Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы N 369А қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 7 ақпан N 175. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.04. N 835 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынатын шикізат секторы ұйымдарының тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы N 369А  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      1-тармақтағы "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген республикалық бюджетке және жергілікті бюджеттерге түсімдерінің сомасынан" деген сөздер "тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің бекітілген сомасынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға 5-қосымшаның тақырыбындағы "2001 жылға арналып жасалған шарттар бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады