Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 наурыздағы N 347 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.22 № 653 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235 P011235_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 433-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесінде:
      2-тармақтың бірінші абзацында ", Қазақстан Республикасы Парламенті екі палатасының депутаттарынан" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Аттестация тестілеу өткізу жолымен үміткерлердің қолданыстағы заңнаманы білуін тексеруден тұрады.";
      4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "8) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.";
      16-тармақтың үшінші абзацында және 18-тармақта "және әңгімелесуге жіберілмейді", "және әңгімелесуге жіберіледі" деген сөздер алынып тасталсын;
      19-тармақ алынып тасталсын;
      20-тармақта "және (немесе) әңгімелесу" деген сөздер алынып тасталсын;
      22-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады