"Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлiк қоғамының қызметiн оңтайландырудың кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 23 сәуір N 460. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.12.25. N 1366 қаулысымен. ~P021366

      "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Эксимбанк) қызметiн оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Даму Банкi) мына ұсыныстарына келiсiм берiлсiн:
      1) "Жеңiл өнеркәсіп", "Темiр жол", "Құрылыс индустриясы" секторлық бағдарламалары (бұдан әрi - секторлық бағдарламалар) шеңберiнде Германия Федеративтiк Республикасын қалпына келтіру жөнiндегi несие ведомствосы (бұдан әрi - КҒW) берген заемдарға қызмет көрсету және осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген заемшылардан қаражат өндiрiп алу жөнiндегi Эксимбанк құқықтары мен мiндеттерiн Даму Банкiне беру туралы;
      2) Даму Банкiнің осы қаулыға 2-қосымшада көрсетiлген заемшылар үшiн Эксимбанк алдындағы мiндеттемелердiң өтелмеген сомасы бөлiгінде секторлық бағдарламалар шеңберiнде КҒW алдындағы мiндеттемелерiн орындау кепiлдiгiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне беруi туралы;
      3) Эксимбанктiң бұрын оған секторлық бағдарламалар шеңберiнде КҒW несие желiсi бойынша заемшылар өтеген негiзгi борыш сомасын және 2002 жылы алынған сыйақыны Даму Банкiне аударуы және Даму Банкiнің Эксимбанктен алынған сомалар бөлiгiнде КҒW алдындағы мiндеттемелерiн орындау жөнiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне кепiлдiк беруi туралы.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Даму Банкi (келiсiм бойынша) және Эксимбанк (келiсiм бойынша) осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Эксимбанкпен (келiсiм бойынша) және Даму Банкiмен (келiсiм бойынша) бiрлесiп Даму Банкiне Эксимбанктiң КҒW алдындағы құқықтары мен мiндеттерiн қайта ресiмдеу жөнiнде iс-шаралар жүргiзсiн.

      4. Эксимбанк (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне:
      1) заңнамада белгiленген тәртiппен таратылған:
      міндеттемелердi орындау республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылған мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды тартқан;
      бюджеттік несиелердi Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде және Экономиканы қайта құру қоры есебiнен алған заемшылар бойынша;
      2) мiндеттемелерiн орындау берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерiне байланысты республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылған осы қаулыға 3-қосымшада көрсетiлген заемшылар бойынша құжаттаманы берсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Эксимбанктен таратылған, сондай-ақ осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес басқа да заемшылардың таратылуына қарай құжаттаманы қабылдауды жүзеге асырсын.

      6. "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 8 қазандағы N 1294 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 2-тармақтың 2) тармақшасында:
      екiншi абзацта:
      "екi апта мерзiмде" деген сөздер "2002 жылғы 31 мамырға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "сондай-ақ" деген сөзден кейiн "тиiстi келiсiмдер жасай отырып, 1-қосымшаға сәйкес заемшыларға қатысты" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "тиiсті келiсiмдер жасай отырып, 2-қосымшаға сәйкес Эксимбанктiң мемлекеттiк кепілдiкпен тартылған мемлекеттiк емес сыртқы заемдарына қызмет көрсету және заемшылардан оқшауландырылған қаражатты өндiрiп алу жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерiн қабылдап алу;";
      3-тармақта "шарт жасасқан күннен бастап бiр ай мерзiмде" деген сөздер "2002 жылғы 31 мамырға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ алынып тасталсын;
      2) осы қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес көрсетiлген қаулыға 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С. Павловқа жүктелсiн.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2002 жылғы 23 сәуiрдегi      
N 460 қаулысына         
1-қосымша         

Қызмет көрсету және қаражат өндiріп алу жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi
Даму Банкiне берiлетiн заемшылардың тiзбесi

      1. "Р.И.В." фирмасы жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгi ("РЕИЗ және К" фирмасы жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi).
      2. "ЭкоТИМ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
      3. "Базис-А корпорациясы" жауапкершiлiгі шектеулі серiктестiгі.
      4. "Кереге БФ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгі.
      5. "Сусындар" ашық акционерлiк қоғамы.
      6. "Дудар" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестігі.
      7. "Өскемен құс фабрикасы" жабық акционерлiк қоғамы.
      8. "АЙ-ДАН-МҰНАЙ" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгi ("Ай-дан" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгі).
      9. "Жамбыл былғары аяқ киiм" акционерлiк қоғамы.
      10. "Аққу" акционерлiк қоғамы.
      11. "Надежда" акционерлiк қоғамы.
      12. "Катализ" жауапкершiлiгі шектеулi серiктестігi.
      13. "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      14. "Ырысты-Алматы электр вагон жөндеу зауыты" акционерлiк қоғамы.
      15. "Пеноконцентрат" бiрлескен кәсіпорны жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігi.
      16. "Пластмассаөнеркәсiбi" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi ("Аскам - Құрылыспластмасса" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi).

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2002 жылғы 23 сәуiрдегi      
N 460 қаулысына         
2-қосымша         

Даму Банкiнiң кепiлдiгi берiлетiн заемшылардың тiзбесi

      1. "АЙ-ДАН-МҰНАЙ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi ("Ай-дан" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігi).
      2. "Жамбыл былғары аяқ киiм" акционерлiк қоғамы.
      3. "Аққу" акционерлiк қоғамы.
      4. "Надежда" акционерлiк қоғамы.
      5. "Катализ" жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiгi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2002 жылғы 23 сәуiрдегi      
N 460 қаулысына         
3-қосымша         

Эксимбанк бұлар бойынша құжаттаманы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне беруге жататын заемшылардың тiзбесi

      1. "Қарметкомбинат" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы.
      2. "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттік акционерлiк қоғамы.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2002 жылғы 23 сәуiрдегi      
N 460 қаулысына         
4-қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкiметінің  
2001 жылғы 8 қазандағы       
N 1294 қаулысына        
1-қосымша        

Мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк емес сыртқы заемдар тартқан Эксимбанктің олардың берешегiн өндiріп алу жөнiндегi құқықтары мен міндеттерi "Медетші қор" жабық акционерлiк қоғамына беруге жататын заемшылардың тiзбесi

      1. "Игілік" акционерлiк қоғамы.
      2. "Байланыс-Құрылысшы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы.
      3. "Тағам" акционерлiк қоғамы (Франция, АҚШ, Германия несие желiлерi).
      4. "Әлемконтракт" сыртқы сауда фирмасы.
      5. "Агросауда" мемлекеттік сыртқы экономикалық акционерлiк компаниясы.
      6. "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы.
      7. "Жылуприбор" акционерлiк қоғамы.
      8. "Фосфор" акционерлiк қоғамы ("Құрылыспластдеталь" ашық акционерлiк қоғамы).
      9. "Елiм-ай" халықаралық экологиялық қоры ("Елiм-ай-фармация" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi).

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2002 жылғы 23 сәуiрдегi      
N 460 қаулысына         
5-қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкiметінің  
2001 жылғы 8 қазандағы      
N 1294 қаулысына       
2-қосымша       

Мемлекеттiк кепiлдiк берген мемлекеттiк емес сыртқы заемдар тартқан Эксимбанктiң оларға қызмет көрсету жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi Даму Банкiне беруге жататын заемшылардың тiзбесi

      1. "Айт Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлік қоғамы.
      2. "Окан Қазинтер" бiрлескен кәсіпорны" жабық акционерлiк қоғамы.
      3. "Отель Астана" Қазақстан-түрік бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамы (АҚШ, Түркия несие желiлерi).
      4. "Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсіпорны.
      5. "Рахат" Қазақстан-австрия бiрлескен кәсiпорны" жабық акционерлік қоғамы.
      6. "Қазақ Аджанта Фарма Лимитед" бiрлескен кәсіпорны.
      7. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi.
      8. "Қазақстан Минерал Ресорсиз Корпорейшн-Инвестмент" жауапкершілiгi шектеулi серiктестігi бөлiгiнде "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы.
      9. "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны (Франция несие желiсi).
      10. "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны (Германия несие желiсi).
      11. "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы.
      12. "Батыс" ашық акционерлiк қоғамы.
      13. Республикалық балалар сауықтыру оңалту орталығы.
      14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бас есептеу орталығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады