Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. бүкіл мәтін бойынша "ауруға шалдыққан", "науқасқа шалдығуы", "ауруға шалдыққанының", "Ауруға шалдығуына", "ауруға шалдығуына" деген сөздер тиісінше "ауырған", "науқастануы", "ауруының бар-жоғының", "Ауруына", "ауруына" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 28.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Соттардың сотталған адамның ауруына байланысты жазаны өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы заңнаманы қолдану практикасын қорыту нәтижелерін талқылай отырып, дұрыс сот практикасын қалыптастыру мақсатында жалпы отырыс қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.1. Соттарға адамның ауруына байланысты оны жазасын өтеуден босату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (әрі қарай – ҚК 75-бабында көрсетілген жағдайларда:
жазасын өтеу кезінде өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасының бұзылуы пайда болған;
өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардан басқа, адам жазаны өтеуге кедергі жасайтын өзге де ауыр науқасқа ұшыраған жағдайларда мүмкін екені түсіндірілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.2. Психикасы бұзылған адам қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына, жазаның түрі мен оның өтелу мерзіміне және адамның түзелуіне қарамастан жазаны өтеуден міндетті түрде босатылуға жатады.
Жазадан босатылған психикасы бұзылған адамға ҚК-нің 91-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағына сай осы кодекстің 93-бабында көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкін.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулі зиян келтіру мүмкіндігіне не өзіне немесе басқа адамдарға қауіп төндіруіне байланысты жағдайларда ғана тағайындалады.
Сот мәжбүрлеу шараларының түрлерін, жазасын өтеу кезінде психикасы бұзылып, ауырған адамның психикалық бұзылуының сипаты мен мөлшерін, психикасының бұзылуының қоғамға қауіптілік дәрежесін, оның өзге де елеулі зиян келтіру мүмкіндіктерін, оның емделуді қажет етуін ескере отырып, дәрігер-психиатрдың қорытындысының негізінде таңдап алады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Өзге де науқастан зардап шеккен адамды сот, егер арнаулы медициналық комиссия анықтаған оның науқасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-58 бұйрығымен бекітілген Жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесіне (бұдан әрі – Аурулар тізбесі) кірген жағдайда ғана, ҚК-нің 75-бабының екінші бөлігіне сәйкес жазаны өтеуден босатады.
Сотталған адамның ауыр науқастануы арнаулы медициналық комиссияның қорытындысымен анықталады, бұл қорытынды науқастанған адам ауруының өзгерісін мұқият тексеріп, қолданылған емнің нәтиже бермейтіні анықталғаннан кейін беріледі.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.4. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғаннан басқа, жазаны өтеуге кедергі келтіретін өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамға сот жазаны өтеуді кейінге қалдыруды қолдануы мүмкін не оны сот жазаны өтеуден босатады немесе жаза неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылуы мүмкін.
Егер аурудың сипаты сотталған адамға жазаның неғұрлым жеңіл түрін өтеуге кедергі келтірмесе, жаза ауыстырылуы мүмкін (ҚК-нің 40-бабында көрсетілген түрлерге сәйкес).
Осы ретте жасалған қылмыстың ауырлығын, жазаның өтелген мерзімін, сотталған адамның денсаулық жағдайын, оның жеке басын сипаттайтын деректерді, оның түзелу дәрежесін және сырқаттың тағайындалған жазаны өтеуге қандай мөлшерде кедергі келтіретінін ескеру қажет. Жазаның өтелмеген бөлігін шартты түрде соттаумен ауыстыруға не оны қысқартуға жол берілмейді.
Жазаны өтеуді кейінге қалдыру ҚК-нің 75-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қолданылмайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 28.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі – ҚАК) 162-бабының бесінші және алтыншы бөліктеріне және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 478-бабының үшінші бөлігіне сәйкес ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы мәселені сот жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша немесе сотталған адамның (оның заңды өкілінің) не оның қорғаушысы - адвокаттың куәлігі мен қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны ұсынған адвокаттың өтінішхаты бойынша қарайды.
Жазаны орындайтын мекеме немесе орган әкімшілігінің ұсынысында сотталған адам туралы мәліметтер, оның науқасының сипаты туралы, ал өзге ауыр науқастан зардап шегетін сотталған адамға қатысты, сондай-ақ оның жасаған қылмыстық құқық бұзушылығының ауырлығы туралы, оның жеке басы туралы, жазаны өтеу кезіндегі тәртібі туралы мәліметтер болуға тиіс.
Әкімшіліктің жазаны одан әрі өтеуден босату туралы ұсынысына (сотталған адамның өтінішіне) сот шешім қабылдау үшін негіз болатын құжаттар: арнаулы медициналық комиссияның қорытындысы, үкімнің көшірмесінен үзінді, аурулар Тізбесінен көшірме, сондай-ақ жазаның нақтылы өтелген мерзімін айғақтайтын, сотталған адамның жазаны өтеу кезіндегі тәртібі туралы құжаттар және басқа да сипаттаушы мәліметтер қоса тіркелуге тиіс.
Әкімшіліктің ұсынысымен (сотталған адамның өтінішімен) бірге сотқа сот отырысында зерттеуді қажет ететін сотталған адамның жеке ісі де жіберіледі.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.6-1. Сотталған адамның Аурулар тізбесінде көрсетілген жазаны өтеуден босатуға негіз болатын ауруының бар-жоғының анықтығын тексеру үшін жазаны орындайтын мекеменің немесе органның бастығы сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіндегі медициналық ұйым консилиумының шешімімен Арнаулы медициналық комиссияға (бұдан әрі - АМК) жіберетінін соттар назарға алғандары жөн.
Сотталған адамды куәландыру және қорытынды беру тәртібін АМК ҚАК-тің 162-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-58 бұйрығымен бекітілген Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. Қаулы 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 28.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.7. ҚАК-тің 162-бабының жетінші бөлігіне сәйкес қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жатқан адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгілеу сотқа оны жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босату туралы ұсыну енгізу үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.8. Ауруына байланысты сотталған адамды жазасын өтеуден босатудан соттың бас тартуы, осы мәселені әкімшіліктің ұсынысы немесе сотталған адамның өтініші қайталанып берілген жағдайда қарау үшін кедергі болып табылмайды.
Сот ауруына байланысты жазасын өтеуден босатпаған сотталғанның денсаулық жағдайы нашарлап, бұл жазасын өтеуге кедергі келтіретін жағдайда, соттың бас тарту туралы қаулыны шығарған уақытына қарамастан, тиісті дәрігерлік қорытындының негізінде материалдар сотқа қайтадан жіберіледі.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.9. Сот жазаны өтеуден босатуға жатпайтын сотталған адамның жазадан босатылып кетуіне жол бермеу мақсатында дәрігерлік қорытындының негізділігін, стационардағы емдеудің нәтижелерін мұқият тексеруі тиіс.
Дәрігерлік қорытындыда сотталған адамның сот үкімі бойынша қылмыстық жазаны өтеу кезіндегі психикалық жай-күйі, сондай-ақ психиканың бұзылуының сипаты мен мөлшері, бойынан ауру анықталған сотталған адамның өзіне және басқа адамдарға қаншалықты қауіп тудыратыны, оның өзге де елеулі зиян келтіру қабілетінің бар-жоғы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды және қандай шараларды қолдануды қажет ететіні; сотталған адамның ауруының сипаты мен ауырлығына қарай, ҚПК-нің 478-бабының алтыншы бөлігінде қамтылған өзінің құқықтарын жүзеге асыра алатыны не асыра алмайтыны көрсетілуге тиіс.
Дәрігерлік қорытындыда өзге де ауыр науқастан зардап шегуші сотталған адамға қатысты науқастың сипаты, жүргізілген ем, стационарда емдеудің оңды нәтижелер бермегені, науқастың асқынып, ырықтан шығып кетіп, жазаны одан әрі өтеуге кедергі келтіретіні көрсетілуге тиіс.
Егер дәрігерлік қорытындының негізділігіне күмән туған жағдайда, сот тиісті сараптама тағайындауға құқылы.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.10. Сотталған адамды ауруына байланысты жазадан босату, жазаны өтеуді кейінге қалдыру, жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру туралы мәселені ҚПК-нің 477, 478 және 481-баптарында көзделген тәртіппен үкімді орындау орны бойынша аудандық және оған теңестірілген сот шешеді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.11. Егер әкімшіліктің ұсынысында және дәрігерлік қорытындыда, жазасын өтеу кезінде психикасының бұзылуына байланысты науқастанған сотталған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қажеттілігі көрсетілсе, онда ҚПК-нің 476-бабы 7) тармағының негізінде, оны ауруына байланысты жазадан босату туралы мәселені медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы мәселемен бірге сот қарайды.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.12. ҚПК-нің 481-бабының төртінші бөлігіне және 478-бабының алтыншы және жетінші бөліктеріне сәйкес, ауруына байланысты жазадан босату, жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы мәселені қарау кезінде қорғаушының, заңды өкілдің, прокурордың, жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілінің, қорытынды берген медициналық комиссия өкілінің сот отырысына қатысуы міндетті. Қажетті жағдайларда сот отырысына сот қаулысы бойынша сараптама жүргізген және қорытынды берген сарапшы қатысады.
Егер сотталған адам сот отырысына қатысып отырса, онда сот оның ҚПК-нің 478-бабының төртінші бөлігінің тәртібімен көрсетілген құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.13. Сот отырысында хаттама жүргізіледі. Хаттамада соттың және сотқа қатысушылардың барлық іс-әрекеттері, денсаулығы сот мәжілісіне қатысуға кедергі келтірмейтін сотталған адамның, қорытынды берген медициналық комиссияның, ұсынысты жіберген органның өкілдерінің түсініктемелерінің, қорғаушы мен прокурордың пікірлерінің мазмұны көрсетілуі тиіс.
14. Адамды ауруына байланысты жазадан босату, жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы қаулыда соттың әкімшіліктің ұсынысын не сотталған адамның өтінішін қараудың нәтижесінде келген тұжырымы жан-жақтылы көрсетілуге тиіс және оның дәлелді болғаны жөн.
Қаулыда сотталған адамның жазаны өтеу кезінде пайда болған психикасының бұзылуынан немесе өзге де науқастан зардап шегетіні және жазаны одан әрі өтеуіне кедергі келтіретіні жөнінде дәлелдер келтірілуге тиіс, ал жазаның өтелмеген бөлігі жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылған жағдайда, сотталған адамды жазаны одан әрі өтеуден неліктен толық босатуды қажет деп таппағаны жөнінде дәлел келтірілуі қажет.
Сотталған адамды ауруына байланысты жазадан босату немесе оның жазасын өтеуді кейінге қалдыру, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы сот қаулылары сотталған адамды күзеттен босату бөлігінде дереу орындалуға тиіс.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 28.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.15. Әкімшіліктің ұсынысын не сотталған адамның өтінішін қараудың нәтижесі бойынша қабылданған қаулының көшірмесін іске тіркеу үшін үкімді шығарған сотқа, жазаны орындайтын мекемелерге немесе органдарға, ал кәмелетке толмағандарға қатысты - оның тұрақты тұратын жері бойынша, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберіледі.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).16. Психикасының бұзылуына және өзге де ауыр науқасына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатылған адамдардың тәртібін бақылауды жазаны орындайтын мекемелер немесе органдар жүзеге асырады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).17. ҚК-нің 75-бабының үшінші бөлігіне және 97-бабына сәйкес, психикасының бұзылуынан және өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамдар емделіп, сауыққан жағдайда, жазаны өтеуге кедергі келтіретін мән-жайлар жойылғаннан кейін, егер ҚК-нің 71, 77, 88-баптарында көзделген айыптау үкімін орындаудың ескіру мерзімі өтпеген болса, не оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату үшін негіз болмаса оларға қатысты жазаның орындалуы қалпына келтірілуі тиіс.
Адамның сауығу және емделу фактісін дәрігерлердің тиісті комиссиясы анықтайды, ол соттың мұқият тексеруіне жатады.
Сотталған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған уақыт психиатриялық стационарда болған бір күнін бас бостандығынан айырудың бір күніне не қамаққа алудың бір күніне жатқызу жолымен жаза мерзіміне есептеледі.
Жазаның орындалуын қайта қалпына келтіру жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша сот қаулысы бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.18. Ауруына байланысты жазаны өтеуден босатылған сотталған адам жаңадан қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда, оның сауыққанын анықтау мақсатында ол міндетті түрде дәрігерлік комиссияның тексеруінен өтуге тиіс. Қылмыстық қудалау органдары медициналық қорытындыны қылмыстық іс материалдарына қоса тігуі тиіс.
Егер, ауруына байланысты жазаны өтеуден босатылған адам сауыққанға дейін жаңадан қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, онда ол тек жаңа қылмыстық құқық бұзушылығы үшін жауапкершілік көтереді, алдыңғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігі соңғы үкім бойынша тағайындалған жазаға қосылмайды. ҚК-нің 60-бабының ережесі бұл жағдайда қолданылмайды.
Егер сотталған адам сауыққаннан кейін, жазаны өтеуге кедергі келтіретін мән-жайлар жойылған соң жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, егер соттың алдыңғы үкім бойынша жазаны қалпына келтіру туралы қаулысы болса, онда ҚК-нің 60-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, алдыңғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігі жаңа қылмыстық құқық бұзушылық үшін тағайындалған жазаға толық немесе ішінара қосылады.
Сотталған адам жазаның бұрынғы жазаны ауыстырған неғұрлым жеңіл түрін өтеу кезінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда, жаза ҚК-нің 60-бабының ережесі бойынша тағайындалады.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.19. Сотталған адамды ауруына байланысты жазадан босату, жазаны өтеуді кейінге қалдыру, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру мәселесі бойынша сот қаулысы апелляциялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.20. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
21. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. Нормативтік қаулы 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Жалпы отырыстың хатшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы |