Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасында Түрiк Республикасы Үкiметiнiң Бағдарламаларды үйлестiру кеңсесiнiң қызметi туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 21 наурыз N 349

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Түрiк Республикасы Үкiметiнiң Бағдарламаларды үйлестiру кеңсесiнiң қызметi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Мәжит

 

Төлеубекұлы Есенбаевқа қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар

енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi

арасында Түрiк Республикасы Үкiметiнiң Бағдарламаларды үйлестiру

кеңсесiнiң қызметi туралы келiсiмдi жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі    



     Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Yкiметi

     арасындағы Түрiк Республикасы Үкiметiнiң Бағдарламаларды үйлестiру

                         Кеңсесiнiң қызметi туралы

                                  Келiсiм


     Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi

(бұдан әрi - Тараптар деп аталатын),


 
       екi мемлекет арасындағы достық байланыстарға негiзделе отырып, екi мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк ынтымақтастығын дамыту мақсатында, техникалық әрiптестiк ынтымақтастығы жолымен қатынастарды тереңдетуге тiлек білдiре отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
 

                                  1-бап



 
 
       1. Тараптар өз мемлекеттерiнiң экономикалық және әлеуметтiк дамуына жәрдем көрсету мақсатында ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      2. Осы Келiсiм Тараптар арасындағы техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырудың жалпы ережелерiн айқындайды. Тараптар техникалық ынтымақтастықтың жекелеген жобалары бойынша (бұдан әрi "жобалық келiсiмдер" деп аталатын) қосымша келiсiмдер жасасуы мүмкiн. Жобалық келiсiмдерде, атап айтқанда, жобаның мақсатын, Тараптардың мiндеттемелерiн, қатысушылардың мiндеттерi мен ұйымдық мәртебесiн, сондай-ақ жобаның орындалу кестесi қамтылған бiрлескен тұжырымдама тiркеледi.
      3. Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, түрiк тарабынан - Түрiк Республикасы Үкiметiнiң Бағдарламаларды үйлестiру кеңсесi (БҮК) осы Келiсiм шеңберiнде әзiрленетiн ынтымақтастық бағдарламасын үйлестiредi.
      4. БҮК Түркия iшiнде, әрi одан тысқары жерлерде де икемдi құрылымы мен үйлестiрушiлiк жұмысы арқасында техникалық көмек процестерiн ұтқыр басқаратын, Түрiк Республикасы Үкiметiнiң желiсi бойынша жұмыс істейтiн дербес ұйым болып табылады. БҮК-тiң негiзгi мақсаты - дамушы елдерге көмектесу. БҮК мiндеттерiне экономика, технология, инфрақұрылым, мәдениет және бiлiм салаларын жоғарыда аталған елдермен ынтымақтастықты дамытуда

 

бағдарламалар мен жобалар әзiрлеу, сондай-ақ дамушы елдерге көмек көрсету

процестерiн басқару кiредi.


                                  2-бап


     1. Жобалық келiсiмдер мына салаларда БҮК көмегiмен түрiк тарабынан

қолдауды көздеуi мүмкiн:

     а) Қазақстандағы оқу, консультациялық, ғылыми-зерттеу және өзге де

бағдарламалар;

     б) жоспарлар, iзденiстер және сараптамалар әзiрлеу;

     в) Тараптармен келiсiлетiн ынтымақтастықтың басқа салалары.

     2. Қолдау:


 
       а) мамандарды, нұсқаушыларды, консультанттарды, көмекшiлердi және қосалқы қызметкерлердi iссапарға жiберу (Қазақстан Республикасына түрiк жағының тапсырмасы бойынша іссапарға жiберiлетiн барлық персонал (бұдан әрi "iссапарға жiберiлген мамандар" деп аталады);
      б) материалдар (оқу, әдiстемелiк, бағдарламалық және басқалары) және

 

құрал-жабдық жеткiзу (бұдан әрi "материалдар" деп аталады);

     в) Қазақстан Республикасының мамандарын және басшы кадрларын,

сондай-ақ ғалымдарын даярлау және бiлiктілiгiн арттыру;

     г) Тараптардың келiсуi бойынша басқа да тәсiлдер жолымен жүзеге

асырылуы мүмкiн.

     3. Іссапарға жiберілген мамандар өз қызметiн осы Келiсiмге және

Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын болады.


                                  3-бап


     Түрiк Тарапы осы Келiсiм ережелерiне сәйкес:

     а) БҮК жұмысы үшiн қажеттi дербес компьютерлермен және басқа да

құрал-жабдықпен жарақтандыратын;

     б) қазақстандық қызметкерлердi қоса алғанда, БҮК қызметкерлерiн

iрiктеудi жүзеге асыратын, жұмыспен және жалақыларының уақытылы берiлуiн

қамтамасыз ететiн;

     в) БҮК-тi қажеттi көлiкпен қамтамасыз ететін;

     г) өтемақы және шығыстарды төлейтiн;

     д) техникалық көмек жобалары мен бiлiм беру бағдарламалары

қаржыландыратын;

     е) көрсетiлген көмектi үйлестiру мақсатында сарапшылар жiберудi және

оларға жалақы төлеудi жүзеге асыратын болады.


                                  4-бап


     Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:


 
       а) мемлекеттiк құпияға жататын мәлiметтердi қоспағанда, iссапарға

 

жiберiлген мамандарды жобаларды айқындау, жоспарлау және жүзеге асыру

кезеңiнде қызметтерiн жүзеге асыруға қажеттi деректермен қамтамасыз ететiн;

     б) Қазақстандағы қызметi кезеңiнде iссапарға жiберiлген мамандардың

жұмысы мен демалысы үшiн жағдайлар жасауға кедергi келтiрмейтiн болады.


                                  5-бап


     Түрiк Республикасының Үкiметi БҮК үйлестiрушiсiне дипломатиялық агент

мәртебесiн, ал Қазақстан Республикасының Үкiметi оған осы мәртебеге сәйкес

артықшылықтар мен иммунитеттер бередi.


                                  6-бап


     Әрбiр Тарап жобаларды айқындау және әзiрлеу мақсатында мына салаларда

жұмысқа мамандар жiбередi:

     а) инфрақұрылым (көлiк, телекоммуникациялық жүйелер және басқалары);

     б) жекешелендiру және жекешелендiруден кейiнгi қолдау бағдарламасы;

     в) ирригация жүйесi;

     г) ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу;

     д) өнеркәсiп орындарын және қондырғыларды оңалту;

     ж) өсiмдiк шаруашылығымен және мал шаруашылығымен байланысы бар

өнеркәсiп салаларындағы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту;

     з) туризм;

     и) денсаулық сақтау;

     к) қоршаған ортаны қорғау;

     л) ғылыми және мәдени ынтымақтастық;

     м) Тараптармен келiсілетiн өзге де салалар.


                                  7-бап



 
       Осы Келiсiм, сондай-ақ оның күшiне ену кезiнде Тараптар арасындағы әлдеқашанғы техникалық ынтымақтастық жобаларға қатысты күшiнде болады.
 

                                  8-бап



 
 
       1. Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілік рәсiмдердiң орындалуы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм бес жыл бойы күшiнде болады, содан кейiн, егер Тараптардың бiрде бiрi осы Келiсiм күшiнде болатын кезектi мерзiм өткенге дейiн ең кемi үш ай бұрын оның күшiн тоқтату ниетi туралы басқа Тарапты жазбаша нысанда хабардар етпесе, осы Келiсiмнiң күшiнде болатын мерзiмi жыл сайын өздiгiнен ұзартылатын болады.
      3. Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкін, олар жекелеген хаттамалармен ресiмделедi және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады.
      4. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты

 

Тараптар арасындағы даулар және келiспеушiлiктер өзара консультациялар

және келiссөздер жолымен шешілетiн болады.

     Қаласында, 2002 жылғы "___" _________ әрқайсысы қазақ, түрiк, орыс

және ағылшын тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және де барлық

мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiм ережелерiн түсiндiруде

келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге

жүгiнетiн болады.


     Қазақстан Республикасының                Түрiк Республикасының

           Үкiметi үшін                            Үкiметi үшін



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады