тараптардың орталық құзыреттi органдарының тiзiмiне

 

өзгерiс енгiзiлетiн болса, ол жақ осы жайында депозитарийға хабарлауы

керек, ал ол бұл жөнiндегi ақпаратты басқа Тараптарға жеткiзедi.


                           5-бап


     Тараптар өзара келiсiм бойынша кеңес беруi, пiкiр алмасуы, осы

Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген әрекеттермен күресу

мәселелерi бойынша, соның iшiнде халықаралық ұйымдарда және халықаралық

құрылтайларда көзқарастарын келiстiруi мүмкiн.


                            6-бап


     Тараптардың орталық құзыреттi органдары осы Конвенцияға сәйкес бiр-

бiрiне төмендегiдей:

     1) ақпарат алмасу;

     2) жедел iздестiру шаралар жүргiзу туралы сұрау салуларды орындау;


 
       3) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген әрекеттердiң алдын алу, оларды айқындау және жолын кесу үшiн келiсiлген шараларды әзiрлеу мен қабылдау және олардың қорытындылары жөнiнде бiр-бiрiне хабарлау;
      4) өз мемлекетiнде басқа Тараптарға қарсы бағытталған осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген әрекеттердiң алдын алу, айқындау және жолын кесу шараларын қабылдау;
      5) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген әрекеттердi iске асыру үшiн қандай да бiр тұлғаға және (немесе) ұйымдарды қаржыландыру, оларға қару-жарақ пен оқ-дәрi жеткiзу, одан да басқа жәрдемдесудiң алдын алу, айқындау және жолын кесу шараларын қабылдау;
      6) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген әрекеттердi iске асыруға бағытталған тұлға дайындау жұмыстардың алдын алу, оларды айқындау, жолын кесу, тыйым салу және тоқтату шараларын қабылдау;
      7) нормативтiк құқықтық актiлермен және оларды iс-тәжірибе кезiнде пайдалану материалдарымен өзара алмасу;
      8) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген әрекеттердiң алдын алу, айқындау және жолын кесу тәжірибесiмен алмасу;
      9) әртүрлi нысандарда өздерiнiң мамандарын дайындау, қайта дайындау және бiлiктiлiктерiн жоғарылату;
      10) Тараптар өзара келiсiм бойынша басқа да ынтымақтастық нысандарына қол жете алады, сондай-ақ қажет кездерде, осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген әрекеттердiң жолын кесудегi iс-тәжiрибе ретiнде көмек көрсету жолдарымен ынтымақтастық жасайды және жәрдемдеседi.
      Мұндай келiсiмдер тиiстi хаттамалармен ресiмделедi, олар осы Конвенцияның ажыратылмайтын бөлiгi болып табылады.
 
                                7-бап
 
      Тараптардың орталық құзыреттi органдары өзара мүдделi деген ақпараттармен алмасады, соның iшiнде:
      1) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген әрекеттердiң дайындалуы мен iске асырылуы және оларды iске асыру әрекеттерiнiң жолын кесу туралы;
      2) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген әрекеттердi елбасыларына немесе басқа да мемлекет қайраткерлерiн, дипломатиялық өкiлдiк, консулдық мекемелер және халықаралық ұйым қызметкерлерiне одан да басқа халықаралық қорғауға алынған тұлғаларға және де мемлекеттiк сапар, халықаралық және мемлекеттiк саяси, спорт және басқа мерекелерге қатысушыларға қарсы дайындау жөнiнде;
      3) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген әрекеттердi дайындап және (немесе) iске асырып жатқан ұйымдар, топтар және жеке тұлғалар жайында, сонымен қатар осындай әрекеттерге басқадай түрде қатысушылар туралы, оның iшiнде олардың мақсаттары, мiндеттерi, байланыстары және басқа да мәлiметтерi;
      4) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген әрекеттердi iске асыру мақсатымен күштi әсер ететiн улы, уландыратын, жарылғыш заттарды, радиоактивтi материалдарды, қару-жарақты, жарылғыш құрылғыларды, дәрiмен атылатын қаруды, оқ-дәрiнi, ядролық, химиялық, биологиялық және жаппай жою қаруларының басқа түрлерiн, оларды дайындауға арналған материалдар мен жабдықтарды заңсыз түрде әзiрлеу, сатып алу, сақтау, беру және пайдалану жөнiнде;
      5) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген әрекеттердi айқындалған немесе болжамдалған қаржыландыру көздерi жайында;
      6) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген әрекеттердi iске асыру нысандары, әдiстерi және құралдары жайында.
 
                                8-бап
 
      1. Тараптардың орталық құзыреттi органдары арасындағы өзара iс-қимыл осы Конвенция шеңберiнде жәрдем көрсету туралы сұрау салулар негiзiнде екi жақты және көп жақты көлемде, сондай-ақ бiр келiсушi Тараптың орталық құзыреттi органының талабы бойынша ақпарат беру жолымен жүзеге асады.
      2. Сұрау салулар мен ақпараттар жазбаша түрде жiберiледi. Төтенше жағдайларда сұрау салулар мен ақпараттар ауызша да жiберiледi, бiрақ соңынан 72 сағат iшiнде олар жазбаша түрде расталуы тиiс және қажет болған жағдайда олардың мәтiнiн жiберу үшiн техникалық құралдарды пайдалануға болады.
      Сұрау салудың немесе ақпараттың не болмаса олардың мағынасының шынайылығы жөнiнде күдiк туған жағдайда, оларды растау немесе түсiндiрме беру туралы қосымша сұрау жiберiлуi мүмкiн.
      3. Сұрау салуда:
      а) сұрау салушы және сұралушы орталық құзыреттi органдардың атаулары;
      ә) сұрау салу мақсаты және негiзi;
      б) жәрдемдесу туралы сұрау салудың мазмұны;
      в) сұрау салудың уақытында және тиiстi түрде орындалуына пайдалы басқа да ақпарат;
      г) керек болған жағдайда оны шектеу дәрежесi көрсетiлуге тиiс.
      4. Жазбаша түрде орындалған сұрау салулар немесе ақпараттар оларды жiберушi орталық құзыреттi органның бастығы немесе оның орынбасарларының қолымен бекiтiледi немесе осы орталық құзыреттi органның елтаңбалық мөрiмен куәландырылады.
      5. Сұрау салу және онымен жолданатын құжаттар, сондай-ақ ақпарат орталық құзыреттi органмен осы Конвенцияның 15-бабында көрсетiлген бiр жұмыс тiлiнде жiберiледi.
 
                             9-бап
 
      1. Сұрау салуды орындайтын орталық құзыреттi орган оның тез арада және мүмкiндiгiнше толық орындалуы үшiн барлық тиiстi деген шараларды қабылдайды және мүмкiндiгiнше аз уақыт ішiнде оны қарастыру нәтижесi жайында хабарлайды.
      2. Сұрау салушы орталық құзыреттi орган оны орындау барысында бөгет болған немесе оның орындалуын елеулi түрде кiдiртетiн жағдайлар туралы тез арада ескертiледi.
      3. Егер де сұрау салу сұралушы орталық құзыреттi органның құзыретiне жатпаса, ол оны орындауға құзыреттi өз мемлекетiнiң басқа орталық құзыреттi органына бередi және ол жайында сұрау салушы орталық құзыреттi органға тез арада ескерту жiбередi.
      4. Сұралушы орталық құзыретті орган сұрау салуды орындау үшiн қажет болар деген қосымша мәлiметтердi сұрата алады.
      5. Сұрау салуды орындау кезiнде сұралушы Тараптың заңы қолданылады. Сұрау салушы орталық құзыреттi органның өтiнiшi бойынша сұрау салушы Тараптың заңы қолданылуы мүмкiн, егер де бұл сұралушы Тараптың заңының негiзгi қағидаларына және халықаралық мiндеттемелерге қайшы келмесе.
      6. Егер де сұралушы орталық құзыреттi орган сұрау салуды орындау өз мемлекетiнiң тәуелсiздiгiне, қауiпсiздiгiне, қоғамдық тәртiбiне немесе басқа да маңызды мүдделерiне зиян келтiредi, не болмаса заңына немесе халықаралық мiндеттемелерге қайшы келедi деп шешкен жағдайда, ол кейiнге қалдырылуы не болмаса толығымен немесе жартылай орындалмауы мүмкiн.
      7. Егер де сұрау салудағы әрекет сұралушы жақтың заңына сәйкес қылмыс болып саналмаса, оны орындаудан бас тартуға болады.
      8. Егер де осы баптың 6 және 7-тармағына сәйкес сұрау салу толығымен немесе жартылай орындалмайтын болса не болмаса ол кейiнге қалдырылса бұл жөнiнде сұраушы жақ жазбаша түрде ескертiледi.
 
                            10-бап
 
      Осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетiлген әрекеттермен тиiмдi күресу үшiн Бiшкек қаласында террорға қарсы аймақтық құрылым құру және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатымен келiсушi Тараптар бөлек келiсiмдер жасайды және басқа да керек құжаттар қабылдайды.
 
                            11-бап
 
      1) Осы Конвенцияны iске асыру мақсатымен Тараптардың орталық құзыреттi органдарының төтенше байланыс жолдарын құруларына болады және кезектi немесе кезектен тыс кездесулер жүргiзе алады.
      2) Осы Конвенция ережелерiн жүзеге асыру мақсатында керек болған жағдайларда Тараптар бiр-бiрiне техникалық және материалдық көмек көрсете алады.
      3) Осы Конвенция негiзiнде бiр Тарап екiншi Тараптан материалды, арнайы құралдар, жабдықтар және техникалар алса оларды осы Тараптың алдын ала жазбаша келiсуiнсiз басқа бiр тарапқа беруге қақысы жоқ.
      4) Осы Конвенция шеңберiнде көмек көрсету кезiнде келiсушi Тараптардың орталық құзыреттi органдарының жедел iздестiру шараларын жүргiзу әдістері, арнайы күштер мен құралдары, қамтамасыз ету материалдары жөнiндегi мәлiметтер жария етiлмейдi.
 
                             12-бап
 
      Тараптардың орталық құзыреттi органдары осы Конвенцияның орындалу тәртiбiн одан да жете реттеу туралы өзара келiсулер жасай алады.
 
                              13-бап
 
      1. Әрбiр Тарап өзi алған ақпараттар мен құжаттардың егер де олар жабық мазмұнды болса немесе берушi Тарап оларды жария еткiсi келмесе, құпиялылығын сақтайды. Ақпараттар мен құжаттардың жабық дәрежесiн оларды берушi Тарап анықтайды.
      2. Осы Конвенция негiзiнде алынған ақпараттарды немесе сұрау салуды

 

орындау нәтижелерi, оларды берген Тараптың жазбаша келiсiмiсiз сұралған

немесе берiлген мақсаттардан басқа жағдайларда пайдалануға болмайды.

     3. Осы Конвенция негiзiнде бiр Тарап екiншi Тараптан алған ақпараттар

мен құжаттарды оларды берген Тараптың алдын ала жазбаша келiсiмiсiз

берiлмейдi.


                             14-бап


     Тараптар, егер де өзге тәртiп келiсiлмеген болса, осы Конвенцияны

орындауға байланысты шығындарды өздерi көтередi.


                             15-бап



 
       Осы Конвенция шеңберiнде Тараптардың орталық құзыреттi органдарының ынтымақтастық жасау тiлдерi болып орыс және қытай тiлдерi табылады.
 
                              16-бап
 
      Осы Конвенция Тараптардың осы Конвенцияның мәселесi болып табылатын мәселелерi бойынша басқа да халықаралық келiсiмдер жүргiзу құқықтарын шектемейдi.
      Осы Конвенция Тараптардың, осы Конвенция заты болып табылатын және де оның мақсаты мен объектiлерiне қайшы келмейтiн сұрақтар бойынша басқа да халықаралық келiсiмдер жасау құқықтарын шектемейдi, сонымен бiрге Тараптар басқа да халықаралық келiсiмдердiң қатысушысы болатын жағдайда, олардың осы келiмдерден шығатын құқықтары мен мiндеттерiне тимейдi.
 
                               17-бап
 
      Осы Конвенцияны пайымдау немесе қолдану барысында туындаған даулы сұрақтар өзара мүдделес Тараптар келiсушi жақтар арасында консультациялар және келiссөздер өткiзу арқылы шешiледi.
 
                               18-шi-бап
 
      1. Осы Конвенция депозитарийы болып Қытай Халық Республикасы табылады. Осы Конвенцияның ресми көшiрмелерi басқа келiсушi жақтарға депозитариймен оған қол қойғаннан кейiн 15 күн iшiнде жiберiледi;
      2. Осы Конвенция, Қазақстан Республикасынан, Қытай Халық Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Тәжiкстан Республикасынан және Өзбекстан Республикасынан, осы Конвенция күшiне ену үшiн тиiстi мемлекет iшiндегi процедуралар жүргiзiлгенi жөнiндегi соңғы жазбаша хабарландыру депозитарийға түскен күннен бастағанда 30-шы күні күшіне енеді.
 
                               19-бап
 
      1. Осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн оған Тараптардың келiсiмi бойынша басқа да мемлекеттер қосыла алады;
      2. Қосылушы мемлекетке бұл Конвенция, одан депозитарийға осы Конвенция күшiне ену үшiн тиiстi мемлекет iшiндегi процедуралар жүргiзiлгенi жөнiнде хабарландыру түскен күннен бастағанда 30-шы күнi күшiне енедi. Осы күннен бастап қосылушы мемлекет Тарап келiсушi жақ болып саналады.
 
                               20-бап
 
      1. Осы Конвенция мәтiнiне барлық Тараптардың келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтаулар енгiзiлуi мүмкiн. Олар осы Конвенцияның ажыратылмайтын бөлiгi болып табылатын Хаттамалармен рәсiмделедi.
      2. Кез келген Тарап осы Конвенциядан шыға алады, ол үшiн депозитарийға шығу мерзiмiнен 12 ай бұрын жазбаша хабарландыру жiберуi тиiс. Депозитарий шығу туралы хабарландыру алған күннен бастап 30-шi күн iшiнде басқа Тараптарға хабардар етедi.
 
                               21-бап
 
      1. Депозитарийға осы Конвенция күшiне ену үшiн мемлекет ішiндегi рәсiм орындалғандығы туралы хабарлама беру кезiнде Қосымшада көрсетiлген келiсiмдердiң бiреуiне қатыспайтын Тарап, бұл Конвенцияны осы Тарапқа қолдану кезiнде ол келiсiм Қосымшаға кiрмеген деп есептейтiндiгiн мәлiмдей алады. Бұндай хабарлама депозитарийға осы Тараптар үшiн бұл келiсiмнiң күшiне енгендiгi туралы хабардар етiлгеннен кейiн күшiн жояды.
      2. Тараптар қосымшада көрсетiлген келiсiмдердiң бiреуiне қатысушылығын тоқтатса, осы баптың 1-тармағында қарастырылғандай мәлiмдеме жасайды.
      3. Қосымша келесi шарттарға жауап беретiн келiсiмдермен толықтырыла алады:
      1) барлық мемлекеттердiң қатысуына ашықтығы;
      2) күшiне енгендер;
      3) ратификацияланған, қабылданған, бекiтiлген немесе осы Конвенцияның кем дегенде үш Тарабы қосылған.
      4. Осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн кез келген Тарап Қосымшаға өзгерiстер енгiзуге ұсыныстар жасай алады. Қосымшаға өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныстар депозитарийға жазбаша түрде жiберiледi. Депозитарий осы баптың 3-тармағының талаптарына жауап беретiн барлық ұсыныстар жайында қалған Тараптарға хабардар етедi және олардан ұсынылып отырған өзгерiстердi қабылдауға болатындығы туралы пiкiрлерiн сұрайды.
      5. Ұсынылып отырған өзгерiстер депозитарий Тараптарға осы өзгерiстер жайында хабардар еткен күннен бастап 130 күн өткеннен кейiн және осы Конвенция Тараптарының үштен бiр бөлiгi қарсылық бiлдiретiндiктерiн депозитарийларға жазбаша хабарламаған жағдайда, қабылданған және күшiне енген болып саналады.

 

     Осы Конвенция 2001 жылы 15 маусымда Шанхайда бір түпнұсқа данада орыс

және қытай тілдерінде қабылданған, және де екі мәтіннің де бірдей күштері

бар.


     Қазақстан Республикасы үшін


     Қытай Халық Республикасы үшін


     Қырғыз Республикасы үшін


     Ресей Федерациясы үшін


     Тәжікстан Республикасы үшін


     Өзбекстан Республикасы үшін


                            Терроризм, сепаратизм және экстремизммен

                           күрес туралы Шанхай конвенциясына қосымша


     1. 1970 жылы 16 желтоқсанда Гаагада жасалған Әуе кемелерiн заңсыз

басып алумен күрес туралы конвенция.


 
       2. 1971 жылы 23 қыркүйекте Монреалда жасалған Азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлермен күрес туралы конвенция.
      3. 1973 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған Халықаралық қорғауды пайдаланатын тұлғаларға, соның iшінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды болдырмау және жазалау конвенциясы.
      4. 1979 жылы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған Адамдарды кепiлдiкке алуға қарсы күрес туралы халықаралық конвенция.
      5. 1980 жылы 3 наурызда Венада қабылданған Ядролық заттарды адамдардың қорғауы туралы халықаралық конвенция.
      6. Азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлермен күрес туралы конвенцияны толықтыратын 1988 жылы 24 ақпанда Монреалда қабылданған Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсету әуежайларында заңсыз зорлық актілерiмен күрес туралы жасалған хаттама.
      7. 1988 жылы 10 наурызда Римде қабылданған Теңiз кеме жүзу

 

қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлермен күрес туралы конвенция.

     8. 1988 жылы 10 наурызында Римде жасалған Құрлық қайраңдарда

орналасқан стационарлық тұғырнамаларға қарсы бағытталған заңсыз актiлермен

күрес туралы хаттама.

     9. 1997 жылы 15 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған

Бомбалық терроршылдықпен күрес туралы халықаралық конвенция.

     10. 1999 жылы 9 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған

Терроршылдықты қаржыландырумен күрес туралы халықаралық конвенция.


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады