Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазагрэкс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын және оның еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 қаңтар N 38

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазагрэкс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және 1-қосымшаға сәйкес оның еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Қазагрэкс" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн; 
      2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      3) мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесе отырып, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі 

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң   
2002 жылғы 11 қаңтардағы       
N 38 қаулысына           
1-қосымша           

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазагрэкс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының қайта ұйымдастырылатын еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесi

      1. "Ақтөбе аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Ақтөбе қаласы.
      2. "Шығыс Қазақстан аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Өскемен қаласы.
      3. "Жамбыл аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Тараз қаласы.
      4. "Батыс Қазақстан аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Орал қаласы.
      5. "Павлодар аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Павлодар қаласы.
      6. "Қарағанды аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Қарағанды қаласы.
      7. "Қостанай аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Қостанай қаласы.
      8. "Солтүстiк Қазақстан аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Петропавл қаласы.
      9. "Оңтүстiк Қазақстан аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Шымкент қаласы.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 
2002 жылғы 11 қаңтардағы    
N 38 қаулысына         
2-қосымша         

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.09. N 124  қаулысымен .
      3) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: 
      "Астана қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-25-жолмен толықтырылсын: 
      "21-25. "Қазагрэкс" ЖАҚ"; 
      4) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi және мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына
      көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-3-жолмен толықтырылсын:
      "205-3. "Қазагрэкс" ЖАҚ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады