Спорттық резервтi және ұлттық құрама командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Олимпиадалық даярлау орталығы" және "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары (бұдан әрi - Кәсiпорындар) құрылсын.
2. Мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ Кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
1) "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының: спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, оның iшiнде республиканың спорттық резервi мен ұлттық құрама командаларын даярлау;
2) "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының: спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде Халықаралық олимпиада комитетiнiң Допингке қарсы кодексiне сәйкес допингке қарсы iс-шараларды өткiзу.
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
1) Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;
2) Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі