"Мұнай мен газ тасымалдаудың мемлекетаралық жұйесін құрудың институционалдық негіздері туралы бас келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 9 қаңтар N 15

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Мұнай мен газ тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесін құрудың

институционалдық негіздері туралы бас келісімді бекіту туралы" Қазақстан

Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                                        Жоба


                   Қазақстан Республикасының

                            Заңы


     Мұнай мен газ тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесін құрудың           

    институционалдық негіздері туралы бас келісімді бекіту туралы


     1999 жылғы 22 шілдеде Киев қаласында жасалған Мұнай мен газ

тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесін құрудың институционалдық негіздері

туралы бас келісім бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті


                           Мұнай мен газ

             тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесін құрудың

                  институционалдық негіздері туралы

                             бас келісім

                         (Ресми емес аударма)


     Осы Келiсiмнiң қатысушы мемлекеттері (бұдан әрi "Тараптар" деп

аталатын):


 
       мұнай және газды дүниежүзiлiк рыноктарға тасымалдаудың қауiпсiз бағыттары Тараптардың одан әрi гүлденуі мен энергетикалық қауiпсiздiгін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын мойындай отырып;
      басқа да мүдделі мемлекеттер, сондай-ақ көмiрсутектi ресурстарды пайдалануды инвестициялайтын жергiлiктi және шетелдiк компаниялармен ынтымақтастықта мұнайдың және табиғи газдың және (немесе) оларды өңдеу өнiмдерiн тасымалдаудың транзиті жөнiндегі шешiмдер қабылдау кезiнде барлық құқықтық, техникалық, коммерциялық, экологиялық және қаржылық факторларға назар аудару қажет екенiн түйсiне отырып;
      ЕҚ елдерiнде қолданылатын ережелер мен нормалар сияқты мұнай және газ секторларындағы нарықтық экономика ережелерiн сақтай отырып және мұнай мен газды тасымалдау қызметiн реттейтін халықаралық ережелер мен практиканы дамытуға өз үлесiн қосуға тiлек бiлдiре отырып;
      инвестициялық және транзиттік тәуекелді азайтуда мемлекеттердiң маңызды рөл атқаратынын түйсiне отырып;
      халықаралық экономикалық құқықтың халықаралық тәжiрибеде қабылданған стандарттары мен нормаларына сәйкес шетелдiк инвестициялар мен инвесторларды қорғау, оларға жәрдемдесу және олармен жұмыс істеу мұнай мен газды тасымалдау секторын дамыту жөнiндегi тиісті шаралар болып табылатындығына иек арта отырып;
      халықаралық мұнай және газ өнеркәсiбiнде қолданылатын нормалар мен тәжiрибелерге сәйкес мемлекетаралық мұнай мен газды тасымалдау жүйелерiнiң тиімдi пайдаланылуын қамтамасыз ететiн бірыңғай ережелер мен тетіктерді белгiлеуге ниет бiлдiре отырып;

 

     өздері қол қойған Энергетикалық Хартия туралы Шартта жарияланған

принциптердi назарға ала отырып;

     мыналар туралы келiстi:


                    Анықтамалар мен тақырыпшалар


     1. Осы келiсiмдегі терминдердiң мәндері:


     І. Құрылыс - мұнай және газ тасымалдайтын жаңа жүйелерiн немесе

осындай жүйенiң кез келген жаңа учаскесiн салу.


 
       II. осы Келiсiмнiң 8-бабының 3-тармағында сипатталған Төтенше комитет - табиғат апаты, жер сiлкінiсi, радиоактивті немесе химиялық улану, азаматтық тәртіпсiздiктер, террорлық немесе астыртын әрекеттер, қылмысты түрде нұқсан келтiру және осы сияқты өзге де оқиғалар орын алған жағдайда осы Келiсімге сәйкес құрылған мемлекетаралық мұнай және газ тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесi объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және қорғау үшiн әрбiр Қатысушы Тараптың үкiметтерi өз аумақтары шектерiнде жасалатын барлық қадамдарды, шараларды және бiрлескен әрекеттердi үйлестiруге өкiлдiк берiлген барлық мүдделі Тараптардың өкiлетті өкiлдерiнен құралған комитет.
      III. Жобаны жүзеге асырудың бiрлескен нысаны - осы Келiсiмнiң 7-бабында баяндалғандай, екi және одан да көп жекелеген функцияларды бiр заңды тұлғаның немесе заңды тұлғалар тобының орындауын көздейтiн мемлекетаралық мұнай және газ тасымалдау жүйесін құру үшiн Қатысушы Тараптар таңдап алған ынтымақтастық нысаны немесе басқа да кез келген бiрлескен нысан.
      IY. Мемлекетаралық комитет, осы Келiсiмнiң 8-бабының 3-тармағында сипатталған термин - барлық Қатысушы Тараптардың өкiлеттi өкілдерiнен құрылған, сол Тараптардың атынан және мүдделері жолында олардың мұнай мен газды тасымалдаудың бiр немесе одан көп жүйесiн құру жөнiндегі шешiмдерді орындауын бақылау үшiн өкiлеттiктер берiлген комитет.
      Y. Мұнай мен газ тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесi - бiрден астам мемлекеттiң аумағын кесiп өтетiн мұнай немесе табиғи газ және (немесе) оларды өңдеу өнiмдерiн тасымалдау жүйесі.
      YI. Техникалық қызмет көрсету - тиiсті техникалық және экологиялық стандарттар мен қауiпсiздiк нормаларына сәйкес осы жүйе арналған мақсатпен мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн немесе сол жүйенiң кез келген учаскесiн немесе объектiсiн тиiстi жұмыс жағдайында ұстау үшiн қажетті техникалық шаралар.
      YІІ. Техникалық қызмет көрсетуге жауапты орган - мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiне немесе оның кез келген учаскесiне техникалық қызмет көрсету функциясын атқару мақсатымен осы Келiсiмге сәйкес құрылған немесе таңдап алынған заңды тұлға немесе заңды тұлғалар тобы.
      ҮІІІ. Пайдалану - тиiсті ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiнiң тұрақты, үздiксiз, тиiсiнше және тиiмдi жұмыс iстеуі үшiн қажеттi барлық қызмет түрлерi.
      IХ. Пайдаланушы орган - мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесін пайдалану үшін осы Келiсiмге сәйкес тағайындалған немесе таңдап алынған заңды тұлға немесе заңды тұлғалар тобы.
      Х. Басқа мүдделi заңды тұлғалар, осы Келiсiмнiң 3 және 6 баптарында аталып өтiлетін термин - осы Келiсiмнiң 13-бабында сипатталған өкілеттi құзыреттi органдар.
      ХI. Қатысушы Тараптар - аумақтары арқылы осы Келiсiмге сәйкес құрылған мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесi өтетiн Тараптар.
      ХII. Дағды мен дәстүр, кiрiспе мен 3-бапта аталып өтiлетiн терминдер - өнеркәсiптiң немесе рыноктың белгiлi бiр саласы шеңберiнде нақты техникалық, коммерциялық және қаржылық қызмет жүргiзудiң өнеркәсiптің немесе рыноктың сондай саласында жұмыс iстейтiн мамандары белгiлеген және жалпылай қабылдаған нысандары мен әдiстерi.
      ХIII. Жоба - осы Келiсiмге сәйкес жасалған мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесi шеңберiнде жоспарланатын немесе қабылданатын нақты қызмет немесе қызмет түрлерi.
      ХIY. Жобаны басқару - мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн сауықтыру немесе салу жөнiндегi бүкiл жобаны жүзеге асыру үшiн қажет, инженерлiк қызмет көрсетумен, жабдықтаумен, техникалық қадағалаумен және бақылау жасаумен, құрылыс жұмыстарына басшылық етумен және жұмыс кестесiне, сапа мен шығынға қойылатын талаптарға сәйкес мұндай жобаға мердiгерлiк берумен байланысты іс-қимылдарды қадағалауды және үйлестiрудi жүзеге асыратын жауапты көпбейiндi топ жұмысын жұмылдыру.
      ХY. Жобаны басқару жөнiндегi орган - жобаны басқару функциясын орындау үшiн осы Келiсiмге сәйкес тағайындалған немесе iрiктелген заңды тұлға немесе заңды тұлғалар тобы.
      ХYI. Жобаны басқару жөнiндегi орган және Пайдаланушы орган - осы Келiсiмнiң 6-бабының 2-тармағына сәйкес жобаны басқару (жоба аяқталғанға дейiн) және жобаны пайдалану (ол аяқталғаннан кейiн) жөнiндегі екiұдай функция бiр заңды тұлғаға немесе заңды тұлғалар тобына тапсырылмаған болса, осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес қағидатында жобаның түрлi екi ширегiнде - жүзеге асыру мен пайдалануға қатысатын түрлi екi орган болып табылуы мүмкiн.
      ХYII. Хаттама немесе Хаттамалар - осы Келiсiммен белгiленген негiзгi қағидаттарға, ережелерге және рәсiмдерге сәйкес осы Келiсiм шеңберiнде және оны жүзеге асыру барысында екi немесе одан көп Тараптар арасында жасалған және кейiн оған тiркелген кез келген кейiнгi келiсiм немесе келiсiмдер.
      ХYІІІ. Сауықтыру - мұнай мен газды тасымалдаудың қолда бар кез келген мемлекетаралық жүйесiн немесе сондай жүйенiң кез келген учаскесiн қалпына келтiру, қайта жаңғырту, жөндеу, ұлғайту немесе жетiлдiру.
      ХIХ. Шектi Келiсiм - оның жүзеге асуы үшін, сондай-ақ осы Келiсiммен белгiленген институционалдық негiздер шеңберiнде жұмыс істейтiн кез келген үшiншi тараптарды қорғау үшiн негiзгi қағидаттарға, ережелер мен ресiмдерге қатысты қажеттi құрылымды белгiлейтiн осы Келiсiм.
      2. Осы Келiсiмдегi тақырыпшалар сiлтемелер жасауды жеңiлдетуге арналған және осы Келiсiм ережелерiне түсiнiк берiлуiне ықпал етпейдi.
 
                               1-бап
                         Жалпы мiндеттемелер
 
      Тараптар мұнай мен газды тасымалдаудың жұмыс iстеп тұрған жүйелерiн сауықтыру, қажет жерлерде мұнай мен газды тасымалдаудың жаңа мемлекетаралық жүйелерiн салу, сондай-ақ сол жүйелердi пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсету жолымен мұнай мен газды тасымалдаудың бiр немесе одан да көп мемлекетаралық жүйелерiн өзара қолайлы шарттар негiзiнде құру мақсатында ынтымақтасатын болады.
 
                                2-бап
                            Қолдану саласы
 
      1. 1-бапты жүзеге асыру үшiн Тараптар жұмыс істеп тұрған немесе салынып жатқан, өз аумағы арқылы өтетiн осы Келiсiмге сәйкес құрылатын, қызмет көрсетiлетiн және пайдаланылатын мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйелерiнiң қандай учаскелерiн мұнай мен газды тасымалдаудың бiр немесе одан көп мемлекетаралық жүйелерiне бiрiктiргiсi келетiнiн, сондай-ақ жоғарыда аталған мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйелерiнiң құрамдас бөлiктерi ретiнде өз аумағында қандай жаңа учаскелер салуға, қызмет көрсетуге және пайдалануға келісетiнiн жеке Хаттамада белгiлеу үшiн басқа Тараптармен екi жақты және (немесе) көпжақты келiссөздер жүргiзуге немесе жүрiп жатса әрі жалғастыруға келiседi.
      2. Осы Келiсiмге сәйкес жасалған мұнай мен газды тасымалдаудың екi және одан көп мемлекетаралық жүйелерi арасында жалғастыру буындарын жасауға нұқсан келтiрмейтiн мұндай көлiк жүйелерi дербес жобалар деп қаралатын болады, оларды әзiрлеу, қаржыландыру, сауықтыру, салу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану түрлi техникалық, коммерциялық, қаржы және экологиялық мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылатын болады. Әрбiр Тарап екiншi Тараптармен мұнай мен газды тасымалдаудың бiрден көп мемлекетаралық жүйесiн жасау туралы келiсе алады.
 
                                3-бап
                              Пайдалану
 
      1. 7-баптың 2-тармағына нұқсан келтiрмейтiндей және осы Келiсiмге сәйкес құрылған мұнай мен газды тасымалдаудың кез келген мемлекетаралық жүйесiнiң тиiмдi жұмыс істеуiн қамтамасыз ететiн ереженi көздеу қажет екенiне назар аудара отырып, кез келген мұндай жүйенi пайдалану, тараптардың келiсiмi бойынша, келiссөз жолымен талқыланатын және Қатысушы Тараптармен және, егер бұл орынды болса, басқа да мүдделi заңды тұлғалармен келiсiлетiн қағидаттарға, нормалар мен рәсiмдерге сәйкес құрылатын немесе сайланатын ортақ Пайдаланушы органға тапсырылуы мүмкiн.
      2. Пайдаланушы орган Қатысушы Тараптармен және, егер орынды болса, соған сәйкес пайдаланылуға тиістi қағидаттары мен нормаларын белгiлейтiн басқа да мүдделi заңды тұлғалармен осы Тараптар жасаған мемлекетаралық мұнай және газ тасымалдау жүйесiн пайдалану туралы ортақ Келiсiм жасай алады.
      3. 7-бапқа нұқсан келтiрiлмейтiндей және осы Келiсiмге қоса тiркелген кейiнгi Хаттамада басқадай көзделмеген болса, Пайдаланушы орган, нақты келiсiмге сәйкес осындай көлiк қызметтерiне құқығы бар мұнай мен газды жеткiзушiлерге және (немесе) сатып алушыларға және кез келген басқа да заңды тұлғаларға мұнай және газ өнеркәсiбiнiң халықаралық стандарттарын сақтай отырып мұнай және газ тасымалы туралы келiсiмдерге сәйкес ерекше көлiк қызметiн көрсете алады.
 
                              4-бап
                  Сауықтыру және құрылыс салу
 
      1. Егер осы Келiсiмде басқаша тiкелей көзделмеген болса, әрбiр қатысушы Тарап мұнай мен газды тасымалдаудың екi немесе одан көп мемлекетаралық жүйесін құруға қатысты бiр немесе бiрнеше Тараптардың шешiмiн iске асыру кезiнде мұнай мен газды тасымалдаудың өз аумағын кесiп өтетiн қолда бар мемлекетаралық жүйесiн сауықтыру және осы Тараптың аумағында қолданылатын ұлттық заңдарға, ережелерге және нормативтiк кесiмдерге сәйкес оның аумағын кесiп өтетiн қандай да болсын мұнай мен газды тасымалдаудың жаңа мемлекетаралық жүйесiн салу құқығын өзiнде сақтайды.
      2. 1-тармақ ережелерi Тараптарды өзге қатысушы Тараптармен мұнай мен газды тасымалдаудың олардың аумағын кесiп өтетiн мемлекетаралық жүйесi учаскелерiн сауықтыру және салу туралы басқа да келiсiм жасасу құқығынан айырмайды. Осы мақсатпен екі немесе одан көп Тараптар өз аумағы шегiнде орналасқан объектiлердi жобалау, сауықтыру және салу жұмыстарын жүргізудi заңды тұлғаға немесе қатысушы Тараптардың бiрлескен шешiмiне сәйкес құрылған немесе таңдап алынған заңды тұлғалар тобына тапсыруға шешiм қабылдай алады.
      3. 1 және 2-тармақтарға сәйкес мұнай мен газды тасымалдаудың бiр және одан көп мемлекетаралық жүйелерiнiң мемлекетiшiлiк учаскелерiн сауықтыру мен салуға келiсiмшарт жасасу кезiнде мұнай мен газды тасымалдаудың бiр және одан көп мемлекетаралық жүйелерiнiң техникалық бiртектiлiгiн және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында ондай қатысушы Тараптар олармен келiсiлген мұнай және газ өнеркәсiбiнде халықаралық көлемде танылған деп табылатын техникалық ерекшелiктердi қолдануға келiседi.
 
                                5-бап
                      Техникалық қызмет көрсету
 
      1. 4-бап ережелерi мұнай және газ тасымалдаудың бiр немесе одан көп мемлекетаралық жүйелерiнiң осы Келiсiмге сәйкес сауықтырылған немесе жаңадан салынған учаскелерiне техникалық қызмет көрсетiлуге бiрдей дәрежеде таратылады.
      2. 3-баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес, ортақ пайдаланушы орган осы Келiсiмге сәйкес құрылған мұнай және газ тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн пайдаланған жағдайда және мұндай жүйеге техникалық қызмет көрсету заңды тұлғаға немесе 3-бапта көзделгендей, ортақ пайдаланушы органның құрамына кiрмейтiн заңды тұлғалар тобына тапсырылған болса, заңды тұлға немесе мұндай көлiк жүйесiне техникалық қызмет көрсетiлуi үшiн жауапты заңды тұлғалар тобы осы бап негiзiнде жасалатын Техникалық қызмет көрсету туралы келiсiмде және 3-баптың 2-тармағында көзделген Бiрлесiп пайдалану туралы келiсiмде тiкелей белгiленуге тиiс екенiндей, ортақ Пайдалану органының бақылауымен және қадағалауымен жұмыс істейдi.
 
                               6-бап
                          Жобаны басқару
 
      1. Осы Келiсiмге сәйкес мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн жасау туралы олардың шешiмдерiн орындау кезiнде Қатысушы Тараптар және, егер бұл орынды болса, басқа да мүдделi заңды тұлғалар жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу, осындай мұнай және газ тасымалдау жүйесiн сауықтыру мен салуды жобалау және қадағалау үшiн толық жауапкершiлiктi қатысушы Тараптар және, егер орынды болса, басқа да мүдделi заңды тараптар келiссөз жолымен талқылайтын және келiсетiн өзара жарамды қағидаттарға, нормалар мен рәсiмдерге сәйкес Қатысушы Тараптар және, егер орынды болса, басқа да мүдделi заңды тараптар құратын немесе таңдайтын жобаны басқару жөнiндегi ортақ органға жүктей алады.
      2. 7-баптың 2-тармағы ережелерiне нұқсан келтiрмей Қатысушы Тараптардың және, егер орынды болса, басқа да мүдделi заңды тараптардың жобаны басқару жөнiндегi органның функцияларын 3-баптың 1-тармағында көзделген ортақ пайдаланушы органға беруiне ешнәрсе бөгет болмайды.
 
                               7-бап
               Жобаны жүзеге асырудың бiрлескен нысандары
 
      Осы Келiсiмге сәйкес қандай да болсын жеке мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн жасауға қойылатын нақты техникалық, коммерциялық және қаржы талаптарын ескере отырып, Қатысушы Тараптар 3-6 баптарда жеке ескерiлген екi және одан көп функцияларды заңды тұлғаға немесе Қатысушы Тараптар құрған немесе таңдап алған заңды тұлғалар тобына беру туралы келiсе алады, олар:
      а) 5-баптың 1-тармағымен тiркестегi 4-баптың 2-тармағында сауықтыру (салу) және техникалық қызмет көрсету функциялары бойынша;
      б) 5-баптың 2-тармағымен тiркестегi 3-баптың 1-тармағында техникалық қызмет көрсету және пайдалану функциялары бойынша;
      в) 6-баптың 2-тармағында жобаны басқару мен пайдалану функциялары бойынша;
      г) 5-баптың 2-тармағымен тiркестегi 6-баптың 2-тармағында жобаны басқару, пайдалану және техникалық қызмет көрсету функциялары бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі сипатталған.
      2. Тараптар осы Келiсiмге сәйкес мұнай мен газды тасымалдаудың бiр немесе одан көп мемлекетаралық жүйелерiн жасау туралы олардың шешiмдерiн iске асыру мақсатында жобаны жүзеге асырудың, оның iшiнде бiрлесiп пайдаланудың кез келген басқа бiрлескен нысанын бекiте алады.
 
                              8-бап
         Тараптардың ерекше заңдық иелiгіне жатқызылатын мәселелер
 
      1. Осы Келiсiмге сәйкес мұнай мен газды тасымалдаудың бiр және одан көп мемлекетаралық жүйелерiн жасау туралы шешiмдi iске асыру барысында Қатысушы Тараптар жеке хаттама жасау жолымен әрбiр Қатысушы Тараптардың ерекше заңдық иелiгiн өз аумағында, сондай-ақ олардың аумағында іс-қимыл жасайтын жеке және заңды тұлғаларға, әлеуметтiк қорғауды, еңбек заңын, құрылыс жөніндегі нұсқаулықты, лицензиялау рәсiмдерiн, қауiпсiздiк және денсаулық сақтау шараларын, қазыналық және кедендiк мәселелердi, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi заңды қамтитын, бiрақ олармен шектелмейтiн, осы Келiсiмге сәйкес жасалған мемлекетаралық мұнай және газ тасымалдау жүйелерiнiң мемлекетiшiлiк учаскелерiн жобалауға, қаржыландыруға, сауықтыруға, салуға, техникалық қызмет көрсетуге және пайдалануға байланысты мәселелер жөнiндегi қолдануға қатысты мәселелердi реттейтiн ережелердi белгілейді.
      2. Егер осы Келiсiмде немесе оған қосымша тiркелген кейiнгi Хаттамаларда басқаша тiкелей көзделмеген болса, бiрде-бiр Тарап осы Келiсiмдi және кейiн оған қосымша тiркелген Хаттамаларды iске асыру мақсатымен өзiнiң ұлттық заңын осы Келiсiм мен кейiн оған қосымша тiркелген Хаттамалар күшiне енгеннен кейiн осы Келiсiмге және кейiн оған қосымша тiркелетiн Хаттамаларға сәйкес жасалған мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн жобалауға, сауықтыру, салу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану жағдайларын мұндай заң нашарлататындай шамада өзгертпейтін болады.
      3. Тараптар осы Келiсімге кейiн қосымша тiркелген Хаттама көмегiмен өкiлеттi Мемлекетаралық комитет құру мақсатында ынтымақтасады, ол Қатысушы Тараптардың атынан және олардың мүдделерi жолында өздерiнiң осы Келiсiмге сәйкес мұнай мен газды тасымалдаудың бiр және одан көп мемлекетаралық жүйелерін жасау туралы шешiмiнің орындалуына бақылау жасайтын болады.
      4. Тараптар осы Келiсiмге кейiн қосымша тiркелетін Хаттама көмегiмен осы Келiсімге сәйкес жасалған мұнай мен газ тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiнің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оларды табиғат апаты, жер сiлкiнiсi, радиоактивті немесе химиялық улану, азаматтық тәртiпсiздiктер, террорлық немесе астыртын әрекеттер, қылмысты түрде нұқсан келтiру сияқты және басқа да осындай оқиғалардан қорғау үшiн әрбiр мүдделi Тараптың үкiметтерi өз аумағы шегiнде жасайтын барлық қадамдарды, шараларды және бiрлескен әрекеттердi үйлестiретiн өкiлеттi Төтенше комитет құру мақсатында ынтымақтасады. Мұндай оқиғаларды, сондай-ақ Төтенше комитеттiң функциялары мен өкiлеттiктерiн мүдделі Тараптар осы Келiсiмге сәйкес жасалған мұнай және газ тасымалдаудың әрбiр жеке мемлекетаралық жүйесi үшiн белгiлейтiн болады.
      5. Осы Келісiмге кейiн қосымша тiркелетiн Хаттамалар осы Келiсiмнің ажырамас бөлiгi болып табылады және осы Хаттамаларға қол қойған Тараптар үшiн ғана күшiнде болады.
 
                              9-бап
                     Қоршаған ортаны қорғау
 
      Осы Келiсiмдi жүзеге асыру барысында Тараптар БҰҰ-ның климатты өзгерту жөнiндегi Шектi Шартының Киот Хаттамасымен және Энергетикалық Хартияның энергия тиiмдiлігі мен тиiстi экологиялық аспектiлер жөнiндегi Хаттамасымен жарияланғандай халықаралық нормаларға сәйкес, жергiлiкті экологиялық жағдайларды ескере отырып, іс-қимыл жасайтын ортақ институттар құруға және қоршаған ортаны осы Келiсiмге сәйкес жасалған мұнай мен газды тасымалдаудың бiр және одан көп мемлекетаралық жүйелерiн жобалау, сауықтыру, салу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану нәтижесiнде пайда болған кез келген терiс ықпалдардан қорғауға бағытталған ортақ саясатты жүзеге асыруға бағытталған неғұрлым тығыз үкiметаралық ынтымақтастықты дамытуға келiседi.
 
                             10-бап
                     Ұлттық заңдарға енгiзу
 
      1. Осы Келiсiмге қатысушы Тараптар осы Келiсiм ережелерiн өздерiнiң ұлттық заңдарына қосу мен енгiзу үшiн қажеттi барлық шараларды қолданады.
      2. Егер осы Келiсiмге кейiнгі қосымша ретiнде жеке Хаттама қабылдануы осы Келiсiмде көзделген немесе жорамалданған болса, ондай Хаттама немесе Хаттамалар келiссөз жолымен талқыланады және олар Қатысушы Тараптармен осы Келiсiм шеңберiнде әзiрленетiн кез келген жеке жобаны жүзеге асыруға қойылатын нақты талаптар ескерiле отырып келiседi. Мұндай Хаттаманы немесе Хаттамаларды Қатысушы Тараптардың ұлттық заңдарына қосу мен енгiзу олардың Конституциялары мен заңдарының тиiстi ережелерiне сәйкес iске асырылады.
      3. Тарап осы Келісiм және кейiн оған қосымша тiркелген Хаттама бойынша өз мiндеттемелерiн орындамауын ақтау ретiнде өзiнiң ұлттық заңдарының ережелерiне сiлтеме жасай алмайды.
 
                             11-бап
               Мiндеттемелердi орындаудың мемлекеттік
                   және мемлекетаралық кепiлдiктерi
 
      Әрбiр Тарап осы Келiсiм және кейiн оған қосымша тiркелген Хаттамалар бойынша барлық басқа Тараптар жөнiндегi, сондай-ақ осы Келiсiмге сәйкес жасалған мұнай және газ тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн жобалауға, сауықтыруға, салуға, қаржыландыруға, пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге осы Тараппен келiсiм-шарт немесе келiсiм жасасатын кез келген үшiншi тарап жөнiндегi өз мiндеттемелерiнiң тиiсiнше және дер кезiнде орындалатынына кепiлдiк бередi.
 
                              12-бап
                          Дауларды реттеу
 
      Осы Келiсiмдi және кейiн оған қосымша тiркелген Хаттамаларды түсiндiру мен іске асыруға қатысты Тараптар арасында пайда болатын кез келген даулар, сондай-ақ осы Келiсiмге қатысушы Тарап пен кез келген үшiншi тарап арасында осы Келiсiмдi және кейiн оған қосымша тiркелетiн Хаттамаларды жүзеге асыру мақсатында жасалған кез келген келiсiм-шарт пен келiсiмдi түсiндiру мен iске асыруға қатысты осы Келiсiмге қатысушы Тарап пен кез келген үшiншi тарап арасындағы қандай да болсын даулар осы Келiсiмге қатысушы Тараптар әзiрлейтiн бөлек Хаттамада көзделген ережелерге сәйкес шешiлуi тиiс.
 
                              13-бап
                     Өкілетті құзыретті органдар
 
      1. Әрбiр Тарап ұлттық органды, агенттiктi, мемлекеттiк кәсiпорынды немесе iшкi заңдарға және нормативтiк кесiмдерге сәйкес осы Келiсiмнiң ықпалына түсетiн әрбiр секторда (мұнай және газ) осы Келiсiмнiң жүзеге асырылуы үшiн жауапты болатын кез келген өзге тұлғаны тағайындайды және ол туралы басқа Тараптарды хабардар етедi.
      2. Тараптар осы Келiсiмдi және кейiн оған қосымша тiркелетiн Хаттамаларды орындау мақсатында сол органдар өздерiне қабылдайтын мiндеттемелердi өз міндеттемелері ретiнде қабылдайды және оларға кепiлдік бередi.
 
                             14-бап
               Басқа халықаралық шарттарға қатынас
 
      1. Осы Келiсiм ережелерi Тараптарды мұнай және газ тасымалдау

 

секторындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзге де нысандарын қолдану

құқығынан айырмайды.

     2. Осы Келісiм ережелерiн мұнай және газ тасымалдау саласындағы кез

келген күшiндегі басқа халықаралық шарттарды, сондай-ақ Тараптар мен басқа

мемлекеттер арасында жасалған қатыспайтын мемлекеттерден шыққан шетелдiк

инвестицияларды қорғау соларға жәрдемдесу және солармен жұмыс істеу

мақсатын iшiнара және толық көздейтiн басқа да халықаралық шарттарды осы

Келiсiмге қатысушы Тараптар аумағында өзгертетiн немесе олардың күшiн

тоқтататын ережелер деп түсiндiруге болмайды.


                             15-бап

                       Қорытынды ережелер


     1. Осы Келiсiм - мерзiмсiз болып табылады.


 
       2. Осы Келiсiм қол қою үшiн 1999 жылғы 22 шiлдеден бастап 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн ашық. Осы Келiсiмдi оған қол қойған мемлекеттердiң парламенттерi немесе басқа өкiлетті органдары бекiтуi тиiс. Бекiту грамоталары Депозитарийге сақтауға өткiзiледi. Осы Келiсiм Депозитарийi болып Украина Yкiметi тағайындалады.
      3. Осы Келiсiм үшiнші бекiту грамотасын осы Келiсiмге қол қойған Мемлекет сақтауға берген күннен бастап отызыншы күнi күшiне енедi. Осы Келiсiм қосылуға ол қол қою үшiн жабылған күннен бастап ашық. Қосылу туралы құжаттар Депозитарийге сақтауға берiледi. Бекiту грамоталарын немесе қосылу туралы құжаттарды осы Келiсiм күшіне енгеннен кейiн беретiн әрбiр Тарап үшiн бұл Келiсiм олар Депозитарийге ұсынылғаннан кейiн күшiне енеді.
      4. Осы Келiсiм халықаралық құқықтың жалпы қағидаттарымен қоса алғанда халықаралық шарттар құқығы жөнiндегi Вена Конвенциясымен реттеледi.
 
                              16-бап
                     Мәтiндердiң бірдейлiгі
 
      Жоғарыда айтылғандарды қуаттау ретiнде төменде қол қойғандар, бұған тиістi дәрежеде өкілеттi бола отырып, ағылшын тiлiнде және әрбiр Тараптың мемлекеттiк тiлiнде осы Келiсiмге қол қойды. Келiспеушiлiктер болған жағдайда ағылшын тiлiндегi мәтiн басым болады. Осы Келiсiм депозитарийге сақтауға берiледi және оның мұрағаттарында сақталады. Осы келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекет депозитарийден осы Келiсiмнiң шын көшiрмесiн алады. Осы Келiсiмнiң депозитарийi осы Келiсiмнiң бiрдей көшiрмесiн тең шамада Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тiркеу үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына беруге мiндеттi.

 

     Бiр мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылғы шiлде айының жиырма екiншi

жұлдызында Киевте жасалды.


     Армения Республикасы


     Әзiрбайжан Республикасы


     Беларусь Республикасы


     Болгария Республикасы


     Грузия


     Қазақстан Республикасы


     Қырғыз Республикасы


     Молдова Республикасы


     Румыния


     Тәжiкстан Республикасы


     Түрiкменстан Республикасы


     Украина


     Өзбекстан Республикасы


     Бір мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылғы қыркүйек айының он тоғызыншы

жұлдызында Бухаресте қол қойылды.


     Албания Республикасы


     Хорватия Республикасы


     Бір мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылғы қазан айының сегізінші

жұлдызында Скопьеде қол қойылды.


     Македония Республикасы


     Бір мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылғы желтоқсан айының отызыншы 

жұлдызында Киевте қол қойылды.    


     Белоруссия Республикасы



 
       Мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесін құрудың институционалдық негіздері туралы шекті келісім жөніндегі Әзірбайжан Республикасының айтқаны
 
      1. Әзірбайжан Республикасы Мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесін құрудың институционалдық негіздері туралы шекті келісімде келтірілген құқықтардың, міндеттемелер мен ережелердің бірде-біреуі және кейіннен оған тіркелген хаттамалар, егер де Армения Республикасы кіру, транзит аумағы немесе мұндай жүйелерге арналған жер болып табылса, мұнай мен газды тасымалдаудың өз аумағын кесіп өтетін жүйесін құруға, сауықтыруға, құрылысын салуға, техникалық қызмет көрсетуге және пайдалануға қатысты қолданылмайтынын осымен мәлімдейді.
      2. Әзірбайжан Республикасы осы қордалаудың 1-тармағының ережесіне кез

 

келген уақытта өзгеріс енгізу немесе жоққа шығару құқығын өзіне қалдырады

және мұндай өзгерістермен жоққа шығару туралы басқа тараптарды

жазбаша нысанда хабардар ететін болады.


     Әзірбайжан Республикасының

     Премьер-Министрі  


     Бұл құжат нөмірленген, мөрмен бекітілген 12 беттен тұрады.


     Мен бұл Мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесін құрудың

институционалдық негіздері туралы шекті келісімнің дәл көшірмесі екенін

растаймын.


     Шарттық-құқықтық басқарма бастығы


     Киев қаласы 08.02.2000 ж.




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қобдалиева Н.М.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады