2002 жылғы қаңтарда, ақпанда, наурызда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша төлемдердi өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 9 қаңтар N 8

      Қазақстан Республикасының шетелдiк несие берушiлер алдындағы мiндеттемелерiн орындау және дефолт фактiлерiне жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы берген 1991 жылғы 21 желтоқсандағы N И-811, 1992 жылғы 25 наурыздағы, 1992 жылғы 6 қарашадағы N 13-6/И-947, 1993 жылғы 9 наурыздағы, 1995 жылғы 8 маусымдағы N ф22-3/8, 1995 жылғы 9 тамыздағы N ф-22-3/11, 1996 жылғы 2 қазандағы N 0000016 мемлекеттiк кепiлдiктерге сәйкес шетел банктерi шоттарының негiзiнде қаулыға қосымшада көрсетiлген заемшыларға (бұдан әрi - заемшылар) берiлген заемдар бойынша, 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың шегiнде төлемдердi, сондай-ақ кейiннен осы төлемдер кешiктiрiлген жағдайда айыппұл пайыздарын төлеудi жүргiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi, Қаржы полициясы агенттiгi және "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) оқшауландырылған қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнiнде заемшылардың банкроттығы рәсiмiне дейiн барлық қажеттi шараларды қабылдасын және қаржылық мiндеттемелерi республикалық бюджеттiң есебiнен орындалған заемшыларға қатысты оқшауландырылған бюджеттiк қаражатты қайтару жөнiнде қолданылған шаралар мен жұмыстың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiне ақпарат берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заемшылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды мақсатты пайдалануы жөнiндегi қаржылық-шаруашылық қызметiне тексеру жүргiзсiн және оларды пайдалануды бұзу фактiлерi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (келiсiм бойынша), Қаржы полициясы агенттiгiмен бiрлесiп, кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тарту жөнiнде шаралар қолдансын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                      Қазақстан Республикасы



                                      Үкіметінің 2002 жылғы 9 қаңтардағы

                                      N 8 қаулысына                   

                                      қосымша                            



 
 
              Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар

 

        мемлекеттік емес сыртқы заемдарды өтеу жөніндегі төлемдердің

                               сомасы                       

___________________________________________________________________________

Заемшы          !Төлем   !Төлем    !Төлем   ! Негізгі  ! Пайыздар ! Басқа.

ұйым            !валютасы!күні     !сомасы  !  борыш   !          ! лары

___________________________________________________________________________

                    Германия несие желісі


"Қазақтелеком" ААҚ  EUR   18.01.02  321479,40  321479,40    0,00    0,00

___________________________________________________________________________

"Қазақтелеком" ААҚ  EUR   15.02.02  210146,85  210146,85    0,00    0,00

___________________________________________________________________________

ҚР ІІМ ҚТЖД         EUR   01.12.01   21874,87       0,00  21874,87  0,00

___________________________________________________________________________

ҚР ІІМ ҚТЖД         EUR   01.02.02  817291,95  778373,95  38918,00  0,00

___________________________________________________________________________

"Павлодартрактор"

    АҚ              EUR   01.03.02 2171399,34 1809499,46 361899,88  0,00

___________________________________________________________________________

"Азат" ӨКК         EUR   01.03.02 1378110,56 1312486,25  65624,31  0,00

___________________________________________________________________________

  Барлығы           EUR            4920302,97 4431985,91 488317,06  0,00  

___________________________________________________________________________



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады