Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі
төрағасының орынбасары Евгений Сергеевич Никитинскийге қағидатты сипаты
жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы
туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге Қазақстан
Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан
Республикасының Үкіметі арасындағы туризм
саласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Үндістан Республикасының Үкіметі,
Тараптардың екі мемлекеті арасындағы достық қатынастарды және өзара
түсіністікті нығайтуға ұмтыла отырып,
теңдік және өзара тиімділік негізінде туризмді дамыту мақсатында,
мыналар туралы келісті:
1-бап
Тараптар мемлекеттерінің өзара тиімділігі үшін Тараптар туризм
саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға қолайлы жағдай жасайды.
2-бап
Тараптар туризм мақсатында екі ел арасында саяхат жасаушы азаматтарға
өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес оңайлатылған рәсімдердің
қолданылуына жәрдемдесетін болады.
3-бап
Осы Келісімнің ережелерін орындауға жауапты уәкілетті органдар:
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт
жөніндегі агенттігі;
Үндістан тарапынан - Үндістан Республикасының Туризм министрлігі
болып табылады.
4-бап
Тараптар Өкілдік орналасатын Тарап мемлекетінің аумағында қолданылатын заңнамаға сәйкес екінші Тараптың мемлекетінде әрбір Тараптың уәкілетті органдарына Туризм жөніндегі өкілдік ашуға жәрдемдеседі.
5-бап
Тараптар өзінің уәкілетті органдарын ақпаратпен, туристік ресурстарды басқарудағы біліммен және тәжірибемен, туристік қызмет жөніндегі қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдер және ережелер, табиғи және мәдени ресурстарды сақтау мен оларды тұрақты дамыту жөніндегі шаралармен алмасу арқылы әрбір тарап мемлекетінің қолданыстағы ережелері мен нормаларына сәйкес туристік қызметті үйлестіруді жүзеге асыруын көтермелейтін болады.
6-бап
Тараптар туристік бизнесті ұйымдастырудағы, менеджменттегі тәжірибе алмасуға, сондай-ақ туризм саласындағы қызметкерлерді оқытуға бір-біріне жәрдемдесетін болады, ол уәкілетті органдар арасындағы жекелеген келісімдермен айқындалады. Тараптар, сондай-ақ туризм саласындағы оқу бағдарламаларымен, оқыту және зерттеулер әдістемелерімен алмасатын болады.
7-бап
Тараптар осы Келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарының өкілдерінен сан жағынан тең болатын Жұмыс тобын құрады, оған жеке туристік сектордың өкілдері енгізілуі мүмкін. Жұмыс тобының кездесулері әрбір Тарап мемлекетінің аумағында, кездесудің уақыты мен орнын өзара келісу арқылы баламалық негізде өтетін болады.
8-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделеді.
9-бап
Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Осы Келісім 5 жыл мерзімге жасалады және егер Тараптардың бірі осы Келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы екінші Тарапқа тиісті бесжылдық кезең аяқталғанға дейін кемінде 6 айдан кешіктірмей дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабарламаса, осы Келісім келесі бесжылдық кезеңге өздігінен ұзартылады.
Егер Тараптар өзгеше белгілемесе, осы Келісім күшінің тоқтатылуы ол
күшінде болған кезде қабылдануы мүмкін бағдарламалардың орындалуына әсер
етпейді.
Осыны куәландыру үшін өз үкіметтерімен тиісті түрде уәкілеттік
берілген төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.
__________ қаласында _______ жылғы ___________ әрқайсысы қазақ, орыс,
хинди және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды және барлық
мәтіннің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде немесе қолдануда келіспеушілік
туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.