Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 наурыз N 353

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы"

 

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы 


Z962823_


  Заңына сәйкес

Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ақтау теңiз порты" арнайы

экономикалық аймағын құру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы

Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                Қазақстан Республикасы Президентінің

                          Жарлығы


       "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы


     "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы"

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес қаулы

етемін:

     2007 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге "Ақтау теңiз порты"

арнайы экономикалық аймағы құрылсын.

     2. Қоса беріліп отырған "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық

аймағы туралы ереже бекiтiлсiн.

     3. Осы Жарлық 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Президентi


                                        Қазақстан Республикасы

                                           Президентінің

                                       2002 жылғы "__"_________

                                          N ______ Жарлығымен

                                              БЕКIТIЛГЕН


       "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы

                             ЕРЕЖЕ


                       1. Жалпы ережелер



 
       1. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - АЭА) теңiз сауда портының аумағында және қоса берiліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда Маңғыстау облысы Ақтау қаласының әкiмшiлiк-аумақтық шекараларының шегiндегi оған жапсарлас аумақта орналасқан.
      АЭА-ның аумағы 227,1 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
      2. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы республика экономикасының дүниежүзiлiк шаруашылық байланыстар жүйесiне белсендi енуi, тиiмдiлiгi жоғары, оның iшiнде жоғары технологиялы және экспортқа бағытталған өндiрiстердi құру, өнiмдердiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру инвестицияларды тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын пысықтау, басқарудың және шаруашылық жүргiзудiң қазiргi әдiстерiн ендiру, сондай-ақ әлеуметтiк мәселелердi шешу үшiн аймақтың жедел дамуы мақсатында құрылады.
      АЭА-ның аумағында банк қызметтерiн Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес екiншi деңгейдегi банктер көрсетедi.
      3. АЭА-ның қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледi.

 

     Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда арнайы

экономикалық аймақ туралы заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса,

онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

     4. АЭА оның аумағында ерекше құқықтық режим қолданылатын Қазақстан

Республикасының шектелген аумағын бiлдiредi.


         2. АЭА-ны басқару және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi


     5. Ақтау қаласының әкiмияты:

     АЭА-ны басқаруды жүзеге асырады;

     АЭА-ның стратегиялары мен бағдарламаларын әзiрлеудi және iске асыруды

жүзеге асырады;

     мемлекеттiк және өзге де органдардың АЭА аумағындағы өзара iс-қимылын

қамтамасыз етедi;

     отандық және шетелдiк инвестицияларды, сондай-ақ АЭА-ны дамыту үшiн

несиелiк қаражаттарды тартуды және оны құру мақсаттарына қол жеткiзудi

жүзеге асырады;

     Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi

жүзеге асырады.

     6. Жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге

асыру үшiн Ақтау қаласының өкiмi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын

атқарушы орган құруға құқылы.


                  3. АЭА-ның аумағында салық салу


     7. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық

заңдарымен реттеледi.


                       4. Кедендiк реттеу


     8. АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес

еркiн кеден аймағының кеден режимi қолданылатын Қазақстан Республикасының

аумағы ретiнде қаралады.

     АЭА шекараларының периметрлерi арнайы қоршаумен қоршалады.

     9. АЭА-ның аумағындағы кедендiк ресiмдеу және бақылау Қазақстан

Республикасының кеден заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.


        5. Шетелдiк азаматтардың АЭА аумағында болу тәртiбi


     10. АЭА-ның аумағында шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ

адамдардың, сондай-ақ олардың көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының

заңдарында және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын

халықаралық шарттарда белгiленген кiру, шығу, транзит және болу тәртiбi

қолданылады.


                        6. Қорытынды ереже


     11. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы

Президентiнiң Жарлығымен өзгертiлуi мүмкiн.

     12. АЭА ол құрылған мерзiм аяқталғаннан кейiн таратылады.


 
       13. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда арнайы экономикалық аймақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен мерзiмiнен бұрын таратылуы мүмкiн.
      14. АЭА-ны таратқан кезде Ақтау қаласының әкiмияты:
      таратуға дейiн үш айдан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресми жариялауға құқығы бар баспа басылымдарында АЭА-ны алдағы тарату, оны таратуға байланысты өтiнiштер мен талаптарды қабылдау тәртiбi және мерзiмдерi туралы хабарландыру жариялайды.
      АЭА аумағында қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға оның аумағында орналасқан тауарларды өзге кеден режимiне қайта ресiмдеу тәртiбiн түсiндiрудi қамтамасыз етедi;
      АЭА таратылғаннан кейiн бiр айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының Президентiне және Үкiметiне АЭА қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп бередi.
      15. АЭА мерзiмiнен бұрын таратылған кезде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен рәсiм осы Ереженiң 14-тармағында көзделген рәсiмдердi сақтай отырып алты ай мерзiмнен кешiктiрiлмей аяқталуы тиiс.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады