"Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 қаңтар N 27

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен

иммунитеттері туралы конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы

Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына

енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                       Жоба


                    Қазақстан Республикасының Заңы


        Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен

              иммунитеттері туралы конвенцияны бекіту туралы


     2001 жылғы 31 мамырда Минск қаласында жасалған Еуразиялық

экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы

конвенция бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті




         Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен

                    иммунитеттерi туралы конвенция



 
       Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжiкстан Республикасы,
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың өзiнiң мақсаттары мен мiндеттерiн тиiмдi орындау үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге тiлек бiлдiре отырып,
      халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шарттың 16-бабының ережелерiн ескере отырып, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шартта және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберiнде қолданылып жүрген шарттарда көзделген функцияларды орындау және мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi артықшылықтар мен иммунитеттердi Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен оның лауазымды тұлғаларының пайдаланатындығына орай,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 
                                1-бап
 
      Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн төменде келтiрiлген терминдер мынаны бiлдiредi:
      "Шарт" - 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында қол қойылған, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шарт;
      "ЕурАзЭҚ" немесе "Қоғамдастық" - Еуразиялық экономикалық қоғамдастық;
      "мүше мемлекет" - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мүше мемлекетi;
      "болу мемлекетi" - аумағында Қоғамдастық органы немесе оның өкiлдiгi орналасқан мемлекет;
      "ЕурАзЭҚ органдары" немесе "Қоғамдастық органдары" - Шарттың 3-бабына сәйкес құрылған Мемлекетаралық Кеңес (Мемаралықкеңес), Интеграциялық Комитет, Парламентаралық Ассамблея, Қоғамдастық Соты;
      "өкiлдiк" - ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Қоғамдастыққа мүше мемлекеттегi өкiлдiгi;
      "Бас Хатшы" - Қоғамдастықтың жоғары әкiмшiлiк лауазымды тұлғасы;
      "лауазымды тұлғалар" - Мемлекетаралық Кеңес тiзбесiн белгiлейтiн, әрбiр мүше мемлекет үшiн бекiтiлетiн лауазымдар квоталарына сәйкес ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң ұсынуы бойынша Қоғамдастықтың органдары бекiтетiн тұлғалар;
      "қызметкерлер" - ЕурАзЭҚ органдарында олармен жасасқан келiсiм-шарттар негiзiнде мамандар ретiнде жұмыс iстейтiн адамдар;
      "Тұрақты өкiл (Тұрақөкiл)" - жiберушi мемлекет осы сипатта жұмыс iстеуге мiндет жүктеген адам;
      "Тұрақөкiлдiктің қызметкерлерi" - техникалық қызметшiлердi және қызмет көрсетушiлердi қоспағанда, Тұрақты өкiлдiктiң қызметкерлер құрамы;
      "ЕурАзЭҚ органдарының үй-жайлары" - ЕурАзЭҚ-тың ресми мақсаттары, сондай-ақ Қоғамдастықтың Бас Хатшысы мен лауазымды тұлғалары тұру үшiн пайдаланылатын ғимараттар немесе ғимараттардың бөлiктерi;
      "Тұрақөкiлдiктiң үй-жайлары" - Тұрақөкiлдiктiң ресми мақсаттары, сондай-ақ ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiктiң Тұрақты өкiлiнiң және қызметкерлерiнiң тұруы үшiн пайдаланылатын ғимараттар немесе ғимараттардың бөлiктерi;
      "мүше мемлекеттердiң өкiлдерi" - ЕурАзЭҚ органдарына мүше мемлекеттердiң өкiлдерi, осы органдардың мәжiлiстерiне және Қоғамдастық шеңберiнде өткiзiлетiн iс-шараларға мүше мемлекеттер жiберетiн делегациялардың басшылары және мүшелерi;
      "отбасы мүшелерi" - Бас Хатшының, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғаларының және қызметкерлерiнiң, ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдiктiң Тұрақты өкiлiнiң, қызметкерлерiнiң ерi (зайыбы), олардың асырауындағы кәмелетке толмаған балалар мен адамдар.
 
                              2-бап
 
      Қоғамдастықтың Бас хатшысы, оның органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi халықаралық қызметкерлер болып табылады. Қызмет бабындағы мiндеттерiн орындау кезiнде олар Тараптардың өкiмет органдарына немесе ресми адамдарына, сондай-ақ Қоғамдастық үшiн бөгде өкiмет орындарына сұрау салуға немесе олардан нұсқаулар алуға тиiстi емес.
      Тараптардың әрқайсысы Қоғамдастық органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi функцияларының халықаралық сипатын бұлжытпай құрметтеуге және олардың қызмет бабындағы мiндеттерiн орындау кезiнде оларға ықпал жасамауға мiндеттенедi.
 
           I. Қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері
 
                               3-бап
 
      Қоғамдастық органдарының мүлкi мен активтерi Қоғамдастықтың өзi иммунитеттен бас тартатын жағдайларды қоспағанда, кез келген нысандағы әкiмшiлiк немесе соттық араласуда иммунитеттi пайдаланады.
      ЕурАзЭҚ органдарының үй-жайлары, сондай-ақ оның мұрағаттары мен құжаттары, оның iшiнде қызмет бабындағы хат-хабарлары, олардың орналасқан орнына қарамастан тiнтуден, реквизициядан, тәркiленуден немесе оның қалыпты қызметiне кедергі келтiретiн араласудың кез келген нысанынан босатылады.
      Болу мемлекетiнiң тиiстi билiк және басқару органдарының өкiлдерi Бас Хатшының немесе ЕурАзЭҚ органы басшысының келiсiмiнсiз және олар мақұлдаған шарттарсыз Қоғамдастық органдарының үй-жайларына кiре алмайды.
      Болу мемлекетiнiң тиiстi билiк және басқару органдарының шешiмi бойынша Қоғамдастық органдарының үй-жайларында кез келген iс-әрекеттi орындау Бас Хатшының немесе ЕурАзЭҚ тиiстi органы басшысының келiсiмiмен ғана орын алуы мүмкiн.
      ЕурАзЭҚ органдарының үй-жайлары Тараптардың кез келгенiнiң заңдары бойынша қудаланатын немесе мүше мемлекетке не үшiншi мемлекетке берiлуге тиiс адамдар үшiн баспана қызметiн атқара алмайды.
      Қоғамдастық органдарының үй-жайларына қол сұқпаушылық оларды ЕурАзЭҚ функцияларына немесе мiндеттерiне сыйыспайтын немесе Тараптардың қауiпсiздiгiне, олардың жеке немесе заңды тұлғаларының мүдделерiне нұқсан келтiретiн мақсаттарға пайдалануға құқық бермейдi.
      Болу мемлекетi кез келген басып кiруден немесе нұқсан келтiруден ЕурАзЭҚ үй жайларын қорғау үшiн тиiстi шаралар қабылдайды.
 
                                4-бап
 
      ЕурАзЭҚ органдары қызмет көрсетудiң (қызметтердiң) нақты түрлерi үшiн төлем болып табылатындарды қоспағанда, болу мемлекетiнiң аумағында алынатын тiкелей салықтар мен алымдардан, баждардан және басқа да төлемдерден босатылады.
      ЕурАзЭҚ органдарының және оның өкiлдiктерiнiң ресми пайдалануына арналған заттар мен өзге де мүлiктер мүше мемлекеттерде кедендiк баждар, салықтар және осыған байланысты алымдар салудан босатылады, бұған осыған арналған белгiлi орындардан тыс сақтау, кедендiк ресiмдеу немесе тиiстi кедендiк органның жұмыстан тыс уақыты және халықаралық ұйымдар үшiн

 

көзделген тәртiппен қызмет көрсетудiң осындай түрiнiң жұмыстан тыс

уақытысы үшiн алынатын алымдар қосылмайды.


                                5-бап


     Қоғамдастық органдары мен өкiлдiктерi өздерiнiң ресми байланыс

құралдарына қатысты дипломатиялық миссияларға болу мемлекетi ұсынатыннан

қолайлылығы кем емес шарттарды пайдаланады.


                                6-бап


     ЕурАзЭҚ органдары өздерi орналасқан үй-жайларда және оларға тиесiлi

автокөлiк құралдарында Қоғамдастықтың жалауын, эмблемасын немесе басқа да

рәмiздерiн орналастыра алады.


                                 7-бап


     Мүше мемлекеттердiң заңнамаларын сақтаған жағдайда Қоғамдастық өзiнiң

мақсаттары мен функцияларына сәйкес жарияланымы ЕурАзЭҚ органдарының

шешiмдерiмен көзделген баспасөз өнiмдерiн шығара алады және тарата алады.


                                 8-бап


     Болу мемлекетi, Қоғамдастыққа оның функцияларын жүзеге асыру үшін

қажетті үй-жайлар сатып алуда немесе алуда Қоғамдастыққа жәрдем көрсетедi.


                                 9-бап


     Қоғамдастық сот әдiлдiгiн тиiстi түрде іске асыру және құқық қорғау

органдары ұйғарымдарын орындау мақсатында мүше мемлекеттердiң тиiстi

билiк органдары және басқармаларымен тұрақты ынтымақтастықты, сондай-ақ

осы Конвенциямен көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерге байланысты кез

келген терiс пайдаланушылықтарды болдырмауды жүзеге асырады.


       ІІ. Бас хатшының, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды адамдары

         мен қызметкерлерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттері


                                 10-бап



 
       Бас хатшы және онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, егер олар болу мемлекетiнiң азаматтары болып табылмаса, дипломатиялық агент үшiн 1961 жылғы 18 сәуiрдегi Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
 

                                  11-бап



 
 
       Қоғамдастықтың лауазымды тұлғалары және олармен бiрге тұратын олардың отбасылары мүшелерi:
      а) олардың лауазымды тұлғалар ретiнде айтқан немесе жазған және жасаған барлық iс-әрекеттерi үшiн қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға жатпайды;
      ә) Қоғамдастық төлейтiн жалақы мен өзге де сыйақылар салық салудан босатылады;
      б) мемлекеттiк борыштан босатылады;
      в) иммиграция бойынша шектеулерден және шетелдiктер ретiнде тiркеуден босатылады;
      г) осы үшiн белгіленген орындардан тыс жерде немесе тиiстi кедендiк органның жұмыс уақытынан тыс кезде тасымалдағаны, сақтағаны кедендiк ресiмдегенi және осы тәрiздес қызметтер үшiн алымдарды қоспағанда, алғашқы орналасуға арналған заттар мен өзге де мүлiк кедендiк баждардан, салықтар мен оған байланысты алымдарды төлеуден босатылады;
      ғ) репатриация бойынша халықаралық дағдарыстар кезiнде дипломатиялық өкiлдiктер пайдаланатындай артықшылықтарды пайдаланады.
      Болу мемлекетiнiң азаматы болып табылатын немесе онда тұрақты тұратын лауазымды тұлғаларға "ә" тармағының күшi жүрмейдi.
      Болу мемлекетiнiң азаматы болып табылатын немесе онда тұрақты тұратын лауазымды тұлғаларға, сондай-ақ олармен бiрге тұратын олардың отбасылары мүшелерiне "г" тармағының күшi жүрмейдi.
 

                                12-бап



 
 
       Бас хатшы, қоғамдастық органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi, ғылыми, шығармашылық және оқытушылық қызметтердi қоспағанда, жеке басының пайдасын немесе басқа тұлғалардың пайдасын көздеп коммерциялық немесе кез келген басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
      Осы Конвенцияның 10-шы және 11-баптарына сәйкес болу мемлекетiнде салық салынудан босатылатын адамдар, егер, олар осы бапта көрсетiлген қызмет арқылы табыс тауып отырған болса, онда осындай қызметтен алынатын жиынтық табысын мәлiмдейдi және одан болу мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес салықтар төлейдi.
 

                                13-бап



 
 
       Бас хатшы, қоғамдастықтың лауазымды тұлғалары кез келген көлiктiк құралдарды пайдалануға байланысты үшiншi тұлғаларға келтiрiлуi мүмкiн зардаптан сақтандыруға қатысты болу мемлекетiнiң заңдары мен ережелерiнде көзделген талаптарды бұзбауы тиiс.
 

                                14-бап



 
 
       Қоғамдастық органдарының қызметкерлерi өздерiнiң тiкелей қызметтiк функцияларын орындау кезiнде жасаған iс-қимылдарына қатысты, мынадай айыптау жағдайларды яғни:
      а) Қоғамдастыққа немесе қызметкерге тиесiлi, я болмаса олардың басқаруындағы көлiктiк құралы арқылы болған жол-көлiктiк оқиғаға байланысты зиянды өтеудегi қойылатын талаптарды;
      ә) қызметкердiң iс-қимылы арқылы болған өлiмге немесе дене жарақатына байланысты қойылатын талаптарды қоспағанда болу елiндегi соттық немесе әкiмшiлiк органдарының қарауына жатпайды.
      Қоғамдастық органдарының қызметкерлерi иммиграция бойынша шектеулерден және шетелдiктер ретiнде тiркелуден босатылады.
 

                                 15-бап



 
 
       Бас хатшы, қоғамдастық органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттер оларға бас пайдасы үшiн емес, олардың Қоғамдастық мүддесi жолындағы өздерiнiң ресми функцияларын тиiмдi, тәуелсiз орындауы үшiн берiледi.
 

                                 16-бап



 
 
       Бас хатшы, лауазымды тұлғалар мен олардың отбасыларының мүшелерi олардың тағайындалған орынға бара жатқан уақытта болу мемлекетiнiң аумағына келу кезiнен бастап немесе, егер, олар әлдеқашан осы аумақта болса Бас хатшы немесе лауазымды тұлғалар өздерiнiң мiндеттерiн орындауға кiрiскен кезiнен бастап осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
      Бас хатшының немесе лауазымды қызметкердiң функциялары тоқтатылған кезде оның артықшылықтары мен иммунитеттерi, сондай-ақ онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi, әдетте осы тұлға болу мемлекетiн тастап шыққан кезiне немесе оны істеу үшiн ақылға қонымды мерзiмнiң бiтуiне орай осы уақыттардың қайсысы ерте басталатынына байланысты тоқтатылады. Отбасы мүшелерiне қатысты, олардың артықшылықтары мен иммунитеттерi, олар лауазымды тұлғаның отбасы мүшелерi болуын доғарған кезде тоқтатылады, алайда егер мұндай адамдар болу мемлекетiн қисынды мерзiм iшiнде тастап шығуға ниеттенiп отырса, онда олардың артықшылықтары мен иммунитеттерi кету кезiне дейiн сақталады.
      Қоғамдастық Бас хатшысының немесе лауазымды тұлғаның қайтыс болған жағдайында онымен бiрге тұрған отбасы мүшелерi олардың болу мемлекетiн тастап шығу кезiне дейiн немесе осы уақыттардың қайсысы ерте басталатындығына байланысты болу мемлекетiн тастап шығу үшiн жетерлiктей қисынды мерзiмнiң аяқталуына дейiн оларға берiлген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалануды жалғастырады.
 

                                 17-бап



 
 
       Осы Конвенцияға сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын барлық адамдар, өздерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерiне нұқсан келтiрместен болу мемлекетiнiң заңдары мен ережелерiн құрметтеуге мiндеттi. Олар, сондай-ақ осы мемлекеттiң iшкi iстерiне араласпауға мiндеттi.
 

                                 18-бап



 
 
       Иммунитет сот әдiлдiгiнiң жүзеге асырылуына кедергi келтiредi және иммунитеттен бас тарту берiлген иммунитетке байланысты мақсаттарға нұқсан келтiрмейдi деген пiкiр болған жағдайда мүше мемлекет өзiнiң жiберген лауазымды тұлғасының иммунитетiнен бас тартуы мүмкiн. Бас хатшы мен лауазымды тұлғаларға қатысты иммунитеттерден бас тарту Мемлекетаралық кеңестiң құқығына жатады.
      Иммунитеттен бас тарту анық түрде бiлдiрiлуi тиiс.
 
         III. Мүше мемлекеттер өкiлдерiнiң артықшылықтары мен
                           иммунитеттерi
 

                                 19-бап



 
 
       Мүше мемлекеттердiң өкiлдерi ресми iс-қимылдарды атқарып жүрген кезiнде және мүше мемлекеттерде Қоғамдастық ұйымдастыратын iс-шараларды өткiзу орындарына бара жатқан кезiнде мынадай артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады:
      а) жеке басының қамауға алынуынан және ұсталуынан, сондай-ақ олар осындай қызмет сипатында жасалуы мүмкiн барлық іс-қимылдарға қатысты соттық және әкiмшiлiк билiктердiң қарауынан иммунитеттi болады;
      ә) тұрғын үйiне қол сұғылмайды;
      б) ресми немесе жеке пайдалануға арналған заттар мен өзге де мүлiк бар деп болжамдауға түйiндi негiздер жоқ болса немесе егер әкелуге немесе әкетуге тыйым салынған немесе мүше-мемлекеттiң карантиндiк және өзге де ережелерiмен реттелетiн заттар мен басқа да мүлiк болмаса, бiрге алып жүрген теңдеме жүгi және қол жүгi кедендiк тексеруден босатылады;
      в) иммиграция бойынша шектеулерден және шетелдiктер ретiнде

 

тiркелуден босатылады.


                                  20-бап


     Мүше мемлекеттердiң өкiлдерiнiң пайдаланатын артықшылықтары мен

иммунитеттерi оларға бас пайдасы үшiн емес, олардың Қоғамдастық мүддесi

жолындағы өздерiнiң ресми функцияларын тиiмдi, тәуелсiз орындауы үшiн

берiледi.

     Мүше мемлекеттердiң өкiлдерi ғылыми, шығармашылық және оқытушылық

қызметтi қоспағанда, болу мемлекетінде жеке пайдасын немесе өзге тұлғалар

пайдасын көздеп коммерциялық немесе кез келген басқа қызметпен айналыспауы

тиiс.


                                 21-бап


     Мүше мемлекеттер өкiлдерi тұрып жатқан тұрғын жайлары, үй жиhаздары

мен басқа да мүлiк, сондай-ақ олардың қызмет бабындағы қажеттiлiктерi үшiн

пайдаланатын көлiктiк құралдары, тiнтуден, реквизициядан, тыйым салудан

және атқарушылық iс-қимылдардан иммунитеттi пайдаланады.


                                 22-бап


     Мүше мемлекеттер өкiлдерiнiң мұрағаттары мен құжаттарына ақпараттың

сақталу түрлерiне және оның орналасқан жерiне қарамастан қай уақытта болса

да қол сұғылмайды.


                                 23-бап



 
       Егер тыйым салынған немесе келу мемлекеттiк қауiпсiздiк ұйғарымдары арқылы реттелетiн аймақтар туралы заңдар мен ережелерге қайшы келмесе, болу мемлекетi өз аумағы бойынша барлық мүше мемлекеттер өкiлдерiне функцияларын орындау үшiн қаншалықты қажет болса соншалықты мөлшерде жүрiп-тұру және сапарлар жасау еркiндiгiн қамтамасыз етедi.
 

                                 24-бап



 
 
       Иммунитет сот әдiлдiгiнiң жүзеге асырылуына кедергi келтiредi және иммунитеттен бас тарту берiлген иммунитетке байланысты мақсаттарға нұқсан келтiрмейдi деген пiкiр болған жағдайда жiберушi мүше мемлекет өз өкiлiнiң иммунитетiнен бас тартуы мүмкiн.

 

     Бас тарту нақты түрде бiлдiрiлуi тиiс.

     Егер жiберушi мүше мемлекет азаматтық талапқа қатысты өз өкiлiнiң

иммунитетiнен бас тартпайтын болса, ол iсті әдiлеттi тұрғыда шешуге

барынша күш-жiгер жұмсайды.

     Мүше мемлекеттiң өкiлi қозғаған iс оны негiзгі талаппен тiкелей

байланысты кез келген қарсы талаптың қарауына қатысты иммунитетке сiлтеме

жасау құқығынан айырады.


      IV. Тұрақты өкiлдердiң, Тұрақты өкiлдіктердiң, сондай-ақ олардың

           қызметкерлерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi


                                 25-бап


     Мүше мемлекеттер Қоғамдастық жанынан Тұрақты өкiлдiк аша алады (бұдан

әрi - Тұрақөкiлдiк).


                                 26-бап



 
       Тұрақөкiлдiк Тұрақөкiлдiктiң басшысы мiндетiн атқарушы Тұрақты өкiлден (бұдан әрi - Тұрақөкiл) басқа қызметкерлердi, техникалық және қызмет көрсетушi қызметшiлер құрамын қамтиды.
 

                                 27-бап



 
 
       Тұрақөкiлдiктiң үй-жайына соның iшiнде Тұрақөкiлдiң резиденциясына қол сұғылмайды.
      Болу мемлекетiнiң билiк иелерi бұл үй-жайларға, өрт немесе шұғыл

 

қорғау шараларын талап ететін басқа да жағдайларды қоспағанда,

Тұрақөкiлдiң келiсiмiнсiз кiре алмайды.

     Тұрақөкiлдiктiң үй-жайы, сондай-ақ Тұрақөкiлдiктiң көлiктерi

тiнтуден, реквизициядан, тыйым салу мен атқарушылық iс-әрекеттерден

иммунитеттi пайдаланады.


                                 28-бап


     Тұрақты өкiлдiк мұрағаты мен құжаттарына ақпараттың сақталу түрлерiне

және олардың орналасқан жерiне қарамастан қай уақытта болса да қол

сұғылмайды.


                                 29-бап


     Тұрақөкiлдiктiң өз үй-жайына жiберушi мемлекеттiң жалауы мен

эмблемасын орналастыруға құқы бар.

     Осы бапта көзделген құқықты жүзеге асыру кезiнде болу мемлекетiнiң

заңдары, ережелерi мен салт-дәстүрлерi назарға алынады.


                                 30-бап


     Болу мемлекетi жiберушi мемлекеттiң Тұрақөкiлдiкке қажеттi үй-жай

алуына немесе сатып алуына көмек көрсетедi.


                                 31-бап


     Тұрақөкiлдiк, өзiнiң ресми байланыс құралдарына қатысты болу

мемлекетi дипломатиялық миссияларға беретiннен кем емес қолайлы

жағдайларды пайдаланады.


                                  32-бап



 
       Тұрақөкiлдiк, коммуналдық және өзге де қызмет көрсету түрлерiнiң төлемдерiн қоспағанда, болу мемлекетi аумағында алынатын барлық тiкелей салықтар мен алымдардан, баждан және басқа да төлемдерден босатылады.
 

                                  33-бап



 
 
       1. Тұрақөкiлдiң және Тұрақөкiлдiк қызметкерiнiң жеке басына қол сұғылмайды және болу мемлекетiнiң қылмыстық қарауы тұрғысынан иммунитеттi пайдаланады. Сондай-ақ, олар болу мемлекетiнiң азаматтық және әкiмшiлiк қарауынан иммунитеттi пайдаланады, оған тек мынадай жағдайдағы талап етулер қосылмайды:
      а) болу мемлекетi аумағында орналасқан, егер Тұрақты өкiлдiк мақсаты үшiн жiберушi мемлекет атынан оған аталмыш адам иелiк етпеген жағдайда, жылжымайтын жеке мүлiкке байланысты талап-арыздар;
      ә) мұрагерлiкке байланысты жiберген мемлекеттiң атынан емес, жеке тұлға ретіндегi өсиеттi орындаушы, мұрагерлiк мүлiкке қорғаныш, заңды мұрагер немесе бас тартушылықты алған аталмыш адамға қатысты талап-арыздар;
      б) Тұрақөкiлдiкке немесе аталмыш адамға тиесiлi не олар жүргiзетiн көлiк құралы арқылы болған жол-көлiк оқиғасына зияндарды өтеудiң талап-арыздары;
      в) аталмыш адам тарапынан болған өлiм немесе дене жарақатына байланысты талап-арыздар.
      2. Тұрақөкiлдiктiң және Тұрақөкiлдiк қызметкерлерiнiң болу мемлекетiнiң құқықтық иелiгiне деген иммунитетi оларды жiберушi мемлекеттiң заңдық иелiгiнен босатпайды.
 

                                34-бап



 
 
       Тұрақөкiл, Тұрақөкiлдiк қызметкерлерi және олардың отбасы мүшелерi, егер олар болу мемлекетiнiң азаматтары болып табылмаса немесе онда тұрақты тұрмайтын болса, болу мемлекетiндегi мемлекеттік борыштардан босатылады.
 

                                35-бап



 
 
       1. Болу мемлекетi өзi қабылдай алатын заңдар мен ережелерге сәйкес, Тұрақөкiлге және Тұрақөкiлдiк қызметкерлерiне өз жүктерiн әкелуге рұқсат бередi және кедендiк баждан, салық және осыған байланысты алымдардан босатады, бұған белгiленген орындардан тыс тасымалдау, сақтау, кедендiк ресiмдеу үшiн немесе тиiстi кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс алынатын алымдар және мынадай қызмет көрсету түрлерi жатпайды:
      а) Тұрақөкiлдiктiң ресми пайдалануына арналған заттар мен өзге де мүлiктерi;
      ә) Тұрақөкiлдiң және Тұрақөкiлдiк қызметкерлерiнiң жеке пайдалануына арналған заттар мен өзге де мүлiктерi.
      2. Тұрақөкiл және Тұрақөкiлдiк қызметкерлерiнiң өзiмен бiрге алып жүретiн теңдеме жүгi мен қол жүгi, егер оларда осы баптың 1-тармағында көрсетiлген алынуға жататын заттар мен өзге де мүлiктер бар деп болжамдауға айтарлықтай негiз жоқ болса, немесе әкелiнуi мен әкетiлуi болу мемлекетiнiң заңымен тыйым салынған, немесе карантиндiк және басқа да ережелермен реттелетiн заттар мен мүлiктер болмаса кедендiк тексеруден босатылады. Мұндай жағдайларда тексеру одан босатылуға жататын адамның немесе оның өкiлеттi өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
      3. Егер олар болу мемлекетiнiң азаматы болатын болса, немесе онда тұрақты тұратын болса, Тұрақөкiл мен Тұрақөкiлдiк қызметкерлерiне осы баптың күшi жүрмейдi.
 
                               36-бап
 
      Тұрақөкiл және Тұрақөкiлдiк қызметкерлерi болу мемлекетiнде ғылыми, шығармашылық және оқытушылық қызметтi қоспағанда, өзiнiң жеке пайдасы үшiн коммерциялық немесе кез келген басқа да қызметтермен айналыспауы тиiс.
      Тұрақөкiл және Тұрақөкiлдiктiң қызметкерлерi жiберушi мемлекет төлейтiн жалақы мен өзге де көтермелеулерден алынатын салықтардан, сондай-ақ, егер олар болу мемлекетiнiң азаматтары болмаса немесе ол елде тұрақты тұрмайтын болса, нақты қызмет ету түрлерiне (қызмет көрсетулер) төленетiн төлемдердi қоспағанда, болу мемлекетi аумағында алымдар мен баж салығынан босатылады.
 
                               37-бап
 
      Жiберушi мемлекет Интеграциялық Комитет пен болу мемлекетiн:
      а) Тұрақөкiл және Тұрақөкiлдiк қызметкерлерiнiң тағайындалғандығы, олардың қызметi мен атақ дәрежесi, олардың келуi мен түпкiлiктi кетуi немесе олардың функцияларын тоқтатуы, сондай-ақ Тұрақөкiлдiктегi қызметi кезiнде олардың мәртебесiнде көрiнiс табатын өзге де өзгерiстер жөнiнде;
      ә) Тұрақөкiлдiң немесе Тұрақөкiлдiк қызметкерлерiнiң отбасы мүшесi болып табылатын және солармен бiрге тұратын кез келген адамның келуi мен түпкiлiктi кетуi және тиiстi жағдайларда ондай адамдардың отбасы мүшесi болғандығын немесе болуын тоқтатқандығы туралы;
      б) Тұрақөкiлдiкте техникалық және қызмет көрсету персоналының жұмысының басталуы және аяқталуы туралы;
      в) осы Конвенцияның 27-бабына сәйкес қол сұғылмаушылықты пайдаланатын үй-жайдың орналасқан жерi жөнiнде, сондай-ақ осындай үй-жайларды сәйкестендiру үшiн қажет болуы мүмкiн басқа да мәлiметтердi хабарлайды.
 
                              38-бап
 
      1. Конвенцияның осы тарауына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерге құқығы бар әрбiр адам, оларды өздерi қызметке орналасу үшiн болу мемлекетiнiң аумағына келген сәттен бастап, немесе, егер ол адам сол аумақта әлдеқашан тұрып жатса, оның тағайындалуы жайлы болу мемлекетiне Қоғамдастық немесе жiберушi мемлекет хабарлаған сәттен бастап пайдаланады.
      Егер артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланушы адамның функциялары аяқталса, оның артықшылықтары мен иммунитеттерi әдетте сол адам болу мемлекетi аумағынан шыққан сәттен немесе шығуына жетерлiктей қисынды мерзiм аяқталған сәттен басталады. Алайда, ол адам өзiнiң Тұрақөкiлдiк қызметкерi функциясын орындауы кезiнде жасалатын әрекетке қатысты иммунитетi жалғаса бередi.
      2. Тұрақөкiл немесе Тұрақөкiлдiктiң қызметкерi қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелерi өздерiнiң құқығы жүретiн артықшылықтар мен иммунитеттердi болу мемлекетi аумағын тастап шығу үшiн жетерлiктей қисынды мерзiм аяқталғанға дейiн пайдалана бередi.
      3. Тұрақөкiл және Тұрақөкiлдiк қызметкерi немесе оның бiрге тұратын отбасы мүшесi қайтыс болған жағдайда болу мемлекетi, тек барлық болу мемлекетi аумағында сатып алынған және ол қайтыс болған кезде алып кетуiне тыйым салынғандарынан басқа, қайтыс болған адамның барлық жылжымалы мүлкiн алып кетуiне, рұқсат бередi. Болу мемлекетiнде Тұрақөкiл,

 

Тұрақөкiлдiк қызметкерi болып тұрған кезiнде осы мемлекетте қайтыс болған

адамның болу мемлекетiнде жылжымалы мүлкiн мұрагерлiк ету үшiн алынатын

әртүрлi салық түрлерi алынбайды.


                             39-бап


     Тұрақты өкiл мен Тұрақ өкiлдiк қызметкерлерi, әдетте, жiберетiн

мемлекеттiң азаматтары болуы тиiс.


                             40-бап



 
       Осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерге нұқсан келтiрместен Тұрақты өкiл мен Тұрақты өкiлдiктiң қызметкерлерi, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi болу мемлекетiнiң заңнамасын құрметтеуге міндеттi.
      Олар сондай-ақ осы мемлекеттiң iшкi iстерiне араласпауға мiндеттi.
 
                              41-бап
 
      Тұрақты өкiл мен Тұрақты өкiлдiктiң қызметкерлерi, сондай-ақ оларды отбасы мүшелерi олар пайдаланатын немесе оларға тиесiлi барлық көлiк құралдарына қатысты үшiншi адамдардың алдындағы жауапкершiлiктi сақтандыру туралы болу мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес мiндеттемелердi орындауға тиiстi.
      Тұрақты өкiлдiктiң үй-жайы және Тұрақты өкiл, Тұрақты өкiлдiктiң қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерi орналасқан тұрғын үй-жайлар Тұрақты өкiлдiң, Тұрақты өкiлдiктiң қызметкерлерiнiң ресми функцияларын орындауымен сыйыспайтын мақсаттарда пайдаланылмауы тиiс.
 
                              42-бап
 
      Тұрақты өкiлдiң және Тұрақты өкiлдiк қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерi, егер олар болу мемлекетiнiң азаматтары болып табылмаса немесе онда тұрақты тұрмаса, Тұрақты өкiлдiктiң қызметкерлерi сияқты артықшылықтарды және иммунитеттердi пайдаланады.
 
                              43-бап
 
      Жiберушi мүше мемлекет иммунитет сот әдiлдiгiнiң жүзеге асырылуына кедергi келтiредi және иммунитеттен бас тарту берiлген иммунитетке байланысты мақсаттарға нұқсан келтiрмейдi деген пiкiрде болған жағдайда Тұрақты өкiлдiң және Тұрақты өкiлдiктiң қызметкерлерiнiң иммунитетiнен бас тартуы мүмкiн.
      Бас тарту анық түрде бiлдiрiлуi тиiс.
      Егер жiберушi мүше мемлекет азаматтық талапқа қатысты Тұрақты өкiлдiң немесе Тұрақты өкiлдiктiң қызметкерi иммунитетiнен бас тартпайтын болса, ол iстi әдiлетті тұрғыда шешу үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсайды.
      Тұрақты өкiл немесе Тұрақты өкiлдiк қызметкерi қозғаған іс оны

 

негізгi талапқа тiкелей байланысты кез келген қарсы талаптың қарауына

қатысты иммунитетке сiлтеме жасау құқығынан айырады.


                              44-бап


     Егер тыйым салынған немесе келу мемлекеттiк қауiпсiздiк ұйғарымдары

арқылы реттелетiн аймақтар туралы заңдар мен ережелерге қайшы келмесе,

болу мемлекетi өзiнiң аумағы бойынша барлық мүше мемлекеттер өкiлдерiне

жүрiп-тұру және сапарлар жасау еркiндiгiн олардың функцияларының орындалуы

үшiн қаншалықты қажет болса, соншалықты деңгейде қамтамасыз етедi.


                               45-бап


     Болу мемлекетi және Қоғамдастық Тұрақты өкiлдiктiң өз функцияларын

орындауына жәрдем көрсетедi.


              V. Еңбек қатынасы және әлеуметтiк қамсыздандыру


                               46-бап



 
       Бас Хатшының, ЕурАзЭҚ органдары лауазымды тұлғаларының және қызметкерлерiнiң еңбек қатынасын Қоғамдастық реттейдi.
      ЕурАзЭҚ органдарының техникалық және қызмет көрсетушi қызметкерлер құрамының еңбек қатынастары болу мемлекетiнiң ұлттық заңнамасымен реттеледi.
 
                                47-бап
 
      Бас Хатшыны, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету олардың өздерi азаматтары болып табылатын мемлекеттiң заңнамасы бойынша жүзеге асырылады.
      Бұл орайда, ұлттық заңнама белгiлеген зейнетақылық қамсыздандыруға ақша аудару ЕурАзЭҚ органдары - Бас Хатшы, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер азаматтары болып табылатын Қоғамдастықтың мүше мемлекеттерiнiң тиiстi қорларына Қоғамдастық бюджетiнен аудару арқылы жүргiзiледi.
      Бас хатшыға, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiне зейнетақы төлеу жөнiндегi шығыстарды олар азаматтары болып табылатын мемлекет көтередi.
 
                                48-бап
 
      Бас хатшыға, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне әлеуметтiк сақтандыру (қамсыздандыру) жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау мен төлеу аумағында аталған адамдар жұмыс iстейтiн немесе олардың отбасы мүшелерi жұмыс iстейтiн (тұратын) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңнамасы белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi шығыстарды аумағында Бас хатшы, ЕурАзЭҚ органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi жұмыс iстейтiн немесе олардың отбасы мүшелерi жұмыс iстейтiн (тұратын) мемлекет өзара есеп айырысусыз көтередi. Бұл орайда әлеуметтiк және медициналық сақтандыру қорларына ақша аудару - болу мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес Қоғамдастық бюджетiнен жүргiзiледi.
 
                                49-бап
 
      Әлеуметтік сақтандыру (қамсыздандыру) бойынша зейнетақы немесе

 

жәрдемақы тағайындау кезiнде Бас хатшы, ЕурАзЭҚ органының лауазымды

тұлғасы немесе қызметкерi ретiнде жұмыс iстеген кезең сақтандыру немесе

еңбек стажына есептеледi.

     ЕурАзЭҚ органдарында жұмыс iстеген кезеңiнде аталған адамдар алған

жалақы осы адамдар азаматтары болып табылатын не аумағында олар тұрақты

тұратын мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес әлеуметтiк сақтандыру

(қамсыздандыру) бойынша зейнетақы және жәрдемақы мөлшерiн анықтау кезiнде

есепке алынады.


                         VI. Қорытынды ережелер


                               50-бап


     Осы Конвенцияны қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы

мәселелер мүдделi Тараптардың консультациялары және келiссөздерi арқылы

шешiледi.


                               51-бап



 
       Осы Конвенция бекiтiлуге жатады. Бекiту грамоталары депозитарий болып табылатын Интеграциялық Комитетке сақтауға тапсырылады.
      Осы Конвенция соңғы бекiту грамотасын депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
 
                                52-бап
 
      Осы Конвенция Шарттың 9-бабына сәйкес ЕурАзЭҚ мүшелiгiне енетiн кез

 

келген мемлекеттiң оған қосылуы үшiн ашық. Осы Конвенцияға қосылу туралы

құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады.

     Қосылатын мемлекет үшiн осы Конвенция қосылу туралы құжат

депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен бастап күшiне енедi.


                               53-бап


     Тараптардың кез келгенi депозитарийге жазбаша хабарлама жiберу

арқылы осы Конвенциядан шыға алады.

     Осы Конвенцияның қолданысы сол Тарапқа қатысты әлгiндей хабарламаны

депозитарий алған күннен бастап 6 ай өтiсiмен тоқтатылады.


                               54-бап



 
       Осы Конвенцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар жеке хаттамалармен ресiмделедi. Өзгерiстер мен толықтыруларды депозитарийге тиiстi хабарлама жолдау арқылы Тараптардың кез келгенi ұсынуы мүмкін.
      Өзгерiстер мен толықтырулар туралы хаттамалар бекiтiлуге жатады және соңғы бекiту грамотасы депозитарийге тапсырылғаннан кейiн күшiне енедi.
      Осы Конвенция 2000 жылы 10 қазанда Астана қаласында қол қойылған,

 

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шарттың қолданысы

мерзiмi iшiнде күшiнде болады.

     Минск қаласында 2001 жылғы 31 мамырда орыс тілiндегі бiр түпнұсқа

данада жасалды.

     Конвенцияның түпнұсқа данасы Интеграциялық Комитетте сақталады,

ол оған қол қойған әрбiр мемлекетке куәландырылған көшiрменi жiбередi.


     Беларусь Республикасы үшiн


     Қазақстан Республикасы үшiн


     Қырғыз Республикасы үшiн


     Ресей Федерациясы үшiн


     Тәжiкстан Республикасы үшiн




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қобдалиева Н.М.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады