Дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 наурыз N 350.

      Ел экономикасының мұқтаждары үшін дизель отынының қажетті қорларын жасау мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Z952368_ Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасынан тұрмыстық пештік отыннан басқа, дизель

отынын (ТМД СЭҚ ТН коды 2710 00 610 - 2710 00 690) әкетуге 2002 жылғы 1 
маусымға дейін тыйым салынсын.
     2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден 
комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар 
қабылдасын.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
     4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады